Ашы? саба? 7 сынып Операциялы? ж?йені бас?аруды? негізгі т?сілдері,файлдар, бумалар ж?не белгішелер


lefttopҚызылорда облысы, Шиелі ауданы, Ә.Тәжібаев ауылы
№214 орта мектеп КММ
Информатика пәні мұғалімі Айтбаева Шынар Болат0ызы
Күні: 11.12.2015жыл
Сыныбы:7
Сабақтың тақырыбы: Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері,файлдар, бумалар және белгішелер
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері мен объектілерімен таныстыру және олармен жұмыс істеуді үйрету. Файлдар, бумалар, белгішелермен таныстыру және оларды бір-бірінен ажырата білуге үйрету.Тышқанмен орындалатын әрекеттерді ұғындыру.Тапсырмалар тақтасымен жұмыс істеуге дағдыландыру
Дамытушылығы:Оқушылардың тақырып бойынша білімін қалыптастыру,оқушының танымдық шығармашылық қаблетін дамыту.
Тәрбиелілігі:Компьютерді қолдануда гигеналық талаптарды сақтауға тәрбиелеу, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: «Сөйлемді толықтыр» «Кім жылдам?» , «Ойлайық та ойнайық», «Кім жүйрік?» , «Білгенге маржан», «Біліміңді тексер» .
Сабақтың түрі:Жаңа білімді меңгерту
Пәнаралық байланыс: математика
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, конверт сұрақтар, компьютерлер.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру.
Оқушыларды түгендеу, көңіл күйлерін сұрап, назарын сабаққа аудару.
Оқушылар көңіл-күйлерін айтады. Сабаққа назар аудару.
II.Топқа бөлу «Сиқырлы сандықша»
Оқушыларды 3 топқа бөлу сандықшада жасырылған төмендегі сөздерді таңдау арқылы өз тобын табу.
1-топ: Файл
2-топ:Бума
3-топ:Белгіше
III. Үй тапсырмасы « Конверт әдісі»
Үй тапсырмасын бекіту
ІҮ.Сергіту сәті
V.Жаңа сабақ
Өзім түсіндіру.
VІ.«Сөйлемді толықтыр»
1. Терезе-төртбұрышты аймақ. (экранда жақтаулармен шектелген)
2. Диалог терезелері- арнайы терезе.
(қосымша ақпараттарды енгізуге арналған)
3. Анықтама терезелері- шығару қызметін атқарады.
(Windows және оның қолданбаларының жұмысы бойынша анықтама ақпараттарын)
4. Қолданба терезе программа.
(Windows жүйесінің басқаруымен жұмыс істейтін)
5. Қапшық терезелерінде, белгішелері бар
(оның басқару элементтерінен басқа Windows-тің басқа объектілерінің де)
Оқушылар тапсырманы дәптерлеріне жеке-жеке орындайды. Содан соң интерактивті тақтадан көрсетілген дұрыс жауап бойынша өз жұмыстарын тексеріп, қателерін түзейді.
VIІ. «Кім жылдам?»
Слайдта берілген «Менің компьютерім» қапшығы терезесінің элементтерін табу үшін сұрақтар беріледі
«Менің компьютерім» қапшығы терезесінің меню жолы қайсысы?
«Менің компьютерім» қапшығы терезесіндегі жүйелік меню белгішесі?
«Менің компьютерім» қапшығы терезесіндегі айналдыру жолағы?
«Менің компьютерім» қапшығы терезесіндегі жұмыс аймағы
«Менің компьютерім» қапшығы терезесіндегі қалып-күй жолы
«Менің компьютерім» қапшығы терезесіндегі шекаралар қайсысы?
«Менің компьютерім» қапшығы терезесіндегі қапшыққа өту?
«Менің компьютерім» қапшығы терезесіндегі құрал-саймандар тақтасы?
«Менің компьютерім» қапшығы терезесіндегі басқарушы батырмалар
«Менің компьютерім» қапшығы терезесіндегі тақырып жолы?
Әр топ слайдта берілген «Менің компьютерім» қапшығы терезесінің айтылған элементтеріне сәйкес келген санды қағазға жазып көрсетеді.
VIIІ. Топтық тапсырма «Ойлайық та ойнайық»
«Менің компьютерім» қапшығы терезесі элементтерін 1- топқа жатқа айтуға, 2-топқа әліпби желісі бойынша, 3-топқа реттілік бойынша айтуға тапсырма беремін.
(«Менің компьютерім» қапшығы терезесінде қандай айналдыру жолағы берілген?)
1-топ: «Менің компьютерім» қапшығы терезесі элементтерін жатқа айтады.
2-топ: «Менің компьютерім» қапшығы терезесі элементтерін әліппи желісі бойынша айтады.
3-топ: «Менің компьютерім» қапшығы терезесі элементтерін реттілік бойынша атап шығады.
ІХ. «Кім жүйрік?»
1.Файлдарды бумалардан ажыратып жаз, қате жауаптарды анықта.
Lettet.txt, Book, Name*2, List:doc, 2006 год, Windows.jpg, Windows, Dom.doc
2. Графикалық файлдарды тап
aaa.bmp, leto.doc, mama.jpg, ura.wav, dog.txt, cat.jpg, boy.xls, music.txt, book.mp3, box.ppt, game.bmp,vopros.wav, otvet.txt.
3.Келесі файлдарда не сақталуы мүмкін?
House.doc
House.bmp
Оқушылар тапсырманы жеке-жеке дәптерлеріне орындайды.Тапсырмаға жазылған жауаптарды оқиды,неге олай жауап бергендерін түсіндіреді. Содан соң интерактивті тақтадан көрсетілген дұрыс жауап бойынша өз жұмыстарын тексеріп, қателерін түзейді.
X.«Білгенге маржан»
Құрал-саймандар тақтасының құралдарын стандартты батырмаларын атына сәйкестендіру. Әр топтан бір оқушы шығып тапсырманы интерактивті тақтада орындайды. Жауаптарын салыстырады, қатесін түзейді.
XІ.Сабақты қортындылау.
«Тақырыптық түйінді сөздер»
Ақпарат, тапсырмалар тақтасы, кодтау, терезе, процессор, диалогтік терезе, компьютер, файл, ЭЕМ,тышқанмен жұмыс,қатты диск, қапшық, ішкі жад, команда,жүйелік блок,белгіше, анықтама, абак,бума, таңбаша,күту режимі, иерархия, жұмыс қапшық, желілік қапшық, монитор, әмбебап, айналдыру жолағы, программалау жүйелері, файл типі.
Сөздер банкісінен бүгінгі тақырыпқа қатысты түйінді сөздерді теріп алып, біздің тақырып банкісіне салады.
Үйге тапсырма:Оқу. Тест құрастыру
Бағалау: