: Жылулы? ?оз?алыс. Броунды? ?оз?алыс. Диффузия.8 сынып


Физика 8-сынып
Сабақ тақырыбы: §1. Жылулық қозғалыс. Броундық қозғалыс. Диффузия.
Сабақ мақсаты:
Оқушыларға жылулық қозғалыс, броундық қозғалыс, диффузия туралы түсінік беру.
Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, ой-өрісін дамыту. Ғылыми ой қозғауға жетелеу.
Жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ.
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Жаңа сабақ.
Молекулалардың ретсіз қозғалысын жылулық қозғалыс деп атаймыз.
Диффузия – бір заттың молекулаларының екінші заттың молекулаларалық кеңістігіне еніп кетуі.
Диффузия сұйықтарда, газдарда, сұйықтарда және қатты денелерде жүреді.

 
Диффузия құбылысынан мынадай қорытынды туады: денелерді құрайтын бөлшектер бір-бірінен белгілі бір қашықтықта орналасады және үздіксіз қозғалыста болады. Сөйтіп, дене  көлемінің үлкен бөлігін бос кеңістік алып  тұрады.
Броундық қозғалыс – сұйықта немесе газда қалқып жүрген қандай да бір қатты заттың өте ұсақ бөлшектерінің сұйық немесе газ молекулаларының соққыларының әрекетінен бейберекет қозғалуы.
  
ІІІ. Эксперименттік тапсырма. Сұйықтағы броундық қозғалысты бақылау.
Микроскопты жұмысқа дайындаңдар.
Шыныны үстелшеге орналастырыңдар.
Шыныға су тамызыңдар.
Осы су тамшысына аз мөлшерде графит ұнтағын себіңдер. Шыныдағы араласқан қоспаның бетін арнаулы әйнекпен жабыңдар.
Микроскоп тубусын дайындалған шыныға бұрып, жүріп жатқан процестің анық кескінін алыңдар.
Броундық қозғалысты бақылау нәтижесі бойынша қалықтаған графит бөлшегінің әрбір 30 секундтағы қозғалысының орнын белгілей отырып, сызба нұсқасын салыңдар.
Графит бөлшектерімен не болатынын сипаттап айтып беріңдер.
_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
 IV. Пысықтау.
Броундық қозғалыс дегеніміз не?
Броундық қозғалыстың себебі неде?
Диффузия құбылысы дегеніміз не?
Диффузия шапшаңдығына температура өзгерісі қалай әсер етеді? Маңызы мен пайдасы қандай?
VІ. Үйге тапсырма:§1
 VІ І. Бағалау