«Та??ажайып жасыл ?лем» п?ндік ?йірмесі (1-сынып)


Мектептің әдістемелік кеңес Бекітемін
отырысында қаралды «Зырян қаласының №9
«----»қыркүйек 2015ж. орта мектебі» КММ
Хаттама №------------ директоры: Тогузова А.З.
«-----» ---------------- 2015ж
«Таңғажайып жасыл әлем»
үйірмесі
1 «Б» сынып

Үйірме жетекшісі:Жампеисова К.И.
2015-2016 оқу жылы.
Түсінік хат
Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың кең тараған түрі – үйірме жұмысы.Үйірменің үйретері көп. Бала білімінің молаюына, дүниетаным аясының кеңеюіне үйірмелердің, сыныптан тыс жұмыс түрлерінің тигізетін әсері мол. Үйірме жұмысы алдымен оқушылардың функционалды оқу сауаттылығына бағытталуы тиіс, сонда ғана ол оқушылардың ынта-ықыласын толық қанағаттандыра алады.
Үйірме сабақтарында проблемалық, эвристикалық әдістерді жиі пайдаланған дұрыс. Бұл оқушылардың ойлау қабілетін арттырып, ізденгіштік дағдыларын тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Пәндік үйірмелер – мектеп бағдарламасы бойынша түрлі пәндерді кеңіте, тереңдете оқыту арқылы тиісті ғылым, әдебиет салаларына оқушылардың қызығушылығын көздейтін сыныптан тыс ғылыми білімділік жұмыс түрі. Пәндік үйірмелер оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, өзіндік зерттеушілігі мен дағдыларын қалыптастырады.
«Таңғажайып жасыл әлем» үйірмесінде оқушыларға қоршаған орта мен адамның арасындағы қарым – қатынастар, табиғи ортаның біртұтастығы және бір - бірімен қатынас түрлері, табиғат нысандары, өсімдіктер мен жануарлар туралы алғашқы оң және теріс көзқарастар туралы білім беріледі. Адамның табиғатқа деген сұранысы мен қамқорлығы, туған өлке мен атамекен, тұрмыстық ғимараттар, оның табиғаттан алынып жасалатыны, тұрған мекені мен оның құрауыштарының қажеттілігі туралы ой - өрістері дамытылады. Адамның табиғатты пайдалану кезіндегі теріс іс әрекеттерін көрсету арқылы олардың табиғатқа деген қамқорлығын, аяушылық сезімдерін ояту, өсімдік пен жануарлар дүниесінің адамға қажет екеніне толық көздерін жеткізу, үй және мектеп үлесіндегі өсімдіктерге қамқорлық жасау элементтерін бойларына дарыту.
Оқушыларда өсімдіктер мен жануарлардың әр түрлілігі мен бірлестіктерін, топтарын ажырату, олардың тіршілігі туралы қызығушылықтары мен ынтасын арттыру көзделеді.
Алғаш рет тірі организмдерді қорғау керектігін түсіндіру. Қызыл кітаптың мақсатын ұғындыру. Сол сияқты оқушылардың қоршаған ортаның сапасы, ластану және адамның денсаулығы арасындағы байланыстарды ажырату деңгейіне дейін білімдері дамытылады.
Оқушылар естіген және көргендерін қолымен ұстап түйсініп, табиғаттың әр түрлі құбылыстарынан ләззат алады. Туған мекенге деген алғашқы патриоттық сезімі оянады. Оқушылардың адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыруды сол әсем табиғатты қорғаудан, туған жер табиғатын сүюден бастауға болады.
Табиғат адамға қажет, баға жетпес байлық. Ол-ырыс пен мол қазынаның қайнар көзi. Сондықтан, халқымыз “Табиғат адамзаттың өмiр нәрi, қажетiнiң табылар содан бәрi” деп дәрiптеген.
Үйірменің мақсаты – қоршаған әлем тұтастығы туралы білім мен адамзаттың табиғатпен қарым-қатынас жүйесі негізінде жалпыадами құндылықтарды қалыптастыру.
Негізгі міндеттері:
туған жерінің табиғатына деген сүйіспеншілігін қалыптастыру;
оқушыға қоршаған ортаның әр алуандығын, тұтастығын, құндылығын, ондағы өзінің орнын сезінуге мүмкіндік беру;
күнделікті өмірде, зертханалық жұмыстарды орындау мен табиғатқа саяхат кезінде қауіпсіздік ережелерді сақтауға дағдыландыру;
«адам – табиғат» жүйесіндегі өзара қарым-қатынас жағдайын ұғындыру;
танымдық қызығушылығын, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту;
қоршаған ортаны сақтау мен қорғауға тәрбиелеу;
картадан өз Отаны мен туған жерінің өзен-көлдерін, тауы мен пайдалы қазбаларды тауып көрсетуге үйрету;
тірі және өлі табиғат нысандарын ажырату білігін дамыту;
танымдық қызығушылығын қанағаттандыру үшін алған білімдерін қолдана білу, туған жердің табиғи байлықтары, өсімдіктері мен жануарлары туралы қосымша ақпараттар іздестіре білу дағдыларын қалыптастыру;
бақылау, өлшеу, салыстыру дағдыларын қалыптастыру, өмірлік тәжірибелерін жетілдіру;
адам мен табиғаттағы тіршілік әрекетінің өзара байланысын, қоршаған орта заңдылығын, құбылысын, нысандарын меңгерту және оқушылардың адамның қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасы туралы түсініктерін кеңейту;
жаратылыстану ғылымы пәндерін одан әрі меңгеруге мүмкіндік беретін білім, білік, дағдыларын жетілдіру.
оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру.
Оқушылардың білім мен біліктілігіне қойылатын негізгі талаптар.
- айнала қоршаған ортаны бағдарлауды;
- табиғаттағы заттарды, өсімдіктер мен жануарларды;
- ауа, су, топырақты ажыратып олардың адам үшін қажеттілігін;
- адамның табиғаттағы орнын ажырата білулері тиіс.
- адамның айналадағы дүниемен қарым-қатынаcы;
-ауа, су, топырақтың маңызы мен қасиеттері;
-өсімдіктің көбеюі үшін қажетті жағдайлар;
-өсімдіктің тіршілік ортасы;
-үй жануарлары және жабайы жануарлар;
-жануарлар мен құстардың қоректенуі;
-өсімдіктер мен жануарлар арасындағы байланысы;
-жануарлар мен құстардың тіршілігіне қажетті жағдайлар;
-өсімдіктер мен жануарлардың адам өміріндегі рөлі;
- сурет пен сұлбаның айырмашылығын;
-Қазақстанның ірі қалаларының атаулары;
- Қазақстан Республикасының астанасы туралы білуі қажет.
Оқушылардың біліктілігі:
- табиғаттағы заттарды (өлі және тірі заттар) ажырата білу;
- ауа, су, топырақты ажырату және олардың пайдасы туралы айтып бере алу;
- өсімдік пен жануарларды ажыратып, олардың адам үшін қажеттілігін іс жүзінде білу.
- өзінің тұрған үйін, мекенінің тазалығын, жеке басының гигиенасын сақтауды;
- ірі құрылыстар, көліктердің түрлері, мектеп т. б. мекемелер туралы;
- тұрған мекенінің айналасындағы табиғат құрауыштарын, азық – түлік сапасын, айнала мен көше тазалығын сақтауды;
- үй және жабайы жануарларды ажыратып, олардың адам өміріндегі маңызын білулері тиіс.
Күтілетін нәтиже:
- айнала қоршаған ортаны бағдарлауды үйренеді:
- салыстыра және қорытынды жасай білуге дағдыланады;
- проблемалық жағдайларды шеше отырып, үнемі өзіндік ізденіске, болжау жасауға, өзіндік бақылау жүргізуге, табиғат құбылыстарының жалпы маңызды белгілерін және табиғаттағы заңдылықтарды табуға үйренеді;
- байқампаздық және іздену-зерттеушілік қабілеттері дамиды;
- өздігінен сапалы білім алуға, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренеді.
- алған білімдерін өмірде пайдалана білу дағдылары қалыптасады.
Үйірменің мазмұны /аптасына 1сағат/
№ Бөлім Тақырып
І Туған өлке 1.1 Өлкенің орны
1.2 Өз өлкеміздің жыл мерзімдеріндегі ауа райы
1.3 Күн шапағы астында. Таулар
1.4 Су тамшысының саяхаты. Қабатталған көлдер
1.5 Жер – біздің асыраушымыз
1.6 Құнар көзі. Өз өлкеңнің пайдалы қазбалары
ІІ Жануарлар – біздің достарымыз 1.1 Бізде қыстап қалатын құстар мен жануарлар. Сарышымшықтар
1.2 Тоқылдақ – орман дәрігері
1.3Сауысқан. Бейбітшілік құсы
1.4 Қыста құстарды күту
1.5 Құрдың киіз «байпағы»
1.6 Баларалар ұйықтай ма?
1.7 Не жазылған? /жануарлар іздері/
1.8 Құстарға неге сақина салады?
1.9 «Құлазыған шөл құлазып қалған ба?» Шөл жануарлары
2.0 Ауа райын болжайтын қанатты жәндіктер. Дала альбомы
ІІІ Жер асты қазыналары1.1 Адам не болар еді... Мұнайдың зардабы
1.2 Соколов- Сарыбай кен орны қалай ашылды
1.3 Қарағанды қалай ашылды. Екібастұз
Тұз шахтасында
1.4 Жезқазған. Қоңыраттың аталуы
«Қанатты металл»
ІҮ Жыл мезгілдері1.1 Қыркүйек – күздің басы. Құстардың қайтуы
1.2 Қараша айы –жануарлардың қысқа әзірлік айы
1.3 Желтоқсан – қыстың басы. Қар
Қысқы өсімдіктер
1.4 Жануарлардың қысқы ұйқысы
1.5 Өз біліміңді тексер. Қардың қандай пайдасы бар? Қар қиыршықтары қалай пайда болады?
