Функцияны зерттеу ж?не оны? графигін салу


07.10.2015 ж. Алгебра 10-сынып
Тақырыбы Функцияны зерттеу және оның графигін салу
Жалпы мақсат: Функцияның қасиеттері бойынша оқушылар білімін бекіту, функцияны зерттеу алгоритмін меңгерту, функцияны зерттеу және оның графигін сала білу біліктері мен дағдыларын қалыптастыру
Сілтеме: Қалыптан тыс
Оқу нәтижесі: Функцияның қасиеттері бойынша функцияны зерттеуді оқып үйренеді және оның графигін сала білуге дағдыланады.
Сабақта қолданылатын
ресурстар: Оқулық, алгебра 10-кл, интерактивті тақта, стикерлер,А3,А4 форматтар
Оқыту әдістері: Оқытудағы жаңа тәсілдер,СТО,көшбасшылық,жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту,талантты және дарынды балаларды оқыту,ОүБ және оқуды бағалау
Сабақ жүрісі: Ұйымдастыру. Оқушыларға психологиялық ахуал орнату. Оқушыларды сандар арқылы 2 топқа бөлу.

І.Қызығушылықты ояту Топтастыру стратегиясын қолдану.


Функцияның қасиеттері




Ой қозғау.
1)Функция.Функцияның анықталу облысы мен мәндерінің жиыны дегеніміз не?
2)Тақ және жұп функциялар.
3)Функцияның периодтылығы
4) Функцияның таңба тұрақтылық аралықтары
5) Функцияның өсуі және кемуі.Экстремум нүктелері
ІІ. Мағынаны ажырату Функцияны зерттеу төмендегі алгоритм бойынша жүргізіледі:
Функцияның анықталу облысын табу;
Егер функция тақ немесе жұп болса, онда ол аргументтің тек оң мәндер аралығында зерттеледі;
Егер функция периодты болса, онда ол периодтардың бірінде ғана зерттеледі;
Графиктің координаталар осьтерімен қиылысу нүктелерін табу;
Функцияның таңба тұрақтылық, өсу және кему аралықтарын,экстремумын табу, шектелгендігін анықтау;
Функцияның өзгеру сипатын анықталу облысына кірмейтін нүктелер аймағында және аргументтің модуль бойынша шексіз үлкен мәндерінде зерттеу;
Зерттеу нәтижелері бойынша график салу.
Осы алгоритмді қолданып функцияны зерттеу мен оның графигін салуға мысал келтіріледі.
ІІІ. Ой толғаныс Топтарға тапсырмалар беріледі:
№68,69,70 есептерді шығарып,бір-біріне түсіндіреді
Бағалау
Бағалау критерийлері бойынша бағаланады.
Кері байланыс
«Плюс, минус, қызықты»«Плюс» - оң әсер еткен фактілерді, алған, білімдері жайлы жазады.«Минус» - “қолымнан келмей жатыр” немесе “ түсініксіз болып тұр ” деген ойларын жазады.«Қызықты»- деген бағанға өздеріне не қызықты болды соны жазады, немесе не жайында көбірек білгісі, соны жазады.
Үйге тапсырма: Функцияны зерттеу және оның графигін салу
Ғаламтор сайттарынан қосымша материалдар алып, оқып-үйрену.
№ 66,67,68(1,2)
Рефлексивтік есеп: