Презентация. ?иярды? адам а?засына пайдасы ?ылыми жоба 24 бет
КІРІСПЕ
Салауатты тамақтану өзімізге деген сенімділікті күшейтеді. Сіз ажарлы көрінесіз, өзіңізді жақсы сезігесіз. Көбірек қуатқа ие боласыз. Біз ең кем дегенде күніне 1 рет көкөністерді жеуіміз қажет. Алуан түрлі тұрғысынан қарастырғанда көкөністер мен басқа азықты салыстыруға болмайды. Олар тағамдарды түрлендіреді.
Нақты деректер бойынша 1000-ыншы жылдары-ақ ежелгі Қытай, Рим, Мысыр қөкөністермен айналысқан екен.
Дәрумендермен ағзаны сақтайтын заттармен қамтамасыз етеді. Осы табиғаттың игілігін күн сайын пайдаланатын болайық. Және өзіміздің көтеріңкі көңіл-күймен сымбатты дене бітімімен және де келешектен ауру- сырқаулардан сақтауды қамтамасыз етеді.
Көкөністердің 80 тұқымдасының 600-ден астам түрі өсіріледі. Көкөніс дақылдары – негізінені шырынды өнімдер, жапырақты өсімдіктер, тамыр- жемісті өсімдіктер. Жеміс ұрықтылар қызанақ, қияр, бұрыш. Жапырақтар: қырыққабақ, салат, пияз және сарымсақ.Тамыр жемісті өсімдіктер: сәбіз, қызылша, ақжелкен, шалқан.
Жеміс-жидектер де, көкөністер де дәрумендерге шипалық қасиетке, азық-түліктік құндылықтарға өте бай.
Зерттеу мақсаты:
Қиярдың өзіндік ерекшеліктерін таныта отырып, оның адам ағзасына тигізетін пайдалы жақтарына терең талдау жасау. Қиярды тұрмыста пайдалану және оның емдік қасиеттерін ашып көрсету.
Міндеттері:
Қиярдың шығу тарихын айқындау;
Қияр көкөнісіне сипаттама беру;
Қиярдың түрлерін зерттеп білу;
Қиярдың адам ағзасына пайдасын анықтау;
- Аякс F1 қиярын өсірудің сұрыптық технологиясын жасау. - Қиярдың өсіп-өнуін зерттеу арқылы, оны өсіру, күтіп-бағу әдістерін меңгеру.
Негізгі бөлім
2 Қиярға сипаттама және оның адам ағзасына пайдасы
2. 1 Қиярдың шығу тарихы
Қияр – ең ежелгі көкөністі өсімдіктердің бірі, ол үш мың жыл бойы танымал. Ол – кәді, самсар сияқты асқабақ тұқымдас бір жаздық дақыл. Орта ғасырда гректерден славян халықтары «қияр» деген атты алғаны белгілі. Гректердің «аугурос», «огурец» аорос піспеген, пісіп жетілмеген деген мағына береді. Жаңа жыл санауымызға дейінгі бес мың жыл бұрын осы аймақтарда өсіре бастағаны белгілі. Осы аймақтардан Жерорта теңіз елдеріне, Батысқа да, Шығысқа да тарала бастаған. Ертедегі Египетте, Гректерде, Римдіктерде қияр өсіруді әдеттегідей қарапайым жұмыс деп есептеген. Олар қиярды дәмді тағам деп санаған.
Энциклопедиялық еңбектердің мәліметіне қарағанда, қияр 6000 жылдан астам уақыт бұрын пайда болған. Оның отаны – Үндістанның тропикалық және субтропикалық аудандары. Гималайдың етегінде әлі күнге дейін қиярдың ең көне, жабайы түрлері өседі екен. Қияр дәстүрлі діндердің қалыптасуына өзек болған кітаптардың бірі – Інжілде Мысырда өсірілетін көкөніс ретінде аталады. Ежелгі римдіктер мен гректер де қияр өсіріп, жей білген. 1528 жылы неміс елшісі Герберштейн өзінің қолжазбасында Мәскеу мемлекетіне жасаған саяхаты кезінде қияр жегенін жазыпты. Қиярдың Ресейде өсіріле бастағаны шамамен осы кез болса керек. Қазақстанда қияр өсіру ХІХ ғасырдың соңғы жылдарынан бастап кең тараған.
Үндістан
2. 2 Қияр көкөнісіне сипаттама
Қияр - ( HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9B%D0%B0%D1%82%D1%8B%D0%BD_%D1%82%D1%96%D0%BB%D1%96" \o "Латын тілі" лат. Cucumis sativus ) асқабақ тұқымдасына жататын бір жылдық көкөніс дақылы. Жарық, ылғалды және жылы жерлерде жақсы өседі. Суыққа төзімсіз. Сабағы жатаған не өрмелегіш, түкті, мұртшалары арқылы шырмалып өседі, ұзындығы 1-2 метрге дейін барады. Жапырағы кезектесіп орналасқан, ұзын сағақты, түкті. Гүлі сары, дара жынысты. Жемісі — қияр. Жемісі – жеуге жарамды, тұқымы көп, шырынды және түсі жасыл болып келеді. Түріне байланысты көлемі әр түрлі болады.
Қиярдың құрамы. Құрамында 95—96% су, 4—5% құрғақ зат, құрғақ зат құрамында 2—25% HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D0%BD%D1%82" \o "Қант" қант, 1% HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D0%B5%D0%BB%D0%BE%D0%BA" \o "Белок" белок, 0,1% HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%B0%D0%B9" \o "Май" май, 0,7% HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%9A%D0%BB%D0%B5%D1%82%D1%87%D0%B0%D1%82%D0%BA%D0%B0&action=edit&redlink=1" \o "Клетчатка (мұндай бет жоқ)" клетчатка, HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D0%B0%D1%80%D0%BE%D1%82%D0%B8%D0%BD" \o "Каротин" каротин, органикалық қышқылдар, HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%AD%D1%84%D0%B8%D1%80_%D0%BC%D0%B0%D0%B9%D1%8B" \o "Эфир майы" эфир майы , HYPERLINK "http://www.bonduelle.kz/mikroelementter-men-mineraldy-tuzdar" калий, фосфор, кальций, магний, темір, мырыш, С, В1, В2, В5, В6, РР, Е HYPERLINK "http://www.bonduelle.kz/kokonister-sizdin-usteldegi-darumender-kozi" дәрумендері, А дәрумен негізі бар.
2289810431804-5% құрғақ зат
004-5% құрғақ зат
217551045847095 - 96% су
2- 25% қант
1% белок
Эфир майыкалий
фосфор
кальций
магний
темір
мырыш
дәрумендер
95 - 96% су
2- 25% қант
1% белок
Эфир майыкалий
фосфор
кальций
магний
темір
мырыш
дәрумендер
2. 4 HYPERLINK "http://agroway.kz/files/Agroway_price_list_kz.xls" Қиярдың түрлері
HYPERLINK "http://agroway.kz/kz/catalog/15-2011-12-27-03-10-54"
Ерте сатуға және өңдеуге арналған корнишон типті қиярлар HYPERLINK "http://agroway.kz/kz/catalog/16-2011-12-27-03-11-10"
Жабық грунтқа арналған корнишон типті қиярлар HYPERLINK "http://agroway.kz/kz/catalog/17-2011-12-27-03-11-23"
Тегіс жемісті және қысқа жемісті қиярлар HYPERLINK "http://agroway.kz/kz/catalog/18-2011-12-27-03-11-37"
Жабық грунтқа арналған орташа жемісті қиярлар
Ерте сатуға және өңдеуге арналған корнишон типті қиярлар
-76200186055
АЯKС F1 (Ajax)
Конец формы
Өте ерте пісетін, гүлденуі аналық типті аралармен тозаңданатын, өнімділігі жоғары және тұрақты будан. Қуатты ашық өсімдік, бір буында бірнеше өсімдік көгін қалыптастырады жемісі біркелкі, күңгірт көк, ақ бүртенді, ұзындығы 6-12 см, дәмдік және тұздауға сапасы жақсы, тегі ашы емес, қабығы нәзік, тасмалдауға төзімді. Пикуль өсіруге өте ыңғайлы будан. Қияр теңбілінің вирусқа тұрақты, ақ ұнтақ ауруына тұрақты, жалған ақ ұнтақ ауруына толерантты.
4
0-52070КРИСПИНА F1 (Сrispina)
Ерте пісетін, жоғары өнімді, ақбүрілі, ірі қырлы корнишонды типті партенокарпик, сапасы жеткілікті. Өсімдік қуатты, ашық, бір буында бірнеше өскіндер түзеді. Жемісі күңгірт-көк, сарғаймайды, тұздауға өте тиімді. Пикуль өсіруге ең жақсы келеді. Ауаның қуаңшылығына төзімді, қияр теңбілінің вирусқа, ақұнтаққа, жалғанды ақ ұнтаға толерантты. Шпалерлі ашық грунтта және әйнекті жылыжайлардың екінші айналымында белгіленген өнім алу үшін өсіруде таптырмайтын таңдау болып табылады.
055245ВЕРТИНА F1 (Vertina)
Жаңа ерте пісетін партенокарпикалық гибрид өңдеуге арналған. Тұздау мен маринадтауға жақсы. Жемістердің өнімділігі, тауарлылығы және тасмылданғыштығы жоғары. Вертина F1 өсімдігі жақсы өседі және күшті тамырлық күшке ие. Бір түйінде бірнеше өскіннің болуын қалыптастырады. Жемістері бір текті, бірдей қою жасыл түсті, сарғаймайды, тікенекті, дайын өнімнің тамаша дәмін сақтау арқылы өңдегеннен кейінде күтірлеуік қасиетін жоғалтпайды. Күшті өсімдіктер өсірудің айрықша жоғары және тұрақты өнімдер болуын қамтамасыз етеді, ыстыққа шыдамды және қияр ауруларына төзімді.
Жабық грунтқа арналған корнишон типті қиярлар
-11430033020 HYPERLINK "http://agroway.kz/kz/catalog/16-2011-12-27-03-11-10/products/8--f1-barvina?nocat=true" HYPERLINK "http://agroway.kz/kz/catalog/16-2011-12-27-03-11-10/products/8--f1-barvina?nocat=true" БАРВИНА F1 (Barvina/5037 PU)
HYPERLINK "http://agroway.kz/kz/catalog/16-2011-12-27-03-11-10/products/65--f1-nemo?nocat=true" Үлдірлі және әйнекті жылыжайлардың бірінші және екінші айналымында өсіру үшін құрылған қиярдың партенокарпиялық буданы. Орташа бойлы, генеративті түрдегі өсімдік, ортаңғы сабақта астықтың негізгі мөлшерін
қалыптастырады, жоғары өнімді, жақсы көлеңке түзуге бейім. Тартымды жемістері диаметрі 3,1:1 есептелген ұзындығы 10-12 см жылтыр, ірі кедір-бұдырлы, цилиндрлі, тегіс және біркелкі сипатымен қою-жасыл түске ие, жоғары тасымалдылығымен ерекшеленеді. Өсімдікті отырғызудың ұсынылатын арақашықтығы 2,8-3,5 дана/м2. Отырғызу қалыңдығына және өсімдіктің даму күшіне байланысты 1-3 жапыраққа өгейлерді құрастырумен бір сабаққа қалыптастыру.
Тегіс жемісті және қысқа жемісті қиярлар
-11430036195 ОРЗУ F1 (Orzu)
HYPERLINK "http://agroway.kz/" Салатқа арналған партенокарпикалық, өте ерте пісетін тегіс жемісті қияр буданы. Өсімдік ашық, өсу қуаты орташа буынаралығы қысқартылған және желі сабағы аздау. Орзу F1 буданы бір буында бір мезетте 3-4 толық жетілген жеміс береді, жинап алғаннан кейін сол буында жаңа гүлдену және түйіндену қалыптасады. Жемісі салыстырмалы қысқа (10-13 см) қытырлақты шырынды тығыз балдырлы, дәмі өте қаныққан, жағымды қиярдың иісі бар, біркелкі күңгірт-көк және тасымалдауға төзімді.
Жабық грунтқа арналған орташа жемісті қиярлар
-11430040005 ИНФИНИТИ F1 (Infiniti)
HYPERLINK "http://agroway.kz/" Әйнекті және үлдірлі жылы жайларға көктемгі-жазғы және жазғы-күзгі метрайналымда өсіруге арналған ерте пісетін тегіс жемісті партенокарпиалық қияр. Өсімдік қуатты, бірақта өсу жағы шартталған өсімдік. Жеміс салуы негізгі сабағына келеді. Бір буын арасында бірнеше түйін салады. Жеміс тегіс,
ұзындығы 17-18 см, көк, жылтырлы,
мүсіні цилиндірлі, қабықшасы қырлылау. Жемісі жақсы сақталынады және алыс жолға тасымалдауға төзімді.
-114300192405
МАКСИМУМ F1 (Maximum)
HYPERLINK "http://agroway.kz/" Әйнекті және үлдірлі жылы жайларға көктемгі-жазғы метрайналымда өсіруге арналған ерте пісетін тегіс жемісті партенокарпиалық қияр. Өсімдік ашық, дамуы өте қуатты, стрестік жағдайларға қарсы тұруы жоғары. Жеміс салуы негізгі сабағына келеді.
Жемісi тегіс, ұзындығы 17-18 см, диаметрі 3-4 см, күңгірт-көк, жылтырлы, мүсіні цилиндірлі, қабықшасы қырлылау. Дәмдік және тауарлық сапасы өте жоғары. Көктемгі және жазғы отырғызу мезгілінде өнімділігі өте жоғары будан. Бір буын арасында бірнеше түйін салады. Жемісі жақсы сақталынады және алыс жолға тасымалдауға төзімді.
-11430091440 МАГНУМ F1 (Magnum)
HYPERLINK "http://agroway.kz/" Шыныланған және үлдірлі жылыжайларда өсіруге арналған тегіс жемісті партенокарпикалық қияр. Күзгі-қысқы және қысқы-жазғы метроайналымдарда өсіруге жарамды. Өсімдіктер күшті өседі, бүйірлік бұтақтары күшті, төменгі температуралар мен ауа-райының бұлтты жағдайына төзімді. Негізгі түйін салуы басты сабағынан басталады. Гибридтің түйін аралары қысқа, әрбір түйінде 1-2 жеміс қалыптастырады. Жемістері тегіс, ұзындығы 18-20 см, қою жасыл түсті, жылтыр, сырты аздап бұжырлы, жемістері жақсы сақталады.
