?арама-?арсы ма?ыналы с?здер 3 сынып


Қазақ тілі Уақыты:
Кабинет: Каскаева С.Б
Сабақтың атауы Қарама-қарсы мағыналы сөздер
Сілтеме Қазақ тілі оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы Үлестірмелі парақшалар,суреттер
Жалпы мақсаттар 1. Оқушылардың сөз және оның мағынасы туралы білімдерін тереңдете түсу. Мағынасы қарама - қарсы сөздер туралы жалпы түсінік беру;2. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытып, алған білімдерін қолдана білуге, өз оқу әрекетін саналы түрде ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыру;3. Шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа, зейінділікке тәрбиелеу.
Оқыту  нәтижесі Топқа бөлу Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ынтымақтастық атмосферасы Әрбір адам – досым, сыныптасым, Әрбір ісің – тірлік, тірек, адамдық. Әрбір сөзің – шындық, бірлік, адалдық, Әрбір сабақ – үйрену, оқу, іздену.  Ұран бойынша оқушылардың психологиялық көңіл-күйін бақылағаннан кейін сабақты бастауға мүмкіндік жасаймын. 
Үй тапсырмасын сұрау
*5 - жаттығу*Жедел сұрақтар
Қызығушылықты ояту - Қазақстан туралы өлең тыңдау- Тәуелсіздік туралы айта кету./мәндес сөз табу/
Мағынаны тану
Жаңа сабақ Қ. МырзаӘлінің “Қырсық”өлеңімен сабақты ашу.Сен оған:- Аласа - десең,Ол саған:- биік,- дейді.Сен оған:- Кіші ғой!- десең,Ол саған:- Үлкен!- дейді...**Өлеңде қандай сөздер кездеседі?**Оқушылар өздері ереже шығарады.. Жаңа ақпаратТілімізде мағыналары бір - біріне қарама - қарсы сөздер болады. Ол сөздер қарама - қарсы мағыналы сөздер деп аталады.Мыс: алыс - жақын, Ащы - тұщы т. б.Оқулықпен және дәптермен жұмыс.Жаттығуларды орынадату. /Орындаған оқушыларды жетондармен бағалау/
Сергіту сәті Қуанамын мен де,Қуанасың сен де,Қуанайық достарымАрайлап атқан күнге.
Ой толғаныс Ойын: “Мұғалімдер мен оқушылар”Шарты:Екі топ кезектесіп мұғалім мен оқушы болып қарама - қарсы сөздер айтады.2. Суретпен жұмыс:Геомтриялық фигураларды орналастырып, қарама - қарсы сөздерді табу.3. Анаграмма шешу.Рісте, зутү, сыжақ.4. Сонымен балалар антоним сөздер деп қандай сөздерді айтамыз?5. Венн диаграммасы:мәндес сөзқарама - қарсы сөз6. Төрт жолды өлең құрау.
Үй тапсырмасы 5-ж,109-бетте Күнделіктеріне жазады