Саба? жоспар. Геометрия. ?иылыс?ан т?зулер.
Батыс Қазақстан облысы,
Тасқала ауданы,
«Сәулет» мектеп-лицейінің
математика пәні мұғалімі
Мақсот Марс Мавлетұлы
Сыныбы: 7 «А»
Сабақтың тақырыбы: Қиылысқан түзулер
Уақыты: 12.01.16 ж.
Мұғалім: Мақсот М.М.
Ұйымдастыру бөлімі Оқушылармен амандасу, түгелдеу. Сабаққа деген ынтасын ояту.
Үй тапсырмасын тексеру Оқушыларға өткен тақырыптар бойынша сұрақ қою: (Слайд 2)
«Тиістілік» аксиомасы?
«Өлшемділік» аксиомасы?
Үшбұрыштар теңдігінің І белгісі?
Үшбұрыштар теңдігінің ІІ белгіс?
Үшбұрыштар теңдігінің ІІІ белгісі?
Тік бұрышты үшбұрыштар теңдігінің белгілері?
Сүйір бұрышы 30º жəне 45º болатын тікбұрышты үшбұрыштардың қасиеттері.
Перпендикуляр түзулер?
Пайдаланылатын технологиялар, әдіс-тәсілдер Сұрақ – жауап, баяндау. Проблемалық оқыту технологиясы.
Жаңа сабақты меңгеру алдындағы білім мен білігін тексеру Қосымша есептер шығару. (Презентация арқылы көрсетіледі)
Тең бүйірлі үшбұрыштың периметрі 7,5 см-ге тең, ал бүйір қабырғасы 2 см-ге тең. Табанын табыңдар. Жауабы: 3,5 м
Тең бүйірлі үшбұрыштың бір бұрышы 1000-қа тең. Қалған бұрышытарын табыңыз. Жауабы: 400; 400
Бүйір қабырғалары арасындағы бұрышы 800 болатын тең бүйірлі үшбұрыштың табанындағы бұрышын табыңыз. Жауабы: 500
Оқушылар алдында сабақ мақсатын қою. Біздің бүгінгі мақсатымыз: Қиылысқан түзулерді қарастырып және есептер шығару.
Жаңа ақпаратты қабылдау мен тұжырымдауды ұйымдастыру Анықтама: Екі түзу бір ғана нүктеде қиылысады. Ол нүктені қиылысу нүктесі деп аталады.
Оқушылар екі түзу қиылысқанда, үш түзу қиылысқанда неше бұрыш пайда болатынын сызып көрсетеді.
Түсінікті алғаш тексеру Оқушылардан вертикаль және сыбайлас бұрыштар туралы сұрау.
Ақпаратты қайта айту және оның қолданылатын жаттығулары арқылы іс – әрекеттің түрлерін меңгертуді ұйымдастыру Қосымша есептер шығару. Презентация арқылы көрсетіледі.
Екі түзу қиылысқанда пайда болған бұрыштардың бірі 30°. Қалған бұрыщтарын табыңыз.
Жауабы: 30°, 150°, 30°, 150°Екі түзу қиылысқанда пайда болған вертикаль бұрыштардың қосындысы 40°. І) Қалған бұрыштардың градустық мәнін табыңдар. ІІ) Сыбайлас бұрыштарды жазыңдар.
Жауабы: 20°,160°,20°,160°Үш түзу қиылысқанда пайда болған ∠1=20°.
∠2+∠3 2. ∠2+∠3+∠4 3. ∠5+∠6 табыңдар.
Жауабы: 1. 160° 2. 180° 3. 160°
Екі түзу қиылысқанда пайда болған бұрыштардың бірі екіншісінен 39°-қа кіші. Пайда болған бұрыштардың градустық мәнін табыңыз.
Жауабы: 39°, 141°, 39°, 141°DBE үшбырышында BK – медиана. BK=2,5 см. BK медианасы DE қабырғасының жартысына тең. BE қабырғасы DB қабырғасынан 1 см ұзын, DB=3 см. DBE үшбұрышының периметрін табыңдар.
Жауабы: 12 см.
Алдында алған білім мен білікке сәйкес білімнің шығармашылық түрде қолданылуы мен меңгерілуін проблемалық тақырыптарды шешу арқылы ұйымдастыру. Қосымша есеп: (Презентация арқылы көрсетіледі)
Тікбұрышты үшбұрыштың бір сүйір бұрышы 60°-қа тең. Гипотенуза мен кіші катеттің айырмасы 4 см. Гипотенуза мен кіші катеттің ұзындығын табыңдар.
Жауабы: 8 см және 4 см
Сабақта алғанды меңгеру және оны алдында алған білім жүйесіне қосу. Логикалық есеп. (Презентация арқылы көрсетіледі)
Тікбұрышты аулада 7 алма ағашы өсіп тұр. Үш түзу сызығының көмегімен 7 бөлікке бөлу керек. Әр бөлікте бір алма ағашы қалатын болсын.
10382244826089535048259
12382519050
9524148590
Келесі сабаққа үй жұмысын беру. Қосымша есеп:
Үш түзу қиылысқанда пайда болған ∠4=30°.
∠5+∠6 2. ∠1+∠2+∠3 3. ∠1+∠6+∠5 табыңдар.
ABC үшбұрышы берілген, BC – гипотенуза, AD – биіктік, ∠B=60°, DB=2 см. DC кесіндісінің ұзындығын табыңыз.
Сабақты қорытындылау Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.
Рефлексия
Мұғалімнің өз сабағы