Урок по технологий на тему А?ашты с?ргілеу ??ралдары. ?ауіпсіздік ережелері.


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
2015-2016 ОҚУ ЖЫЛЫНДА
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН ҰЙЫМДАРЫНДА ҒЫЛЫМ
НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ
Әдістемелік нұсқау хат
Астана2015
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен
баспаға ұсынылды (2015жылғы 18 мамырдағы No 4хаттама).

2015-2016оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы.
Әдістемелік нұсқау хат.–Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2015. –235б.
Жинаққа жалпы орта бiлiм беретiн мектептердiң
мектепалды даярлық және 1-11-сыныптарында оқу үдерісін ұйымдастыру бойынша материалдар енгiзiлген. Жалпы орта бiлiм беретiн мектептердiң басшылары мен пән мұғалiмдерiне, бiлiм саласы қызметкерлерiне арналған.
©
Ы.Алтынсарин атындағы
Ұлттық білім академиясы
Жалпы ережелер
Қазақстан Республикасының жалпы білім беру ұйымдарында оқыту үдерісі Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы No1080қаулысыменбекітілген мектепке дейінгі және орта білім берудің (бастауыш,негізгі орта, жалпы орта білім беру)мемлекеттікжалпыға міндетті білім беру стандарты (бұдан әрі –ҚРМЖМБС1.4.002-
2012) негізінде, ҚР Білім және ғылым министрінің2012 жылғы 8 қарашадағыNo500және2012 жылғы 20 желтоқсандағы No 557 бұйрығымен бекітілген мектепке дейінгі, бастауыш,негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілікоқу жоспарларыжәне мектепалды даярлық сыныптарына арналған оқу бағдарламалары(«Біз мектепке барамыз», 2010 ж.)мен ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі No115 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады.Ақпараттық кеңістікті кеңейту және әлемдік қоғамдастыққа кіру жағдайында адамзат ресурстарының қалыптасуындағы білім берурөлінің өсуі еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің өлшемдеріретінде мектеп
тің білім беружүйесін жаңа талаптар бойынша жоспарлауы үшін маңызды.
Бүгінгі күні білім беру саласы «Қазақстан-2050» ұзақ мерзімді
Стратегиясының маңызды басым бағыттарының бірі болып танылды. Қазақстан РеспубликасыныңПрезиденті Н.Ә.Назарбаев республиканы әлемдегі бәсекеге
қабілетті 30 елдің қатарына кіргізу туралы міндет қойған болатын. Бұл мәселені
жүзеге асыруда білім беру жүйесін жетілдіру айтарлықтай рөл атқарады.Оқыту сапасын арттыруда білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының ең үздік білім ресурстары мен технологияларына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету; оқушылардың алған білімдері тез өзгеретін әлемде табысқа жеткізетіндігінен қанағаттану; жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру қажет.Білім беру сапасының деңгейі халықаралық
PISA, TIMSSжәнеPIRLS салыстырмалы зерттеулері арқылы анықталады. Оқушылардың халықаралық салыстырмалы зерттеулерінің білім және білік сапасының көрсеткішіде
функционалдық сауаттылық болып табылады.Қазақстандық оқушылардың осы зерттеулерге қатысу нәтижесі функционалдық сауаттылықтың қажетті деңгейдеқалыптаспағанын көрсетіп отыр. Сонымен қатар, 2014 жылы Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының (бұдан әрі –ЭЫДҰ) жүргізген зерттеулерінің
қорытындысына көңіл бөлген жөн. ЭЫДҰ пікірінше, қолданыстағы орта білім берудің оқу бағдарламасын қайта қарап, толық талдау жүргізу қажет, өйткені аталған
бағдарлама оқушыларға функционалдық жәнематематикалық сауаттылықтың
төменгі деңгейіне де жетуге мүмкіндік бермейді, жоғары деңгейдегі ойлау дағдыларының дамуына ықпал етпейді. Осы оқу бағдарламасы аясында ҚӘдістемелік-
нұсқаулық хат2015-2016 оқу жылы4академиялық пәндердің көп екендігін, теорияға тым басымдық берілгендігін ескеруіміз қажет,осындай басқа да кемшіліктер бағдарламаны неғұрлым күрделірек және үлгермеуші оқушыларға қолжетімсіз етеді.
Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы мен оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарында қазақстандық жалпы білім беретін мектептердің
PISA(15 жасар оқушылардың математикалық және ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын, сонымен бірге әртүрлі типтегі мәтіндерді түсінуін салыстырмалы бағалау),TIMSS(4-ші және 8-сынып оқушылардың математикалық және ғылыми жаратылыстану сауаттылығын салыстырмалы бағалау) жәнеPIRLS(мәтінді оқу және түсіну сапасын зерделеу) халықаралық салыстырмалы зерттеулеріндегі нәтижесін жақсарту қажеттілігі көрсетілген.
Осыған орай, Қазақстандағы мектептегі білім беру жүйесі балалардың дағдыларын дамытуда әртүрлі оқу және өмірлік жағдаяттар, тұлғааралық қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастар білімін қолдануға бағытталуы тиіс. Мұғалімдерге көмек ретіндеPISA, TIMSS Зерттеулерінің тапсырмалары негізінде оқушылардың математикалық, жаратылыстану-ғылыми және оқу сауаттылықтарындамыту бойынша әдістемелік құралдар әзірлендіжәне олар Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының (бұдан әрі –Академия) сайтында (www.nao.kz) орналастырылған. Мұнда
әдістемелік ұсыныстар мен оқушылардың білім жетістігін анықтау бойынша халықаралық зерттеулерде қолданылған тапсырмалар енгізілген.
