Жан?я ба?ыты — бала атты Ата-аналар арасында ?ткізілген сайс
Мақсаты: Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқорлық жасауға, ілтипатты болуға тәрбиелеу.
Ата-аналардың мектеппен тұрақты қарым –қатынасын қалыптастыру.
Көрнекілігі: плакаттар, суреттер, ұлағатты сөздер.
Әдісі: сайыс түрінде.
Жүргізуші:
Қайырлы күн,құрметті ұстаздар ата-аналар!
«Жанұя бақатты – бала» атты отбасылар сайысына қош келдіңіздер!
Тәрбие туралы сөз қозғағанда біз алдымен отбасын ауызға алуымыз керек.
«Отан отбасынан басталады» дегендей отбасы- бала тәрбиесінің алғашқы баспалдағы.
Бұрын қазақ баласы негізі тәрбиені отбасынан алса,қазір ол қоғамдық тәрбиемен ұштасып отыр.
Күнделікті өмірде ата-ана балаларымен әр-түрлі қарым-қатынаста болады. Бірақ оның ең бастысы-шексіз сүйіспеншілік. Ал үлкендер мен баланың арасында сүйіспеншілік болмаған жағдайда балаға ата-ана ықпалы кеміп,соңғылардың тәрбие құралы жазамен ұласады.
Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар.
«Бала қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болуы керек» деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқтаған. Әр отбасында ата-ананың орны бөлек. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке отбасының асыраушысы,қамқоршысы,тірегі. Ана-отбасының ұйытқысы, жылуы, шуағы. Жақсы ана отбасына береке әкеліп, жанұясын бақытқа бөлейді.
Ата-анаға баладан жақсы ешкім жоқ. «Бала-адамның бауыр еті» деген нақыл сөз бар. Сондықтан қай ата-ана болмасын әдепті болуын қалайды. Бала өмірдің жалғасы, көз қуанышы, шаңырақ иесі деп ұрпақ тәрбиешісіне көп көңіл бөлген. Қай халық болса да үмітін ең алдымен ұрпағынан күтеді. Жанған отын сөндірмей, түтінін түтетіп, артынан ұрпақ қалдыруды көздеген. «Жанұя бақыты-бала» атты отбасылар сайысына қатысушыларға сәт сапар тілейік.
Отбасыоар сайысына қатысатын отбасылар үстелге жайғасады.
Қатысушы отбасылармен таныстыру.
І. Алдымен қазылар алқасымен таныстыру.
ІІ. Отбасылар өз номерлерін алады.
ІІІ. Сайыстың шартымен таныстыру.
Сәлем сөздің анасы. (Сәлемдесу. Отбасылар өздерін таныстыру)
Өнерім өшпес –қазынам. (Өз өнерлерін көрсету)
Өзіңді қалай ұстар едің? (Ситуациялық сұрақтарға жауап беру)
Ойын ойға жетелейді. (Ойын сайысы)
Балаңыздың сүйген асы.
1.Жұрт көңіліне жетсін әрбір сөздерің.
Көпшіліктің жеткізіңдер көздерін.
Дәстүрімен бүгінгі үлкен сайыстың,
Сайыскерлер таныстырсын өздерін.
Отбасылар өздерін таныстырады.
2. Ер бала еңбекке ерте бейімделеді. Сөйтіп ауылдың ересек балаларымен, ағалары, әкелерімен бірге шаруашылыққа қарауға, әңгіме тыңдап, өлең айтып, ән салуға , жүк тартуға, айтысуға, жұмбақ, жаңылтпаш айтуға үйренген. Демек қазақ халқының жігіті «Сегіз қырлы, бір сырлы» болсын деп тегін айтылмаған.
3. Біздің отбасылардың қандай өнерлері бар?
Қане кімнің өнері бар қаншалықты
Би билеп, ал біреуі ән салыпты.
Бүгінгі мынау сайыста бәйге алуға
Сайыскерлер өнерімен жан салысты.
Келесі кезекті
Отбасы мүшелерінің өнеріне берейік.
Ата-бабаларымыз қыз бала тәрбиесіне де ерекше көңіл бөлген.
Қыздың басына сең қара орамал тартпаған. «Қара қайғының ақ жаулықтың белгісі».
