5-сыныпты? саба? жоспары. Та?ырыбы: С?зді? тура ж?не ауыспалы ма?ынасы
№156 жалпы білім беретін мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Сатоболд Кулайхан.
Сабақтың тақырыбы: Сөздің тура және ауыспалы мағынасы
Мақсаты: а) Білімділік. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы туралы
мағлұмат беру, алған білімдерін, іскерлік дағдыларын
тексеру, таным белсенділігін арттыру.
ә) Дамытушылық. Сөз байлығын молайту,сөздік қорын байыту, ойлау
қабілетін дамыту, ережеге қорытынды жасауға үйрету;
б) Тәрбиелік. Тіл құдіретін сезіне білуге, сөз мағынасын келістіре
құбылтып, оларды мейлінше дұрыс қолданып, нақты
түсіне білуге тәрбиелеу;
Әдісі: Сұрақ-жауап, ұжымдық оқыту, оқулықпен жұмыс,
шығармашылық жұмыс, талдау, баяндау, зерттеу, т.б.
Сабақтың көрнекілігі: слайд-шоу, интерактивті тақта, компьютер, т.б.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, биология, тарих, т.б.
Сабақтың жүру барысы:
Ұйымдастыру: 1. Сыныптың сабаққа қатысы.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
(38-жаттығу. Тақырыпты сұрақ-жауап арқылы қорытындылау.)
Жаңа сабақ: Сөздің тура және ауыспалы мағынасы
А) «Жаңа сабақтың құпиясы» (Жаңа сабақты меңгерту.)
Сөздің затты я құбылысты атап білдіретін мағынасы тура мағына деп аталады. Мысалы: аспан, бұлт, жер – заттың атауы
Жақсы, жылы, биік – заттың сапасы
Бару, келу, оқу – қимылдың атауы
Сөздің ауыспалы мағынасы бір заттың негізгі атауыш мағынасын екінші бір затқа атау етіп ауыстырып қолдануды ауыспалы мағына немесе туынды мағына деп атайды.
Мысалы: Аяқ – дене мүшесі. Қанат аяғымен доп тепті. (Тура мағына)
Аяқ – «соңы» деген мағына бере алады. Ол келгенде жұмыстың аяғы еді.
(Ауыспалы немесе туынды мағына)
Ә) «Әрекет» (Жаңа сабақты бекіту жұмыстары.)
- Балалар, әдебиет сабағынан жақсы білеміз, ауыз әдебиеті дегеніміз не? Түрлері қандай?
- Ауыз әдебиеті дегеніміз – халқымыздың ауыздан-ауызға тарап, ұрпақтан - ұрпаққа жеткен халық туындысы. Түрлері: Тұрмыс-салт жырлары, батырлар жыры, ғашықтық жырлар, ертегілер, мақал-мәтелдер, т.б.
- Ендеше, біз бүгінгі сабағымызды «Бауырсақ» ертегісінің желісі бойынша жүргіземіз. «Бауырсақ» ертегісін жақсы білеміз. Кім айтып бере алады?
(Қысқаша мазмұны айтылып өтеді.)
-Оқушылар, біздің сыныптағы электрондық поштамызға дәл осындай жаңа хат түсіпті. Хат мәтіні мынадай:
Құрметті, оқушылар! Біз сендерден үлкен көмек сұраймыз. Біздің пісірген бауырсағымыз жоғалып кетті. Орман жаққа кеткенге ұқсайды. Бізге көмек қолын созсаңыздар екен. Егер тауып алсаңыздар, біздер қатты қуанып қалар едік. Біз сендерге сендік, жас достар!
Сәлеммен, ауылдағы ата-әжелерің.
-Кәне, оқушылар атай мен әжейге көмек берейік. Ертегідегі бауырсақты түлкі жеп қойса, бүгінгі бауырсаққа көмек беріп, атай мен әжейді қуантайық. Ол үшін бүгін бізге үлкен білім керек болып тұр. Бауырсақ орман жаққа кетіпті. Түрлі аңдарға кездесіпті. Олардың көп тапсырмасы бар екен. Алдымен қасқырға жолықса керек.
Қасқырдың тапсырмасы: 1. 41-жаттығу. Бет, құлақ, кілт, терең, ақ сөздерінің тура және ауыспалы мағынасын тауып, басқа сөздермен байланысқа түсіріп , тіркес құра.
2. «Ой қозғайық!» Мына мақал-мәтелдерден ауыспалы мағыналы сөздерді табыңдар.