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарына сәйкес оқушылардың оқужетістігін сырттай бағалау (бұдан әрі –ОЖСБ) аясында
оқушылардың функционалдық сауаттылығы бағаланады. Функционалдық
сауаттылықты тексеруге арналған тест тапсырмалары алғаш рет 2014 жылы
ОЖСБ тапсырмаларына қосылды.
Функционалдық сауаттылық, кеңінен алғанда, тұлғаның мектепте алған
білімі, білігі мен дағдысын адамзат қызметінің әртүрлі саласында, сонымен
бірге тұлғааралық қатынастар мен әлеуметтік байланыстарда кездесетін тіршілік міндеттерін жан-жақты шеше білу қабілеті ретінде түсіндіріледі.
Қазақстан Республикасында оқушылардың оқу жетістігін сырттай бағалау
аясында функционалдық сауаттылықтың мынадай түрлері бағаланады: оқу
сауаттылығы (қазақ тілі, орыс тілі); математикалық сауаттылық;
жаратылыстану ғылыми сауаттылық (физика, химия, биология, география).
Оқу сауаттылығы–оқушылардың мәтін мазмұнын түсіне білуі және
оларға ой жүгірте білу, мәтін мазмұнын өз мақсаттарына жету үшін пайдалана
білу, қоғам өмірінде белсенділік таныту мақсатында білімдері мен мүмкіндіктерін дамыту қабілеттері.Математикалық сауаттылық–әлемдегі математиканың рөлін
айқындау және түсіне білу, математикалық тұжырымдарды дәлелді негіздей
білу және қызығушылығы бар, ойлы азаматқа тән қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін математиканы қолдана білу қабілеттері.Әдістемелік-нұсқаулық хат2015-2016 оқу жылы 5 Жаратылыстану ғылыми сауаттылық–жаратылыстану ғылымындағы
білімін қолдана білу, қоршаған ортаны және адамзат енгізген өзгерістерді
түсіну үшін, табиғи-ғылыми мәселелерге қатысты және ғылыми дәлелдермен негізделген сұрақтарды анықтап тану және негізделген қорытынды жасай білу қабілеттері.
Функционалдық сауаттылық әр мектеп пәнінің негізінде қалыптасады.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту және оның қалыптасуын тексеру құралы шығармашылық сипаттағы тапсырмалар (зерттеу жұмыстарына бейімделген тапсырмалар; экономикалық, тарихи мазмұндағы тапсырмалар; тәжірбиеге бағытталған тапсырмалар т.б.) болып табылады.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығының қалыптасуын тексеруге арналған тапсырмалардың үлгілері
ОЖСБ мен ҰБТ-ға дайындық оқу-әдістемелік құралдарында қамтылған.
Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына,оның психологиялық, рухани, физиологиялық, әлеуметтік және шығармашылық дамуының үйлесімділігіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін
«Өзін-өзі тану» пәніфункционалды тұрғыдан маңызды пәндердің біріболып табылады.
Бұл пәнді оқыту «Адамның үйлесімді дамуы» институты (Алматы, «Бөбек» ҰҒПББСО дайындаған, ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі No115бұйрығымен
бекітілген білім беру ұйымдарына арналған оқу бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.
«Өзін-өзі тану» пәнін біліктілікті арттыру және қайта даярлау бойынша арнайы
курстардан өткен пән мұғалімдері жүргізеді.
«Өзін-өзі тану» пәнін оқыту білім берудің мектепке дейінгі деңгейінен
басталады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту білім беру жүйесінің алғашқы
деңгейі ретінде баланың жеке әлеуметтік қалыптасуының маңызды кезеңі
болып табылады. 5-6 жастағы балалардың мектепалды даярлығы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің аяқтаушы буыны болып табылады,бұл бастауыш білім беруді алу үшін баланың бастапқымүмкіндіктерін теңестіреді.
2014-2015 оқу жылынан бастап республиканың 24 білім беру ұйымындағы оқу және тәрбие үдерісіне рухани-адамгершілік білім беретін «Өзін-өзі тану» бағдарламасының тереңдетілген кіріктірілген моделін енгізу жүзеге асырылады деп күтілуде.
Рухани-адамгершілік білім беретін «Өзін-өзі тану» бағдарламасын басқа кіріктіру идеясы білім беру үдерісін ерекше формада құруды талап етеді, ол білім беру ұйымдарының жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген баланың жеке тұлғасын тәрбиелеуде біртұтас рухани-адамгершілік кеңістік құруды керек етеді.
Рухани-адамгершілік білім беретін «Өзін-өзі тану» бағдарламасының терең
кіріктірілген моделінің оқу және тәрбие үдерісіне енгізудің эксперименттік алаңы болған білім беру ұйымдарында (1-қосымша), төменде анықталған педагогикалық шарттар сақталуы керек:
сенімділік қалыптасуы керек, шабытты шығармашылық, өзіндік зерттеулерге, өзіндік даму мен өзіндік жетілдірулерге мүмкіндік беретін жағдайлар болуы керек;
Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2015-2016 оқу жылы
рухани-адамгершілік білім беретін «Өзін-өзі тану» бағдарламасының
мектептің біртұтас педагогикалық үдерісіне кірігуін жүзеге асыру;
өскелең ұрпақтың білім алуы мен тәрбиелену үдерісінде қолданылатын
барлық әдістер мен тәсілдердің тек оң және ізгілікті болуын көздеу керек.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 17 сәуірдегі тапсырмасын жүзеге асыру және ҚР МЖМБС1.4.002-2012сәйкес2015-2016оқу жылында«Шетел тілі» пәні
бастауыш мектептің1-3-сыныптарында оқытылады.
Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында тілді меңгерудің
жалпыеуропалық үлгісіне сәйкес шет тілін және оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін
білім беру ұйымдарында қазақ тілін деңгейлеп меңгертуді жүзге асыру жалғасады. Бұл жүйенің ерекшелігі –оқыту тілінің тапсырылған деңгейі.
«Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсының мазмұны 1-4-сыныптарда дүниетану оқу курсының аясында: 1-3-сыныптарда жылдық оқу жүктемесі6 сағаттан, 4 сыныпта10 сағаттан бастауыш сынып мұғалімінің оқытуымен іске
асырылады; 5-9-сыныптарда дене шынықтыру оқу курсының аясында15 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен дене шынықтыру мұғалімінің оқытуымен іске асырылады; 10-11-сыныптарда алғашқы әскери дайындық оқу курсының аясында 25 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушыұйымдастырушыларының оқытуымен іске асырылады.
«Өмір қауіпсіздігінің негіздерін»оқыту сабақтары міндетті болып табылады және оқу
үдерісі кезінде жүргізіледі.Оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында
«Экономика және қаржылық сауаттылық негіздері» курсының мазмұны 4-сыныпта «Дүниетану» оқу пәнімен, 5-11-сыныптарда «Технология» оқу пәнімен
кіріктіріліп оқытылады.
Қосымша оқушылардың экономикалық сауаттылығын арттыру үшін «Дана Жол» қолданбалы экономика орталығымен әзірленген
«Қолданбалы экономика» білім беру бағдарламасы бойынша факультативтік курсын ұйымдастыруға болады.
Бейіндік оқыту жалпы орта білім деңгейінде: қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттары бойынша жүзеге асырылады.
Бір немесе екі бағытты таңдау оқушылардың қажеттілігі мен ата-аналардың
сұраныстарын ескере отырып мектеппен жүргізіледі. Саралап оқытуды жүзеге асыру мен екі бағытарқылыоқушылардың танымдық қажеттілігін қанағаттандырумақсатында кәсіби-бағдарланған тәсілді жүзеге асыру аясында бейіндік пәндерді тереңдетіп оқыту енгізіледі.
«ӨНЕР» БІЛІМ САЛАСЫ
Музыка 5-6 сыныптарда «Музыка» оқу пәнін оқытудың мақсаты–
музыкалық мәдениетін қалыптастыру, әлемдік музыкалық бейнелерді меңгеру,
тұлғаның шығармашылық қабілетін дамыту және муз
ыкалық біліктерін, өмірде
қолдана білуге негізделген. Музыка баланың бойындағы асыл қасиеттерін
оятып, елін, жерін, Қазақстан Республикасы Отанын сүюге тәрбиелейді.
міндеттері:
дәстүрлі қазақ музыкасының өткен және қазіргі замандағы адам
өмірімен байланысы және оның композиторлық шығармашылығындағы рөлі
туралы білім беру;оқушылардың музыка өнері жайында көзқарасын кеңейту, музыкалық
Негізгі орта білім беру / «Өнер» білім саласыӘдістемелік-
нұсқаулық хатǀ2015-2016 оқу жылы108құбылыстарға қызығушылығын дамытып, көркемдік талғамын қалыптастырып, музыкалық шығармаларды бағалай білу;музыканың басқа өнер түрлерімен байланысын ұғына білу;музыкалық өнер арқылы оқушыларды адамгершілік қасиеттерге
тәрбиелеу;музыка өнерінің әр түрлі әрекеттерінде оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту. Бағдарлама мазмұны қазақ және түркі халықтарыныңдәстүрлі мәдениеті, шығыс және батыс классикалық музыканың ең озық үлгілері, қазіргі таңдағы Қазақстан музыка өнері болып табылады. «Музыка» пәні бойынша бағдарлама пәнаралық интеграция принципін ұстана отырып, тіл және әдебиет, тарих және бейнелеу өнері
мен байланыста оқытуды көздейді.Оқытудың әдістемелік жүйесі үздіксіздік принципін ұстана отырып, бастауыш пен орта сынып арасындағы сабақтастық, жүйелілік пен бірізділік айқындалады. Дербестік принципін
ұстана отырып, оқушы музыкалық өнердің жан-жақты дамуы мен түрлі құбылыстарына жеке көзқарасын қалыптастыра отыра, мұғалім мен оқушы арасында еркін пікір-таласқа түсіп, өз пікірін ашық білдіре алады.
Тәжірибелік әрекет ұстанымы музыкалық ұғымдарды игеріп, ән айту және аспапта орындау тәсілін бойына сіңірудегі басты әдіс болып табылады.
«Музыка» пәні бойынша 5-6сыныптарда сағат саны аптасына 1 сағаттан,
жылына барлығы 34 сағаттан құрайды.
Бейнелеу өнерi
Оқыту мақсаттары:
эстетикалық сезімдерді, бейнелеу өнеріне қызығушылығын тәрбиелеу;
өнегелі тәжірибесін
байыту, ізгілік пен зұлымдық туралы ойларын дамыту;
адамгершілік сезімдерін тәрбиелеу, Қазақстан және басқа елдердегі
халықтардың мәдениетін құрметтеу;
қиялын, кез келген іске шығармашылық тұрғыдан қарау ниеті мен
икемділігін, өнер мен қоршаған әлемді қаб
ылдау қабілетін, көркемдік қызметте
бірлесіп жұмыс істеу шеберліктері мен дағдыларын дамыту;
өнер құралдарының көмегімен оқушылардың шынайы өмірге деген
эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу және өмірлік түйсігін қалыптастыру;
халық шығармашылығына деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін
тәрбиелеу;
аңғарымпаздығы мен көріп есте сақтау қабілетін дамыту;
оқушылар көркем композиция жасау кезінде, сондай-ақ,орындалған
жұмыстарды сыныпта қарап, талқылау процесінде олардың көркемдік талғамын, талдау қабілеттері мен эстетикалық уәждемелерін дамыту.
