Поурочный план на темуТеріс сандарды ?осу?а есептер шы?ару
Сабақтың тақырыбы:ТЕРІС САНДАРДЫ ҚОСУҒА ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУ
Сабактың эпиграфы: "Білімді ұрпақ-ел болашағы "
Мақсаты: 1) Оқушылардың теріс сандарды қосу дағдыларын дамыту.
2) Ауызша есептеу, ойлау қабілеттерін ,өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын дамыту.
3) Ұқыптылыққа, шапшаңдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:дәстүрлі емес
Көрнекілігі:интерактивті тақта,карточкалар,слайдтар
Сабақтың жүрісі:
1.Ұйымдастыру.Сынып оқушыларымен амандасып, оларды түгелдеу.
2. "Білімді мыңды жығады..."(өткен сабаққа шолу)
а)Теріс санның модулі неге тең?
б)Бірнеше теріс санның қосындысы теріс сан ба, әлде оң сан ба?
в)Қандай сандар нөлден үлкен?
г)Теріс сандарды қалай қосамыз?
д)Қандай сандар қарама-қарсы сандар деп аталады?
3.Үй тапсырмасын тексеру
№405
-9,5+(-100)= -109,5
-5,07+(-61,9)= -66,97
-21,61+(-45,7)= -67,31
№406
- + (- )=-
- +(- )=-
-9+(- ) =-
4. "Кім қанша біледі?" (деңгейлік тапсырмалар)
А-тобы№414. Қосуды орындаңдар:-3+(-8)+(-7)-29+(-46)+(-21)-103+(-72)+(-28)
В-тобы
№422.Жұлдызшаның орнына теңдік тура болатындай санды жазыңдар:(-15)+(-*)=-23(-3,25)+(-*)=-4(-8,4)+(-*)=-10
С-тобы
№416.Өрнектің мәнін табыңдар:(а+в)+(-15,4) а=-28,7 в=-3,8(с+d+к)+(-8,3) с=-9,65 d=-10,35 к=-2,5
5. "Ұшқыр ойдан-ұтымды жауап" (тест)
1. х-тің бүтін сан мәнін табыңдар
-4,8 < х < -3,5
А)-4 В) -3 С)-5
2. Қай теңсіздік қате?
А)-6,2<0 В) |-7| >0 С) |-8|<0
3. Теңдеуді шешіңдер: 0,6|х|=4,2
А) 7; -7 В) 0,7; -0,7 С) 7
4. Есептеңдер /-0,5 / + /1,5/ * /-2/ - /-1,5/
А)-2 В) 2 С)0,5
6. "Сөз мәніне үңілсек..." (мазмұнды есептер)
№420
Бұйымның бағасы бірінші айда 320 теңгеге, екінші айда 140 теңгеге арзандатылды. Алғашқы бұйымның бағасы а тг болса, оны екі рет арзандатқан соң бағасы неше теңге болды?
№418
Координаталық түзуде А(0) нүктесі солға қарай (теріс бағытта) бірінші ретте 2 бірлік кесіндіге, екінші ретте 4 бірлік кесіндіге жылжытылды. А нүктесінің соңғы координатасын табыңдар.
7. “Кімнің ойы ұшқыр?"(Шығармашылық жұмыс)
Сурет бойынша есеп құрастыру.
2 м
?
5,5 м
8.Сабақты қорытындылау.
Нені білеміз! Нені білгіміз келеді!
8. Үйге тапсырма беру.
Ережелерді қайталау №423,424
9.Оқушыларды бағалау