2. 3 Қиярдың адам ағзасына пайдасы
95 пайызы судан тұратындығына қарамастан, қияр дәрумендер мен микроэлементтерге өте бай. Оның құрамында В тобына жататын дәрумендермен қатар, жүрек-қан тамырлары үшін пайдалы калий, организмдегі зат алмасу процесінің қалыпты жұмысы үшін қажетті йод және аскорбин қышқылы бар. Бір қызығы, қиярдың көлемі неғұрлым кіші болса, оның құрамындағы С дәруменінің мөлшері оғұрлым көп болады. Қияр астың дұрыс қорытылуын қалыпқа келтіріп, зат алмасу жұмысын реттейді. Қиярды табиғи күйінде немесе тұздап тағамдарға пайдаланады.Бұл көкөністе ағзамыз қажет ететін пайдалы заттардың көбісі жинақталған. Олар: B1, B2, B3, B5, B6, С дәрумендері, фолий қышқылы, кальций, темір, магний, фосфор, калий мен мырыш. Ұйқы алдында бір қияр жеп алыңыз. Ол ағзаңызға қажетті мөлшерде қант, дәрумендер мен электролиттер береді.
Қиярдың емдік-шипалық қасиеттерін Антик дәурінде-ақ білген. Гиппократ жас қиярдың жемісін өкпе ауруын емдеу үшін тағамға көбірек пайдалану пайдалы деп есептеген. Қияр жемісіндегі пайдалы калий элементі (148 мг%) адам ағзасынан артық су мен ас тұзын шығаруға әсерін тигізеді және жүрек тамыр жүйесінің нығайуын күшейтіп жақсартады. Қияр жемісін тағамға пайдаланғанда атеросклерозға, толысып семіруге, қан қысымының көтерілуіне қарсы қолдануды ұсынады, сондай-ақ асқазанды жеңілдетіп босатуға, өт пен зәр жүргізуге жақсы әсерін тигізеді. Адам ағзасының буындарында тұз жиналғанда қиярды бал немесе қант қосып тағамға пайдалануды ұсынады. Қияр жемісінен алынған жас шырынды ішу де өте пайдалы. Қияр жемісінің шырынындағы болатын органикалық қышқылдарды басқа дақылдардың құрамынан кездестіруге болмайды, сондықтан осыны ертедегі римдіктер зәм – зәм суына теңестірген.
Қиярдың дәрілік қасиеттері адамға ежелгі заманнан мәлім. Мысалға, Х- ғасырда жазылған «Прохладный ветроград» атты орыс кітабында қиярдың шырыны өте пайдалы деп айтылған. Халық медицинасында ішек-қарын, асқазан шаншып ауырғанда тыныштандыратын, әрі ауруды басатын дәрі ретінде қияр шырынын ұсынады және шеменді жүрек ауруларына байланысты ісінгенде емдеуге пайдаланылады. Жоғарғы тыныс жолдарына, жөтелге қарсы қияр шырынына бал қосып ішкенде жақсы әсер тигізетінін анықтаған (2-3 ас қасықтан тәулігіне 2-3 рет). Қиярдың шырынын ауыр қол жұмыстарындағыларды инфаркті миокардадан сақтандыру үшін өте пайдалы деп ішеді, оның үстіне ол нерв жүйесін тыныштандыруға және оны нығайтуға әсерін тигізеді деп тұжырымдайды. Тәулігіне 100 мл қияр шырынын ішуді ұсынады. Осыны басқа қара қарақат, алма, қызанақ (2:2:1) және (20:1) шырындарымен қосып пайдаланғанда әсерлік күштері арта түсетіндігі анықталған .
Кавказ халықтарының медицинасында пісіп жетілмеген қияр жемісінің және сабақ – жапырақтарының қайнатпасымен сары ауруды, бауырдың ауруын емдеуге ішкенді ұсынады. Қияр тұқымдарының қайнатпасын бүйрек және қуық ауруларын емдеуге сүргі дәрі ретінде пайдалануды ұсынады.
Жас қияр шырыны емдік – сақтандырғыш және әдемі – сәндік дәрісі ретінде жоғары бағаланады: бет терісін ағартуға, уылжытып тонусын жақсартып, оған күліңгір барқат түс беруге әсерін тигізеді және осымен қатар бөртпелерді, секпілдерді, безеулерді, пигмент дақтарын жоюға жақсы әсерін тигізеді.
Соңғы кездері қияр жемісінен және басқа да асқабақ тұқымдас дақылдардан табылған кукурбитационды паталогиялық тері рак ауруының өсіп, тарауын тоқтататын мүмкіндігі анықталды, осыған байланысты жаман ауруды емдеуге пайдалануда.
Қиярдың тамырынан алынған сығындысын СПИД-тың дамуын тежеп, тоқтататындығы мерзімді баспасөз мәлімдемелерінде жарнамаланып жүр.
Қазіргі медицина мамандарының тұжырымдамасында қиярдың құрамындағы никотин сияқты зат бар, темекі тартуды қойғысы келгендерге қиярдың жас жемістерінен бастап, маринадталған, консервіленген және т.б. тағамға пайдалануды ұсынады. Осымен қатар тағы да осы зат альцгеймер ауруына қарсы тұратындығының анықталғанын қорытындылайды.
Қияр жемісіндегі күкірт шаштың түсуінен сақтандырады, тістің, тырнақтың жағдайын жақсартады дейді мамандар.
Қияр жемісінің тағы бір құндылығы құрамындағы йодтың жеңіл сіңірілуінде, ал осы микроэлемент қалқанша безінің жақсы жұмыс жасауын қамтамасыздандыратындығы анықталған.
Арықтаудың ең оңай түрі - қияр жеп арықтау, - дейді. Бұлай арықтау еш қиындық тудырмайды. Жасыл қияр дәмді ғана емес, денсаулыққа өте шипалы. Қияр ағзадағы зат алмасуды реттеп, ішектерді тазалап, теріні нәрлендіреді. Қиярдың құрамында калорий аз болады, сондықтан ол майлы тағамдардың ағзаға екі-үш сағатта сіңіп кетуіне мүмкіндік жасайды. Сонымен қатар, көкөністің бүл түрі белгілі мөлшерде ағзаға қажетті дәрумендерді береді. Қияр жеп арықтауды қолға алған адам, үш күннен соң-ақ артық салмақтан арыла бастағанын байқайды.
Қарапайым қиярдың күнделікті пайдасы
Бұл көкөністе ағзамыз қажет ететін пайдалы заттардың көбісі жинақталған. Олар: B1, B2, B3, B5, B6, С дәрумендері, фолий қышқылы, кальций, темір, магний, фосфор, калий мен мырыш.
Ауыр жұмыс күнінен шаршап келдіңізбе? Кофені қоя тұрыңыз. Тоңазытқыштан бір балғын қиярды тазалап, жеп көріңіз. Құрамындағы В дәрумендер топтамасы көмірсутектер сізді бірнеше сағатқа энергиямен қамтамасыз етеді.
Кішкене әжім мен целлюлитке қарсы қымбат кремдерді алудың қажеті жоқ. Қиярдың бір тілімімен теріңізді сүртуді әдетке айналдырсаңыз, келешекте бұл сіз үшін қиын мәселе болмайды. Қияр құрамындағы фитохимиялық заттар теріні берік қылып, целлюлит пен әжімдерден сақтап қалады.
Кешке отырысқа барып, көп қыдырып, шаршадыңыз ба?
Ұйқы алдында бір қияр жеп алыңыз. Ол ағзаңызға қажетті мөлшерде қант, дәрумендер мен электролиттер береді. соның арқасында таңертең көзіңіз іспей, басыңыз ауырмай оянасыз.
Үйге шаршап келдіңіз бе?
Қиярды текшелерге бөліп, қайнап тұрған суға бір қайнатыңыз. Осы судың буымен дем алсаңыз, қиярдағы пайдалы заттар бумен беріліп, бойыңызды сергітеді.
Жағымсыз иістен қалай құтыламыз?
Түскі астан кейін қол астыңызда сағыз табылмады ма? Қиярдың бір тілімін тіліңізбен таңдайыңызға жабыстырып, осылайша 30 секунд тұра тұрыңыз. Осылайша ауыздағы жағымсыз иісті қоздыратын бактерияларды өлтіресіз.
Бас ауруынан құтылу үшін бірнеше тілім желінеді.
Шаршағаныңызды тез арада басу үшін бір қияр, кофеден, шәйдан немесе сусыннан жақсырақ.
Шиеленіс пен қалжырағандық сезілгенде, қайнаған судың ішіне бір қиярды жіңішке тілімдермен кесіп салып, бөлмеге қойылады.
Аяқ киім кремі бітіп қалса; аяқ киімді кесілген қиярмен сүртуге болады.
Шұңғылша (раковина) мен айналарды тазалау үшін бір тіліммен ысқылауға болады.
Құрт-құмырсқа үшін: бірнеше тілімді алюминді табаққа немесе қабыршық қағазға (фольга) немесе топыраққа орналастырылады.
Қияр майлы бетке өте пайдалы. Құрамында теріні жұмсартатын көптеген заттар бар. Әжімді кетіру қиярдың жартысын сығып, шырынын сөлін алып, жұмыртқаның ағымен араластырыңыз. Бір ас қасық лимон шырынын, 1 ас қасық арақпен, бірнеше тамшы қарамаймен (бензойная смола) көбігі шыққанша қозғаңыз. Болған сұйықтықпен бетті сүртіп, көмектескеніне көз жеткізесіз.
Қорыта айтқанда, адам ағзаларының қалыпты қызмет етіп, қолайсыз жағдайдан қорғаныштық қасиетінің арта түсуінде қиярдың орны ерекше.
1. Ағзадағы улы, керексіз заттарды шығарадыҚияр 95% судан тұрады. Сонымен қатар, қиярдың құрамында ағзаға қажетті дәрумендер (С, В) бар.
2. Диета кезінде пайдалануға боладыАртық салмақтан арылғысы келгендер қиярды жиі пайдаланғандары дұрыс. Өйткені, оның құрамында ағзадағы көмірсуларды майға айналдыруға жол бермейтін тартронды қышқыл бар. Жаңа піскен қиярдың құнарлылығы – 13,5/100ккал/гр.3. В витаминінің көзіҚияр В тобындағы витаминдердің көзі (В1, В2, В3, В6, В9). Сондықтан да оны күнделікті ас мәзіріңізде қолдану керек.
4. Ауыздағы жағымсыз иісті жоядыЕгер сізді аузыңыздың жағымсыз иісі мазаласа, онда қияр оны жоюға көмектеседі. Көкөністің бір тілімін 30 секунд аузыңызда ұстап тұрсаңыз, жағымсыз иісті қоздыратын бактерияларды өлтіресіз.
5. Көптеген аурулардың алдын аладыҚияр қатерлі ісік дертінің пайда болу қаупін төмендетеді. Сонымен қатар, қанның құрамындағы холестерин деңгейі мен қан қысымының бірқалыпты болуын реттейді. Қияр шырыны ұйқы безінің инсулин бөліп отыруына көмектесетін гормоннан тұрады. Сондықтан да бұл көкөніс сусамырмен (диабетик) қиналатындар үшін таптырмас дәрумен.
6. Тері және шашқа арналған керемет құралКүнге күйгенде немесе терінің тітіркенуі кезінде қиярды қолданған жөн. Көкөністің сыртын тазалап, терінің зардап шеккен жеріне қою керек. Сонымен қатар, қияр маскасы теріні ағартуға да көмектеседі. Ол үшін кесілген қиярды бет терісіне қойып, бірнеше уақыт ұстау керек. Ал, қиярдың құрамындағы кремний мен күкірт шаштың өсуіне қуат береді.
7. Целлюлитпен күреседіЦеллюлитпен күресіп жүрген адамдар үшін суды көп ішу маңызды. Жоғарыда айтқандай, қиярдың 95%-ын су құрайды.
3 Эксперименттік бөлім
3. 1 HYPERLINK "http://agroway.kz/kz/agroinfo/11-2012-01-19-06-58-01/23------f1" Аякс F1 қиярын өсірудің сұрыптық технологиясы
Негізгі мәліметтер. Аякс F1 қияры — жоғары потенциалдық мүмкіндігі бар,
жоғары өнімді будан. Тіпті минималды күтім кезінде де өнім өнімділігі 300—350 ц/га-дан кем емес. Минералдық және органикалық тыңайтқыштарды, өсімдікті қорғау құралдарын қолданып, Аякс F1-ді
тамшылық суармалы ағаш қатарында өсіруді қамтитын жоғарғы агротехника
көмегімен өнімділік айтарлықтай көбейеді. Ағаш қатарында өсіру кезінде 600—700 ц/га-дан кем емес, ал тыңайтқыштарды
енгізу мен тамшылық суармалау үйлесімі кезінде 1000 ц/га-дан жоғары жинады.
Аякс F1-ді қыш құмырада көшет ретінде отырғызған жақсырақ. Бұл біріншіден, ертерек өнім алуға, екіншіден, азырақ дәнді пайдалануға, дамудың бірінші кезеңінде өсімдікті жақсырақ қорғауға мүмкіндік береді. Көшетті орманды дала, тоғайлы ойпат жер аймағында, 15-25 мамыр аралығында, ал далалықта 5-15 мамыр аралығында отырғызады. Диаметрі 8см-ден кем емес қыш құмыраларды пайдаланады. Қыш құмыралар орнына арнайы таблеткаларды пайдаланған жақсырақ. Сонымен қатар көшетті түрлі препараттармен өңдеулер пайдалы. Еккенде 22-25 күндік көшетті (3-4 жапырақ) көшіріп еге алатындай егу керек. Көшет ашық жерге егер алдында жақсы шыңдалған болу керек.
Тұқымның өнуін бақылау. Аякс Ғ1 қияр тұқымының өнуі үшін қажетті жағдайларды тәжірибе арқылы анықтадым. Қияр тұқымын мамыр айының 15-ші жұлдызында үш шыны ыдысқа салдым.
№1 ыдысқа қиярдың тұқымының 10-15 талын салып құрғақта қалдырдым. №2 ыдыстың түбіне мақта салып дымқылдап, қияр тұқымының 10-15 талын салып, әр уақытта мақтаның дымқыл болуын қадағалап, жылы жерге қойдым. №3 ыдыстың ішіне су құйып қияр тұқымының 10-15 талын салып тоңазытқышқа қойдым. 4 күннен кейін байқағаным №1 ыдыстағы тұқымда еш өзгеріс жоқ. Су жетіспегендіктен құрғақ тұқымдар өнбеген. №2
ыдыстағы тұқым қабығы жарылып, өне бастаған, себебі барлық жағдай жеткілікті. №3 ыдыстағы тұқым жылу жетіспегендіктен өнбеген.
Тұқымдарды отырғызу. Өнген Аякс Ғ1 қияр өскінің 19 мамыр күні екі ыдысқа салдым. Бірінші ыдысқа құнарлы топырақ салып, күннің көзі мол түсіп тұрған, жылы бөлмеге қойдым. Екінші ыдысқа жай топырақ салып, күннің көзі нашар түсетін бөлмеге қойып, су құйып бақыладым. 6 күннен кейін бірінші ыдыстағы қияр өскінінің алғашқы жапырағы шықты. 15 күннен кейін күн көзі нашар түсетін бөлмедегі қиярдың өскінінің алғашқы жапырағы шықты.