Оқыту міндеттері:
өзінің қоршаған әлемге көзқарасын шығармашылық
жұмыстарында көрсете білу қабілетін дамыту;сурет, кескіндеме, композиция
бойынша бейнелеу сауаты негіздерімен таныстыру;
жылы және суық түстермен таныстыру және оларды айыра білуге үйрету;
бейнелеу өнерінің түрлерімен Негізгі орта білім беру / «Өнер» білім саласы
Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2015-2016 оқу жылы109(графика,кескіндеме,сәндік-қолданбалы өнер, мүсін, дизайн, сәулет өнері) және жанрларымен (пейзаж, портрет, натюрморт, анималистика және т.б.) таныстыру;көркемдік дағдыларды меңгеру (әртүрлі материалдармен
жұмыс істеу және әртүрлі бейнелеу техникасын игеру); шынайы өмірде көркем мәдениеттің көрінісін байқай білу қабілетін дамыту (мұражайлар, сәулет, дизайн,мүсінжәнет.б.);балалардасезімдікэмоциялықбелгілердідамыту:
зейін, есте сақтау, қиял,елестету;оқушылардың қолдарының моторикасын,
иілгіштігін, икемділігін және көзбен шамалау дәлдігін жақсарту;өзінің көлемді композицияларын жасау немесе жазық және көлемді-кеңістіктік тәсілдер үйлесімдіктерін пайдалану арқылы көркемдік құрастыру элементтер
імен таныстыру.«Бейнелеу өнері» пәнібастауыш мектеп бағдарламасымен сабақтастығын сақтайды және өнерді мәдениеттің өзара байланысты халықтық және кәсіби екі түрін біртұтас ретінде қарастырады. Бағдарлама гуманитарлық пәндердің басқа базалық курстарымен тығыз ықпалдастыруға бағытталған. Ол негізгі мектеп оқушыларын пластикалық өнердің әртүрлі материалдар мен техникаларды қолданып көркем бейне жасауға бағытталған көркем-шығармашылық қызметтің алуан түрлеріндегі бейнелі тілін меңгеруді көздейді: «Өнер туындыларын қабылдау», «Кескіндеме», «Графика», «Мүсін өнері»,«Көркемдік құрастыру, дизайн және сәулет өнері», «Сәндік-қолданбалы өнер». Білім беру тәжірибесінде «бейнелеу өнері» деп кескіндеме, графика, мүсін сияқты бейнелеу өнерлерімен қатар сәулет және сәндік-қолданбалыөнерді қамтитын барлық пластикалық өнерлерді түсінеміз.
Мектеп оқушыларының бейнелеу өнеріне қызығушылығы, картинада
немесе мүсінде нақтылы түрде көрсетілген суретші шығармасының ойын
түсіну және өзінше бағалай білуі, қазақ және әлемдік өнерд
ің негізгі стильдері мен бағыттарын айыра білуі; өнер тарихында елеулі рөл атқарған шеберлердің шығарма шылығымен танысуы; әйгілі шығармаларды білуі -сабақтың маңызды нәтижесі болып табылады. Бейнелеу өнеріне оқыту жеке тұлғаның өз ойын білдіруіне және дамуына, одан кейін әлемдік көркем мәдениет үлгілерімен танысуына бағытталған. Сабақта оқу қызметінің кез келген түрі өзіндік мәнге
ие, оқушылардың мүдделерімен келісіледі, оларды оқушы өмірінде нақты
пайдалануға бағдарланады. Өнерге деген қызығушылығы мен көркемдік талғамын дамыту қалыптасқан шығармашылық іс-әрекеттіңжеке тұлғалық
тәжірибесі, өзіндік эстетикалық эталондары, өнер тілін меңгеруі негізге алынып қалыптасады. Бейнелеу өнеріне оқыту барысында оқушыларға шығармашылық жұмыстың арқауын жасауда, қызмет түрлерін, көркем материалдарды, жеке немесе топтық жұмыстарды, шығармашылық тапсырмаларды орындау күрделілігін, үй тапсырмасының формаларын және т.б. таңдауда көбірек еркіндік беріледі.Оқу материалы көркемдік білімнің іскерлік сипаты мен адамгершілік болмысын көрсететін блоктармен ұсынылған: «Өнер мен көркемдік қызметтің адам және қоғам өміріндегі рөлі», «Өмір мен өнердің рухани-адамгершілік проблемалары», «Әсем өнерлер тілі және көркем бейне», «Әсем өнер түрлері мен жанрлары».
Негізгі орта білім беру «Технология» білім саласыОсылайша блоктарға бөлу ерекшелігі мынада, бірінші блок оқу материалының мазмұнын ашады, екінші блок оны іс жүзінде іске асырудың құралдарын береді, үшінші тапсырма тақырыбының рухани-адамгершілік, эмоциялық-құндылық бағыттылығын болжамдайды, төртінші,олардан бала көркемдік-шығармашылық тәжірибе алып шығатын қызмет түрлері мен шарттарынан тұрады. Барлық блоктар өнердің әртүрлі: типологиялық, тілдік, құндылыққа бағдарланған, қызметтік қырларын ашады. Олар (барлығы бірге) әр сабақта әртүрлі шамада оқытылады. Барлық блоктар кешенді түрде жалпы көркемдік білім мен тәрбие міндеттеріне бағытталған.
Бейнелеу өнері» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 5-сыныпта аптасына 1 сағат, жалпы саны–34 сағат; 6сыныпта –аптасына 1 сағат, жалпы саны –34сағат.
«ТЕХНОЛОГИЯ» БІЛІМ САЛАСЫ
Технология
«Технология»
Пәнін оқыту бағыты оқушыларды материалдық құндылықтардың заманауи өндірісінің негізгі технологиялық үрдістерімен таныстыруға, кейінгі кәсіптік білім алуға және еңбек етуге қажетті дайындықтарын қамтамасыздандыруға негізделген. Бағдарламаның мазмұны оқушының жеке тұлғасы, отбасы және қоғамның қажеттіліктерін, қазіргі заманғы педагогикалық ғылымының жетістіктерін ескере отырып белгіленген.Пәнді оқытудың мақсаты
техника мен технология саласында оқушылардың заманауи өндірісінде алған
білім жүйесінің нәтижелігіне бағытталған функционалдық сауаттылығын қамсыздандыру, сонымен қатар, технологиялық ойлау қабілетін, болмысқа деген шығармашылық көзқарасын дамыту болып табылады.Оқыту міндеттері:
техника, технология және заманауи өндіріс негіздерінен жүйеленген
білімді қалыптастыру;құрылымдық материалдарды өңдеу технологиясы, жобалау іс-әрекеттерін іске асыру бойынша жалпы еңбектік, жалпы өндірістік және арнайы икемділіктер мен дағдыларын қалыптастыру;
технологиялық ойлау қабілетін және еңбекке деген шығармашылық
көзқарасын дамыту;оқып жүрген технологиялармен байланысты мамандықтар әлемі, еңбек нарығындағы олардың талап етілуі туралы
түсініктерін қалыптастыру, өзінің өмірлік және кәсіби жоспарларын саналы түрде анықтауына ықпал ету;еңбек етужәне кәсіби іс-әрекеті үрдісінде эстетикалық, адамгершілік, экономикалық, экологиялық, дене және құқықтық тәрбие беру;оқушылардың Қазақстан халықтарының ұлттық мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне деген құрмет көзқарасын қалыптастыру.
Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды оқыту барысындағы нәтижелері, оқушылардың үлгерімдерін бағалауын,негізгі
Негізгі орта білім беру / «Өнер» білім саласыӘдістемелік-нұсқаулық хат
2015-2016 оқу жылы111мектепті аяқтайтын әр оқушының міндетті түрде меңгеруі тиіс білім мазмұнын көрсетеді.Оқушылардың дайындық деңгейі үш түрлі аспекті ескеріле отырып: пәндік, тұлғалық, жүйелі іс-әрекет нәтижелеріне қарай бағаланады.Осыған байланысты 5-9 сынып оқушыларына (ер балалар) келесі бөлімдер бойынша тақырыптар беріледі (5кесте).5-кесте.5-9-сыныптарда ербалаларға арналған бөлімдердің тақырыптары
Ауыл мектептерінде Қала мектептерінде
1. Қауіпсіздік техникасы және еңбекті
қорғау.
2. Ауылшаруашылық өндірісіндегі
техника және технология.
3. Ағашты және ағаш материалдарды
қолмен және механикалық өңдеу
технологиясы.
4. Металды қолмен және механикалық өңдеу технологиясы.
5. Сәндік қолданбалы өнерінің элементерімен көркем материалдардыөңдеу технологиясы.
6. Электротехника және электроника негіздері.
7. Үй мәдениеті. Үй шаруашылығындағы жөндеу жұмыстары.
8. Шығармашылық жобалау саласы.
9. Қазіргі заман өндірісі және техникалық кәсіби білім.
1. Қауіпсіздік техникасы және
еңбекті қорғау.
2. Ағашты және ағаш материалдарды қолмен және механикалық өңдеу технологиясы.
3. Металды қолмен және механикалық өңдеу технологиясы.
4. Сәндік қолданбалы өнерінің элементерімен көркем материалдарды өңдеу технологиясы.
5. Электротехника жәнеэлектроника негіздері.
6. Үй мәдениеті. Үй шаруашылығындағы жөндеу жұмыстары.
7. Шығармашылық жобалау саласы.
8. Қазіргі заман өндірісі және техникалық кәсіби білім.
Білім берудің негізгі түрлері оқушылардың оқу-тәжірибелік, жобалау іс
әрекеті болып табылады. Жаттығулар, оқу-тәжірибелік жұмыстар, жобалау
әдісі басым әдістері болып отыр. Бағдарламада қарастырылған барлық
тәжірибелік жұмыс түрлері материалдарды өңдеудің әртүрлі технологияларын, электромонтажды, құрылыс-әрлеу және жөндеу санитарлық-техникалық жұмыстарын, тағам әзірлеу, жеңіл тігін өнеркәсібінің негіздерін, есептеу және жобалау операцияларын меңгеруге бағытталған. Мұғалім бар мүмкіндіктеріне сәйкес бағдарламада ұсынылған
технологиялық операциялар топтамасын қамтамасыз ететін еңбек нысандарын таңдай алады. Сонымен қатар оқушы жасының шамасына сәйкес еңбек нысанын таңдап, оның қоғамдық және жеке құндылығы ескеріледі. Оқушылдар орындайтын практикалық жұмыстардың түрлері түсінікті,
ұтымды, экологиялық талаптарға сәйкес болуы тиіс. Мұғалім жергілікті және жеке эстетикалық қызығушылықтарына сәйкес өзі тапсырмаларының варианттарын Негізгі орта білім беру / «Өнер» білім саласы
Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2015-2016 оқу жылы112
қосуға құқысы бар.«Қазіргі заман өндірісі, техникалық және кәсіби білім беру» (9-сынып) жаңа бөлім техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің түрлері, кәсіби іс әрекетке қойылатын жаңа талаптар, кәсіп туралы түсінік, мамандық және жұмыскердің кәсіби дәрежесі, мамандық таңдауға тұлғалық қасиеттердің әсері, аймақтық еңбек нарығы және білім саласында қызмет көрсету туралы мәселелер қарастырылады.Сабақтар ағаш, металл өңдеу шеберханасында немесе құрамдастырылған
шеберхана базасында өткізіледі. Технологиялық операцияларын орындау
барысында оқушылардың еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етілуіне үлкен назар аударылуы керек. Электрқауіпсіздігі, санитария мен жеке гигиенасын
сақталуына ерекше назар аударылуы тиіс.
