К?лкі к??іл ажары тренинг
«Бекітемін»
Мектеп директоры
_______К К КарбузовТақырыбы : Күлкі көңіл ажары.
Мақсаты: 1.Балалардың өз көңіл-күйін сезінуге, айналасындағы
жақындарына көтеріңкі көңіл сыйлауға,эмоциялық
жағдайды жақсартатын жаттығуларды жасай білуге үйрету.
2.Өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке
тәрбиелеу.
3.Адам өмірінде күлкінің рөлі,маңызы туралы түсінік беру.
Өтілетін орны: Биология кабинеті.
Өтілетін уақыты: 17.01.2017 ж.
Өтілу барысы:
Балалар ең алдымен амандасудан бастап алайық. Бір-бірімізбен жымыйып амандасамыз, қолымызбен, саусақ ұштарымен, иығымызбен, мұрнымызбен, аяғымызбен амандасамыз. Жақсы балалар, бүгінгі «Күлкі көңіл ажары » атты тренингімізге қош келдіңіздер.
Енді балалар көңіл-күй туралы ертегі тыңдайықшы. «Ертеде бір қалашықта күлкі мен ашу өмір сүріпті. Күлкі өте көңілді сүйкімді, қайырымды болыпты. Барлық адамдар оны өз үйінде көргендеріне қуанады екен. Оны бәрі қонаққа шақырып, достасуға тырысады екен. Күлкі қай жерде болса, сол жерде күн нұрын шашып, құстар ән салып, төңіректің бәрі көріктенеді екен. Ал ашу болса - қабағы шытылып еш нәрсеге көңілі толмайды екен. Ол болған жерде бәрі жоғалып кетеді екен. Ешкім көңіл көтеріп күлмейтін болыпты ». Балалар күлкі болған жерде қуаныш болады .Адам күлген кезде көңіл-күйің ұзақ уақыт көтеріңкі болып, адам денсаулығына пайдасы зор . Ал ашу болған жерде еш нәрсеге жол болмайды екен, сондықтан әрдайым күліп,көңіл көтеріп жүрейік.
Күлкі жаттығуын жасайықшы. Бір бірімізге қарап әдемі жымыйып, көңіл күйімізді көтеріп отырайық.
Ойын. «Актерлер». Балалар шеңбер құрып отырайық, актерлер рөлін ойнаймыз.Ортаға шығып кімді бейнелеу керектігін ұсынамын.
І. –Күзгі бұлт . (ашуланамыз)
Ренжіген адам, мұздаған адам, бір затын жоғалтқан адам,
ІІ.Күнге қараған мысық. (күлімдеңдер)
-Күн.
-Айлакер түлкі
-Қуанышты бала,бес алған бала.телефон сатып алған бала.
ІІІ. – Балмұздағы жерге түскен бала.(ашуланады)
Екі алған бала.
Ақшасын жоғалтып алған бала.
Төбелесіп қалған бала.
ІV. Жұмыстан шаршап келген ана. (шаршау)
-Ауыр жүк көтерген адам.
- Үлкен шырпы тасыған құмырсқа.
- Қолында сөмкесі ауыр, жұмыстан шаршап келген ана. Біз анамыздың көңілін табу үшін—алдымен күліп, оны құшақтап және оның да көңілді болуын сұраймыз.
«Әншілер » ойынын ойнайық балалар қағазға жазылған әндерді оқып жұптарын табамыз. Әр жұп әнді тыңдап жұптарын тауып, сол әнді топ тобымен айтып шығады.
«Балалардың күлкісі » бейнеролик көрсету.
Оқушылар көңіл күйін зерттеу. Әр оқушыға ақ парақ, түрлі түсті қарандаштар, краскалар беріп сурет салғызу.Салған суреттерге талдау жасау.
Күлкі туралы мәлімет беру.
Балалар күлкі бұл өз көңіл-күйіңе, жақын адамдарың мен достарыңның жүрегінен жол табатын қасиетті кілт Күлкі - өмірдің кілті Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат - деп Абай атамыз айтқан. Күлкі - өмірдің кілті. Гелатология (күлкіні зерттейтін ғылым) күлкі адам өміріне айтарлықтай ықпал етеді дейді. Ал Дарвин күлкі жүйке жүйесін емдей алады деген пікір айтқан. Күлкісіне қарап, адамның мінезін, ішкі жан-дүниесін шамалауға болады екен...