Анамның тілі – аяулы үні.
Ата – асқар тау,
Ана – бауырындағы бұлақ,
Бала – жағасындағы құрақ.
Тіл – көңілдің кілті.
Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті.
-Балалар, бауырсақ енді аюға кездесіпті. Аюдың тапсырмасы:
Мәтіннен ауыспалы мағынада қолданылып тұрған сөздерді, сөз тіркестерін тауып астын сызыңдар. Өлең авторы туралы не білеміз?
Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.
...Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
Ол - ақынның білімсіз бейшарасы.
Кезекті жаңылтпаштарға берейік. Жаңылтпаш ішінен тура және ауыспалы мағынадағы сөздерді табайық.
Ағаны бала ағаламағаны, 2. Жасыл көктем,
Бала ағаны бағаламағаны. Жасыл жіппен
Ағаны бала бағаламағаны, Жақсы тіккен.
Әдепті бала бола алмағаны. Жібек көрпе жамылдырды.
Жасыл өңге малындырды.
-Бауырсақ үшін аюдың да тапсырмасын орындадық. Енді қоян не айтар екен?
Қоянның тапсырмасы:
А) Шығармашылық диктант. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді тауып, ұйқастырып қойыңдар.
Ой маржанын тере білген,
Әр жазушың, әр ақының.
Әр сөзіңді емемін мен,
Ана сүті – .................(ана тілім)
Тіл – ырысың, өрісің де,
Тіл – көктегі ғажап күнсің мен үшін де-
Ғажап күнсің мен үшін де –
Бабам тілі - .................(қазақ тілі)
Мекендеген портфелімді
Беттері аппақ - ақ көңілді.
Қызаратын қатем үшін
Кірлетпеймін ............(дәптерімді)
Ә) Мына сөйлемдегі ауыспалы мағынада тұрған сөзді табыңыз.
Елбасы «Қазақстан - 2050» бағдарламасында болашақ өркениетті Қазақстанның барыстары білімді, өнерлі, сауатты болуы керек екендігін айтады.
-Оқушылар, бауырсақ ормандағы ең айлакер, қу түлкіге кез болыпты.Осы түлкінің қолына түсірмей, аман-есен атай мен әжейдің қолына тапсырайық.
Түлкінің тапсырмасы:
А) Интертақтада үш сурет берілген. Сол суреттерді қатыстырып тілге байланысты сөз тіркесін немесе сөйлем құра.
Қазақ тілі – жүрек үні.
Қазақ тілі – жұлдыздай мәңгі жарқыра!
Қазақ тілі – алтын күнсің шуақ шашқан биіктен!
Осындай сіздердің сөздеріңізді мен М.Жұмабаев атамыздың мыны өлең жолдарымен тиянақтап, қорытындылай кетейін.
Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ-ардың,
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың.
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі сен қалдың,-
деп айтқандай, тіл –тарих, тіл – күретамыр, тіл –тәуелсіздік.
Ә) «Тапқыр болсаң, тауып көр». (Қайсысы қай мағынада?)
Тәтті ұйқы, тәтті қиял, тәтті алма.
Ашық аспан, ашық әңгіме, ашық мінез.
Иненің көзі, байлықтың көзі, адамның көзі.
Өткір ой, өткір мінез, өткір пышақ.
Алыс арман, алыс туыс, алыс жер.
Қорытынды. –Ал, жақсы, балалар, бәріміз аңдар тапсырмасын орындап, бауырсақты құтқарып алдық. Әрине, оған біз білімімізбен қол жеткіздік. Ендеше, «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» деген осы болса керек. Біз бүгін қуаныштымыз, атай мен әжейге үлкен көмек жасадық. Енді қарияларға жеткенше әңгімелесіп барайық.
«Интервью» (Сұрақтарға жауап)
Сөздің затты я құбылысты атап білдіретін мағынасы тура мағына ма? ИӘ немесе ЖОҚ
Сөздің ауыспалы мағынасы бір заттың негізгі атауыш мағынасын екінші бір затқа атау етіп ауыстырып қолдануды тура мағына ма?
ЖОҚ немесе ИӘ
«Терең білім» тура мағынада ма? ИӘ немесе ЖОҚ
«Ыстық су» ауыспалы мағынада ма? ИӘ немесе ЖОҚ
Сабақтың аяқталу барысы:
Үйге тапсырма: 44-жаттығу. Ережесін оқу.
Бағалау.