Бастауыш сынып о?ушыларына арнал?ан психологиялы? ойындар


Бастауыш сынып оқушыларына
арналған психологиялық ойындар
Бастауыш сынып сатысында бала педагогикалық экологияны сақтаған, жағымды микроахуалда, табысқа жетуін қамтамасыз ететін жағдайда тәрбиелегені жөн. Жаңа заман талабы жеке тұлғаны дамыту мен танымдық ауқымын кеңейту деңгейінде әр түрлі технологияларды және әдістерді қолодануды қажет етеді. Оқушының қабілеттілігінің дамуы белсенді еңбек пен оқу үрдісінде игеріледі. Бала шығармашылықтың қайнар көзі. Табиғаттың берген сыйы. Ендеше, балалардың шығармашылығын дамыту, белсенділігін, іскерлігін арттыру мақсатында жүргізілетін жаттығу-тренингтер.
Баланың ойлауын дамытуға арналған логикалық тапсырмалар
Мақсаты:баланың көрнекі бейнелі ойлауын дамыту. Өмір жайлы түсінігімен оны ұғына білуге үйрету.
Ұйымдастыру кезеңі:оқушылармен көңілді сәлемдесу, сұрақ қою арқылы әңгімеге тарту. Біз бүгін логикалық тапсырмалар орындаймыз.
****************************************************************************
«Түлкі мен қасқыр» ертегісі есеп.
Баяғыда қасқыр мен түлкі дос болыпты. Бір күні екеуі өзеннен балық ұстапты. Енді оны қақ ортасынан теңдей етіп бөлу қажет болады. Сонда ойланып отырып қасқыр:«Түлкі, сенің математикадан хабарың бар ғой, мына балықтарды теңдей етіп санап, бөл»-дейді. Түлкі қулығын асырып былай бөледі.
Біреу саған, (1)
екеу маған, (2)
үшей саған, (3)
төртеу маған.(4)
Сонда түлкіде, қасқырда нешеден балық бар? Есептеп көріңдер (10 балық).
***************************************************************************
«Сөйлемді жалғастыр» жаттығуы.
Балаға қарама-қарсы отырмын, балаға допты лақтырып, сөйлемнің басын айтамын. Допты тосып алған бала сөйлемді аяқтап, допты маған қарай кері лақтыру қажет. Егер бала екі рет сөйлемді аяқтамаса, ойыннан шығады. Жылдам орындалуы қажет.
Сөздердің нұсқауы:
Лимон ащы, ал қант.....
Шөп жасыл, ал аспан.....
Ағашты аралайды, ал шегені....
Құстар ұяда тұрады, ал адамдар...
Құс ұшады, ал жылан...
Кеме жүзеді, ал машина....
Шиені жейді, ал шайді....
Әнші өлең айтады, ал құрылысшы....
Түнде қараңғы, ал күндіз....
****************************************************************************
«Логикалық ойын»
Екі сиырдың мүйізі қанша?
Бір мысықтың аяғы қанша?
Бес қойдың басы нешеу?
Үш адамның қолы нешеу?
Үш қоянның құйрығы қанша?
Екі жолбарыстың ауызы қанша?
Үш тышқанның басы нешеу?
Бір бұғының мүйізі қанша?
*****************************************************************************
Сергіту сәті. Бала қимыл әрекет арқылы көрсетілген психогимнастиканы жасайды.
Құстарға біз ұқсайық,
Қане, қанат жазайық.
Ұшып-ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
АВТОПОРТРЕТ
БАСЫ: интеллектісіне (ақыл-ойға)байланысты критерий
Әлсіз салынса ақыл-ойына көңілі толмайтын адамдар.
Қатты салынса ақыл-ойына көңілі толатын адамдар.
Кішкентай бас болса, ақыл-ойға көңіл бөлмейтін адамдар.
Кішкене ақырын салынса, ортада өзін көрсете алмайды.
Қатты үлкен салынса, өзін ақылдымын деп санайтын адамдар.
КӨЗІ: үлкен ашылса, сенімсіз (басқалардың пікіріне аса назар аударады).
Кішкене болса, өз-өзімен жүретін (интроверт) ойы бітпейтін адамдар.
КІРПІК: бар болса, салқын адамдар, жоқ болса, тік мінезді.
АУЫЗ: салынса, бұл тіл байлығының жеткіліксіздігі. Ауыз салынбаса,дипрессияда жүрген адам.
Жымиған ауыз салынса,өзін-өзі қинап,сыпайы болуға тырысатын адам.
Түзу салынған ауыз, бұл кекшіл адам.
Екі шеті төмен қарай жымқырылған ауыз, бұл ештеңегекөңілі толмайтын,енжар адам.
ТІС: көрініп тұрса, агрессивті адам.
ҚҰЛАҚ: үлкен болса, сынға қарсы тұратын адам, кішкене болса, сынға назар аудармайтын адам. Құлақ жоқ болса, адамның интеллектісінің төмен болуы.
МҰРЫН: қатты бейнелеу сексуалды проблемасы бар екенін көрсетеді,
Нүкте түрінде салынса, сексуалды проблемасы жоқ.Мұрынның
қанаттарының қатты салынуы агрессияның белгісі.
ҚОЛЫ: басқа адамдармен қарым-қатынасын көрсетеді. Егер қолда қысым болса, бұл қарым-қатынаста қатал, тұйық, өз парызын жақсы түсінетін адам. Қол төмен қараса, қарым-қатынас нәтижесіздігі. Нәзік салынған қол болса, физикалық энергиясының аз болуы, басқа адамдарға тәуелді болатындығын көрсетеді, психологиялық энергиясы аз, сөз таба алмай қалады. Қолы қысқа немесе жоқ болса, адамның сезімінің нашарлығы немесе жоқтығы. Егер қолын үлкен қатты салса, айналасындағылармен көп араласатын адам. Қолын қалтаға салуы немесе артында ұстауы өзіне-өзі сенімсіз, өзі кінәлі сезінетін, ұялшақ адам. Қолы домалақ болса, жаратылысында агрессия бар. Бірақ оны сыртқа көрсетпейді.Саусақтары бестен артық болса, амбициозды, агрессивті адам, яғни өзін жоғары санайды. Қолына нәрсе ұстап тұрса, қарым-қатынастың қандай екенін көрсетпеуге тырысатын адам.
АЯҚТАРЫ: денесінің көлеміне байланысты. Аяғы ұзын болса, еркін жүретін адам. Қысқа немесе жоқ болса, өмірде психологиялық тіректері нашар және жасқаншақтығы көрінеді.
ПОЗАСЫ: егер суреттен желкесін байқауға болса, яғни бетін тура салмайтын болса, адамның тұйықтығы.
ДЕНЕСІ: амфаз, басы профиль болса, маңайындағы біреуден жасқанатынын көрсетеді.
Орындықта отырса, адамның жалғыздығын көрсетеді. Бірақ ситуациядан шығуға тырысатын адам, жалғыздықтан қорқатын адам.
Жүгіріп немесе жүріп бара жатқан адам біреуден қашып жүргендігін көрсетеді.
Адам төсекте жатса, жалқау адам екендігін көрсетеді.
Тура салса, адамның өзін-өзі жақсы көретіндігін және енжарлығын көрсетеді
«Үй салыңыз» тест
Бұл тест кең таралған тесттердің бірі.
Нұсқау: «Үй» деген сөзді естігенде, сіздің қиялыңызда қандай сурет пайда болды, соны бірден салыңыз.
Қалалық үй.
Көп қабатты ғимарат. Бұл суретті көп адамдар сала бермейді. Себебі, барлық адамдар «идеалды» үй салуға талпынады. Бұл сурет өз мәселелерін ешкіммен бөліспейтін, өз-өзімен жүретін тұйық мінезді адамдарды көрсетеді.
Кішкентай аласа үй.
Шатырды аласа салған адам өзін шаршаған адам деп есептейді. Өткен өмірінде еске алатындай жағымды сәттер болмаса да, өткенді еске түсіргенді жақсы көретін адам.
Сарай (замок).
Мұндай сурет мінездегі жұмсақтықты, салмақсыздықты, жеңілтектікті білдіреді. Адамның аса қиялдылығын көрсетеді. Өз міндеттерін орындап үлгере алмайтындар.
Кең ауылдық үй.
Өз тұрғын үй орынын кеңейту қажеттілігін білдіреді. Егер осындай үй салған адам жалғыз, баласыз болса, онда оның жанұясының құрып, бала өсіру қажеттілігін көрсетеді. Егер үйді темір қорған қоршап тұрса, онда ол тұйық мінезді білдіреді. Ал егер үй айналасында тоғай, гүлдер болса, ол керісінше, басқаларға деген сенімділікті көрсетеді.
Терезелер.
Үлкен терезе – ашықтық, мейірбандықты білдіреді. Бір немесе бірнеше кішкентай терезелер, торлы терезелер – тұйықтық, комплекстің барлығын, сараңдықты, басқаларға ешнәрсе бермеу, олардан бір нәрсе алмау қасиетінің белгісі.
Есіктер.
Егер есік үйдің ортаңғы бөлігінде орналасса, қонақжайлылық пен ашық жарқындықты білдіреді. Шатырлы есік – кең пейілділік пен өзіне сенімділікті білдіреді. Ашық есік – ашықтық.. Жабық есік – тұйықтық.. Егер есік қабырғаға жақын болса, қарым – қатынастың жетіспеушілігін білдіреді. Мұндай адамдар контактіге тез түсе алмайды. Егер есік тым үлкен болса, жеңілтектікті, сонымен қатар аса кең пейілділікті білдіреді.
Мұржалар.
Мұржаның жоқ болуы – сенімсіздіктің белгісі. Түтінсіз мұржа - өмірге разы болмау, өмірден көңіліқалғандықты білдіреді. Түтінді мұржа – кеңпейілділіктің белгісі. Мұржада ұсақ бөлшектер, кірпіш салынса - өмірлік оптимизмді білдіреді.
Қорытындылау. Баланың бүгінгі ойындардан алған әсері мен не үйренгендігі жөнінде айтуға мүмкіндік беру. Баланың пікірін тындау.