Операциялы? ж?йені бас?аруды? негізгі т?сілдері ж?не обьектілері. Файылдар, бумалар ж?не белгішелер.(6 сынып)
Сабақтың тақырыбы:Информатика.Ақпарат. Ақпараттың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері.
Сабақтың мақсаты
Білімділік:Ақпарат көздерін, типтері мен қасиеттерін білуі тиіс.
Тәрбиелік: Тірі табиғатта, техникада, қоғам мен адам іс-әрекетінде ақпараттарды жеткізу, сақтау және өңдеудің құндылығын түсіну.
Дамытушылық: Ақпарат ұғымымен, оның түрлерімен және өңдеу
тәсілдерімен таныстыру.
Сабақтың түрі теориялық
Сабақ көрнекілігі Оқулық, жұмыс дәптері
Сабақ жүрісі I. Ұйымдастыру
II.Үй тапсырмасын сұрау
III. Жаңа сабақ
IV. Қорытындылау
V. Үй тапсырмасын беру
VI. Бағалау
XV ғасырда мәліметті қағазға басып шығару станогының пайда болуы кітап шығару ісін жолға қойып адамзаттың алтын ойларын тікелей көпшілікке жеткізу мүмкіндік жасайды. «Инормация» термині латынның түсіндіру, баяндау, білу деген ұғымдарды білдіретінinformation сөзінен шыққан Информация алу дегеніміз- біздің қоршаған құбылыстар мен нысандардың өзара байланыстарын құрлымы немесе олардың бір-біріне қатысуы жөнінде нақты мағлұматтар мен мәліметтер алу деген сөз.
Сонымен , информация- белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат, құбы-лыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мағлұматтар. Информация түрлері: мәтін, сурет, фотобейне, дыбыстық сигналдар, электр сигналдары, магниттік жазба және т.б
Информатика - ЭЕМ арқылы информацияны жинау, сақтау, түрлендіру, жеткізу және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін жаңа ғылым пән. Информатиканың негізгі обьектісі яғни оның шикізаты мен беретін өнімі информация болып саналады.Сондықтан «информация» ұғымы информатика мен ЭЕМ –де жұмыс істеудің ең түбегейлі атауларының бірі болып есептеледі
Ақпарат» ұғымы туралы өтеміз. «Ақпарат»сөзі латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін informatio сөзінен шыққан. Бізді қоршаған әлемнің ең маңызды мәні зат, энергия мен ақпарат болып табылады. Зат пен энергия сияқты ақпараттың да мәні өте зор. Оның өсімдіктердің, жануарлардың, адам мен жалпы адамзат қоғамының өміріндегі мәні олардан кем емес.
Ақпарат бұл тек кітаптардан, газет мақалаларынан немесе берілген жаңалықтардан алынған мәліметтер ғана емес, күрделі биологиялық молекулалардың құрылымында, радиосигналдар мен кілт рельфінде сақталатын мәліметтер болып табылады.
дегенмен, ақпарат ұғымы ғылымдар шегінде анықталмайтын ұғым болып табылады. Бұл ұғым барлық салаларда: философияда, жаратылыстану мен гуманитарлық ғылымдарда, биологияда, медицина мен физиологияда, адам мен жануарлар психологиясында, социологияда, өнерде, техникада, экономикада және күнделікті өмірде пайдаланылады. Ақпаратқа үзілді-кесілді анықтама бере алмаймыз. Оны қоршаған дүние туралы және онда жүріп жатқан процестер туралы хабарлар мен мағлұматтар деп түсінуге болады. Ақпарат – белгілі бір нәрсе туралы таңбалар мен сигналдар түрінде ұсынылатын мәліметтер тобы. Барлық ақпараттарды төмендегідей бөлуге болады: қоғамдық-саясаттық, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық, химия-биологиялық, физиологиялық.
Ақпарат алмасу үшін, жолдаушы мен қабылдаушы болуы керек. Хабар жеткізуде пайдаланылатын құралдарды ақпарат жеткізу арнасы деп атайды.Оған теледидар, радио, компьютерлік желі, басылған құжаттар жатады. Үшіншіден, адам ақпаратты өңдей алады. Ақпаратты өңдеу деп – ақпарат алуды, оның мазмұнын өзгертпей, ұсыну түрін өзгертуді, алынған ақпаратты бір ретке келтіруді және жаңа ақпарат іздестіріп толықтыруды айтады. Сонымен адам ақпаратты сақтай алады, өңдейді және жеткізе алады.Бұл жағдайда адам қандай да бір әрекеттер жасайды, оларды ақпараттық процесс дейдіАдам ишарат, ым мен дыбысты қолдана отырып, ақпарат беріп, оны кез келген сезім мүшесі арқылы қабылдай алады. Адам қабылдайтын ақпаратты таңбалы және бейнелі деп екіге бөлуге болады.
Бекіту сұрақтары:
- «Ақпарат» деген сөз қандай мағына білдіреді?
-Информатика дегеніміз не?
Үйге тапсырма:Информатика.Ақпарат
Бағалау. Оқушыларды үй тапсырмасына жауап бергеніне және сабаққа қатысына қарап бағалаймын.
Күні: 10,12.09.2013ж. Пәні: Информатика Сыныбы: 6 «А», «Ә», «Б», «В» , «Г»
Сабақтың тақырыбы: Ақпарат саны,ақпарат өлшем бірлігі.Әлемнің ақпараттық бейнесі. Ақпарат қасиеті
Сабақтың мақсаты Ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің
Білімділік:Ақпарат көздерін, типтері мен қасиеттерін білуі тиіс.
Тәрбиелік: Тірі табиғатта, техникада, қоғам мен адам іс-әрекетінде
ақпараттарды жеткізу, сақтау және өңдеудің құндылығын
түсіну.
Дамытушылық: Ақпарат ұғымымен, оның түрлерімен және өңдеу
тәсілдерімен таныстыру.
Сабақтың түрі теориялық
Сабақ көрнекілігі Оқулық, жұмыс дәптері
Сабақ жүрісі I. Ұйымдастыру
II.Үй тапсырмасын сұрау
III. Жаңа сабақ
IV. Қорытындылау
V. Үй тапсырмасын беру
VI. Бағалау
Ақпарат көзі мен қабылдаушы жанды (тірі организмдер), жансыз (ДК) заттар, айқын (мұғалім - оқушы) және жанама (су шуылы сарқыраманың жақын екенін білдіреді) болуы мүмкін. Акпарат кабылдаушы бір уақытта оны жеткізуші де болатын және керісінше жағдайларда кездеседі,
Адам ақпаратты сақтай, жеткізе, өңдей алады.
• Біз кітап, газет-журналдар оқығанда ақпаратты есте сақтап жинаймыз да, біраз уақыттан кейін басқа біреуге жеткізе аламыз. Адам миы ақпаратты тек қабылдап қана қоймай сақтай да алады. Бірақ көп уақытта мида сақтай алмайды. Сондықтан ақпаратты сақтау үшін: қағаз, папирус, түрлі таспалар, дискілер қолданылады.
Адам ақпаратты жеткізе алады. Ақпарат алмасу үшін жолдаушы,қабылдаушы болады. Хабар жеткізуші құралдарды ақпаратты жеткізу арнасыдеп аталады. Олар телевизор, радио, газет, компьютерлік желі т.б.
Адам ақпаратты өңдей алады. Ақпаратты өңдеу деп- ақпарат алуды, оныңмазмұнын өзгертпей, ұсыну түрін өзгертуді, алынған ақпаратты бір реткекелтіруді және жаңа ақпарат іздеп толықтыруды айтады.
Адам ақпаратты сақтай, жеткізе, өңдей алады. Бұл процесті ақпараттықпроцестер деп атайды.
Адам ақпаратты сезу, көру арқылы қабылдайды. Адам радиодан, теледидардан, газет-журналдан ақпараттарды сезім мүшелері арқылы қабылдайды. Адам қабылдайтын ақпарат таңбалы, бейнелі болып бөлінеді.Ақпарат оны тіркейтін құрылғыға дыбыс, электромагитті сәуле, физикалық әрекет түрінде келіп түседі. Бұл әрекеттер сигнал деп аталады.
Сигнал дегеніміз - оның көмегімен адам немесе, құрылғы апарат қабылдайтын процесс. Сигнал ақпарат тасуыш.
Ақпарат жіберу дегеніміз - сигналдар жіберу.
Сигналдар аналогтық (үздіксіз), дискретті (үзілісті) болуы мүмкін. Аналогтық сигналдарға мысалдары: температура, ток, кернеу, яғни уақыт аралығында үздіксіз өзгеретін процесс. Сигналды дискретті түрде ұсынғанда ол сан қатары, алфабит әріптері, музыкалық нота оған мысал бола алады. Уақыт аралығын неғұрлым көбірек алған сайын, кернеудіү уақыт аралығында өзгеру процесін соғұрлым дәлірек сипаттаймыз. Керісінше дискретті процесті аналогтық процеске айнаддыруға болады. Адам сезім мүшелері арқылы сигналдарды аналогтық түрде қабылдайды, ал есептеуіш техникалары негізінде дискретті түрдегі сигналдармен жұмыс істейді.
Ақпарат адам үшін жаңа, белгісіз болу керек. Хабар бізе ақпарат алу деген бізге жаңа түсінікті болуы керек. Сол салада біліміміз жеткілікті болуы керек. Егер ақпарат біз үшін толық. объективті, жаңа, пайдалы, әрі нақты болса ол біз үшін бағалы болады. Хабардың акпаратгың көлемі деп - хабардың ұзындыгын, яғни символдар санын білдіреді. Ендеше техникада кез-келген сақталатын, берілетін ақпарат көлемі ондағы берілетін ақпарат көлемі ондағы ең кіші өлшем бір екілік разрядқа немес 1 битке тең болады. Ақпаратты өлшеу бірлігі бір битке тең. Одан кейін 1 байт. Хабардың ақпараттың көлемі-бит немесе байтта өлшенетін оның ұзындығы.
1 бай=8 бит;
1 кбайт(килобайт)=1024 байт;
1 мбайт(мегабайт) =1024кбайт;
1 гбайт(гигабайт) =1024 мбайт.
Тапсырмалар: Жұмыс дәптеріндегі 1.2.8, 9, 10, 11 тапсырмаларды орындау Жауабы: 22 символ, 22 байт, 176 бит.
Шешуі:
Бір беттің ақпараттық көлемі 39*67=2613 символ~2613 байт
Кітаптың ақпараттық көлемі 2613*290=757770 байт = 757770 : 1024 =740Кбайт
740:1024 = 0,722 Мбайт
0,722 < 1,44 Жауабы: кітапты бір дискетке сыйғызуға болады.
Оқу жылдамдыгы мен сөйлеу жылдамдыгын анықтау үшін оқушыларга екі-екіден жұмыс істеу ұсынылады.
Шешу үлгісі: Минутына 1140 символ Секундына 1140:60—19символ 19 бсшт
19x8 =152 бит 19:1024 =0,0185 Кбайт
Жауабы: секундына 19 байт, 152 бит, 0,185 Кбайт
Сабақты бекіту сұрақтары:
Ақпараттың көлемін екілік түрде өлшеу бірліктерінің туындыларын атаңдар.
Кітапта 290 бет бар, бір бетте 39 жол, ал әр жолда 67 символ бар. Бұл кітаптысыйымдылығы 1,44 Мбайт дискіге сыйғызуға болама?
Үйге тапсырма: сөзжұмбақ құрастырып келу.
Бағалау. Оқушыларды үй тапсырмасына жауап бергеніне және сабаққа
қатысына қарап бағалаймын
Пәні: Информатика Сыныбы: «А», «Ә», «Б», «В» Күні 01.10,03.10.13 ж
Сабақтын тақырыбы: .Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері және
мүмкіндіктері
Сабақтын мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды ДК-мен, оның негізгі блоктарымен, және олардың
міндетімен таныстыру.ЭЕМ-нің мүмкіндіктерінкөрсету.Компьтердің негізгі
құрылғылары – процессормен, ЖЖҚ-мен таныстыру;
Тәрбиелік: Оқышылардың тәрбиелікке,ұқыптылыққа үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық –абстракциясын
дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың қолданылатын көрнекті құралдар:компьютер, оқулық, жұмыс дәптері, электронды
оқулықтар.
. Сабақ жүрісі I. Ұйымдастыру
II.Үй тапсырмасын сұрау
III. Жаңа сабақ
IV. Қорытындылау
V. Үй тапсырмасын беру
VI. Бағалау
Компьютер сөзі «есептеуіш» дегенді білдіреді, яғни есептеуге арналған құрылғы.компьютер- деректерді бағдарламалап өңлдеуге арналған электрондар құрылғы .Қазіргі компьютерлер тек есептеп қана қоймай, цифрлық емес (мәтіндер,дыбыстар,графика және т.б.) ақпратты өндейді, әр түрлі технологиялық процесттерді ,деректер базасын және басқаларды басқарады.Бұл типті компьтерлерді дүние жүзінде жүздеген өндірушілер шығарады.Олар өзара өнімділігімен, жадының сыйымдылығымен және бірқатар функционал мүмкіндіктерімен ерекшеленеді. ДК-сі. Бірақ. ДК-лердің барлық типтерінің ақпарат өндеу және адаммен қарым-қатынас жасауының негізгі принціптері бірдей. Дербес компьютер өнеркәсіп бұйымы ретінде өзара жалғастырушы кабельбдермен байланыстырылған бірнеше блоклардан тұрады. Блоктардың номенклатуруасы әр түрлі болуы мүмкін,бірақ кез келген компьютержұмыс істеуі үщіе, үш блоктан тұратын жинақ керек. Басқа құрылғылардың барлығы қосымша деп аталады.Оларға принтер, ыбыс колонкалары, құлаққап, микрофон, модем, сканер, маус, трекбол, терте жатады. Компьютердің аталған негізгі жинағының басты элементі-жүйелік блок. ДК жүйелік блогы – компьютердің негізгі тораптары орналасқан тік төртбұрышты қорапша, онда: микропроцессоры мен жедел жады және т.б. аналық тақша, адаптерлер, қоректендіру блогы, иілгіш және қатқыл дискідегі жинақтауыштар, контролер ажыратпалар орналастырылған. ДҚ (дербес компьютер деп аталуының – бір-ақ адам қолданады) қазіргі кезде көпшілік арасында кең тарай бастады. Кез-келген компьютерлер бірнеше құрылғыдан тұрады. Монитор, жүйелік блок, пернетақта, мультимедиа колонкасы, модем, маус. Бұл құрылғылардың ең негізгісі Монитор, жүйелік блок, пернетақта. Компьютердің барлық құрылғылары оның артындағы ажыратып қосқыштар арқылы ажыратылады. Компьютердің процессоры мен жедел жадысынан басқалары оның сыртқы құрылғылары болып табылады.Олар: монитор, пернетақта,принтер, маус, модем.Әрбір сыртқы құрылғы процессормен арнайы блоктар – адаптер немесе контролер арқылы жалғасады. Контролер немесе адаптердің міндеті – процессордан келіп түскен ақпаратты құрылғылардың жұмысын басқаратын сәйкес сигналдарға айналдыру.
3691890-339090358140-339090
Монитор
Жүйелік блок-мұнда компьютердің негізгі құрылғылары орналасқан. Компьютерді қосып өшіру батырмасы, дискжетек, компакт-дискіні оқитын CD-ROM орналастырылған.Жүйелік блоктың ішінде аналық плата, процессор, CD-ROM, бейнетақташа, дыбыс тақташасы мен т.б. бар.Процессор- компьютердің ең басты бөлігі.Ол компьютердің «миы». Ол бүкіл компьютердің жұмысын басқарады және бағдарламадағы барлық командаларды орындайды. Іс жүзінде компьютердің орындайтын жұмысының бәрін оның бас микросхемасына – микропроцессор атқарады. Қазіргі кезде ең көп тараған «пентиум» процессор. Сондықтан компьютер де пентиум деп аталады.
Жүйелік блок
Енгізу құрылғылары: пернетақта, маус,джойстик,өлшеу аспаптары, сканер. Шығару құрылғысы – принтер, диспей, графопроектор.
Пернетақта – компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 101 немесе 105 перне болады.
Пернетақта (клавиатура)-бұл кез-келген ақпараттарды (сандық, символдық және т.б) компьютерге енгізуге негізделген құрылғы.және т.б) компьютерге Пернетақтамен жұмыс кезінде мыналарды үнемі есіңнен шығарма:
Пернелерді ақырын басу;
Қатты соққылардан сақтану;
Қолың таза және құрғақ болсын!
Пернетақтаның үстіне зат қоюға болмайды енгізуге негізделген құрылғы.
2996565289560Тышқан (мышь)-бұл компьютерде берілетін командаларды жарық қаламымен басқаруға негізделген құрылғы
Оң жақ қосымша
Сол жақ - негізгі
Бөліп алу
Іске қосу
Арнайы жылжыту
Жанама меню
Тасымалдап көшіру
Принтер
Принтердің үш түрі болады:
1200153810Сия бүріккіш
Матрицалы принтер
Лазерлік принтер
211518510795
Басу құрылғысы (принтер)-бұл кез-келген ақпараттарды компьютерден қағаз бетіне шығаруға негізделген құрылғы.
Сканер-бұл графиктік немесе текстік ақпараттарды компьютерден тікелей оқитын құрылғы.Дыбыс колонкалары -дыбыстық ақпаратты шығаруға арналған құрылғы
Құлақшын (наушникмикрофон
ДжойстикМодем
Сабақтыбекіту сұрақтары:
- Компьютердің негізгі құрылғыларын ата.
- Компьютердің жадының қандай түрлерін білесіңдер?
- Тұрақты жад пен жедел жадтың айырмашылығын атаңдар.
- Ақпаратты енгізу – шығару құрылғыларын ата.
- Жадтың сыртқы тасуыштарын сипатта.
- -Монитордың ажырату қабілеті дегеніміз не?
Үйгетапсырма:Дербес компьютер. Компьютерментанысу. Компьютердіңқұрылымы.
Бағалау. Оқушыларды үй тапсырмасына жауап бергеніне және сабаққа қатысына қарап бағалаймын.
Сыныбы________________________________
Күні____________________________________
Сабақтың тақырыбы: Ақпаратты жазу және санау.Ақпарат тасымалдаушылар
Сабақтың мақсаты
Білімділік:ОқушыларғаКомпьютер жадының түрлері.Ақпарат
тасымалдаушыларын түсіндіру білімін жетілдіру.
Тәрбиелік: Оқуыларды алғырллықа өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі теориялық
Сабақ көрнекілігі Оқулық, жұмыс дәптері
Сабақ жүрісі I. Ұйымдастыру
II.Үй тапсырмасын сұрау
III. Жаңа сабақ
IV. Қорытындылау
V. Үй тапсырмасын беру
VI. Бағалау
Компьютердің ең маңызды компоненттерінің бірі оның жады болып табылады.Компьютер жадында программалар мен мәліметтер сақталады.Компьютер жады ішкі және сыртқы болып екіге бөлінед
Сыртқы
Ішкі
Компьютер жады
Магниттік дискілер
Оптикалық дискілер
Флеш-жады
Тұрақты жад
Жедел жад
Қатты дискілер
(винчестер)
DVD
дискілер
CD-R. CD-RW дискілер
Иілгіш дискілер (дискетв)
Кэш-жады
Компьютер жады схемасы
Ішкі жа Жедел жад жылдам жұмыс істейді, ол сенімді және өте берік.Тұрақты жад ақпаратты тұрақты есте сақтайтын құрылғы
Сыртқы жадКомпьютер сыртқы жадының негізгі қызметі үлкен көлемді ақпаратты (программалық , құжаттар ,ауди-және бейне клиптер т.б) ұзақ уақыт сақтау болып табылады,
Иілгіш магниттік дискілер ( floppy disk) корпусы пласмассадан жасалған қапта орналасады.Мұндай ақпарат тасымалдаушыны дискет деп атайды.
Қатты диск (РВВ-Hard Disk Drive) алмастырылмайтын дискілі магниттік нинақтаушыға жатады.Дискілердің жылдам айналуына (7200 айн/ мин) байланысты қатты дискілердегі ақпаратты жазу және оқу жылдамдығы едәуір жоғары (300 Мбайт/с-қа жуық)
Оптикалық дискілер –бұл оптикалық дискілердің келесі буыны ол цифрлық мәліметтерді, оның ішінде қанықтылығы мен тығыздығы жоғары бейнелерді де сақтау үшін пайданылады.
Флеш-жиннақтаушылар (флешка) –бұл мәліметтерді микросхемаларға жазуға және сақтауға мүмкіндік беретін жадтың энергияға тәуелсіз түрі.Флеш-жадты Фудзи Масуока 1984 жылы Toshiba- да жұмыс істеп жүргенде кезде ашқан
Илгіш магниттік дискілер Қатты диск
Оптикалық дискілер
Төмендегі кесте ақпарат тасмалдаушыларды сипаатттамалары берілген.
Тасмалдаушы түрі Тасымалдаушы сыйымдылығы Мәлімет алмасу жылдамдығы (Мбайт/с) Қауіп тудыратын жағдайлар
Иілгіш магниттік дискілер 1,44 Мбайт 0,05 Магниттік өрістер, қызып кету, физикалық әсерлер
Қатты магниттік дискілер Жүздеген Гбайт 300-ге жуық Соққылар, жұмыс істеу барысыннда кеңістік бағытын өзгерту
CD-ROM 700 Мбайтқа дейін 7,8-ге дейін Сызаттар, кірлеу
BD 54 гбайтқа дейін 432-ге дейін Flash жады негізіндегі құрылғылар 16 гбайтқа дейін USB1.0-1,5
USB1.1-12
USB2.0-480 Ток күшінің артуы
DVD-ROM 17 гбайтқа дейін 21-ге дейін Бекіту сұрақтары:
1.Компьютер жады кандай түрлерге бөлінеді
2.Ішкі жад неден тұрады?
Үй тапсырмасын беру.
Бағалау. Оқушыларды жауап бергеніне және сабаққа қатысына қарап бағалаймын
Сыныбы________________________________
Күні____________________________________
Сабақтың тақырыбы: Программалық қамтамасыз етудің жалпы
сипаттасасы және жіктелуі.
Сабақтың мақсаты
Білімділік:ОқушыларғаПрограммалық жабдықтамалардың
жіктеу және жалпы сипаттамасын түсіндіру білімін жетілдіру.
Тәрбиелік: Оқуыларды алғырллықа өз бетімен жұмыс істеуге
тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі теориялық
Сабақ көрнекілігі Оқулық, жұмыс дәптері
Сабақ жүрісі I. Ұйымдастыру
II.Үй тапсырмасын сұрау
III. Жаңа сабақ
IV. Қорытындылау
V. Үй тапсырмасын беру
VI. Бағалау
Компьютердің программалық жабдықтамалары жүйелік программалар, қолданбалы программалар және программалау жүйелерінен тұрады.Жүйелік программалардың ішіндегі ең негізгісі операциялық жүүйе (ОЖ) болып табылады. ОЖ – компьютердің мәліметтерді өңдеу жұмысын ұйымдастыратын программалар жүйесі.Казіргі кезде кең тараған жүйелер: Windоws 2000, Windоws XP, Windоws 7.
Қарым-қатынас жасау тәсілі интерфейс деп те аталады.Дербес компьютерлерде интерфейстің – командалық және терезелік деп аталатын екі тәсілі бар.Командалық интерфейсте адам компьютермен ОЖнің командалар жиынының көмегімен қарым-қатынас жасайды.Интерфейстің екінші бір түрі – терезелік.Ол Windоws типтегі ОЖ-де жүзеге асырады.
Қолданбалы программалар арнайы және әмбебап деп екіге бөлінеді.Арнайы программаларғак бухгалтерлер, жобалаушы, дәрігер сияқты саланың мамандары пайдаланатын программалар жатады.Әмбебап программаларға мәтіндік және графикалық редакторлар электрондық кестелер, электрондық пошта программалары яғни пайдаланушылардың үлкен тобы үшін қажет программалар жатады.Арнайы программаларға бухгалтерлер жобалаушылар дәрігерлер сияқты бір саланың мамандары пайдаланатын программалар жатады.
Жүйелік программалық жабдықтамаларға драйвелер де кіреді.Бұл компьютерге қосылатын құрылғылармен бірге орнатылатын программалар.
Программалау жүйелерінің пайдаланушыларын программалаушылар деп атайды. Программалау тілдері өте көп.Мысалы Паскаль,Бейсик, Си, Фортран,Кобол,Пролог т.б Осы тілдердің көмегімен программалаушылар программалар жазып және арнайы жүйелердің көмегімен олардың реттеп тексереді және оларды пайдалануға болатын түрге келтіреді. Пайдаланушының тәжірибелігіне оның дағдыларына және компьютермен жұмыс істеу кезіндегі нақты жағдайға байланысты програманы іске қосу немесе құжаттарды ашу әртүрлі тәсілмен мысалы Менің компьютерім қапшығының терезесі арқылы Бағыттаушы програмасымен немесе Іске қосу батырмасымен орындалуы мүмкін.
Бекіту сұрақтары:
1.ОЖ –нің негізізгі қызметтерін атаңдар
2.Интерфейс дегеніміз не?
3.Программалау жүйесі не үшін қажет?
Үй тапсырмасын беру.
Бағалау. Оқушыларды жауап бергеніне және сабаққа қатысына қарап бағалаймын
Пәні: Информатика. Сыныбы: 5 «»
Сабақтың тақырыбы: Операциялық жүйе ұғымы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Оқушыларға жұмыс үстелінің қасиеттерін баптауды
игерту бағдарламаларды
іске қосу және құжаттарды ашу тәсілдерімен таныстыру.
Тәрбиелік:Оқушыларды тәрбиелікке, ұқыптылыққа,
тиянықтылыққа үйрету.
Дамытушылық:Оқушылардың ойлау қабілетін ,логикалық-
абстракциялық дамыту.
Сабақтың түрі:аралас сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар:компьтер, оқулық, жұмыс дәптері,
Сабақтың өту барысы;
1.Оқушыларды ұйымдастыру
2.Үйге берілген тапсырманы түсіндіру
3.Жаңа тақырыпты түсіндіру
4.Тапсырмаларды орындау
5.Сабақты бекіту
6.Үйге тапсырма беру
Жаңа сабақ
Операциялық жүйе ДЭЕМ –нің программалық құралдарының ажырамас бөлігі болып саналады.Әрбір адамға ЭЕМ –нің барлық құрылғыларын басқару мүмкіншілігін беретін, сол бебепті басқа программаларды аппаратанурамен байланысты жасаудан босататын компьютерде жұмыс істегісі келетін әрбір адамға өте қажет операциялық жүйенің яғни системаның (ос) алатын орны ерекше болып есептеледіҚазіргі кезде Windows – барлық дербес компьютерлерге арналып кең тараған операциялық жүйе Windows –тің кеңінен таралуына себеп, оның қолайлылығы, түсініктілігі, графикалық интерфейсі, бірнеше программалармен қатар жұмыс жасау мүмкіндігі және жаңа жабдықтардың автоматты түрде бапталуы сияқты ерекше қасиеттерін атауы болады.
Windows бірнеше операциялық жүйелерді біріктіреді, олар бір –біріне ұқсас болғанмен әр түрлі мүмкіндіктері бар және әр түрлі мақсаттарға арналған.2010 жылдың мамыр айында операциялық жүйелер аренасында жаңа Windows 7 операциялық жүйексі пайда болды.Кез келген сымсыз желіге қосу мүмкіндігі үй желісінде компьютерде телехабар қарау және оны жазып алу, файлдармен, фотосуреттермен және музикамен оңай алмасу сонымен қатар ойындар мен мультимедиа файлдарындағы неғұрлым шынай және тиімді графика және т.б.
