Операциялы? ж?йені бас?аруды? негізгі т?сілдері ж?не обьектілері
Сабақтың тақырыбы: Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және обьектілері
Түйінді идеялар: Операциялық жүйенің казіргі замандағы қолданыстағы орны.
Жалпы мақсаты: Операциялық жүйенің ортасының ерекшеліктерімен, жұмыс үстелін таныстыру. Бастау (Пуск) және бас мәзірі (Главное меню) батырмаларын жұмыста қолдануға үйрету.
Оқу нәтижесі: Windows – пен жұмысты іске қосу және аяқтау ретін үйренеді
Есептер тақтасын бағдарлануды біледі.
Бастау (Пуск), бас мәзірі (Главное меню) қолдануды үйренеді.
Бетперде (заставка) не үшін керектігін.
Барлық программалар (все программы) қызметін біледі.
Сілтеме: Оқулық информатика – 5 сынып, Ғаламтор - http://kz.informatik-book.16mb.com/index.php?newsid=45
Тапсырма көздері: Оқулықтағы тақырып соңында берілген өзіңді тексер тест сұрақтары.
Өткен сабақты сұрақ жауап пен қайталап өту. Миға шабуыл.
Топтық тапсырмалар.
Компьютерде тәжірибелік жұмыс.
Оқуға арналған тапсырмалар: Қосымша оқу үшін қараңыз: Оқулық, информатика журналы, http://www.izden.kz/referattar/informatika/39.
1-САБАҚ
САБАҚ ЖҮРІСІ
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасып пәнге керекті құрал – жабдықтарын тексеру және назарларын сабаққа аудару.
Оқушыларды түгендеу. Бағалау жүйсін түсіндіріп өту. (1 минут).
Топқа бөлу: Әр кішкентай қағазға компьютер суреті жасырылған қағазды таңдау арқылы топқа булініп бірігеді.
(2 минут).
Үйтапсырмасын сұрау. «Кім білмпаз?» . Сұрақтарға жауап жазу
(5 минут)
Жаңа тақырып. Интерактивті тақтадан видео корсету арқылы жаңа тақырыпты ашу. Оқушылардан видео туралы өз пікірлерін сұрау.
Операциялық жүйе- бұл компьютердің іске қосқан кезде жүктелетін және барлық құрылғылардың жұмысын басқаратын арнайы программа.
Операциялық жүйе адам мен компьютердің электрондық құрауыштары және қолданбалы программалар арасында келістіруші қызметін атқарады. Ол адамның программаларды іске қосуына, барлық мүмкін деректерді оларға беруге және олардан алуға, программа жұмысын басқаруға, компьютердің және оған қосылған қүрылғылардың параметрлерін өзгертуге, ресурстарды қайта бөліп беруге мүмкіндік береді. Дербес копьютерде жұмыс істеу, шынында, оның операциялық жүйесімен жұмыс істеу болып табылады.
(5 минут).
Топтық тапсырма
ДК компьютер тобына – Windows жұмыс үстелінің құрылымын сипаттау және өздеріңіз қандай белгіше қосар едіңіздер жұмыс үстеліне.
Нотбук тобына – Бетперде (заставка) не үшін қажет?
Планшет тобына – 75 беттегі ребусты шешу және компьютерге байланысты ребус құру.(15 минут).
Сергіту (тренинг) – Дауыл, үй, адам. (2минут).
Компьютерде тәжірибелік жұмыс: Деңгейлік тапсырмалар
Кітаптың 74-75 беттегі А,В,С деңгейіндегі тапсырмалар.
(10 минут).
Кері байланыс (рефлекция)
Бағалау : Үш түстен жинаған жұлдызшаларын жинап баллдарын есептеу арқылы бағалау.
Үй тапсырмасы: 9 тақырып. 75 беттегі бақылау сұрақтары мен 76 беттегі өзің тексер тестін орындау.
(5минут).
Дербес компьютер Дербес компьютер
Ноутбук Ноутбук
Планшет Планшет