Бастауыш сынып о?ушыларына арнал?ан психологиялы? жатты?улар
«Хайуанаттар бағы» ойыны.
Мақсаты: Балаға қозғалуға, демалуға мүмкіндік беру.
Нұсқау: Музыка ойналады. Сен бір жануарға айналуға дайынсың ба ? Бір-бірінің артынан тұру. Орманда күн шығып барлық ағаш оған жапырақтарын жайып қарап тұрады. Күнге әрбір жапырағы жылыну үшін жоғары-жоғары созылады. Саусақ жапырақ күннің астында билеп тұрады. Кенеттен қатты жел тұрып, талды жан-жаққа шайқай бастады. Бірақ талдың тамыры тереңге кеткен, ол жәй ғана тербеледі.
Желдің артынан жаңбыр жауып, тал алғашқы жауын тамшысынан сезінді. Алдыңғы тұрған баланың арқасын саусағыңмен жауын тамшысындай тырсылдату. Кәдімгі майда жаңбыр жауып тұрғандай қимыл жеңіл болу қажет.
Жауын одан әрі күшейіп қатты жауа бастады. Тал бір-біріне жанашырлық білдіріп жаңбырдың қатты соққысынан қорғап, сипалай бастады. Көп ұзамай көкжиектен күн көрініп, тал қуанды, олар өзіндегі артық жауын тамшысын сілкіп тастады. Өзін сенімді, сергек, тап-таза сезініп қалды.
«Сөз тізбегі» жаттығуы.
Мақсаты: ойша әрекет ету қабілетін дамыту.
Нұсқау; 6-7 әріптен тұратын негізгі сөз ойлап табылады (мысалы: ойыншық) Келесі ойыншы осы әріптен қандайда бір сөз ойлап табыды. Ол сөз кез келген әріп санынан тұрады, бірақ бір әріпті екі рет қайталауға болмайды. Егер ойыншы мұны айта алса ұпай жинайды, айта алмаса кезегін жібереді.
«Үлпілдек» ширату жаттығуы
Мақсаты: Қозғалыс белсенділігін дамыту, өз әрекетін бақылауды меңгерту.
Нұсқау: Әрбір балаға кішкентай мақта тартылады, ол мақтаны көпсітіп, жеңіл әрі үлпілдек етіп жасайды. Жетекші белгісінен кейін бала өзінің «үлпілдегін» ауада құлап кетпейтіндей ұзақ үрлеп жүреді, бірақ қолдың көмегін пайдаланбайды. Егер кімнің «үлпілдегі» ауада ұзақ ұсталса сол бала жеңіске жетеді.