Урок по казахскому языку для 6 класса Ту?ан жерімні? таби?аты.Етістік


Туған жерімнің табиғаты. Етістік
Тақырыбы: «Туған жерімнің табиғаты »
Грамматикалық тақырыбы: Етістік
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: туған жердің табиғаты туралы білімдерін толықтыру,сауатты сөйлеуге
дағдыландыру,бүгінгі өмір талабымен
байланыстыру, етістікті қайталау;
 
Дамытушылық: оқушылардың пәнге деген қызығушылығын
арттырып,сабаққа деген белсенділігін ,ойлау,
сөйлеу,танымдық,ізденімпаздық қасиетін арттыру;
 
Тәрбиелік : туған жерге деген сүйіспеншілікке,табиғатты қорғауға, Отанын
құрметтеуге,сүюге баулу.
 
Сабақтың типі: дәстүрлі емес сабақ
 
Сабақтың түрі: қорытынды сабақ
 
Сабақ әдісі: ізденіс,проблемалық,сұрақ-жауап,жеке,жұптық
жұмыс,рөлдік ойындар
 
Көрнекілік: Қазақстан Республикасы картасы,суреттер,слайдтар,
кестелер, оқушылардың жеке жұмыстары
 
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті,музыка,география,тарих
 
Сабақ барысы: 1) Ұйымдастыру кезеңі
2) Үй тапсырмасын тексеру
 
1.Жаңа сабақ:
Балалар,бұл жол басы даналыққа,
Келіңдер,байқап түсіп қаралық та.
Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп,
Соларды көре тұра қалалық па? — деп ағартушы ғалым, қазақ зиялысы А.Байтұрсынов «Оқуға шақыру» өлеңімен балаларды оқуға тартып,білім нәрімен сусындауға шақырған болатын.Мен де бүгін өздеріңді сапалы білім,саналы тәрбие алуға шақырамын.
- Сәлеметсіңдер ме,балалар!Ал бүгін кезекті қазақ тілі сабағымызды бастайық.Бүгін бізге қонаққа ұстаздарымыз келіп отыр. Бұрылып амандасайық. Сондықтан өздеріңнен қысылмай,білімдеріңді көрсетулеріңді сұраймын.
2. «Жүрек жылуы» тренингі
Армысың,шапағатты күніміз,
Армысың,мейірімді күніміз,
Армысың,ұлы Отан –анамыз,
Келді Сізге өзіңіздің балаңыз.
 
– Мен сізге сәттілік тілеймін.
– Мен сізге әдептілік тілеймін.
– Мен сізге адалдық тілеймін.
– Мен сізге инабаттылық тілеймін.
– Мен сізге сыйластық тілеймін.
– Мен сізге денсаулық тілеймін.
– Мен сізге сыпайылық тілеймін.
3. Бүгін сіздермен етістік тақырыбын еске түсірейік. Слайдтағы сұрақтарға жауап береміз.
1.Етістік дегеніміз не?
2. Етістік қандай сұрақтарға жауап береді?
3. Етістіктің қандай түрлері бар?
4. Кластерге қараймыз. Мұғалімнің көмегімен балалар  етістіктен өткендерін қайталайды.
Етістік дегеніміз не?              Сабақты етістік
Дара етістік-                          Болымды –
Күрделі етістік -                    Болымсыз-
Негізгі етістік -                      Есімше –
Туынды етістік -                             Көсемше –
Салт етістік -                          Тұйық етістік –
Балалар мысал келтіреді, естеріндегін айтады.

5. Сабақтың эпиграфы:
Таза болса табиғат, аман болар адамзатАуа - өмірің,су – қазынаң,Жер - үйің, ата мекенің.
6. Кіріспе
1.«Ой қозғау» кезеңі.
Ал,құрметті балалар, бәрімізге ортақ сөзді анықтап алайық
Бізге ортақ сөз,бізді біріктіретін сөз ол – «Табиғат » сөзі.
Олай болса,мына «Табиғат» деген кластерді толтырамыз.
 7. «Қазақстан табиғаты» слайдты қараймыз,оқимыз.
8. Сөзден сөздер құру «Қазақстан» сөзінен етістік құрып көрейік.
Ат,ас,тақ,қаз.
9. Енді біздің ауданымыздың табиғатына шолу жасаймыз. Физика-географиялық картосызба бойынша қай жерде жануарлар қорығы бар екенін көрейік.
Афанасьевка селосында ботаникалық шағын қорығы ,
Жалтыр ауылында хайуанаттар шағын қорығы бар.Дәптерлеріңе жазып алыңдар.
Афанасьев шағын қорық бар.
10. «Табиғат-анамыз» өлеңін мәнерлеп оқып, мәтінге айналдырып жаз.
Табиғат ол-анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Құшағында ойнаймыз,
Шаттық әнге саламыз.
Жазда аралап тауын да,
Барамыз біз бауына.
Өзеніне шомылып,
Жүгіреміз жауында.
Н.Жанаев.
Мысалы: Жазда тауға барамыз. Өзенде шомыламыз.
11. Келесі тапсырма: Сөйлемді аяқта ... Етістікті қолданып.
а. Мен етістік тақырыбын...
ә.Мен тек жақсылық ...
б. Адамдар құстарды ...
в. Мен досымды ...
г. Мектеп бітіргесін ...
ғ. Мен ұшқыш болуды ...
д. Біз қоршаған ортаны ...
12. Сергіту сәті «Адасқан әріптер».
Гунерку - кенгуру, Илікне - инелік, сіркетке - кесіртке қылаб - балықКебіре - бекіре, қарар - арқарТікрүб - бүркіт, Винпинг – пингвин
13. Мәтінмен жұмыс 96 бет,1 тапсырма «Туған жерімнің табиғаты»
14. Сөздікпен жұмыс:
Айнала-вокруг
Жазықтар-равнины
Таңғаласың-удивляешься
Әрбір-каждый
Қызғалдақтар-тюльпаны
Бұлақ – родник
Әседігіне-к красоте
Көкте күлген күнің-сияющее на небе солнце
Көк аспаның-синее небо
Гүлдеген-цветущий
Сүйемін-люблю
Сол себепті-поэтому
15. ҚорытындылауТабиғатты қорғау үшін бәрімізКүресейік, бір - бір ағаш егейік.Текке отырмай жасымыз бен кәрімізТаза ауа үшін терімізді төгейік!
16. Инсерт әдісін қолданып, сабақты қорытындылау.
Не білдім? Не білгім келіп еді? Не білемін? Оқушылар өз ойын айтады.
17. Оқушылардың көңіл-күйін анықтау үшін кесте бойынша жұмыс жасаймыз.
18 . Үйге тапсырма
3 - тапсырма, 97 - бет.мақал-мәтелдерді жаттау. Етістік ережесін қайталау.18 . Бағалау
Сабақ аяқталды ,қош сау болыңыздар.