А?Д Сапты? ж?не жоры?ты? адыммен ?оз?алыс.?оз?алыс кезіндегі б?рылулар 10 сынып
Тақырып: Сабырлық пен ұстамдылық
Құндылық: Дұрыс іс әрекет
Қасиеттер: мейірімділік, төзімділік, ізгілік
Сабақ мақсаты: Окушыларға сабырлық пен ұстамдылықты ұғындыру арқылы дұрыс іс әрекет құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға мейірімділік, төзімділік, ізгілік қасиеттері туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушылардың мейірімділік,төзімділік, ізгілік қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды мейірімділікке, төзімділікке, ізгіліке тәрбиелеу.
Ресурстар:(құралдар,мәлiметтер, нақыл сөздер,бейне фильм, плакат)
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу
5 «Т»еске түсіріп, тәртіпке шақырып, сабаққа қажетті құрал-жабдықтарын түгендеу.
Тыныштық сәті: Баяу әуен қойылады «Нұрға бөлену».
-Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
- Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
- Жаймен көздеріңді ашуға болады.
- Рахмет!
Үй тапсырмасын тексеру (мәтінмен жұмыс).
Үй тапсырмасына 77 бетегі №22 тақырыптағы аңыз әнгімелер берілген «Жан жарасы жазылмайды», «Сабыр түбі сары алтын»
Мәтін бойынша пікір алмасу сұрақтары:
1. Әкесі баласын ұстамдылыққа қалай үйретті?
2. «Ашуды ақылға жеңгізе біл»деген сөзді қалай түсінесіңдер?
3. Екі патша неліктен келіспей қалды?
4. «Сабыр түбі сары алтын» дегенді қалай түсінесіңдер?
Сабақ барысын талдау:
Балалардың жауаптарына сүйене отырып қорытындылаймын
Дәйексөз.
Сабырлы жетер мұратқа (халық мақалы)
Дәйек сөзді әуелі ұл балалар ,сосын қыз балалар қайталап айтады. Сосын барлығы хормен айтады.
Сабырлы дегенді қалай түсінесіңдер? Дәптерге жазып алады.
Сабырлық пен ұстамдылық - адам бойындағы жағымды қасиет. Басқаның сөзін байыппен тыңдайтын,өз ашуын тежей білетін,әр ісін ақылмен шешетін адам.
Балалардың жауаптарына сүйене отырып қорытындылаймын
Әңгімелеу.
Сабырлылық дәні
Аңыз әңгіме
Ертеде арабтық шөл даласында жағдайы ауыр бір отбасы өмір сүріпті.Олар отырықшылдыққа қарағанда, дала кезіп айдалада тұрғанды ұнатады екен.Бұл отбасы өзінің күн көрісне шүкіршілік, өмірдің қиындығына сабырлық етіп ғұмыр сүріпті. Сол жылы осы өлкеде қатты қуаңшылық болып,шіліңгір ыстыққа жан баласы шыдамапты. Үйдегі бала-шағаның іштеріне ыстық түсіп,ауырып науқасқа ұшырайды.Азық та, су да таусылады.Соңында бір-екі бидайдың дәні мен тек бір адамның шөлін басатын су қалыпты.
Сонда да ерлі-зайыптылар қиыншылыққа төзімділік,шыдамдылық, сабырлық танытып үміттерін үзбепті. Бір күні алыстан бір қара көрініп, арып-шаршаған біреу келеді.Келуші шөлде адасқан,бір мүсәпір екен. Үйге жете бере «Су, су!»- деп құлап түседі. Өздері қиын жағдайға душар болған ерлі - зайыптылар «Бір адамды тірілткен, бүкіл адамзатты тірілткенмен пара - пар» деп, қалған бір жұтым суын жаңағы мүсәпірге ішкізеді. Мүсәпір есін жиып, әлденген соң өз жөніне кетеді.
Ал, аштық пен кенесесі кепкен, шөлдеп өлуге шақ тұрған үй иесі тыстан ат тұяғының дүбірін естиді. Үйге судай құаруланған бірнеше адам кіріп келеді. Киімдеріне қарағанда патшаның нөкерлері сияқты. Олар «Бұл маңда Ахмет деген кісінің үйі бар ма екен?» деп сұрайды. Отағасы «Ахмет менмін. Бұл жерде бізден өзге ешкім жоқ», дейді.
Нөкерлер «Біз осы аймақтың билеушісі ханның адамдарымыз. Хан сізге есік алдында тұрған сыйлықты жеткізуді бұйырды», дейді.
Аң - таң болған үй иесі тысқа шықса есік алдында жүк тиелген 10 түйе, 5 жылқы байлаулы тұрған екен.
Таң - тамаша болған отағасы «Бұны ол не үшін тарту етті?», деп сұрайды.
Нөкерлер «Біздің патша тұтқыннан қашып келе жатқанда су беріп, өлім аузынан алып қалғаныңыз үшін тарту етті», деп жауап беріпті.
Талқылануға берілген сұрақтар:
Мәтіндегі отбасының жағдайы туралы не айтуға болады?
Басына іс түскен адамға қалай көмек берді?
Шыдамдылықтың арқасында қандай сый - сияпатқа ие болды?
Хан бұл отбасының қандай қасиетіне тәнті болып, ризашылығын айтты деп ойлайсыздар?
Осы әңгімеден қандай ой түйдіңіздер?
Балалардың жауаптарына сүйене отырып қорытындылаймын
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Оқушыларға «Тәубеңе кел» видио ролик көрсетіледі.
Оқушылар екі топқа бөлінеді.
1-топқа Сбырлық дегеніміз........ ..................
2-топқа Ұстамдылық дегеніміз.........................
1-топқа Ұстамдылық маған не үйретті
2-топқа Сабырлық маған не үйретті
Тақырыбында постер қорғау
Оқушылар өз ойларын жеткізеді.
6.Топпен ән айту
Сабырлыққа жетелеу.
Сабырлық жолын меңгерген
Жаны жайсаң жандардай
Іздену керек кез-келген
Игілік жолын тайсалмай
Сабыр түбі сары алтын
Төзіммен бойла тереңге
Алмайық оны жоғалтып
Табылад ол сенен, менен де.
Мінездің асыл төресі
Қөмкерілген көркеммен
Ізгіліктің кемесі
Сабырлықпен өлшенген.
Үй тапсырмасы.
1. Корей ертегісі «Адал бала» -атты ертегіні оқып келу.Тақырып№23 : 81 бет.
Дәптермен жұмыс №3 тапсырма ,ол 52 бет Мына криптограмманы дұрыс шешсең, «Сабыр» туралы мақалды оқуға болады.
Соңғы тыныштық сәті.
Баяу әуен қойылады.
Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан алған жақсы ойларды бойларыңызға сіңіріп жүрегімізге түйіп алайық. Жайлап, көзеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!!!!