Та?ырыбы: «Математика еліне саяхат» Ма?саты: Геометриялы? денелермен таныстыру(конус, бесб?рыш,т?ртб?рыш,цилиндр,ше?бер) Санау да?дыларын,ойлау,есте са?тау ?абілеттерін дамыту. Балаларды? д?ниетанымын жетілдіру, ??ыптылы??а, на?тылы??а ?й


Тақырыбы: «Математика еліне саяхат»
Мақсаты: Геометриялық денелермен таныстыру(конус, бесбұрыш,төртбұрыш,цилиндр,шеңбер)
Санау дағдыларын,ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Балалардың дүниетанымын жетілдіру, ұқыптылыққа, нақтылыққа үйрету.
Сабақтың түрі : Жаңа сабақ - Флипчарт сабақ.
Әдіс тәсілдері: Түсіндіру,ойын,сұрақ-жауап.
Билингвальды компонент: Бір-один-one ,Екі-два-two,Үш-три-three,Төрт-четыре-four,Бес-пять-tive.Пішіндер-фигуры-shapes,Сандар-цифры-numbers.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі:
Шаттық шеңбері:
Біз қандаймыз?
Шұғылалы таңдаймыз,
Күлімдеген күндейміз!
Еш уайымды білмейміз.
Арайланып таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Қайырлы таң балалар,
Қайырлы таң достарым!
Тәрбиеші : Балалар сендердің математика еліне саяхатқа барғыларың келе ме?
Балалар : Ия барғымыз келеді
Тәрбиеші : Балалар бұл ғажайып елде ағайындылар болыпты ,олар он екен ,бірақ бұл ағайындылар әлемде бәрін есептейді екен бұл ағайындылар нелер болды екен балалар?
Балалар : Олар сандар 1,2,3,4,5,6
Тәрбиеші: Балалар сандар ,пішіндер қандай ғажайып елде өмір сүреді?
Балалар: Математика елінде
Тәрбиеші: Мен бір өте қызықты ертегі білемін ертеде математика елінде 5 ағайын өмір сүріпті.Цилиндр,шеңбер,конус,төртбұрыш,бесбұрыш.Бір күні олар бір-бірімен ренжісіп бесеуі бес жаққа кетеді .Бұны естіген математика ханшайымы өзінің көмекшісін, ағайындыларды татуластыруға жібереді.Ағайындылар бір-біріне өте қатты ренжіген болатын,бір-бірімен татуласу үшін олар геометрикке тапсырмалар берді.Балалар ол жалғыз өзі тапсырмаларды орындай алмайды ,бізден көмек сұрайды.Көмектесеміз бе балалар?
Балалар: Ия көмектесеміз.
Төртбұрыштың бірінші тапсырмасы:
1. Сандарды тура және кері санап беріңдер.
Екінші тапсырмасы: «Адасқан сандар»(Сандарды ретімен қой ).
1,4,5,3,2,6
1.2,3,4,5,6.
Тәрбиеші: Балалар геометрик саяхатты одан әрі жалғастырады.Енді ол конусқа келеді.
Конустың бірінші тапсырмасы :
Менің 10 жақсы көретін сандықшаларым бар.Мен оның үшеуін геометрикке сыйға берем,ал енді менде неше сандықша қалды? 10-3=7
Екінші тапсырмасы
Шыршаның астында неше қоян жасырынған?
Тәрбиеші: Балалар денемізді сергітіп алайық
Сергіту сәті
«Көңілді күн»
Геометрик ,төртбұрыш,конус енді шеңберге келді.
Шеңбердің тапсырмасы:
Мына заттарды ата және олар қандай пішінге ұқсайды?
Балалар: Бұл заттар шеңберге ұқсайды.
Тәрбиеші: Ал бесбұрыш өте арманшыл еді.Ол гүлдерді өте жақсы көретін.Бесбұрышқа көмек берсеңдер ол қуанып қалар еді.
Бесбұрыштың тапсырмасы: Пішіндерден гүл құрастырыңдар.
Тәрбиеші : Ал енді цилиндр жалғыз қалғысы келмеді.Ол өзінің бауырларымен татуласқысы келді, бірақ ол жолды білмейтін кәне балалар көмектесеміз бе.
Балалар: Ия көмектесеміз.
Цилиндірдің тапсырмасы: Өзеннен өту үшін қай тақтайшамен өтеміз балалар?
Балалар : Қызыл түсті тақтайшамен өтеді.
Тәрбиеші : Міне балалар сендердің көмектеріңнің арқасынан бауырлар бір-бірімен татуласып математика еліне оралды. Математика патшайымы өте қуанды, бауырлар бір-бірімен тәту-тәтті өмір сүрді.
Қорытынды
-Балалар сендер қандай пішіндерді білесіңдер?
-Сандар мен пішіндер қандай ғажайып елде өмір сүреді?
-Бүгінгі оқу іс-әрекеті сендерге ұнады ма?
-Балалар, бүгін барлығың оқу іс-әәрекетіне жақсы қатыстыңдар, тапсырмаларды жақсы орындадыңдар жарайсыңдар, рахмет.
«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің
«Бәйтерек» балалар бақшасының мемлекеттік комуналдық қазыналық кәсіпорны
«Бекітемін»
«Бәйтерек» балалар
бақшасының меңгерушісі:
Қ.А. Жунусова

Тақырыбы:
«Математика еліне саяхат»
Ересектер «Балдаурен» тобы
Орындаған тәрбиеші: Тохтиева Жанат Жамалдиновна
2016ж