?иылыс?ан т?зулер 10 сынып
Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы
С. Кәттебеков атындағы жалпы орта мектебі
Ашық сабақ
Тақырыбы:
Қиылысқан түзулер.
Перпендикуляр және көлбеу.
Орындаған: Рахимова Базаркүл
Қазақстан ауылы
Сабақтың тақырыбы: Қиылысқан түзулер. Перпендикуляр және көлбеу.
Сабақтың мақсаты: Халқымыздың өткен тарихына көз жібере отырып, ұлттық өнерді, халықтың кәсіпті танытып , оны үйреніп бағалай білуге баулу. Еліміздің ежелгі дәстүрін насихаттай отырып, оқушыларды алғырлыққа, тез ойлауға үйрету.
Білімділік міндеті: Түзулердің перпендикулярлығының анықтамасын, түзуге жүргізілген перпендикуляр және көлбеуді, перпендикуляр түзулердің қасиеттерін оқушы санасына бекіту.
Тәрбиелік міндеті: Дәлдікке, ұқыптылыққа, сынып намысын қорғауға тәрбиелеу.
Дамытушылық міндеті: Іскерліктерін, өз бетімен еңбектену сезімдерін дамыту, жеке оқушылардың білімін арттыру.
Көрнекілігі: Плакаттар, қағаздан жасалған әшекейлер, карточкалар.
Типі: Аралас сабақ.
Түрі: Керуен саяхат сабақ
Сабақтың барысы:
А) Ұйымдастыру.
Ә) Жаңа сабақ ``Керуен – саяхат`` сабағы.
Мұғалім сөзі: VII – ғасырдан бастап XII – ғасырға жеткен Ұлы Жібек жолындағы дала кемесмі, түйелердің қаз – қатар тіркесіп, үстіндегі ауыр жүктен белі қайысып, маң – маң басып келе жатыр. Құмды, шөлді жерлерден қиналмай өтеді. Өйткені, ол шаруаға өте қолайлы, шөлге шыдамды болып келеді. Бір шеті- Үндістан, екінші шеті – Қытай. Оның ұзындығы 7 мың шақырым болған. Ол заманда Қытай Жібегі осы жолдармен тасылады, сондықтан да “Жібек жолы” – деп аталады. Бүгінгі біз өз мектебімізден Қытай еліне сапар шегеміз. Ең біріншіден әрқайсыларыңа өз міндеттеріңді бөліп берейін.
Керуен басы – керуен бастап жүретін адам.
Түйекеш – түйелерді жайып, күтіп бағушы.
Көріпкел – жолды болжап, бағдарлаушы.
Кірекеш – керуеншілерге ас дайындаушы.
Қолдай – керуенді жолшыбай шапқыншылардан қорғаушы.
Жаушы – қалаға кіруге рұхсат сұраушы.
Ал енді балалар, елімізден ұзақ сапарға аттанамыз.
Алдымен Керуен басы ретінде жаңа тақырыпты түсіндірейін.
Жаңа тақырып: “Қиылысқан түзулер. Перпендикуляр және көлбеу”
Анықтама. Тік бұрыш жасап қиылысқан екі түзу перпендикуляр түзулер деп аталады.
Түзулердің перпендикулярлығы << << таңбасымен белгіленеді. Мына а в жазуы былай оқылады: “а” түзуі “в” түзуіне перпендикуляр. Сонда “АВ түзуі СД түзуіне перпендикуляр” дегенді қысқаша АВ СД деп жазамыз.
1-теорема. Бір түзуге перпендикуляр екі түзу өзара параллель.
2-теорема. Егер түзу параллель түзулердің біріне перпендикуляр болса, онда ол екіншісіне де перпендикуляр болады.
3-теорема. Түзудің әрбір нүктесі оған перпендикуляр тек бір ғана түзу жүргізуге болады.
4-теорема. Түзуден тысқары жатқан нүкте арқылы осы түзуге перпендикуляр бір ғана түзу жүргізуге болады.
Салдар. Параллель екі түзудің арақашықтығы олардың бірінің кез келген нүктесінен екіншісіне түсірілген перпендикулярдың ұзындығына тең.
Сабақты бекіту.
Түйекештер түйелерді дайындау үшін плакатта көрсетілген есептерді орындайды. Осымен түйекештеріміз дайын.
Балалар, көріпкел алдағы жолды болжады. Ал ендеше Шаш (Ташкент) қаласына жолға шығайық.
Міне, балалар Шаш қаласына келдік. Енді қалада әртүрлі әшекейлер сатып
алу үшін мына сұрақтарға жауап беруіміз керек.
№1 3 метр және 2 метр бос ыдыстың көмегімен 1 литр суды қалай аламыз?
№2 (Пуассон есебі) 8 литр ыдыста толы сүт бар. 3 және 5 литрлік бос ыдыстарды пайдаланып,4 литр сүті қалай құйып алуға болады?
Өзіміз олжалы болдық. Шаш қаласының әміршісі мынадай сұрақтар қойыпты. Осыған жауап берейік
Сыбайлас және вертикаль бұрыштар дегеніміз не?
Параллель түзу дегеніміз не?
Ішкі тұтас бұрыштар дегеніміз не?
Енді Сайрам қаласына барар жолда, көріпкел алдымызда қарақшылар шығуы мүмкін деген болжам айтып отыр. Сондықтан қолдайларға мынадай тапсырма береміз:
Параллель түзулер мен перпендикуляр түзулердің арасындағы айыпмашылық қандай?
Түзулердің параллельдік белгілері дегеніміз не?
Біз алыс жолдан шаршап келдік. Жолшыбай күнде ыстық болды, сондықтан кірекеш бізге сусын берсін. Ас дайын болғанша мынадай сұрақтарға жауап беріп көрейік.
Екі нүкте арқылы неше түзу өтеді?
Сәуленің ұшы болама?
Кескінді тұйықталған ба?
Жазықтықтың шегі бола ма?
Түзудің ұштары бола ма?
Енді асымызды ішіп, шөлімізді қандырып жолға шығайық. Алдағы Қытай еліне бару үшін рұқсат сұрауға екі жаушы аттандырдық. Қытай әміршісі рұқсат берер алдында мына тапсырмаларды беріпті:
Екі адам 4 сағат шахмат ойнайды. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнайды? (4 сағат)
Сағаттың төрттен бір бөлігінде неше минут бар? (15 минут)
Айдос өзінің туған күнін төрт жылда бір рет тойлайды. Бұл қай күн? (29 ақпан)
Бір жұмыртқа 5 минутта піседі, ал бес жұмыртқа неше минутта піседі? (5 минут)
Егер 3 пар ат 60 км шауып өтсе, онда бір топ ат неше км шауып өтеді? (60 км)
Қорытынды: Сонымен біздің қысқа да, қызықты сапарымыз аяқталды. Біз төрт елдің сауда саттық дәстүрімен таныстық. Бүгін сабақ сендерге ұнады ма? Енді мектебімізге қайтып оралайық. Сонымен сендер жол бойы қандай есептерді кездестіріп шығардыңдар?
Үйге тапсырма: Тақырыпты оқып, теоремаларды жазу. №123 есепті шығарып келу