Ер адамның үстінен аттамайды. Қыз баланың болашақ ана, қазан-ошақ иесі екенін ескере отырыпқатаң тәртіппен ұстаған.
Бала тәрбиелеу барысында ата-ананың алдында шешуі қиын , қилы –қилы проблемалар туып жатады. Кей кездері әке мен шеше себебін білмей дал болатын кездері де болады. Осындай кездері біздің ата-аналар тығырықтан қалай жол таппақ?
Ата-аналар ситуациялық сұрақтарға жауап береді.
Сіз балаңызға дүкенге барып келуін өтінесіз. Ол ән тыңдап отырмын деп барудан бас тартады. Не істер едіңіз?
Ура, анашым мен «бес» алдым! Мұғалім бізге не айтқанын білесің бе? Деп бірінші сыныптың оқушысы өзінің алғашқы жетістіктері жайында қуанышты қойнына сыймай анасына айтып жатыр. Жылдар өте береді.
Біз мұндай сөздерді барған сайын сирек естиміз. Сыныптан сыныпқа көшкен сайын үлгерімнің кеми беретіні неліктен деп ойлайсыз?
Балаңыз жақсы оқиды. Тәртібі де жақсы. Бірде сынып жетекшісі үйге телефон соқты. Бүгін балаңыз сабаққа келмеді. Бұдан бұрын да бірнеше рет келмей қалған деді. Сіздің оны мектепке жібермей қалған күніңіз болған жоқ. Енді не істейсіз?
Балаңыз жақсы оқиды. Тәртіпті, сыпайы болып өсіп келеді. Жаңа ұй сатып алуыңызға байланысты оны басқа мектепке ауыстырдыңыз. Сабаққа белсенділігі төмендеген сияқты. Бұрынғыдай емес, ашуланшақ. Бірнеше рет себебін сұрағаныңызбен еш нәрсе айта қоймады. Енді не істейсіз?
Қызы мектептен келіп анасына «Сізге маңызды бір нәрсе айтқым келеді» десе анасы «сенсіз де басым ауырып тұр, мазамды алма» депті. Сіз не дер едіңіз?
Қасиеттің бәрі керек адамға .
Сырлары көп мынау әсем даламда
Әрі тапқыр, әрі жылдам отбасы
Қане шықсын таңғажайып алаңға.
Кім жылдам ойыны.
Әр отбасы плакатқа қазақтың күйлерінің тізімін жазуы керек.
Әр отбасыға жеке (10) сөздер тарату. Отбасылар жасырылған сөздерді қарсы отбасына жанамалап түсіндіру. Келесі отбасы ол сөзді нақты табуы керек.
4. Ұлтымыз бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп «Бала тәрбиесі бесіктен» деген қағиданы ұстанған. Сондықтан жалпы бала тәрбиесіндегі ырым-тыйым сөздер халқымызға жиі қолданылып отырған. Ал, осы ырым-тыйым сөздердің тәрбиесін бірнеше бөлікке бөлуге болады.
1. Бесікті аяқпен тербетпейді.
2. Нәрестенің бетіне айдың сәулесін түсіруге болмайды.
3. Баланың желкесінен сүймейді, кесір болады.
4. Баланың табанын сүймейді, жалқау болады.
5. Бесікті аттама.
6. Баланың алғашқы аңшылығындағы олжасын «Аңшылықта олжасы болмайды» деп басқаға байлатпайды.
Осы айтылған ырымдардың барлығы атам заманнан келе жатқан бала тәрбиесіндегі тиімді, өте маңызды қағидалардың бір бөлігі болып келеді. Халқымыз баланың жеген асына қарап, сыртқы бейнесіне мін айтып, сын айтып отырған осындай жағдайлардан қорыта отырыпана – аналары олақтықғ, салақтық, жалқаулық, кесір, имансыздық, өсекшілдік сияқты теріс қылықтардан аулақ болып жүруі үшін, осындай тыйымдар айтқан.
Келесі сайысымыз балаңыздың сүйген асы.
Кім келеді сайыста үнсіз алда
Қобалжу бар жүректе күдік те бар
Жүйріктерпдің өнерін сынар шақта,
Әділқазы алқасы атын атар.
Әділқазылар алқасы сайыскерлерді мақтау қағазы, сыйлықтармен марапаттайды.
8191560960