Ашы? саба? жоспары. 2-сынып. Математика. Уа?ыт бірліктері арасында?ы ?атынастар.


2 сынып Күні 25.01.2016ж.
Математика
Мұғалім Болысбекова У.Ш.
Сабақтың тақырыбы: Уақыт бірліктері арасындағы қатынастар.
Сабақтың мақсаты: Білімділік. Уақыт бірліктерімен және олардың арасындағы
қатынастар туралы түсінік беру.Әр түрлі бірліктің қолданылуын
өмірден алынған мысалдарға сүйене отырып түсіндіру. Екі
таңбалы сандарды қоу мен азайтуға машықтандыру.
Сағатпен, минутпен өрнектеп жазуға үйрету.
Дамытушылық. Оқушыларды логикалық ойлауға, жазуға, көруге, есеуге баулу. Қосылғыштардың қосындысын табу және оған кері іс-әрекеттер, ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын дамыту.Танымдық, шығармашылық белсенділіктерін арттыру.
Тәрбиелік. Жан-жақты білімді, мәдениетті, өзіндік ой-пікірі
қалыптасқан, өз ойын еркін жеткізе алатын , адамгершілігі мол
ұрпақ тәрбиелеу. Елін , жерін, ана тілін құрметтеуге баулу.
Сабақтың типі Аралас сабақ
Сабақтың түрі Ашық сабақ
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, «Балықтың қаңқасы», «Крестиктер-
нөлдіктер», «Ыстық орындық», «Сен маған, мен саған» әдістері
Көрнекіліктер: Уақыт бірліктері жазылған плакат, АКТ, жыл атауларының
суреттеріесептер жазылған парақшалар, стикерлер, қима-қағаздар.
Сабақтың жоспары:
I.Ұйымдастыру кезеңі
II.Үй тапсырмасын сұрау
III.Үй тапсырмасын бекіту
IV.Білімді саналы түрде меңгеру кезеңі
V.Жаңа білім беру
VI.Жаңа білімді бекіту
VII.Үйге тапсырма беру
VIII.Білімдерін бағалау
Ұйымдастыру кезеңі
а) Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
ә) Қазақстан Республикасының Әнұранын орындау.
Үй тапсырмасын сұрау.
165-бет №9
62-40+8=30 60+(15-7)= 68 67-30=37 50-4=56
(42+8)-20=30 75-5-7=63 61+9= 70 80-8=72
Үй тапсырмасын бекіту кезеңі

Сұрақтары:
1. Бір аптада неше күн бар? 6. 1 сағатта неше минут бар?
2. Бір айда неше күн бар? 7. Бір минутта неше секунд бар?
3. Апта күндерін ата 8. Бір тәулікте неше сағат бар?
4. 1 жылда неше ай бар? 9.Жыл мезгілдерін ата
5. 1 ғасырда неше жыл бар?
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.
Миға шабуыл. Тақтада ілінген суреттердің артындағы сұрақтарға дұрыс жауап берсек, бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбын білетін боламыз.
1.Уақыт бірлігін анықта:
2.1 жылда неше ай бар?
3.Көктем айларын ата.
4.Көктем айларының әрқайсысында неше күн бар?
5.Ең қысқа айды ата. Онда неше күн бар?
6.Бір жылда неше мезгіл бар?
- Сонымен балалар жаңа сабағымыздың тақырыбы «Уақыт бірлігі арасындағы қатынастар»
.
Жаңа сабақ.
Көрнекі-құралдар арқылы жаңа сабақты түсіндіру.

Үлкен және кіші аралықтарын өлшеу үшін табиғи құбылыстармен тығыз байланыстытабиғи бірліктер қолданылады. Уақыттың негізгі бірліктері – зерттеулер бойынша анықталған тәулік, ай және жыл. Бұлардың алғашқысы күн мен түннің алмасуы, екіншісі Ай жүзінің өзгеруі, ал соңғысы жыл маусымдарының ретті түрде алмасуына байланысты.

Оқушыларға түсіндіре отырып өрнектеп көрсету
50234851631950092516716297200
3апта = күн 2 жыл 3ай = ай
502602515494000217170015875000118300515875000
1 ай 3күн = апта күн 1 тәул.7сағ = сағ
197294516700500520890516764000
1 ғас. жыл 20жыл = жыл 1сағ 15 мин = мин
Оқулықпен жұмыс
1-тапсырма. Сурет бойынша жұмыс
Өрнектердің мәнін тауып, әріптерді біріктіріп жасырын сөзді табу.
Жауабы (Минут)
2-тапсырма. Уақыт бірліктерін өрнекте

Сергіту сәті. Электронды түрде жүргізіледі
4-тапсырма «Ыстық орындық» ойыны.(жеке жұмыс)
Қима-қағаздағы өрнекті жазып, мәнін табу. Ыстық орындыққа отырып, жазған өрнегін оқу, мәнін
айту.
70-тен 13 пен 8сандарының айырмасын азайту 34 пен 24 сандарының қосындысына 2-ні қосу 50 мен сандарының айырмасына 14-ті қосу 5-тапсырма. Есепті шығар
1-банкада -14 қ. Ш: (14+6)-8=12
2-банкада – 6 қ. Ж:Банкада 12 құрт қалды.
Пайдаанылды -8қ.
Қалды - ? құрт
6, 8,9 -тапсырма «Балықтың қаңқасы» әдісімен шығару. Жұппен жұмыс.
Шарты: Балықтың жоғарғы қаңқасына қосындылардың мәнін, төменгі қаңқасына айырмалардың
мәнін табу.
33+7=40 75+4=79 54-12=42 60-2=58
42+8=50 40+23=63 67-34=33 40-9=31

Балықтың құйрығына 8-тапсырма бойынша әрбір бояу кітапшасының бағасын жазу.
«Етік кіген мысық» бояу кітапшасының 1-шісі 60 тг, 2-шісі 65 тг, 3-шісі 80 тг тұрады.
Балықтың басына 9-тапсырма бойынша қателерді түзету.
1 сағат 50 минутқа тең - 1 сағат 60 минутқа тең
1 жылда 12 ай бар (дұрыс)
Ақпан – жылдың ең қысқа айы (дұрыс)
Сенбі – аптаның алтыншы күні (дұрыс)
2 апта 15 тәулікке тең - 2 апта 14 тәулікке тең
11-тапсырма. Жаз; күз; қыс; көктем неше күнге созылады?
Сабақты қорыту:
- Балықтың қаңқасында қандай сөздер жазылған?
- Ол сөздер нені білдіреді деп ойлайсыңдар?
- Ол сөздер жыл иелерінің атауларын білдіріп тұр. (суретін көрсету)
«Сен маған, мен саған» әдісімен оқушылар бір-біріне сұрақ қойып, жауап алу.
Рефлексия. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін, сабақтан не ұнағанын кері байланыс парағына жазып, бағдаршамның түстеріне қарай жапсыру.
Үйге тапсырма: № 5. 2) және №7
Білімдерін бағалау. Әр оқушының жеке алған бағалау ұпайларын есептеп ортақ баға шығару арқылы бағалау.