«?азіргі заман?ы программалы? ?амтамасыз етулер ж?не оны? даму ?рдісі»


Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Пәні: Информатика
Күні 17.09.2016 жыл
Сынып 9 а,б
Сабақтың тақырыбы № 3 сабақ: «Қазіргі заманғы программалық қамтамасыз етулер және оның даму үрдісі»
Жалпы мақсаты Тақырыпты Блум таксономиясы арқылы сыни тұрғыдан игере отырып, оқушылар қазір заманғы қамтамасыз ету программалырының даму үрдісімен танысады.
Түйінді идеясы Білімді болу деген – жаңалық ашуға қабілетті болу. 
Әбу Нәсір әл-ФарабиОқушылар үшін оқу нәтижелері Қазіргі заманғы программалық қамтамасыз етулер түрлерімен танысып, білімдерін бекітеді. Топпен жұмыс істеп идея бөліседі. Бір-бірін тыңдайды, кеңес береді. Шығармашылық тапсырмамен жұмыс жасайды.
Сабақта қолданылатын материалдар А4 қағаз, АКТ, стикерлер.
Оқыту әдістері Блум таксономиясы алты ойлау деңгейі. Оқушылардың өзара белсенділігін арттырып қызығушылығын ояту.
Дерек көздері Слайдтар, қосымша материалдар.
Тапсырмалар Мұғалімнің іс-әрекеті
3 мин
5мин
7 мин
15 мин
5 мин
7 мин
3 мин Ұйымдастыру. Топқа бөлу.
Тапсырма №1. «Миға шабуыл» әр түрлі сұрақтар арқылы оқушылардың білім деңгейін тексеру.
Тапсырма №2. Жаңа сабақ. Бейне жазба арқылы түсінеді.
Тапсырма №3. Топпен жұмыс тақырыпты ашу.
Тапсырма №4. Салыстырмалы талдау жасау.
Тапсырма №5. Cұрақ-жауап
Үйге тапсырма. Қызметтік программа туралы ақпарат жинақтау.
Тапсырмалар: Оқушының іс-әрекеті
Білу Ашық, жабық сұрақтар
1)Ақпараттық қауіпсіздіктің концепциясы дегенімз не?
2)Стратегия дегенімі не?
3)Құпиялылық дегеніміз не?
4)Ақпараттық қауіпсіздіктің концепциясы дегенді қалай түсінесіңдер?
5)Ақпараттық қауіпсіздіктің сақталу мақсаты неде?
6)Программалық қамтамасыз етулер дегеніміз не?
Түсіну Оқушыларға бейне жазба көрсетіледі. Оқушылар бенежазбадан көргендері, түсінгендері бойынша ойларын ортаға салады.
Қолдану Оқушыларға қосымша материалдар үлестіру.
Топпен жұмыс.
Постер қорғау 1-Топ
А-деңгейі жеке жұмыс
В-деңгейі Операциялық жүйе дегеніміз?
2-топ
А-деңгейі жеке жұмыс
В-деңгейі ОЖ түрлеріне тоқталыңдар. Олар қай жерде қала қоланылады.
3-топ
А-деңгейі жеке жұмыс
В-деңгейі ОЖ жұмыс жасау мақсаты неде?
Талдау Қазіргі заманғы программалық қамтамсыз етулердің айырмашылығын салыстыра отырып, талдау жасау. Салыстырмалы талдау жасау
Жинақтау Өткен тақырыптан білімдерін жинақтайды. 1)Прграммалық қамтамасыз ету нешеге бөліп қарастырамыз?
2)Операциялық жүйе дегенімі не?
3)Утилиттер дегеніміз не?
4)Сервистік программалар дегеніміз не?
5) ОЖ қандай түрлерін білесіздер?
6) Қызметтік программалар дегенді қалай түсінесіңдер?
Бағалау Тақырыптың өзектілігіне баға беру. Ой жинақтау. Сұраққа жауап беру арқылы. Қазіргі заманғы программалық қамтамсыз етудің ерекшілігіне, маңыздылығына баға береді. Өз ойын айтуға дағдыланады.Сұраққа жауап беру арқылы.
Кері байланыс Рефлексия Мен бүгін ....................
Маған ...........................
Мен үшін......................
Егер де мен...................
Алдағы уақытта..........
Жеке жұмыс: сөздік-диктант:
Қолданбалы программалар-......, Утилиттер-......., Сервистік программалар-........, MS DOS, CDOS, UNIX, WINDOWS-дегеніміз.......
Топтық жұмыс: №1-Операциялық жүйе дегеніміз?
№2- ОЖ түрлеріне тоқталыңдар. Олар қай жерде қала қоланылады.
№3-ОЖ жұмыс жасау мақсаты неде?
Қазіргі замандағы программалық құралдар:
Қазіргі кезде түрлі типті компьютерлерге арнап дайындалған программалар жеткілікті. Олар негізінен мынадай кластарға бөлінеді:
жүйелік программалар,
қолданбалы программалар.
            Қолданбалы программалар – белгілі бір мамандық саласында берілген нақты есептерді шығара алатын әмбебап программалар жиынтығы (мәтіндік редакторлар, электрондық кесте, программалау тілдерінің программалары т.с.с.)
            Жүйелік программалардың түрлері:
операциялық жүйелер (ОЖ)
утилиттер,
сервистік программалар.
Операциялық жүйелер туралы жалпы түсінік
Операциялық жүйе (ОЖ) ДК-дегі кез келген программалық жабдықтардың ажырамас екінші бір бөлігі болып саналады. Әрбір адамға ЭЕМ-нің барлық құрылғыларын басқару мүмкіншілігін беретін, сол себепті басқа программаларды аппаратурамен байланыс жасаудан босататын, компьютерде жұмыс істегісі келетін әрбір адамға өте қажет операциялық жүйенің алатын орны ерекше болып есептеледі. 
         
