О?ушыларды? ?зара ?арым-?атынасын ны?айту ма?сатында ж?ргізілген тренинг-саба?.


Өзара қарым-қатынасты нығайтушы тренинг сабағы.
1. «Алақанға жан бітір» ойыны.Жүргізуші қатысушыларға альбом парағына алақанын салып, оған жан бітіру керектігін ұсынады. Алақанға ауыз, көз..... салу. Саусақтарын бояу. Әрбір саусаққа ерекше есімдер ойлап тауып жазу. Соңында неге олай аттағандықтары туралы айтып беру.
2. «Сөзден сөзді ізде» ойыны.Сөз беріледі, сол сөзден басқа сөздер құрастыру керек. Кім көп құрастырса, сол жеңімпаз. Мысалы:«Трансформатор» «Талдықорған»форма қорғанматор тал т.б.
3. «Менің көңіл-күйім» жаттығуы
Мақсаты: оқушылардың көңіл-күйін игере білуге және басқаруға, қадағалауға, дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу
Алдарыңдағы бланкіге өз көңіл-күйлеріңді суреттеп салыңдар .
4.«Айна» жаттығуы
Ортаға екі адам шығады. Жұптағылар бір- біріне қарсы тұрып, екеуінің бірі уақытша айна болады, яғни өз жұптасының барлық қимылын қайталайды. Содан кейін жұптағылар рөлдерін өзара ауыстырады. Олардың бірі орындаушы, ал екіншісі оның айнадағы бейнесі. Топтың басқа қатысушылары көрермендер, олар жұптың ойынын бақылайды және айна рөлін ойнаушының шеберлігіне баға береді. Осылайша жұптар кезекпен ауысады, топ алдына барлық қатысушылар шығып жаттығады.
5.«Мимикалық ситуация» жаттығуы
Қатысушылар үш топқа бөлінгеннен кейін олардың топ басшылары ортаға шығып карточканы таңдайды. Онда «Махаббат», «Бұзықтық», «Қызығушылық», тақырыптар берілген. Әр топ өз тақырыптарына байланысты мимика, панто-мимикалық ситуация құрайды. Қалған екі команда олардың басты тақырыбын табады.
6. Рефлексия. «Тілек шамы».
Қолдарына майшамды ұстап оқушылар бір-біріне деген ізгі ниет тілектерін айтады.
«Махаббат»
«Бұзықтық»
«Қызығушылық