Топырақты дайындау. Отырғызуға топырақты алдын ала дайындайды. Қатар бойына минералдық тыңайтқыштар мен көңнің бөлігі салынатын кішкентай
жүйектер жасау. Жүйектердің ені 60-70 см, қатардағы өсімдіктер арасындағы ара-қашықтық 15—20 см. Отырғызылған көшеттен алыс емес жерде тамшылық суармалау түтегін орналастырады. Тамшылық суармалау суару кезінде су шығынын үнемдеуге, сонымен қатар, тыңайтқыштар мен қияр ауруының қозғағыштары мен топырақ зиянкестері жиынына қарсы қорғау құралдарын жергілікті енгізуге мүмкіндік береді. Жүйекті жабындау үлдірлерімен жабу топырақты тезірек жылытты.
Қияр тағам ретінде де, сұлулыққа да пайдасы зор. Қиярды егу үшін құнарлы қоректік топырақ қоспасынмына мөлшерде дайындайды. Топыраққа шірінді, шымтезек, ағаш ұнтағын қосу керек. Осының бәрін қосып араластырады.Қоспаны жәшікке салмас бұрын жәшіктің түбіне 1 -2 см су сіңгіш заттар, кірпіш қалдықтарын, қиыршық тастар,панаплас салуға болады.Топырақты жәшікке салғаннан кейін оған жылы су құяды.Өсімдік отырғызу үшін жылы жерге қояды.Үй жағдайда қияр өсірудің нәтижелері блу үшін, оны күту ғана емес,сорттарын таңдап алуға болады.
Мамыр айында жаңа қияр алу үшін көшетке деген тұқымды шамамен ақпанның - 15 – 20 –ларында салған дұрыс. Ал үйде өсіру үшін осы топырақты алып терезе алдына қоямыз. Оған жарық,жылу керек. Су құйып, оларға үстеп қоректеме береді. 1 айда бір рет сиыр немесе құс қиын (1 стақан ын 1 л суға езеді, өсімдікке құяды.
Көшеттерді жүйектерге отырғызу. Үйде өсірілген көшеттерді маусымның
2-сі күні ауладағы бақшаға отырғыздым. І-ші жүйекке құнарлы топырақ және
марганец түйіршектері салынған сумен алдын ала суғарып, тыңайтқыштар қостым. ІІ-ші жүйекке отырғызылған көшеттердің топырағы құнарсыз және бұл жүйекке күн сәулесі нашар түседі.
І-ші жүйек ІІ-ші жүйек
Жүйектер тамшылап суғару әдісімен де суғарылды
Қиярдың күтімі. Жүйектердің топырағын қопсытып, арам шөптерін жұлып, жаңа өскен сабақтарын қыстырып, суардым. Кейіннен қопсыту жұмыстарын
әр 10 күн сайын қайталап тұрдым. Қопсыту жұмыстарымен бірге
арамшөптерін жұлдым. Бірақ тамыр сабағына абай болу керек. Қиярды
бірқалыпты, мол суарады. Судың жетіспеушілігі қиярдың тез өсуіне кедергі
болады, сондықтан қиярды кешке қарай, күні бойы күн астында тұрған жылы сумен де суғардым. Бұл қиярдың тамырларының суып кетуіне жол бермейді.
Аякс F1 қиярын көшет кезінде тамырлық және бұтақтық шіруден сақтау үшін, жүйелі әрекет ететін фунгицид пайдаланған ең жақсы. Көшетті алаңға көшіріп отырғызған соң, қорғауды солай ақ препараттар көмегімен жүзеге асырады. Тиімді қорғау үшін бүркітуді жеміс бергенге дейін, ауа райы жағдайына байланысты жүйелі түрде 8-14 күн сайын жүргізіп отырады. Жеміс беру мерзімінде, қиярды қорғау қажеттілігі кезінде, жемістің максималды санын жинап, оны қайта өңдеу керек.
Қиярды суғару
Жүйектегі өнімдерді жинап алып, қиярдың әрі қарай тағы да өнім беру үшін,
күнделікті суғарып, арамшөптерін жұлып, түбін қопсытып отырдым.
Қиярлардың жапырағы көбейіп, тым жайылып кеткеннен кейін жүйектің екі жағына ағаш қойып, жіптер байладым. Қиярдың сабақтарын жіптерге орап жоғары қарай өсуіне жағдай жасадым.
Қиярдың жемісі. Жеміс піскен кезде әрбір 2 апта сайын минералды тыңайтқыштармен тыңайту керек. 9 маусымда І-ші жүйектегі қиярдың ұзындығы 3см ұзарды, ал ІІ-ші жүйектегі қиярдың ұзындығы 1,5см өсті. Бірнеше күннен кейін алғашқы гүлдері шыға бастады. Дұрыс күтіп-баптағаннан кейін маусымның 30 күні І-ші жүйектен алғашқы қиярды алдым. Ал ІІ-ші жүйектегі қияр шілденің 10 күні шықты. Алған қиярлардың ұзындығын және салмағын өлшедім. 1 жүйектен мол өнім алынды және қиярдың салмағы 75 г, ұзындығы 12 см болды. Ал ІІ-ші жүйектегі қиярлардан аз өнім алынды.