Айғайлап күлу. Мұндай адамдар көбіне ашық мінезді, дені сау, көпшіл болып келеді.
Дыбыс шығармай, ақырын күлу. Мұндай адамдардың мінезі тұйық болады. Адамдармен жақсы қарым-қатынас жасай алатын мінезі жұмсақ, көнбіс адамдар да осылай күледі.
Қысқа күлу. Күштің, ақылдың, құпиялықтың белгісі. Мұндай адамдар үлкен қиындықтарды оңай жеңе алады.
Үзіп-үзіп күлу. Көбіне жүйке жүйесі сыр берген күйгелек адамдар осылай күледі.
Дөрекілікпен күлу. Мұндай адамдар жабайы, билікке ұмтылғыш, эгоист болып келеді. Күлгенде қандай қимыл жасайсыз?
Күлгенде басыңызды артқа шалқайтсаңыз, аңқау, сенгіш адам болғаныңыз. Қиялға берілгіш, арманшыл жандар күлгенде қолын бет-жүзінің кез келген жеріне апарады екен.
Ал қолыңызды иегіңіздің астына апарсаңыз, бойыңызда әлі балалықтың ұшқыны бар адамсыз.
Аузыңызды жауып күлсеңіз, өз-өзіңізге сенімсіз, жұмбақ, жалғыздықты сүйетін адам болғаныңы.
Егер күлердің алдында, басыңызды әнтек еңкейтсеңіз, адамдарды ренжітіп алудан қорқатын, кез келген ортаға тез бейімделетін адамсыз.
Күлгенде, мұрныңызды тыржитасыз ба? Ендеше, бәрінің сіздің қалауыңыздай болғанын ұнататын өзімшіл, кірпияз адамсыз деген сөз. Ал қабағыңызды қозғалтып күлсеңіз, өз-өзіңізге сенімді, зерек жансыз. Көзді сығырайтып күлу жұмысбасты, жинақы, сенімді адамға тән күлкі.
Күлкі туралы қызықты дерек Бүгінде адамдар жүз жыл бұрынғыға қарағанда, аз күледі. Бөбек үлкен адамға қарағанда, 20 есе көп күледі. Әйелдер ерлерге қарағанда көп күледі. Күліп, көңілді жүретін адамдар жүрек ауруына аз шалдығады. Америкадағы Калифорния клиникаларының бірінде дәрігерлер мен ғалымдар науқастарға "Күлкімен адамды емдеуге бола ма?" деген сұрақ төңірегінде зерттеу жүргізді. Науқастарға таңертең дәрілермен қоса, анекдоттары бар жаңа газеттер әкеліп берді. Зерттеу нәтижесінде, науқастардың жағдайы анағұрлым жақсарған. Демек, күлкі денсаулықтың жақсаруына әсер ете алады. Күлкінің төресі - кез келген күйзелісті, жүйкедегі жүкті жеңіп шығатын шынайы күлкі. "Күл! Күлсең, әлем сенімен бірге күлетін болады. Ал жыласаң, сенімен бірге ешкім де жыламайды" депті Элла Уилер Уилкокс. Үнемі жылы жымиып, көңілді жүруге тырысайық... .
Ақ тісті жарқыратып күлуді үйренейік
Жағымсыз әдеттерден жиренейік
Ешкімнен,еш нәрседен қорықпай
Мейірман әрқашан біз күлейік
Отбасы мен мектепті біз сүйеміз
Үлкендердің сөзін ойға түйеміз
Денсаулықты әрқашан сақтаймыз
Ойнап, күліп жақсы өмір сүреміз- дей келе бүгінгі «Күлкі көңіл ажары » атты тренингке қатысқандарыңызға рахмет айтамын.
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы
Таутүрген ауылы
Күлкі көңіл ажары
Педагог-психолог: Исағожаева А.М
2016-2017 оқу жылы