Ашы? саба? Тік б?рыш, с?йір б?рыш ж?не до?ал б?рыш
Сабақтың атауы Тік бұрыш, сүйір бұрыш және доғал бұрыш
Мақсаты Геометриялық фигуралар және олардың қасиеттері туралы түсінік қалыптастыру.Тік бұрыш, сүйір бұрыш және доғал бұрыштың мәнді белгісін айқындайды.Логикалық ойлауды, зейінді дамыту.
Оқыту нәтижесі
Оқушылар бір–бірін құрметтеуге үйренеді.
Бұрыштарды бір-бірінен ажырата алады.
Сыни тұрғыдан ойлау, сөйлеу қабілеттері шыңдалады.
Ортақ шешім шығаруға икемделеді.
Топта бірлесіп жұмыс істей алады.
Сабақ типі:
Әдіс - тәсілі: аралас сабақсұрақ - жауап, топтық және жекелей жұмыс
Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, топтарға бөлу, шығармашылық тапсырмалар, пікірталас.
Топқа бөлу Бірліктер, ондықтар, жүздіктер және мыңдықтар болып 4 топқа бөлінеді.
Әр топ есеп шығару арқылы топтың атын анықтайды.
Әр топ өз аттарын мына мысалдарды орындап, шешуін кему ретімен жазып, өз топтарының атын анықтайық.БІРЛІКТЕР ОНДЫҚТАР ЖҮЗДІКТЕР МЫҢДЫҚТАР7+8=15 Ү 5+5=10 Л 8+8=16 І 9+6=15 Ы6+6=12 Р 7+7=14 Д 7+7=14 К 8+9=17 А8+8=16 С 9+4=13 О 9+9=18 Т 8+8=16 З9+5=14 Й 5+6=11 А 9+9= 18 Ж7+6=13 І 7+5=12 Ғ 8+4=12 Қ
СҮЙІР БҰРЫШ, ДОҒАЛ БҰРЫШ, ТІК БҰРЫШ, ЖАЗЫҢҚЫ БҰРЫШ
Психологиялық ахуал
Топтың ұрандары Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
Шырылдады қоңырау,
Біз сабақты бастаймыз.
Партамызға отырып,
Өзара көз тастаймыз.
Табыс тілеп көзбенен -
Жаңа білім алуға
Алға қадам аттаймыз. Тек бес біздің бағамыз Біліммен бақыт табамыз.Өнер - білім көп тоқып,Өсе берсін санамыз.
Оқып, білім аламыз,Біз көңілді баламыз.Математика пәніндеТапқыр, алғыр боламыз.
Қызығушылықты ояту - Артық фигураны кім айтады? (сәуле). Себебі?- Ал мына қатарда қай фигура?
(үшбұрыш )- Ал мұнда ше? (Тұйықталған сызық)- Соңғы қатарда? Сопақша- Жарайсыңдар!- Осы геометриялық фигураларды қандай екі топқа бөлуге болады?- Сызықтар, көпбұрыштар Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып, ерекше ынтамен кіріседі.
Жаңа сабақ Бұрыш–— бір нүктеден шыққан әр түрлі екі сәуледен құралған геометриялық фигура. Сәулелер бұрыштың қабырғалары, ал олардың ортақ нүктесі бұрыштың төбесі деп аталады.
Бұрышты түрлері
Егер бұрыштың қабырғалары түзу құраса онда мұндай бұрышты жазыңқы бұрыш дейді
Өзінің сыбайлас бұрышына тең бұрышты тік бұрыш дейді
Тік бұрыштан кіші бұрышты сүйір бұрыш дейді
Тік бұрыштан үлкен, жазық бұрыштан кіші бұрыш доғал бұрыш деп аталады
Есте сақта!Сызғыштан басқа бұрыштарды дәл салу үшін транспортир деген құрал қолданылады. Транспортир - градустері бөліктерге бөлінген сызғыш90° - тік бұрыш0° ден 90° - сүйір бұрыш90° артық болса - доғал бұрыш
Тік Сүйір Доғал Жазыңқы
Дәптерімізге бұрыш салайық. Ол үшін алдымен нүкте қоямыз. Енді осы нүктеден екі сәуле жүргіземіз. Сәулелер бұрыштың қабырғасы болады.
Мысал: Өмірмен байланыстыру.Сандық - оның бұрыштары тік болады.Астана қаласындағы пирамидасы - сүйір бұрыштар, тік бұрыштары, доғал бұрыштары бар.Құрақ көрпе - әр түрлі бұрыштар бар.
Сынып- оның бұрыштары тік болады
Мағынаны тану
Үшбұрыштың тік бұрышы нешеу?
Сүйір бұрышы нешеу?
Доғал бұрышы нешеу?
Төртбұрыштың тік бұрышы нешеу?
Сүйір бұрышы нешеу?
Доғал бұрышы нешеу?
Математикалық диктантдәптерге тек жауаптарын жазып, тексереміз.
5+2=7 20-5=15
6+6=12 50+30=80
10-5=5 40+20=60
Ал енді өзіңді өзің бағала!«5» – қатесіз орындалған жұмыс;«4» – 1 немесе 2 қате жіберілсе;«3» – 3 немесе 4 қате жіберілсе;«2» – 5 немесе одан да көп қате жіберілсе
Оқушылар топпен оқулықтағы тапсырмаларды орындайды.
Сергіту сәті АКТ–ны қолданЫП, сергіту сәтін жасау
Ой толғаныс
Шығармашылық тапсырма:
Мына әріптерден математикаға байланысты сөздерді тап.к ғ а й з в ц а ы ұ к ғ ша й ы р м а ң й ы о е о ы н а н а з а й т қ ы ш ы В
о і ғ с ы р е а ы қ ш қ л
е к қ ы р п т з н а б ү һя п б к е м о т ғ с й с Л ғ а ө а й ы р ы м ы т е ң
( азайғыш, айырма, азайтқыш, қосылғыш, артық, кем, тең )
Топтық жұмыс. Суретшілер.
Геометриялық фигураларды пайдаланып (төртұрыш, үшбұрыш, шеңбер, кесінді)адам, үй, көлік т.б суреттер құрастыру.
Талантты және дарынды балалармен жұмыс
Топ басшылар логикалық сұрақтарға жауап беру
Үйге тапсырма 95-бет №6 Күнделіктеріне жазып алады
Бағалау Формативті бағалау: мадақтау, оқушылардың бір–бірін қолпаштауы, мұғалімнің жиынтық бағалауы. Бағалау парақшасын толтырады
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады