Excel электронды? кестесінде функциямен ж?мыс


1.Сабақтың тақырыбы: Формулалар енгізу. Функция шебері.
2.Сағат саны: 2 сағ.
3.Сабақ түрі: түсіндірмелі аралас сабақ
4.Сабақтың мақсаты:
оқыту: MS Excel-де функция шеберімен жұмыс істеу мүмкіндіктерін үйрету.
тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке, жұмыстың мақсатына жету дағдыларын қалыптастыру.
дамыту: формулаларды қолдану және қарапайым есептерді шығаруды меңгерту.
5. Оқыту әдісі: көрме модулдік оқыту
6. Материалды-техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: плакат, кеспелер, тест тапсырмалары.
б) оқыту орны: компьютерлік класс
7.Әдебиеттер:
Негізгі (Н)
Информатика Қ.Ж.Құдабаев Алматы 2012
8.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру
MS Excel бағдарламасында жұмыс парағы қандай ұяшықтардан тұрады?
Активті ұяшық дегеніміз не?
Диапазон ұяшығы дегеніміз не?
4. Ұяшықтар мен блоктардың адрестерін абсолютті, салыстырмалы және аралас түрде қалай жазылады?
5. MS Excel бағдарламасында жұмыс парағы қандай мәліметтер енгізуге болады?
10.Жаңа сабақты түсіндіру
Функциялармен жұмыс істеу. HYPERLINK "javascript:AppendPopup(this,'xldefFormula_1_1')" Өрнектер (формула: Бәрі бірлесіп жаңа мәнді беретін ұяшықтағы мәндер, ұяшыққа сілтемелер, атаулар, функциялар немесе операторлар қатары. Формула әрқашан теңдік белгісімен (=) басталады.) жұмыс парағында мәндерді есептейтін теңдеулер болып табылады. Өрнек әрқашанда теңдік белгісімен басталады (=).
Қарапайым өрнекті HYPERLINK "javascript:AppendPopup(this,'IDH_qudefConstant_2_2')" тұрақты мәндер (тұрақты мән: Есептелмейтін мән. Мысалы, 210 саны мен "Тоқсандық кіріс" мәтіні тұрақты мәндер болып табылады. Өрнек нәтижесі ретінде алынған өрнек немесе мән тұрақты мән болып табылмайды.) мен есептеу HYPERLINK "javascript:AppendPopup(this,'qudefOperator_3_3')" амалдағыштарын (оператор: Өрнек ішіндегі орындалатын есептеу түрін анықтайтын белгі немесе символ. Математикалық, салыстыру, логикалық және сілтеме операторлары болады). пайдалану арқылы жасай аласыз. Мысалы, =5+2*3 өрнегі екі санды көбейтіп, одан кейін нәтижеге санды қосады. Microsoft Office Excel бағдарламасы математикалық амалдағыштардың стандартты ретін орындайды. Алдыңғы мысалда көбейту амалдағышы (2*3) бірінші орындалады, одан кейін 5 саны нәтижеге қосылады.
HYPERLINK "javascript:AppendPopup(this,'IDH_xldefFunction_4_4')" Функция -  мәндерді алатын, амалды орындайтын немесе беретін алдын ала жазылған формула. Жұмыс парағындағы формулаларды, әсіресе ұзын немесе күрделі есептеулерді орындайтын формулаларды оңайлату және қысқарту үшін функциялар пайдаланылады. Мысалы, =SUM(A1:A2) және SUM(A1,A2) өрнектерінің екеуі де A1 мен A2 ұяшықтарындағы мәндерді қосу үшін SUM функциясын пайдаланады.
Жасайтын өрнектің түріне байланысты өрнек төмендегі бөліктердің кез келгенін немесе барлығын қамти алады.

