Ж.Жабаев Зілді б?йры?,Ленинградты? ?ренім ?ле?дері саба? жоспары 9 -сынып



Тараз қаласы Жамбыл облысы Жуалы ауданы Нұрлыкент ауылы
№ 5 Михаил Ломоносов атындағы орта мектебі
сабақ жоспары Тақырыбы: "Ж. Жабаев "Зілді бұйрық", "Ленинградтық өренім" өлеңі
Авторы: Утепова Марал Сейлхановна Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Мектеп директоры: Умарбекова Гулсара Жарылқасынқызы

9 "Б"- сынып. қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: Ж. Жабаев "Зілді бұйрық", "Ленинградтық өренім" өлеңі
Сабақтың мақсаты: Ж. Жабаев туралы мәлімет бере отырып, өлеңнің мазмұнын ашу.
Сабақтың міндеттері:
1. Ақынның өмір жолы мен шығармашылығына тоқталу, оқушылардың мәнерлеп оқу, өлең табиғатын түсіну дағдысын қалыптастыру.
2. Оқушылардың өлеңнің мазмұнын, өз ой-пікірін жеткізе білуіне ықпал жасау.
3. Өлеңнің мазмұны негізінде оқушыларды елін сүюге, қорғауға, адамгершілікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
1. Өлеңнің тақырыбы мен идеясын өз бетінше ашады.
2. Сөйлеу мәдениеті қалыптасады, ұстамдылыққа, басқаның пікірін тыңдауға үйренеді.
3. Топпен бірлесе жұмыс істей алады, өз ойларымен бөліседі
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту. Сабақтың әдіс-тәсілдері: ой қозғау, оқы/жұптас/талқыла, сұрақ-жауап,ББҮ кестесі, бес жолды өлең Сабақтың көрнекілігі: кесте, форматты қағаз, стикерлер т.б.
Бағалау критерийлері:
1. Ж. Жабаевтың өмір жолы, шығармалары туралы мәлімет айту
2. Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын түсіндіру
3. Топтық тапсырмаларды бірлесе орындау.
Өзін-өзі бағалау әдісі бойынша әр тапсырмаға өз тобы басқа топтар және мұғалім баға береді. Сабақ соңында ортақ баға қойылады.
Ортақ бағалау парағы
Топ Тапсырма Өз тобы Басқа топтар Мұғалім Қорытынды
Үй тапсырмасы Жаңа сабақ Сабақтың барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырма сын сұрау
Сәлемдесу, түгендеу
"Өзіңе тілегенді өзгеге тіле" Психологиялық тренинг арқылы жағымды атмосфера қалыптастыру.
Әр түрлі стикерлер арқылы 4 топқа бөлу.
Пысықтау сұрақтары:
1. ХХ ғасыр басында қазақ даласында орын алған тарихи оқиғалар туралы тарих пәнінен алған білімдеріңе сүйене отырып, айтып беріңдер.
2.ХХ ғ. алғашқы он жеті жылы ішінде қазақ тілінде қаншаға жуық кітап жарық көрді?
Өзіне тілеген жақсы тілектерін стикерге жазып, көршілеріне сыйлайды.
Қолдарына алған әр түрлі стикерлер арқылы топқа бөлінеді.
Көшбасшы сайлайды.
Сұрақтарға жауап береді, топпен бірге жұмыс жасайды.
Қызығу
шылығын ояту "Жүз жасаған бәйтерек" деген сөз кімге арналған? Қалай ойлайсыңдар? Тақтадан сурет көрсетіледі. Бұл суреттен не көріп отырсыңдар? Топпен ақылдаса отырып сұраққа жауап береді
Жаңа сабақ. ББҮ кестесін толтыруды ұсынамын
Білемін Білгім келеді Үйрендім
"Білемін" торкөзіне Ж. Жабаев туралы білетінін жазады.
Ж. Жабаевтың өмір жолы мен шығармашылығы, айтыстары, өлеңдерін жеке оқып, топ ішінде талқылап, түсінік айтуға тапсырма беріледі Оқушылар Ж. Жабаев туралы білетіндерін жазады
Ж. Жабаев туралы берілген мәліметті оқиды, оқып болған соң жұптасып, талқылайды.
Жаңа сабақты бекіту
Тапсырма
Әр топқа тақырып бойынша түсініктерін айтуға тапсырма береді
Сұрақтар:
1 топ. Бала Жамбылдың ақын Жамбыл атануына қандай жағдайлар әсер еткен?
2 топ. Ж. Жабаевтың қандай шығармалары бар?
3 топ."Зілді бұйрық" өлеңінің мазмұнын ашу
4 топ.Жамбыл - айтыскер ақын. Жамбыл айтыстарын қазіргі кездегі айтыстармен салыстыра сипаттаңыз.
"Білдім" торкөзін толтыруға тапсырма береді.
Топтық тапсырма
1 топ."Зілді бұйрық " өлеңін мәнерлеп оқу, құрылысына қарай талдау
2 топ. Проблемалы талдау
3 топ. Бес жолды өлең құрастыру (Жамбыл)
4 топ. Өлеңнің мазмұны бойынша рөлдік ойын көрсету
Әр топтан 1,2мүше тақтаға шығып орындайды,сұрақтарға жауап береді,постер қорғайды. Өлеңнің мазмұнын ашады.
Берілген тапсырмаларды топ таса отырып ойланады, талқылайды, тапсырмаларды тиянақты орындайды
Қорыту
Бүгінгі сабақтан не үйрендіңдер? "Үйрендім" торкөзін толтыруға тапсырма береді.
Ауызша мадақтаулар арқылы ынталандыру, сабақты қорыту.
Бүгінгі тақырыпты қалай түсіндіңдер?
Не білдім? Не үйрендім?
Не ұнады? Не ұнамады?
"Екі жұлдыз, бір тілек" Жеке, топпен жұмыс жасайды, сұрақтарға жауап береді.
Сабақтан алған әсерін әр түрлі стикерлерге жазып, тақтадағы плакатқа жапсырады.
Бағалау
Үй тапсырмасы Бағалаудың қорытындысын шығарады, көзқарастарын сұрайды.
"Жүз жасаған бәйтерек" тақырыбына эссе жазып келу
Топтың ортақ шешімін бағалау