«Векторлы? графика, векторлы? графиканы ??деу бойынша программасыны? интерфейсі» та?ырыбы бойынша саба? жоспары
№21 сабақ
Сыныбы: 7 «А», 7 «Ә» Күні: 12.02.2016ж
Сабақтың тақырыбы: Векторлық графика, векторлық графиканы өңдеу бойынша программасының интерфейсі.
Сабақтың мақсаты: Векторлық графиктерді құру бағдарламаларымен таныстыру.
Сабақтың міндеттері:Білімділік: Inkscape бағдарламасы туралы ақпарат беру.Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымдарын, ой - өрістерін, пәнге деген қызығушылықтарын дамыту.Тәрбиелік: Эстетикалық талғамдарын қалыптастыру, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.Сабақтың түрі: Жаңа сабақСабақтың әдісі: түсіндіре баяндау әдісі, сұрақ - жауап әдісі, көрнекілік әдісі.Сабақтың көрнекілігі: кеспе қағаздар, компьютер, слайдтар.Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 2. Үй тапсырмасын қайталау.
3. Жаңа сабақты түсіндіру. 4. Оқушыларды бағалау 5. Үй тапсырмасын беру.
1. Саламатсыздарма, оқушылар! (оқушыларды отырғызып, түгелдеп, журнал толтырып, жаңа сабаққа дайындығына, оқу құрал-жабдықтарының барына көңіл бөлемін). Дәптерлеріңді ашып, сабақ тақырыбын жазып алыңдар.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру . Сонымен балалар, үйге қандай тапсырма берілді? Ия, кім дайын? Қайталау сұрақтары:
1. Графикалық файлдың пішімі дегенді қалай түсінесіндер?
2. Растрлық пішімге мысалдар келтіріңдер.
3. Растрлық пішімге мысал келтіріңдер.
4. Суреттер қандай пішімде жиі сақталады?
5. Сығымдау дегеніміз не?
3.Жаңа тақырыпты түсіндіру. Inkscape - тегін таратылатын, ашық коды бар векторлық графиканы өңдеу редакторы. Inkscape басқа тегін графикалық редакторлар сияқты, баяу жұмыс істеуді, себебі ол компьютер ресурстарынан талап етіледі.
Редактор терезесі 9 элементтен тұрады. Интерфейстің параметрлері - тіл, құралдар батырмаларының өлшемдерін және т.б. баптау Файл - Inkscape баптау - Интерфейс бұйрығымен орындалады.
27813092710
1. Бас мәзір,
2. Құралдар параметрлері,
3. Құралдар панелі,
4. Таңбалау элементтері : сызғыш, тор, бағыттауыштар,
5. Жұмыс аймағы - кенеп (холст);
6. Бұйрықтар панелі;
7. Жабысу параметрлерінің панелі;
8. Түстер үлгілері - бояу палитрасы;
9. Қалып күй жолы
Құралдар панелі:
Құжатты Файл - Құру бұйрығы арқылы орындауға болады. Құжатты Файл - Сақтау бұйрығы арқылы сақтауға болады. Үнсіз келісім бойынша құжат Inkscape SVG пішімінде сақталады.
Түсті баптау үшін Құйма бояу мен жиектеу сұхбаты да қолданылады. Ол Нысан - Құйма бояу мен жиектеу бұйрығымен ашылады.
Олай болса оқушылар, 112-113 беттердегі тәжірибелік жұмысты орындайық.
215903016253012440215900Практикалық жұмыс. Бағдарламаның фигураларын пайдаланып, келесі суретті салыңдар.
4. Бекіту сұрақтары. Сонымен, балалар, бүгін біз Inkscape бағдарламасының терезесімен таныстық.
1. Inkscape қандай редактор?
2. Inkscape құжаттарын қандай пішімдерде сақтау керек?
3. Қалай сақтау және Көшірмесін сақтау бұйрықтарының қандай айырмашылықтары бар?
5. Бағалау. Үйге тапсырма. §21. Inkscape векторлық графикасының редакторы тақырыбын оқу, мазмұндау.