  
ОЖ-ң негізгі атқаратын қызметі:
барлық қолданбалы және жүйелік программалардың жұмысын, оларды бір-бірімен және аппараттық жаюдықтармен байланыстыра отырып, қамтамасыз ету;
әрбір адамға ЭЕМ-ді жалпы басқару мүмкіншілігін беру.
           
Сонымен, ОЖ – адам мен ЭЕМ аппараттарының арасындағы байланысты ұйымдастыратын программа немесе біріктірілген программалар тобы.
           
Утилиттер – программалау ортасында белгілі бірн қызмет атқаруға пайдаланатын қосымша программалар. Мұндай программалар берілгендер қорын басқарушы жүйелерде, түрлі программалау тілдерінде жиі кездеседі. Мәліметтерді қысатын (архивтейтін), компьютерді вирусқа тексеретін, мүмкін болса, оларды жоятын программалар да утилиттер болып табылады.
           
Сервистік программалар – адамның операциялық жүйемен жұмыс істеуін жеңілдететін программалар тобы.
           
Жүйелік программалар мен қолданбалы программалар бірігіп, компьютерді прогграммалық қамтамасыз ету не жабдықтау программалары деп аталады.
ОЖ-ң мынадай түрлері бар: MS DOS, CDOS, UNIX және де соңғы кезде кеңінен қолданыла бастаған көп терезелі операциялық жүйе – WINDOWS программасы.
Операциялық жүйе компьютерде орналасқан барлық жүйелерді және программаларды басқару үшін керек. Ол компьютер мен адам арасындағы байланысты қамтамасыз етеді.
Компьютермен жұмыс істеуде MS DOS ОЖ-ң көптеген кемшіліктері болды:
әр жолы жүйемен тек бір есепті шешу ғана мүмкін;
күрделі программалармен жұмыс істеу мүмкін емес;
командалар тек пернетақтадан енгізіліп отырады және т.б.