1 - Функциялар PI() сияқты функция (=) теңдік белгісімен басталады және оның жақшалары ішіне функцияның сипаттаушы шамалар енгізіледі.
 - Ұяшық сілтемелері. Өрнекте ұяшық сілтемелерін қамти отырып жұмыс парағы ұяшықтарындағы деректерге сілтеме жасауға болады. Мысалы, A2 ұяшық сілтемесі сол ұяшықтың мәнін береді немесе есептеудегі мәнді пайдаланады.
 - Тұрақты мәндер. Тікелей өрнекке сандар «2» немесе мәтіндік мәндер сияқты тұрақты мәндерді енгізуге болады.
 - Амалдағыштар дегеніміз өрнектің орындауын қалайтын есептеу түрін анықтау үшін пайдаланылатын таңбалар болып табылады. Мысалы, ^ (кірістіру) амалдағышы санды еселейді, ал * (жұлдызша) амалдағышы сандарды көбейтеді.
Қалаған есептеу нәтижесіне қол жеткізу үшін бір функцияны, ішкі функцияларды немесе бір немесе бірнеше нәтижелерді есептейтін HYPERLINK "javascript:AppendPopup(this,'xldefArray_6_6')" жиындарды (жиынтық, бірнеше нәтижелер беретін, жолдар мен бағандарда орналасқан аргументтер тобы бойынша амалдар орындайтын жеке формулаларды) құрастыруда пайдаланылады. Жиынтықтың тұрақты мәні бұл аргумент ретінде пайдаланылатын тұрақты мәндер тобы.
Өрнек мысалы Бұл не істейді=5+2 5 және 2 сандарын қосады=5-2 5 санынан 2 санын алады=5/2 5 санын 2 санына бөледі=5*2 2 санын 5 санына көбейтеді=5^2 5 санын 2-қуатқа көтередіӨрнектегі қажетті мәнді қамтитын ұяшықты басу керек, пайдалануға келетін амалды теру керек, одан кейін нәтижені шығару үшін формула жазу керек.
Өрнек мысалы Бұл не істейді=A1+A2 A1 мен A2 ұяшықтарындағы мәндерді қосады=A1-A2 A2 ұяшығындағы мәнді A1 ұяшығындағы мәннен алады=A1/A2 A1ұяшығындағы мәнді A2 ұяшығындағы мәнге бөледі=A1*A2 A1 ұяшығындағы мәнді A2 ұяшығындағы мәнге көбейтеді=A1^A2 A1 ұяшығындағы мәнді A2 ұяшығында көрсетілген экспоненциалды мәнге көтереді
 Есептеуді нәтижеге қол жеткізу үшін кез-келген тұрақты мәндер мен амалдарды енгізуге болады.
Ұяшық сілтемелері мен атауларды қолдана отырып, өрнек жасау.
Мысал ретінде берілген өрнектер құрамында HYPERLINK "javascript:AppendPopup(this,'xldefRelativeReference_7_7')" қатысты сілтемелер (салыстырмалы сілтеме, формулада формула көрсетілген ұяшықтың және сілтеме берілген ұяшықтың салыстырмалы орнына негізделген ұяшықтың мекен-жайы) туралы формуланы енгізсек сілтеме автоматты түрде реттеледі. Салыстырмалы сілтеме сәйкес (А1, С1, С2 ...) формасына ие болады. Ұяшықтардың атаулары (аты, ұяшықтар ауқымы, формуланы немесе тұрақты мәнді) сол ұяшыққа енгізілген сөз немесе таңбалар жолынан тұрады. Өрнек формула жолы арқылы есептеледі. Excel терезесінің жоғарғы жағында орналасқан жол, ол ұяшықтардағы, диаграммалардағы мәндерді немесе формулаларды енгізу, өзгерту үшін пайдаланылады. Ол белсенді ұяшықта сақталған тұрақты мәнді немесе формуланы көрсетеді. Содан кейін = (теңдік белгісі) енгізіледі.
Сілтеме жасау үшін, ұяшықты, ұяшықтар ауқымын, басқа жұмыс парағындағы жұмыс күйі жартылай таңдау деп аталады. Ерекшленген элементті жылжыту үшін, ұяшық жиегін, оны кеңейту үшін, жиектің бұрышын сүйреп апару керек.

 Бірінші ұяшық сілтемесі B3, түсі көк, ал ұяшық ауқымының жиегі тікбұрышты көк болады.
 Екінші ұяшық сілтемесі C3, түсі жасыл, ал ұяшық ауқымының жиегі тікбұрышты жасыл болады.
Өрнекті функциядан бастау үшін, өрнек жолындағы Функцияны кірістіру батырмасын юасу арқылы орындалады.
Функцияны пайдаланып амалдарды орындау үшін функция жолынан керекті іс- әрекетті (мысалы, "сандарды қосу" SUM функциясы алынады) таңбалап алып басу керек.
 Нәтижені экранға шығару үшін HYPERLINK "javascript:AppendPopup(this,'IDH_xldefArrayFormula_10_10')" , жиынтық формулалар { } жақшаға алынады немесе CTRL+SHIFT+ENTER пернелерін басу арқылы енгізіледі. Мысалы, төмендегі өрнек баға қорлары мен акциялар жиымының жалпы мәндерін әр қордың қорытынды мәндерін есептеу, көрсету үшін, ұяшықтар жолын пайдаланбай есептейді.

Бір нәтиже беретін жиым өрнегі {=SUM(B2:C2*B3:C3)} өрнегін жиым өрнегі ретінде енгізгенде, Excel әрбір қорға арналған акциялар санын бағаға көбейтіп (500*10 және 300*15), шыққан нәтижелерді бір-біріне қосады да, 9 500-ге тең жалпы мәнді береді.
CTRL+SHIFT+ENTER пернелерін басу арқылы енгізіледі.
11.Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы 31 мин (35%)
Тапсырма-1. Метеостанция мәліметтерін зерттеу. Кестені дайындау:
А В С D E F
1 Жауын шашын мөлшері ( мм).
2 3 2008 2009 2010 2011 4 Қаңтар 37,2 34,5 8 142,2 5 Ақпан 11,4 51,3 1,2 45,3 6 Наурыз 16,5 20,5 3,8 65,3 7 Сәуір 19,5 26,9 11,9 78,2 8 Мамыр 11,7 45,5 66,3 25,6 9 Маусым 129,1 17,5 60 8,888 10 Шілде 57,1 152,9 50,6 5,6 11 Тамыз 43,8 96,6 145,2 8 12 Қыркүйек 85,7 74,8 79,9 7,6 13 Қазан 86 14,5 74,9 99,9 14 Қараша 12,5 21 56,6 65,1 15 Желтоқсан 21,2 22,3 9,4 1,1 16 4 жыл бойы
17 Суммасы 18 Максимум 19 Минимум 20 Орташа Айы 21 Орташа күйден қалыпты күйге ауытқуы 17, 18, 19, 20 қатарға берілгендердің нәтижесін шығарыңыз
Тапсырма 1. SINKAZ электрондық оқулықтағы №9 модульдің тест тапсырмаларына жауап беру.
12.Жаңа тақырыпты бекіту
1. Ұяшыққа формулалар қалай енгізіледі?
2. Формула қандай символдан басталуы керек?
3. Ұяшыққа бұрын енгізілген формуланы түзетуге бола ма?
4. Функция дегеніміз не?
5. Функциялардың қандай түрлерін білесіз?
13.Сабақты қорытындылау
Оқушылардың білім деңгейін бағалау.
Келесі сабақтың тақырыбын хабарлау
14.Үйге тапсырма беру
Фориулаларды енгізу. Функция шебері