Перпендикуляр ж?не к?лбеу (ашы? саба?)


Сабақтың тақырыбы: Перпендикуляр және көлбеу (1-слайд)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
1) Планиметрия курсынан жаңа материалға қажетті білімді еске түсіру;
2) Берілген нүктеден жазықтыққа перпендикуляр түзу салу, көлбеу ұғымдарын енгізу;
3) Планиметрия мен стереометрияның сәйкес тақырыптары арасындағы ұқсастықты көрсету.
Дамытушылық: оқушылардың бойында түзулер мен жазықтықтардың өзара орналасуын елестете алу дағдысын дамыту, ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру.
Тәрбиелілік: пәнге деген қызығушылықтарын ояту, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, оқушылардың патриоттық сезімдерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың типі: жаңа білімді беру.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрсету.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, оқулықтағы 40,41 суреттер салынған слайдтар.
Пәнаралық байланыс: Сызу, тарих, әдебиет, информатика.
Сабақтың жоспары:
Ұйымдастыру бөлімі
Математикалық ой-шынықтыру Жаңа сабақ.
Сабақты бекіту. Математикалық диктант.
Есептер шығару.
Дұрыс жауапты тауып, өлең жолдарын оқу.
Үйге тапсырма.
Сабақты қорытындылау.
Оқушыларды бағалау.
Сабақтың ұраны:
«Түсіну, үйрену және қолдана білу» (2-слайд)
29718005651522860056515
1-слайд 2-слайд
I. Ұйымдастыру бөлімі
II.Математикалық ой- шынықтыру (слайдпен жұмыс)
Қайталау сұрақтары:
1. Геометрия пәнінің бөлімдерін ата.
2. Планиметрияда қандай түзулер перпендикуляр деп аталады?.
3. Стереометрияда қандай түзулер перпендикуляр деп аталады?.
4 Нүктеден түзуге дейінгі қашықтық дегеніміз не?.
III. Жаңа сабақты меңгерту.
Қайталау нәтижелерін пайдаланып, берілген жазықтыққа түсірілген перпендикулярдың кескінін салып, анықтамасын берейік. (3-слайд)
1143001066802857500106680
3-слайд 4-слайд
Анықтама
Берілген нүктеден берілген жазықтыққа түсірілген перпендикуляр деп берілген нүкте мен жазықтықты қосатын және осы жазықтыққа перпендикуляр түзудің бойында жататын кесіндіні айтады.
[АВ] - перпендикуляр, В - нүктесі перпендикулярдың табаны
Берілген жазықтыққа түсірілген көлбеудің кескінін салып, анықтамасын берейік.
(4-слайд)
Анықтама
Бір ұшы жазықтықта жататын және жазықтыққа перпендикуляр болмайтын кесіндіні жазықтыққа көлбеу деп айтады.
[АС] -- көлбеу, С нүктесі көлбеудің табаны.
Перпендикуляр мен көлбеудің табандарын қосатын кесіндіні көлбеудің проекциясы деп атайды. [СВ] - көлбеудің проекциясы. (5-слайд)
29679902159011049021590
5-слайд 6-слайд
Анықтама.
Нүктеден жазықтыққа түсірілген перпендикулярдың ұзындығын нүктеден жазықтыққа дейінгі қашықтық деп айтады.
Һ - ара қашықтық. (6-слайд)
IV. Математикалық диктант (Бекіту сұрақтары) (7-слайд)
Жазықтықпен тік бұрыш жасай қиылысатын түзу.............
Жазықтықты қиятын оған параллель емес түзу .........
Перпендикулярдың жазықтықтағы ұшы...........
Көлбеудің жазықтықтағы ұшы........
Перпендикуляр мен көлбеудің табандарын қосатын кесінді........
Нүктеден жазықтыққа түсірілген перпендикулярдың ұзындығы.........
3082290145415567690135890
7-слайд 8-слайд
V. Оқулықпен жұмыс . Есептер шығару №109 есеп (8-10 слайдтар)
57150091440


9-слайд 10-слайд
№113 есеп. (11-12 слайдтар)
45720088265
11-слайд 12-слайд
VI. Дұрыс жауапты тауып, өлең жолдарын оқу.
Біздің бұл сабағымыз желтоқсан айында өткізіліп отыр. Сондықтан есептің шешуі «Жауабыңды тексер» слайдтары арқылы тексеріліп, егер жауабы дұрыс табылған болса, сол жауап үстінен басса, жерлес ақындарымыздың желтоқсан оқиғасына арнап жазылған өлең шумақтарын оқуға болад
39490652540226695021717000


13-слайд 14-слайд 15-слайд

VII.Үйге тапсырма: № 109(2), № 114 есептер.
“Көлбеу және перпендикуляр” тақырыбын оқып келу.
VIII. Сабақты қорытындылау.
Сонымен оқушылар, біз бүгінгі сабағымызда кеңістіктегі перпендикуляр мен көлбеуді қарастыра отырып, есептердің дұрыс жауаптарын дұрыс табу арқылы өлең жолдарын алдық. Бұл өлең жолдары біздің есімізге алда келе жатқан осыдан 28 жыл бұрынғы 1986 жылдың желтоқсанын есімізге түсіреді. Желтоқсан оқиғасы ұлтымыздың жанын жаралап, жүрегіне ызғар шашып кетті, бостандық еркіндік үшін өрімдей жап-жас қыз-жігіттер жазықсыз құрбан болды. Оларда сіздер сияқты, тек 80-жылдардың студенттері болатын. Біздер әрқашан Ербол мен Қайраттың от жүрек үніне, Сәбира мен Ләззаттың намысын қорғаған ерлігіне, күнәсіз күйген келбетіне бас иеміз.
IX.Оқушыларды бағалау.
Сабақ соңында оқушылардың тиісінше еңбектері бағаланды.