?ажайып ?лем 0 класс


Ғажайып әлем -ұйымдастырылған оқу іс -әрекетінің технологиялық картасы
Тәрбиеші: Рамазан.А.
Білім саласы: Денсаулық
Бөлімі: «Ғажайып әлем»
Тақырыбы: «Сиқырлы күз»
Мақсаты:Қарындаштармен жұмыс жасау арқылы күз мезгілімен танысу. Орманға саяхат жасай балалар қиялын дамыту. Қылқаламмен және бояумен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, сүйкеу жағу арқылы қағаз бетіне дақ түстіру кезіндегі қолдың қимыл -қозғалысын дамыту. Тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Билингвальды компонент:
Сөздік жұмыс: Тоңазып, саудырап.
Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар:Түрлі-түсті қарындаштар,күзгі жапырақтар, қылқалам.
Оқу іс -әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеттері Балалардың іс-әрекеттері
Мотивациялық -қозғаушы
-Балалар бүгінгі күнге сәттілік тілеп жаңа күнді бастамас бұрын шаттық шеңберін құрайық.
Арайлап атсын таңымыз,
Жайдары болсын күніміз!
Жайнасын бүгін жарқырап,
Армысың , Жомарт күз.
Арайлап атсын таңымыз,
Жайдары болсын күніміз!
Жайнасын бүгін жарқырап,
Армысың , Жомарт күз.
Балалар қимыл іс -әрекет арқылы көрсетеді.
Ұйымдастыру іздену -кезеңі -Балалар бүгінгі сабақты бастамас бұрын мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Жиын -терін болатын,
Қамбаға астық толатын,
Қызыл қырман ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
-Бүгінгі сабақ «Сиқырлы күз» туралы болмақ.
-Алдымен Күз мезгілі туралы не айтасыңдар?
Дидактикалық ойын: «Кім жылдам»
-Балалар бау -бақшада көптеген жемістер мен көкөністер өсіп тұр екен. Үлкен үстелдің үстінде екі себет тұр, осы екі себетке көкөністер мен жемістерді ажыратып саламыз.
«Жас суретшілер» саусақтармен жұмыс:
-Балалар алдымен құралдарымызды дайындап аламыз.
-Балалақ арнайы ақ түсті қағаздарды дайындап аламыз. Қазір қағазға терек бұталарының суретін саламыз, теректің бұтақ шоғырының түрі пирамидаға , жапырағы жалпақ,сағақты,ромб пішініне ұқсайды.
-Терек жапырағы шыққанга гүлдейді. Терек ағашынан сіріңке қағаз жасайды.
Сурет ішінде ойын ойнатылады.
-Неше мезгіл бар?
-Қандай мезгілдер екен?
- «Сиқырлы күз» біздерге арнап қорапша берген осы қорапты ашу үшін жұмбақ шешуіміз керек дейді.
Жұмбақ шешу.
Жаза тұрып жоғары,
Күзде жерге қонады.
-Жарайсыңдар балалар!
-Суреттер ішінен к төрт мезгілдің суреттері берілген. Сиқырлы күз -салынған суреттер қате жасалған екен дейді.
-Төрт топқа бөлініп салынған суреттер ішінен 10 айырмашылықтар тауып алайық.
«Жас суретшілер» жалғасы:
-терек бұталарын салу үшін қағз бетіне ,ең алдымен , үлкен бұтаны қалың сызықпен сызып салып аламыз. Осы үлкен бұтадан тармақтап кішкентайбұаларды саламыз. Содан соң,
терек бұтақтарына ретімен біртіндеп жапырақтар саламыз.
Жапырақтарды әдемілеп тегістеп бояймыз.
-Балалар суретке қосатын мүсіндерді қосамыз.
(Балалар салған суреттерді жинап тақтаға ілінеді.)
-Балалар сиқырлы күз сендердің салған суреттеріне қуанып рахметтерін айтты. Балалар жауаптары.
-Күз мезгілі.
-Күз мезглінде күн суытады, жапырақтар сарғайып ,жерге түстеді, жемістер, көкөністер піседі.
Балалар ойынға кіріседі.
Тиісті құралдарын дайындайды.
-4 мезгіл бар
-күз,қыс,көктем, жаз
-Жапырақ
-балалар қалам арқылы салынған суретті қатесін тауып ажыратады.
Балалар бағыттап отырып сурттерді салады.
Салынған суретке тағы қосымшы мүсіндер салады.
Рефлексивті -түзету -балалар бүгінгі сабақ не туралы болды?
-күз мезгілінің ерекшеліктері қандай?
-Тоңазып деп қай кезде айтылады? -Сиықрлы күз туралы.
Ажыратып айтады.
-күз мезгілінде күн суытып ,жерге қырау тұрады. Соны жер тоңазды дейді.
Күтілетін нәтижелер:
Білу керек: Терек түрлері жайлы түснітерді молаяды білімдерін жетілдіреді.
Игеру керек: Терек түрлері және оның бталарын қағаз бетіне түсіруді игереді
Меңгеру керек: қылқаламмен жұмыс жасауды ,қағаз бетіне сала білу икемділігі қалыптасады.
Тексерілді:______________________________