1.6 Наурыз –көктемнің алғашқы айы Сең. Сүңгі
1.7 Халық тәжірибесінен.
1.8 Ағаштар оянды. Алғашқы гүлдер
1.9 Аңдардың «киім» ауыстыруы
2.0 Жаз. Үнемі ауада.«Құрғақ» жаңбыр.
2.1 Тамыз- жаздың соңғы айы
Ү Орман-тамаша тынығу орны 1.1 Орман сыйы. «Оның пәтері қай қабатта?»
1.2 Орманнан кім не алады?
1.3 Табиғатты қорғау
Жұмыс жоспары 33сағат
№ Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі
І Туған өлке 1.1 Өлкенің орны 1 1.2 Өз өлкеміздің жыл мерзімдеріндегі ауа райы 1 1.3 Күн шапағы астында. Таулар 1 1.4 Су тамшысының саяхаты. Қабатталған көлдер 1 1.5 Жер – біздің асыраушымыз 1 1.6 Құнар көзі. Өз өлкеңнің пайдалы қазбалары 1 ІІ Жануарлар – біздің достарымыз 1.1 Бізде қыстап қалатын құстар мен жануарлар. Сарышымшықтар 1 1.2 Тоқылдақ – орман дәрігері 1 1.3 Сауысқан. Бейбітшілік құсы 1 1.4 Қыста құстарды күту 1 1.5 Құрдың киіз «байпағы» 1 1.6 Баларалар ұйықтай ма? 1 1.7 Не жазылған? /жануарлар іздері/ 1 1.8 Құстарға неге сақина салады? 1 1.9 «Құлазыған шөл құлазып қалған ба?» Шөл жануарлары 1 2.0 Ауа райын болжайтын қанатты жәндіктер. Дала альбомы 1 ІІІ Жер асты қазыналары 1.1 Адам не болар еді... Мұнайдың зардабы 1 1.2 Соколов- Сарыбай кен орны қалай ашылды 1 1.3 Қарағанды қалай ашылды. Екібастұз. Тұз шахтасында 1 1.4 Жезқазған. Қоңыраттың аталуы. «Қанатты металл» 1 ІҮ Жыл мезгілдері 1.1 Қыркүйек – күздің басы. Құстардың қайтуы 1 1.2 Қараша айы –жануарлардың қысқа әзірлік айы 1 1.3 Желтоқсан – қыстың басы. Қар. Қысқы өсімдіктер. Жануарлардың қысқы ұйқысы 1 1.4 Өз біліміңді тексер. Қардың қандай пайдасы бар? Қар қиыршықтары қалай пайда болады? 1 1.5 Наурыз –көктемнің алғашқы айы. Сең. Сүңгі 1 1.6 Халық тәжірибесінен. 1 1.7 Ағаштар оянды. Алғашқы гүлдер 1 1.8 Аңдардың «киім» ауыстыруы 1 1.9 Жаз. Үнемі ауада.«Құрғақ» жаңбыр. 1 2.0 Тамыз- жаздың соңғы айы 1 Ү Орман-тамаша тынығу орны 1.1 Орман сыйы. «Оның пәтері қай қабатта?» 1 1.2 Орманнан кім не алады? 1 1.3 Табиғатты қорғау 1 Қолданылған әдебиеттер тізімі:
Мұғалімдер үшін:
1.«Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары» Иващенко А.А. Алматыкітап.
2.«Алтай алтын бесік, ата жұрт» Әлібек Асқаров.
3.«Ақсу – жер жаннаты» Қ. Ысқақ.
4.«Бастауыш сынып әдістемесі» журналы.
5.«Бастауыш мектеп» журналы,2014ж.
6. « Ашық сабақ. Факультативті сабақтар»,2014ж
7. «Соқпақ» ғылыми-әдістемелік журнал,2013ж.
8. «Жас ғалым». Балаларға арналған республикалық ғылыми-танымдық журнал,2012-2013ж.ж.
6.Интернет беттерінен www.google.ru , nova.rambler.ru
Оқушылар үшін:
1.«Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары» Иващенко А.А. Алматыкітап
2.«Алтай алтын бесік, ата жұрт» Әлібек Асқаров
3.Айгөлек журналдары.
4.Балдырған журналдары
5.Жыл он екі ай журналдары
6. Дүниетану. Оқушының қысқаша анықтамалық құралы /1-4сынып/, Ш.С. Мұхамадиева. Өскемен 2012ж.
7. Айналадағы дүниені бақылау күнделігі /1-4сынып/, 2010ж.
8. «Дүниетану. Атлас-хрестоматия, 1-4сынып» Кругликова С.В. 2013ж.