Урок на тему:Та?балары ?р т?рлі сандарды ?осу?а есептер шы?ару


Сабақтың тақырыбы: Таңбалары әр түрлі сандарды қосуға есептер шығару
Сілтеме ОМЖ, математика 6 сынып, ғаламтор деректері.
Жалпы мақсаты
● Таңбалары әр түрлі санды қосу тақырыбы бойынша есептер шығаруға баулу.
● Таңбалар ережесін қолданып таңбалары әр түрлі санды қосуды үйрету.
● Топта бірлесіп жұмыс жасауға, өзгенің пікірімен санасуға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже
● Таңбалары әр түрлі санды қосу тақырыбы бойынша есептер шығаратын болады.
● Таңбалар ережесін қолданып таңбалары әр түрлі санды қосуды үйренеді.
● Топта бірлесіп жұмыс жасауға, өзгенің пікірімен санасуды үйренеді.
Негізгі идеялар Таңбалары әр түрлі, екі санды қосқанда модулуі үлкен қосылғыштың таңбасы қойылады.
Тапсырмалар Топтық жұмыс «Адасқан әріптер»
Тапсырмалар Жұптық жұмыс
Тапсырмалар Жеке жұмыс «Тест»
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І. Ұйымдастыру (5 минут)
1. Сыныптағы психологиялық ахуалды қалыптастыру: оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Оқушыларды топқа бөлу. (әр түрлі қорапшаларға математикалық таңбаларды салу арқылы үш топқа бөлеміз)
3. Үй тапсырмасын тексеру. (Үлгі бойынша оқушылар өздерін тексереді)
ІІ. Ой қозғау (жұмбақ жасыру, өткен тақырыптардан сұрақтар қою арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту) ( 10 минут)
Нәрселерді санағанда,
Керек ол бізге ауадай
Айтыңдаршы бұл қандай сан
Жан - жағыңа қарамай (Натурал сан)
Бүтін сан, бөлшек сан
Барлығы да бар онда
Бұл қандай сан айтыңдаршы
Оң, теріс сан бәрі сонда (Рационал сан)
Үш топқа төмендегі үш сұрақты береміз. Топтар орталай ақылдасып жауаптарын ұсынады. Жауаптарын топтар критерий арқылы бағалайды.
№ Критерийлер
1 Сұрақтың толық ашылуы.
2 Топтың бірлесіп жауап беруі.
3 Мысал арқылы түсіндірілуі
1. Теріс сандарды қосу үшін не істеу керек?
2. Таңбалары әр түрлі сандарды қосуға бола ма?
3. Рационал сандарды қалай салыстырамыз?
ІІІ. Топтық жұмыс «Адасқан әріптер» (есепті шығарып әріптерді орналастыру арқылы жаңа сабақтың тақырыбы ашылады) ( 10 минут)
Мына нүктелерді тауып координаталық түзудің бойына орналастырыңдар. Бірлік кесінді екі тор көз.
І топ.
Ң(- 6 + 6); Т (- 18 + 10); С (11, 6 + (- 5, 6)); А (- 2, 8 + 6, 8); Ы (- 3, 3 + 11, 3)
Б (4, 55 + (- 2, 55)); А (- 1, 9 + (- 4, 1))
жауабы: Таңбасы
ІІ топ.
Т (- 6 + 6); Ә (- 18 + 10); Л (11, 6 + (- 5, 6)); Р (- 2, 8 + 6, 8); І (- 3, 3 + 11, 3)
Ү (4, 55 + (- 2, 55)); Р (- 1, 9 + (- 4, 1))
жауабы: әр түрлі
ІІІ топ.
Е (- 6 + 6); Т (- 2, 8 + 6, 8); Е (11, 6 + (- 5, 6)); Р (- 3, 3 + 11, 3)
П (4, 55 + (- 2, 55)); С (- 1, 9 + (- 4, 1)) Е (- 18 + 10);
жауабы: есептер
Жаңа сабақтың тақырыбы: Таңбалары әр түрлі сандарды қосуға есептер шығару.
ІV. Жұптық жұмыс «Кім ойшыл?» (10 минут)
Жұптаса отырып оқулықтағы есептерді шығарады.
№ 476 есеп. Бос орынға (□) теңдік тура болатындай санды қойыңдар.
№ 484 есеп. Жұлдызшаларды тиісті «+» немесе «-» таңбасымен ауыстырыңдар.
V. Жеке жұмыс «Тест» (7 минут) (сумативті бағаланады)
Тест тапсырмалары І нұсқа
Есептеңдер: Жауаптары
1 - 5 +( - 3) А) - 2 В) - 8 С) 8 Д) 2 Е) - 3
2 14+(- 5) А) - 19 В) - 9 С) 9 Д) 6 Е) 1
3 - 25 + 25 А) 50 В) - 50 С) - 2 Д) 3 Е) 0
4 а + 0 А) 0 В) - а С) а Д) 1 Е) - 1
5 8, 6 + (- 15, 4) А) -- 6, 8 В) 24 С) - 24 Д) 6, 8 Е) 7, 2
6 - 30 + 58 А) - 28 В) 24 С) 88 Д) 28 Е) - 88
7 (+45) + (— 9) + (— 91) + (+5) А) 54 В) 100 С) - 99 Д) 28 Е) - 50
8 (— 21/2) + (+5/6) + (— 0, 5) + (+ 11/6) А) 2, 5 В) 1 С) - 1 Д) - 3 Е) 2
Тест тапсырмалары ІІ нұсқа
Есептеңдер: Жауаптары
1 - 9 +( - 4) А) 5 В) 13 С)- 13 Д) - 5 Е) 1
2 16+(- 7) А) 23 В) - 9 С) 9 Д) - 1 Е) - 23
3 - 15 + 15 А) 30 В) 0 С) - 30 Д) 3 Е) 15
4 0 + в А) в В) - в С) 0 Д) 2 Е) 3
5 3, 9 + (- 5, 6) А) 1, 7 В) 9, 5 С) - 1, 7 Д) - 9, 5 Е) 0, 5
6 - 20 + 36 А) 16 В) - 16 С) 56 Д) 14 Е) - 56
7 (+35) + (- 8) + (- 92) + (+15) А) - 100 В) - 50 С) 100 Д) 50 Е) 25
8 (- 3, 5) + 7+ (- 2, 5) + 10 А) - 2 В) - 1 С) 11 Д) 0 Е) 8
Бағалау критерийі:
Әр есепке 1 ұпай беріледі.
8 ұпайға - 5
6 - 7 ұпайға – 4
4 - 5 ұпайға - 3
1 - 3 ұпайға - 2 бағасы қойылады.
Кілті
1 2 3 4 5 6 7 8
1 нұсқа В С Е С А Д Е С
2 нұсқа С С В А С А В С
VI. Кері байланыс. Кері байланыс. БҮҮ (3 минут)
Білемін Білгім келеді Үйрендім
Кейінгі тапсырмалар Есеп шығару.
Кейінгі оқу Ереже жаттау.