Сабақта қолдан жасалған электромеханикалық құралдар мен
технологиялық машиналар қолдануға тыйым салынады. Кіріктірілген
сипаттағы «Технология» пәні пәнаралық байланыстарды қолдану негіздерінде құрылуын көздейді. Есептеу операциялары және өлшем алуда алгебра мен геометриямен, материалдардың қасиеттерінің сипаттамасында химиямен, машина мен механизмдердің жұмыс принциптерін және құрылымын оқытуда физикамен, сәндік қолданбалы өнер технологияларын оқытуда тарих пен өнермен байланыстырылады.Қала, ауыл және шағын
жинақты мектептерде ұлдар мен қыздар тобына бөлусыныптың толымдылығына қарамастан бөлінуі жүзеге асырылады.Осыған байланысты5-9-сынып оқушыларына(қыз балалар) келесі бөлімдер бойынша тақырыптар беріледі(6-кесте).Қолөнермен шұғылданушылық әрбір халықтың мәдениетінің материалдық қолданушысы болып табылады. Сондықтан оқушылардың білімі мен еңбек дағдыларын қалыптастыру мақсатында технология сабағында көпғасырлық халықтық және ұлттық қолөнерлерді міндетті түрде оқыту мен қолдануға назар аударуды ұсынамыз.
«Технология» пәні бойынша 5-9-сыныптарда оқу жүктемесінің көлемі
аптасына 1 сағатты, оқу жылы ішінде 34 сағатты құрайды.6-кесте.
5-9сыныптарда қыз балаларға арналған бөлімдердің тақырыптары
Ауыл мектептерінде
Қала мектептерінде
1. Кабинетте жалпы тәртіп сақтау, қауіпсіздік техникасы ережелері,санитарлық-гигиеналық талаптар және еңбек қауіпсіздігі.
2. Тағам әзірлеу технологиясы.
3. Маталармен танысу. Мата өңдеу технология-сы. Тігін машинасымен жұмыс жасау. Киімді жобалау, дайындау және көркем әшекейлеу (белдемше, шалбар)Мата түрлерімен танысу.Киімді күту.Машина тану элементтері. 4. Сәндік қолданбалы өнерінің элементерімен көркем материалдарды өңдеу технологиясы
5. Отбасы экономикасы. Кәсіпкерлік.
6. Тұрғын үй ішкі көрінісі.
7. Киім және аяқкиім күтімі. Жеке бас гигиенасы.
8. Жеміс-көкөніс дақылдарын өсіру. технологиясы.
9. Көкөніс саласындағы күзгі жұмыстар. Көкөніс өсіру –өсімдік шаруашылығының бір саласы.
10. Жоба.
11. Кәсіби қызмет ету саласының технологиясы.
1. Кабинетте жалпы тәртіп сақтау, қауіпсіздік техникасы ережелері, санитарлық-гигиеналық талаптар және еңбек қауіпсіздігі.
2. Тағам әзірлеу технологиясы.
3. Маталармен танысу. Мата өңдеу технологиясы. Тігін машинасымен жұмыс жасау. Киімді жобалау, дайын-дау және,Негізгі орта білім беру / «Өнер»білім саласыӘдістемелік-нұсқаулық хатǀ2015-2016 оқу жылы113шалбар).Мата түрлерімен танысу. Киімді күту. Машинатану элементтері.
4. Сәндік қолданбалы өнерінің элементерімен көркем материалдарды өңдеу технологиясы.
5. Отбасы экономикасы. Кәсіпкерлік.
6. Тұрғын үй ішкі көрінісі.
7. Киім және аяқкиім күтімі. Жеке бас гигиенасы.
8. Жоба.
9. Кәсіби қызмет ету саласының технологиясы.
ТЕХНОЛОГИЯ» БІЛІМ САЛАСЫ
Технология
«Технология» пәні оқушылардың өзіндік еңбек өмірі, дайындыққа жәрдем
етеді, олардың жасампаз және қайта құрылу саласына байланысты, кәсіби тұрғыда өзін-өзі анықталуына мүмкіндік жасайды.10-11 сыныптарда пәнді оқытудың мақсаты –техника мен технология саласында оқушылардың заманауи өндірісінде алған білімі жүйесінің нәтижелілігіне бағытталған функционалдық сауаттылығын қамсыздандыру, сонымен қатар, технологиялық ойлау қабілетін, болмысқа деген шығармашылық көзқарасын дамыту.
Мақсатқа сәйкес келесі оқыту міндеттері анықталған:
техника, технология және заманауи өндіріс негіздерінен жүйеленген
білімді қалыптастыру;
құрылымдық материалдарды өңдеу технологиясы, жобалау іс-әрекеттерін іске асыру бойынша жалпы еңбектік, жалпы өндірістік және арнайы икемділіктер мен дағдыларын қалыптастыру;
технологиялық ойлау қабілетін және еңбекке деген шығармашылық
көзқарасын дамыту;
оқып жүрген технологиялармен байланысты мамандықтар әлемі, еңбек
нарығындағы олардың талап етілуі туралы
түсініктерін қалыптастыру, өзінің
өмірлік және кәсіби жоспарларын саналы түрде анықтауына ықпал ету;
еңбек ету және кәсіби іс-әрекеті үрдісінде эстетикалық, адамгершілік,
экономикалық, экологиялық, дене және құқықтық тәрбие беру;
оқушылардың Қазақстан халықтарының ұлттық мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне деген құрмет көзқарасын қалыптастыру.
«Технология» пәнін оқыту барысында барлық төрт компонент кіреді
азаматтардың әлеуметтік тәжірибесі: біліп тану саласының тәжірибесі (түрлі облыстағы ақиқат туралы білімі), танымал әдістер саласында
тәжірибе орындау, шығармашылық қызмет тәжірибесі мен эмоциональды-
құндылықтар қатынас объектілеріне және адам қызметіне тәжірибе құралдары. Бұл барлық компонентер оқу курсының мазмұнында бар.Соған байланысты 10-11-сынып материалдарында ер балаларға келесі бөлімдер бойынша тақырыптар беріледі(7-кесте).Жалпы орта білім беру / «Технология» білім саласы Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2015-2016 оқу жылы1557-кесте.Ер балаларға арналған бөлімдердің тақырыптары
Ауыл мектептерінде
Қала мектептерінде
1. Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау.
2. Ауылшаруашылық өндірісіндегі техника және технология.
3. Ағашты және ағаш материалдарды қолмен және механикалық өңдеу технологиясы.
4. Металды қолмен және механикалық өңдеу технологиясы.
5. Сәндік қолданбалы өнерінің элементерімен көркем материал дарды өңдеу технологиясы.
6. Электротехника және электроника
негіздері.
7. Үй мәдениеті.
Үй шаруашылығындағы
жөндеу жұмыстар.
8. Шығармашылық жобалау саласы
.
9. Қазіргі заман өндірісі және техникалық
кәсіби білім
1. Қауіпсіздік техникасы және еңбекті
қорғау.
2. Ағашты және ағаш материалдарды
қолмен және механикалық өңдеу
технологиясы.
3. Металды қолмен және механикалық өңдеу технологиясы.
4. Сәндік қолданбалы өнерінің
элементерімен көркем материалдардыөңдеу технологиясы.
5. Электротехника және электроника негіздері.
6. Үй мәдениеті.
Үй шаруашылығындағы
жөндеу жұмыстар.
7. Шығармашылық жобалау саласы.
8. Қазіргі заман өндірісі және техникалық кәсіби білім
.

.
«Қазіргі заман өндірісі және жоғарғы білім» жаңа бөлім, оқу барысында
тұлғалық қасиеттер және мамандық таңдау, қазіргі заман талабы,кәсіптік
саласы, жоғарғы оқу орындары және жоғарғы білімді алып меңгеру жолдарын оқыту кіреді. Ұйымдастыру пішіндері технологиялық дайындау оқушының дамыту деңгейі анықталу және әдістерді қолдану, олардың оқуына еңбекке, қызмет көрсету саласына дайындығы.
Сабақ өткізу барысында қазіргі заман оқыту технологияларын қолданады,
пішіндер, ұйымдастыру әдістері және оқу үдерістерін қадағалау және оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары, «Технология» пәнін оқыту
барысында ерекше сапалыларын іске асыру дидактикалық талаптар.
Басым әдістер жаттығу, практикалық-оқу жұмыстары, жобалау әдістері
болып келеді. Жыл қортындысы бойынша ұсынылған, жасалуы және
жобаларын қорғау. Жобалардың көбі –дербес. Сонымен қатар жоба топ
оқушыларымен орындалуына рұқсат беріледі.
10-11-сынып оқушыларымен кәсіби бағытты апталық өткізу барысында
мақсатқа лайықтылық, қалыптастыруға дайындық кәсіби шешім қабылдау, тренинг сабақтар өткізу, сонымен қатар сана-сезімімен қажеттілік «өңдеу» негізгі және қосымша (ықтималды) варианттарды таңдау пішін жұмысқа тұру немесе білім беру саласының траекториясы, әмбебап қабілеттерінің дамуы, керекті кәсіптік мобилділік үшін және бәсекеші қабілеттілік. ҚР «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру«Технология» пәнінің барлық бөлімдері арқылы іске асырылады, бірақ негізгі тірек «Сәндік қолданбалы өнерінің элементерімен көркем материалдарды өңдеу технологиясы» бөліміне жасалынады. Көркем мәдениеттік бастапқы қағидаларға, «Технология» пәнінің мазмұны мүмкіндіктері алдын-ала қарастырылған жалпы адамдық және ұлттық мәдени құндылықтарын Жалпыорта білім беру / «Дене шынықтыру» білім саласы қалыптастыру үшін, еңбекөзіндік құндылық пен өмір саласының негізі ретінде қарастырылады.
Соған байланысты 10-11-сынып материалдарынд ақыз балаларға келесі
бөлімдер бойынша тақырыптар беріледі(8-кесте). 8-кесте.
Қыз балаларға арналған бөлімдердің тақырыптары
Ауыл мектептерінде
Қала мектептерінде
1. Тағам әзірлеу технологиясы.
2. Құрастыру, моделдеу және иық киім өнімдерін өндіру. Қазақтың
ұлттықкиімін тігіп өндіру.
3. Жобаны қорғау1. Тағам әзірлеу технологиясы.
2. Құрастыру, моделдеу және иық киім өнімдерін өндіру. Қазақтың
ұлттықкиімін тігіп өндіру.
3. Жобаны қорғау.