Қиярды тұздау
Қияр жемістерін тұздау үшін анама көмектестім. Ол үшін қиярларды бірнеше қайтара суық сумен жудым. Басқа да керекті дәмдеуіштерді әзірлеп қойдым. Анам банкілерді зарарсыздандырды, суыған банкілерге барлық әзірлеген қажетті нәрселерді салып, қайнаған су құйып, салқындағн суды төгіп, керекті мөлшердегі тұз бен қант, 2 дана аспирин дәрісін салып, қақпақпен жауып, жылылап, үстін жауып қойдық. Анам маған қиярды күтіп-баптап көмектескенім үшін «рақмет» айтты.
Қорытынды
Қияр тұқымының өнуін бақылау нәтижесінде, тұқым өну үшін су, жылу, ауа қажет екендігі байқалды. Су – тұқымның өнуі үшін қажет, су жетіспегендіктен құрғақ тұқымдар өнбейді. Қияр тұқымы +150С –та өнді, сондықтан жылу қажет екені байқалды.
Екі ыдысқа отырғызып, әр түрлі жағдайларда өскен өскіндерді бақылау нәтижесінде байқағаным қолайлы жағдайларда, құнарлы топыраққа отырғызылып, жылы жерде, күн сәулесі мол түсіп тұрған бөлмедегі қияр өскінінің аз уақыт ішінде тез көтерілгенін, ал құнарсыз топыраққа отырғызылып, күн сәулесі аз түсетін бөлмеге қойылған өскіннің өсуіне көп уақыттың қажет болғанын байқадым. Қияр өскінің жақсы өсуі үшін құнарлы топырақ, күн сәулесінің мол түсуі, жылу және жарық қажет екеніне көз жеткіздім.
Көшеттерді жүйектерге отырғызып әр түрлі күтілген қияр көшеттерінің де өнімдері әр түрлі болатынын байқадым. Қолайлы жағдайда өскен жүйектегі қияр мол өнім беріп, ал құнарсыз топырақта, көлеңкелі жерде өскен қияр өнімін аз болды.
Дұрыс күтіп бапталған көкөкніс тез өсіп, жетіліп, жақсы жеміс беретініне осы бақылау арқылы көз жеткіздім.
«Өсімдіксіз тіршілік жоқ» олай болса өсімдіктерге аяушылықпен қарайық, ешбір жеріне дақ түсірмеуге тырысайық, қорғайық, көбейтейік, күте білейік!
Мектепте гүл өседі. Соған байланысты мен үйде гүлден басқа аскөк,бұршақ ,пияз өсімдіктерді өсіруге бола ма деп,өзім терезе алдына көкөністерді өсіріп, зерттегім келді.Ең алдымен көкөністер тулалы мәліметтер біліп, тұқымдарын танысып және оған қажетті құнарлы топырақтар туралы мәліметтерді білдім. Топырағын жиі қопсытып отырдым. Шыққан даметрларын өлшеп және суды да мөлшерлеп құйып отырдым. Өскен сайын да су мөлшерін көбейтіп отырдым. Оның өсуі де жиіледі. Себебі мен оны күнің көзі жақсы түсетін терезелерге алмастырып отырды.
Адам ажарлы көрініп, өзіні жақсы сезіну үшін жақыс тамақтанып, дәрумендермен ағзаны сақтайтын заттар мен қамтамасыз ету керек. Сонда көбірек қуатқа ие боласыз. Біз ең кем дегенде 1 рет көкөністерді жеуіміз қажет. Алуан түрлі тұрғысынан қарастырғанда көкөністер мен басқа азықты салыстыруға болмайды.Көкөністер тағамдарды түрлендіреді.
Ал дәрумендермен ағзаны сақтайтын заттар мен қамтамасыз етеді. Осы табиғаттың игілігін күн сайын пайдаланатын болайық.Және өзіміздің көтеріңкі көңіл - күймен сымбатты дене бітімімен және де келешектен ауыру – сырқаулардан ағзамызды сақтай білуіміз керек.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
« Көкөніс дақылдарының сорт айырмашылық белгілері» Құсаинова Г.С Кәмпитова Г. А Өтешқалиев А. Ө 2009 жыл « Агроуниверситет»
« Айғақ» газеті №47 Денсаулық беті 12-бет 21.02. 2012 жыл.
Құлжабаева Г.Ә «Өсімдіктер әлемі» оқу-әдістемелік кешені. Жемістер:
Дидактикалық материал. - Алматы, 2011.
«Көрікті болғыңыз келсе... қарапайым косметика» Ә. Қоңырбекұлы «Алтын алқа» баспасы Шымкент 2010 жыл
Шаңырақ: Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы: Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990