Презентация по геометрии на тему Параллель т?зулер
САБАҚ Геометрия Алматы қаласы Алатау ауданы КММ №26 ЖББ мектептің мұғалімі
СЫНЫП: 7 Мұғалімнің есімі:Джакипова Раушан Сахиевна
Тақырып: Түзулердің параллельдік белгілері
Сабақ негізделген оқу мақсаты Оқушылардың параллель түзулер туралы алған білімдерін кеңейте отырып, жазықтықтағы түзулердің параллельдік белгілерін түсіндіру.
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар: параллель түзулердің анықтамасының тұжырымдамасын, қасиеттерін біледі, екі параллель түзуді үшінші параллель түзумен қиғанда пайда болатын бұрыштардың түрлерін біледі.
Оқушылардың басым бөлігі: параллель түзулердің өзара байланысын түсіп, ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыра біледі, параллельдік белгісін пайдаланып есептер шығара біледі.
Кейбір оқушылар: параллель түзулердің сызбаларын дұрыс түсінеді
Тілдік мақсат Оқушылар:
тақырыпты зерттей отырып және алынған мәліметтерден өздерінің қалаулары бойынша сапалы ауызша презентация жасай алады
ғылыми түсініктерді еркін талқылау, сәйкес келетін техникалық терминологияны дұрыс пайдалану.
Негізгі сөздер мен тіркестер: параллель түзулер; параллельдік аксиомасы; кері жору әдісі; қиюшы; ішкі айқыш бұрыштар; сыртқы айқыш бұрыштар; ішкі тұстас бұрыштар; сыртқы тұстас бұрыштар; сәйкес бұрыштар
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: Егер екі түзудің әрқайсысы үшінші түзуге параллель болса, .... Егер екі түзу мен қиюшы жасайтын ішкі айқыш бұрыштар тең болса,....
Талқылауға арналған тармақтар: Егер түзу түзулердің әрқайсысына параллель болса, онда қандай түзулер берілген?
Алдынғы оқу Қиылысқан түзулер
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар Ресурстар
Басталуы
15 мин. Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыратын «Сыныптағы заттар» ойсергек. Оқушылар сыныпта қандай да болмасын бір затты таңдап, бір минут ішінде оны өзіне немесе өзінің көңіл-күйіне ұқсастығын ойластырып, топ ішінде бір-біріне айтып беру керек. Мысалы: «Мына төбедегі шам маған ұқсас екен: менің де көңілім қазір жарқырап тұр!». Қалауы бойынша кейбір оқушылар әңгімесін бүкіл сыныпқа жариялауды сұрау керек.
Топқа бөлу(геометриялық фигуралар бойынша).
Оқушылар шағын топтарға гүл суретінің екінші жағындағы фигуралар арқылы 4 топқа бөлінеді.
Үй тапсырмасын тексеру. № 6,8есепті «Жұптасу» әдісі арқылы тексеріледі. «Күн шуағы» әдісі арқылы оқушылардан сұрақ-жауап алынады. Оқушылар өткен сабақты пысықтау үшін топтар бір-бірімен сұрақ-жауап алмасады. Берілген сұрақтарға жауап береді.
1. Қоршаған ортадан қиылыспайтын түзулерге мысалдар келтіріңдер.
2. Дәптерге қиылысатын АВ және СД, қиылыспайтын ЕҒ және KN түзулерін сызыңдар.
Өзара қиылысатын түзулердің өзара қиылыспайтын түзулерден айырмашылығы неде? Ортасы
20 мин. Жаңа білімді игерту.
Сабақ барысында оқушыларға теориялық тұжырымды (анықтама, теоремалар) еске түсіреді, сол мәселе бойынша өз ойлары мен пікірлерін анықтау мақсатында олар төмендегідей тапсырмаларды орындайды:
Теориялық тұжырымдар:
Бір жазықтықта жатқан екі түзу қиылысуы да, қиылыспауы да мүмкін. Екі түзу қиылысуы үшін олардың ортақ нүктелері болуы керек екені белгілі.
Жеке жұмыс. Әр оқушы «Техникада, тұрмыста ортақ нүктелері болмайтын түзулер кездесе ма?» деген сынды сұрақ төңірегінде берілген 1-2 минут ішінде жекелей ойланады.
Мысалы:түзу жолдағы машинаның дөңгелектерінің іздері, түзу жолдағы темір жолдың, шаршының қарама-қарсы қырлары т.б.
Топтық жұмыс. «Параллель түзулерді қалай салуға болады?» деген сынды сұрақ төңірегінде берілген 1-2 минут ішінде ойланып жауап береді.
Параллель а және в түзулерін жүргізу үшін:
1/. Сызба бұрыштықтың бір жағын сызғышқа жылжытып, екінші жағының бойымен а түзуін жүргіземіз.
2/. Сызғыштың бойымен сызба бұрыштықты жылжытып қалаған бағытта екінші в түзуін жүргіземіз.
Бір жазықтықта жататын бір бірімен қиылыспайтын түзулер параллель түзулер деп аталады.“Параллель” сөзі гректің parallelos- “қатар жүруші” деген сөзінен шыққан. || параллельдік белгі. a ||b
Оқылуы: a түзуі b түзуіне параллель
Параллель түзулерде жатқан кесінділер де, сәулелер де өзара параллель болады.
Параллель түзулердің негізгі қасиеті: Түзудің бойында жатпайтын бір нүкте арқылы сол түзуге бір ғана параллель түзу жүргізуге болады. Параллельдік аксиомасы
Параллель екі түзудің біреуін қиып өтетін түзу екіншісін де құятындығы туралы теореманың дәлелдеуі слайдта көрсетіледі
Екі түзуді қиюшымен қиғанда пайда болатын бұрыштармен /айқыш, сәйкес, тұстас/ таныстыра келе, түзулердің параллельдік белгілері беріледі
Түзулердің параллельдік белгілері: 1.Егер екі түзудің әрқайсысы үшінші түзуге параллель болса, онда бұл екі түзу өзара параллель болады.
2. Егер екі түзу мен қиюшы жасайтын ішкі айқыш бұрыштар тең болса, бұл түзулер параллель болады.
3. Егер екі түзу үшінші түзумен қиылысқанда 1) ішкі тұстас бұрыштардың қосындысы 180º-қа тең болса; 2) сәйкес бұрыштар тең болса, онда берілген екі түзу параллель болады.
Оқушылардың жаңа оқу материалын түсінгенін тексеру (жеке оқушыларға арналған үлестірме таратылады).
Жаңа білімді бекіту (сұрақтар қойылады және оқушы білімі бағаланады)
Топтық жұмыс. Шағын топ ішінде оқушылар өз ойларымен бөліседі, оларды талқылайды, өз ойларын толықтырады. Әрбір топтан бір оқушы (спикер) топ тұжырымдарын ауызша жария қылады.
1.Қандай түзулер параллель түзулер деп аталады?
2.Екі түзуді үшінші бір түзу қиғанда қандай бұрыштар пайда болады?
3.Берілген түзуден тыс жатқан нүкте арқылы түзуге параллель неше түзу жүргізуге болады?
4.Егер түзу берілген түзулердің әрқайсысына параллель болса, онда қандай түзулер берілген?
№17,18,19,21 жаттығуды орындау Слайд-1
Слайд-2
Флипчарт
Слайд-3
Слайд-4
Слайд-5-7
Сызба есептер, сұрақтар
Оқулық 90 бет
Аяқталуы
10 мин. Топ жетекшісі өз топ мүшелерінің жұмысын критерий бойынша бағалайды. Оқушыларға жиынтық бағасы қойылады.
Үйге тапсырма №26,27жаттығулар, §5.3Рефлексия. «Баспалдақ». Жаңа материалды қаншалықты меңгергенін бағалайды. Оқулық
Слайд-8