Қолөнермен шұғылданушылық әрбір халықтың мәдениетінің материалдық
қолданушысы болып табылады. Сондықтан оқушылардың еңбек пен технологиялық мәдениетін қалыптастыру, оның тұлға ретіндегі еңбекшілдік, азаматтық және патриоттық қасиеттеріне тәрбиелеу және мектеп бітірушілердің еңбек нарығы жағдайында кәсіби өзін-өзі анықтауы мақсатында технология сабағында көпғасырлық халықтық және ұлттық қолөнерлерді міндетті түрде оқыту мен қолдануға назар аударуды ұсынамыз.
Қаладағы, ауылдағы және шағын жинақты мектептерде сыныптардың
толымдылығына қарамастан ұл мен қыз топтарына бөлінуі іске асырылады.
10-11-сыныптарда «Технология» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі әрбір сыныпта аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты құрайды.
Сызу
«Сызу» пәні негізгі орта білім беру деңгейіндегі 9-сыныпта оқытылады.
Курс ойдың аналитикалық және жасампаз компоненттерін қалыптастырып,
білім алушының кеңістіктік ой қабілетін дамытатын негізгі түпнұсқа болып
табылады.
Пәнді оқыту мақсаттары:логикалық және кеңістіктік ойын дамыту;
геометриялық білімді негізге алып тәжірибелік жұмыс дағдыларын
дамыту;еңбектену іс-әрекеті дағдыларын дамыту: ұзақ күш салуға және
интеллектуалдық жүктемеге қабілеттілікті, дербестікті және шыдамдылықты,
бастаған ісін аяғына дейін жеткізу;функционалдық графикалық сауаттылығ
ын дамыту;шығармашылық әлеуетін және эстетикалық талғамдарын дамыту.
Оқыту міндеттері:бір, екі және үш проекция жазықтығына тік бұрыштап проекциялау негіздері туралы білімді, сызбаны (эскизді) және аксонометриялық проекциялар мен техникалық суреттерді құру әдістері туралы білімдерін қалыптастыру;әртүрлі арнауы бар тетікбөлшектердің және модельдердің қарапайым сызбалары мен эскиздерін, аксонометриялық проекциялары мен техникалық суреттерін орындауды және оқуды үйрету;
нәрсенің пішінін және оның құрылымдық ерекшеліктерін талдау
арқылы, онымен қоса кеңістіктік бейнені проекциялық кескіндерінен және
ауызша суреттеу арқылы ойша қайтадан жасау әдістерін пайдаланып,
статикалық және динамикалық кеңістіктік ойлау қабілетін дамыту;
оқулық және анықтамалық материалмен өздігінше жұмыс істеуді,
Интернет-ресурстардан білім алуды үйрету;Негізгі орта білім беру «Дене шынықтыру» білім саласы кескіні бойынша нәрсені ойша өзгерту жалпы
интеллектуалдық қабілетін қалыптастыру арқылы білім алушылардың кеңістіктік ойын дамыту; графикалық білімдерін жаңа ситуацияларда қолдана білу, графикалық компьютерлік бағдарламаларда қарапайым сызба құруды үйрету.
«Сызу» пәні негізгі орта білім деңгейінде 9-сыныптаоқытылады.
Бағдарлама міндетті графикалық жұмыстардың тізімін қамтиды, ол негізгі
білік, дағдыларды анықтауға бағдар береді.Нәрсенің пішінін талдау дағдыларын қалыптастыруға, яғни проекция жазықтықтарына кескіндеуге, пайда болған кескіндерді талдауға, геометриялық денелерді, тетік
бөлшектерді тануды қамтамасыз ететін жеке белгілерін анықтауға алғашқы сабақтан бастап ерекше назар аудару қерек.Графикалық жұмыстың өнімсіз элементтерін болғызбауға тырысу керек (мысалы, есеп шартын және дайын сызбаларды көшіріп сызу). Тапсырмаларды орындау үшін пішімі А4 (торкөз) жұмыс дәптерін пайдаланған дұрыс.Құрылымдарды орындауда білім алушылардың белгілі бір іс-әрекет алгоритмін қалыптастыруын көздеу қажет. Бұл сызбаны тексеру кезінде де өзекті мәселе болып табылады.
Оқу уақытының көбі тәжірибелік жұмыс орындауға бөлінуі қажет.
Міндетті графикалық жұмыстардан тыс сызу пәні сабақтарында түрлі графи
калық есептерді қолданған дұрыс. Білім алушылардың танымдық
қызметін жандандыру оқытудың түрлі әдіс-
тәсілдерін қолдануымен және сабақтың әдістемелік қамтылуымен жүзеге асады.
Сызуға оқыту барысында әр білім алушының өзіне тән ерекшеліктерін
(дарындылығын, ойлау қабілетін, жеке мүддесін) есепке алып, оқушылардың
интеллектуалдық даму деңгейін біртіндеп көтеруге болады.Түрлі оқу
құралдарын кеңінен пайдалануұсынылады (карточка-тапсырмалар, анықтамалықтар, плакаттар, кестелер, модельдер, тетік бөлшектер жиынтығы және ақпараттық технологиялық құралдар).
Қазіргі қоғамның ақпараттандырылу жағдайына сай «Сызу» пәнінің аса
маңызды бағыты ол білім алушылардың компьютерлік графикалық
сауаттылығын қалыптастыру болып табылады (мектептің мүмкіндігіне қарай, жергілікті жағдайға лайықты компьютерлік бағдарламаны оқытуға болады).
«Сызу» пәні бойынша оқу жүктемесінің жалпы көлемі аптасына
2сағат, оқу жылына 68 сағатты құрайды.
2015-2016оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
Әдістемелік нұсқау хатҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы» РМҚК 010000, Астана қ., Орынбор көшесі4, «Алтын Орда»БО, 15-қабат.