Жұмыс істеудің бастамасы.
Компьютердің жүйелік блогының алдыңғы бетінде орналасқан Power деп аталатын қосу/ өшіру батырмасын басып, оны іске қосыңдар.Операциялық жүйе (ОЖ) жүктеледі де, экранда Windows жүйесі жүктелуін білдіретін қыстырма бет пайда болады.Экранда бір-бірі ауыстыратын бірнеше қыстырма бет пайда болуы мүмкін.
Windows объектілері
Windows – графикалық операциялық жүйе оның негізгі объектілерге терезе мен белгішелер түрінде бейнеленеді Windows –дің объектілерін әр түрлі құрылғылармен басқаруға болады, оның ең негізгісі- тышқан Тышқанның құрлымы мен жұмыс істеу принциптері жоғарыда қарастырылды.
Тышқанның көмегімен Windows –дің объектілерімен төмендегі әрекеттерді орындауға болады: белгілеу, жылжыту, қосу, созу, ашу, жабу.Тышқанның сол жақ батырмасын – негізгі, ал оң жақ батырмасын көмекші батырма дейді.
Пуск
Батырмасы Белгішелер Жұмыс үстелі Тапсырмалар тақтасы
Жүйені жүктегеннен кейін жұмыс үстелі.
Жүмыс үстеліWindows – тің объектілері мен басқару элементтері орналасқан,Объект- олармен Windows жұмыс істейтіндердің барлығы.Мысалы файл объектісінің қасиеттеріне оның атауы типі және өлшемі құрылған мерзімі жаталыы.Белгішелердің тағы бір түрі- бұл таңбашалар.Егер белгішелер өзі объект болса, онда таңбашалар оның бейнесін көрсетеді.Қапшық (бума)-бұл объектілер қоймасы.Қапшықтардыңішінде тек файлдар, белгішелер, таңбашалар ғана емес, басқа қапшықтар да болуы мүмкін.Қапшықтар ашық немесе жабық болады.Жабық қапшық белгіше түрінде, ал ашық қапшық терезе түрінде көрінеді.
Бекіту сұрақтары: Сабағымды сұрақ жауаптар арқылы бекітемін
Үй тапсырмасын беру. Операциялық жүйе ұғымы
Бағалау.Оқушыларды жауап бергеніне және сабаққа қатысына қарап
бағалаймын
Пәні: ИнформатикаСыныбы: 7 «А » «Ә» «Б» «В» Күні:
Сабақтың тақырыбы: Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және обьектілері. Файылдар, бумалар және белгішелер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Оқушыларға жұмыс үстелінің қасиеттерін баптауды игерту бағдарламаларды
іске қосу және құжаттарды ашу тәсілдерімен таныстыру.
Тәрбиелік:Оқушыларды тәрбиелікке, ұқыптылыққа, тиянықтылыққа үйрету. Дамытушылық:Оқушылардың ойлау қабілетін ,логикалық-абстракциялық дамыту.
Сабақтың түрі:аралас сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері,
Сабақтың өту барысы;
1.Оқушыларды ұйымдастыру
2.Үйге берілген тапсырманы түсіндіру
3.Жаңа тақырыпты түсіндіру
4.Тапсырмаларды орындау
5.Сабақты бекіту
6.Үйге тапсырма беру
Жұмыс үстелінің терезесінде объектілерден басқа басқару элементтері де болады.Оларға «Іске қосу» (Пуск) батырмасы, бас меню меню жолдарындағы меню мен командалар жатад.Команда деп осы команданың белгішесіне тышқан құсқағын апарып шерткенде орындалатын әрекетті айтамыз.
командалар
«Іске қосу» Бас
батырмасы меню қапшықтар Бағыныңқы меню
Бас меню WINDOWS XP - де жұмысты осыдан бастау керек.
Тышқанның негізгі батырмасына оның әдетте сол жақ батырмасы алынады, ол сендердің оң қолдарыңның сұқ саусағының астында болады.Ал қосымша батырмаға тышқанның оң жақ батырмасы жатады. Тышқанды шерту деп оның нұсқағышын қажетті объектіге орналастырып, тышқанның оң жақ батырмасының бір рет басуды және жіберуді айтады.Тышқанның оң жақ батырмасын басу қажет болса, ол әрқашан айтылып отырады.Тышқанды екі рет шерту деп- тышқанның нұсқағышын керек объектіге орналастырып, оның сол жақ батырмасын жылдам екі рет басу және жіберуді айтады.
Созу әрекетті апаруға ұқсайды, бірақ мұнда ештеңе орнынан қозғалмайды , тек қана созылады.Егер меңзерді терезенің жақтауына немесе бұрышына, қойса, онда ол қос бағдаршаға айналады, сондан кейін тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып тышқанды оңға немесе солға қозғаса , терезе өлшемі өзгеред.
Тапсырмалар тақтасы
Экранның төменгі жағында жіңішке сүр жолақ бар оны тапсырмалар тақтасы (Панель задач) деп атайды
Мерзімі (датасы) активтелген Тапсырмалар тақтасы.
Тапсырмалар тақтасын жылжытуға болады.Ол үшін тышқанның нұсқағышын тапсырмалар тақтасының бос орнына орналастырып оның сол жақ батырмасын шертіп және оны жібермей басып отырып, тапсырмалар тақтасының контурын қажетті орынға (жоғары, төмен,оңға солға) апарған соң тышқан батырмасын жіберу керек. Тапсырмалар тақтасының оң жақ бұрышында сағат орналасқан.Сағатты түзету үшін, оны белгішесінде тышқанның сол жақ батырмасын екі рет шерту жеткілікті.
Дата мен уақыт терезесі
Қолданбалар мен қапшықтардың ашық терезелері
Сағат
Активті емесАктивті
Қолданбалар қолданба
Батырмалары батырмасы Ашылған терезелері бар Жұмыс үстелі
Бекіту сұрақтары: Сабағымды сұрақ жауаптар арқылы бекітемін
Үй тапсырмасын беру. Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және обьектілері
Бағалау.Оқушыларды жауап бергеніне және сабаққа қатысына қарап бағалаймын
Пәні: Информатика: Сыныбы: 6 «Б,В» Күні:
Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Оқушыларға жұмыс үстелінің қасиеттерін баптауды игерту бағдарламаларды іске қосу және құжаттарды ашу тәсілдерімен таныстыру.
Тәрбиелік:Оқушыларды тәрбиелікке, ұқыптылыққа, тиянықтылыққа үйрету. Дамытушылық:Оқушылардың ойлау қабілетін ,логикалық-абстракциялық дамыту.
Сабақтың түрі:аралас сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар:компьтер, оқулық, жұмыс дәптері,
Сабақтың өту барысы;
1.Оқушыларды ұйымдастыру
2.Үйге берілген тапсырманы түсіндіру
3.Жаңа тақырыпты түсіндіру
4.Тапсырмаларды орындау
5.Сабақты бекіту
6.Үйге тапсырма беру
Тапсырмалар
1.Перне тақтасында мыналарды теру керек: А В С Д Е Ж Е , < = >abcdejz , . : ; “ ” DERKLF / & % $ !2.Пернелермен фамилияңыз бет аты – жөніңізді, дүниеге келген кезіңізді және тұратын мекен жайыңызды (адрес) теріңіз.
3.Мына мәтінді теріп шығыңыз:
Дербес компьютердің негізгі құрылғылары: процессор, жад (жедел және сыртқы) шеткері құрылғылары . % * ( ) - + 4 ! , 5
4.Мына мәтінді теріңіз:
Del пернесі курсор үстіндегі таңбаны өшіреді, ал BackSpace – курсор алдындағы (сол жағындағы) символды өшіреді, екеуі де курсорды таңба өшірілген соң солға бір орынға жылжытады @ ( $ # & )
5Мына мәтінді теріңіз:
ENTER пернесі жолды теруді аяқтап, курсорды келесі жолдың басына көшіреді, ол пернелікте , немесе ET немесе ENTER, немесе RETURN болып белгіленуі мүмкін. Home, End, Page Up 6 Page Down 6 5 4 : “ / ^ &
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма, Бағалау.
Тапсырмалар
1.Перне тақтасында мыналарды теру керек: А В С Д Е Ж Е , < = > a b c d e j z , . : ; “ ” D E R K L F / & % $ !
2.Пернелермен фамилияңыз бет аты – жөніңізді, дүниеге келген кезіңізді және тұратын мекен жайыңызды (адрес) теріңіз.
3.Мына мәтінді теріп шығыңыз:
Дербес компьютердің негізгі құрылғылары: процессор, жад (жедел және сыртқы) шеткері құрылғылары . % * ( ) - + 4 ! , 5
4. Мына мәтінді теріңіз:
Del пернесі курсор үстіндегі таңбаны өшіреді, ал BackSpace – курсор алдындағы (сол жағындағы) символды өшіреді, екеуі де курсорды таңба өшірілген соң солға бір орынға жылжытады @ ( $ # & )
5 Мына мәтінді теріңіз:
ENTER пернесі жолды теруді аяқтап, курсорды келесі жолдың басына көшіреді, ол пернелікте , немесе ET немесе ENTER, немесе RETURN болып белгіленуі мүмкін. Home, End, Page Up 6 Page Down 6 5 4 : “ / ^ &