ТУЫСТЫ? ША?ЫЛЫСТЫРУ
Сынып: 9 «а», «ә», «г».
Күні: 9. 01. 2017ж
Пәні: Биология
Сабақтың тақырыбы: Туыстық шағылыстыру және оның селекциядағы маңызы туралы түсінік беру;
Гетерозис, оны ауыл шаруашылығында қолдану.
Дамытушылық: оқушылардың логикалық өзіндік ойларын жеткізе білуге, салыстыруға қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, өзін - өзі басқаруға, өздігінен ізденіп білім алуға тәрбиелеу;
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгеруСабақтың түрі: араласСабақтың әдісі: ұжымдық ойлау, баяндауСабақтың көрнекілігі: кітаппен жұмыс, бор мен тақта, кестелер, сызба-нұсқамен жұмысСабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасуОқушылардың тізімін тексеруОқушылардың оқу құралдарын тексеруОқушылардың сабаққа дайындығын тексеруІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Селекция деген не, селекция теориясының негізін салған ғалым?2. Жаппай сұрыптау мен жеке сұрыптаудың айырмашылығы неде?3. Жасанды сұрыптаудың қандай түрлері бар?4. Мақсатқа сай немесе әдістемелік сұрыптаудың жолдары қандай?
ІІІ. Жаңа сабақ. Селекцияның бастапқы кезеңі қолға үйрету, яғни жабайы жануарлар мен өсімдіктерді мәдени формаларға айналдыру әрекеті екені айтылады. Қолға үйретудің алғашқы кезеңдерінде адам алдына ешқандай мақсат қоймай, санасыз сұрыптау жүргізіледі. Ал кейін келе ол өзіне қажетті сапалы қасиеттері бар даралар алу үшін организмдердің бірқатар белгілерін өзгертуге бағытталған әдістемелік сұрыптау жүргізді. Мұның нәтижесінде мақсатқа сай қолтұқымдар мен іріктемелер алуға қол жеткізіледі.
Заманауи селекцияның әдістері:
Шағылыстыру:1. Туыстық шағылыстыру2. Туыстық емес шағылыстыру3. Алыстан шағылыстыруТуыстық шағылыстыруАта – анадан алынған төлдерді өзара немесе ата – анасымен өз төлдерін шағылыстырады. Нәтижеде гомозиготалықтың мөлшері артып, түзілген таза сорттармақтар жаңа қолтұқым шығаруға қолданылады.Туыстық емес шағылыстыруБір қолтұқымға жататын немесе әртүрлі қолтұқым дараларына шағылыстыру жүргізіп, ата – анасындағы қажет белгілердің ұрпағына берілуін қадағалайды.Алыстан шағылыстыруТүраралық шағылыстыру нәтижесінде алынған даралар, көп жағдайда ұрпақ бермейді. Мысалы: бие мен есекті шағылыстырудан алынған будан – қашыр.Гетерозис - өте төзімді, жұмыс күші, тіршілік ұзақтығы жоғары.
Шаруашылыққа пайдалы жағымды белгілері бойынша бастапқы ата-аналық жұпты іріктеп алу.
Туыстық немесе туыстық емес будандастыру арқылы даралар алу. Будандастыру нәтижесінде гетерозис құбылысы байқалуы мүмкін.
Шаруашылыққа пайдалы белгілері бойынша жаппай немесе жеке сұрыптау жүргізу.
Сұрыптап алынған даралардың ұрпақтарына сынақ жүргізу, тұқым қуалау қасиеттерін бағалау.
БудандастыруТуыстық будандастыру (инбридтнг)-туыстық жақындығы бар, яғни бір іріктеме ішідегі дараларды шағылыстыруболып табыладыТуыстық емес будандастыру (аутбридинг) іріктеме аралық, түаралық, туысаралық, генотиптері әртүрлі даралар пайдаланылады. Мұндағы мақсат- тіршілік қабілеті жоғары, өнімділігі мол, қолайсыз жағдайларға төзімді будандық ұрпақтар, жаңа іріктеме алуБекіту. тақырыпты қысқаша конспкетілеуҮйге: тақырыпты оқу. Мазмұнын айту.
Оқушылардың білімін бағалау