Ж?ректен ж?рекке ?зін-?зі тану онк?ндігіні? ашылуы


Милы орта мектебі
«Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы»
онкүндігі
Тақырыбы: «Жүректен жүрекке»
(тренинг)
Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі: Кенжебаева Ш.Т
02.02.2017ж
«Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің ашылуы
1-күн. 02.02.2017ж
Тақырыбы: «Жүректен жүрекке»
Мақсаты: Оқушыларды мейірімді болуға үйрету.Айналасындағыларға қамқор бола білу қасиетін дамыту.Шыншылдыққа тәрбиелеу.
Тыныштық сәті
Балалар ыңғайланып отырып, көздерімізді жұмайық. Сендердің жүректерің — сендердің кішкене жарқыраған күндерің. Ол да күн сияқты жылытады. Сендердің күндерің сендерге жылулық береді. Өздеріңнің жақсылықтарыңмен адамдармен бөлісесіңдер. Ал, кәне жақсылық сезімдерімізді өздеріміздің әке-шешемізге, аға-әпкелерімізге, өздеріміздің достарымызға, барлық адамзатқа, келген қонақтарға,  маған және өзіміздің кішкене ғана әдемі жер шарымызға, бәріне-бәріне жіберейік, жақсылық тілейік. Ал, енді көздеріңді ашыңдар, жымиыңдар және осы сезімдеріңді, қуаныштарыңды күні бойы сақтауға тырысыңдар.
«Көз алдыңызға елестетіңіз, сіз кітапсыз» тренингі
Жаттығу барысы:
Тренингке қатысушылар әрқайсысының бір-бір кітап екенін көз алдыңызға елестетіңіз:
Бұл кітапқа қандай атау немесе тақырып сәйкес келеді?
Кітаптың мұқабасында не бейнелеген?
Бұл әдебиет қандай жанрға жатады? Комедия? Драма? Детектив? Фантастика?
Кітаптың бөлімдері көппе?
Бұл кітапта сіз жыртып тастап немесе мүлдем алып тастайтын парақтар барма?
Бұл кітапты сіз кімнің қолына бергіңіз келеді?
Пікір алмасуға арналған сұрақтар?
Бүгінгі ұсынылған кітаптар жайлы не айтар едіңіз?
Кітаптардың қайсысын сіз өзіңіздің кітап сөреңізге қояр едіңіз?
Бүгінгі ұсынылған кітаптардың барлығын не біріктіреді?
«Мен кіммін?» өзін-өзі позитивті қабылдауды дамыту жаттығуы
Сөйлемдерді ашық және ақиқат түрде аяқтау ұсынылады.(жазбаша)
Мен әдемі адаммын, себебі...
Менде керемет мынадай екі қасиет бар,олар...
Менің өз өмірімде жасаған ең бір жақсы ісімнің бірі...
Талқылау үшін сұрақтар:
Бұл сұрақтарға жауап беру қиын болдыма? Себебі?
Өзің туралы жақсы сөздер жазғанда қиындықты сезіндің бе?
Бұл жаттығу не үшін жүргізілді?
«Жүректен жүрекке»
оқушылар тақтадан өлеңді бір-бірінің қолдарынан ұстап тұрып бірге оқиды.
Өзіңді тану
Жақсы болу – өзіңнен,
Жаман болу – өзіңнен.
Өзіңді өзің ая да,
Өзіңнен үйрен, өзіңнен.
Жақсылық көрсең біреуден,
Мен қандаймын? – деп ойла.
Жамандық көрсең біреуден,
Мен қандаймын? – деп ойла.
Қорытынды: «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің ашылуына арналған «Жүректен жүрекке» тренингіне белсенділік танытып қатысқандарыңызға көп-көп рахмет. Бүгінгі ұйымдастырылған тренингтерге белсене қатысқаны үшін 3 оқушыға арнайы сертификат табыстағым келіп тұр, себебі бұл оқушылар өздерін шынайы көрсете білді.
36449060172600063309581978500-959819454974200-960120-43180000