Химия ?ажайып ?лем
Калыбаев Ораз Наурызбаевич
химия пәнінің І санатты,
ІІІ деңгейлі мұғалімі
Тақырыбы “Химия ғажайым әлем” Интеллектуалдық ойыны
Мақсаты: Мектеп оқушылыларын химия пәніне қызықтыру, сабақта алған білімдерін қолдана білуге үйрету, ойша есептеу дағдыларын дамыту, көпшілік алдында өзін еркін ұстауын қалыптастыру;
Күтілетін нәтиже: Оқушылар сабақта алған білімдерін сайыс барысында қолдана алады, тез ойлап, нақты жауап береді, химиялық есептеулерді формулаларына сүйене отырып ойша есептейді, көпшілік алдында өзін еркін ұстап, ойын еркін жеткізеді, бәсекеге қабілетті.
Көрнекіліктер: Интербелсенді тақта, парақшалар, Д.И.Менделеевтің периодтық кестесі, ерігіштік кестесі, Н.Бекетовтың металдардың электрохимиялық кернеу қатары, формулалар, слайд, қаламсап, есептеуіш құралдар т.б.
Пән аралық байланыс: Биология,физика, медицина, тарих, әдебиет, музыка т.б.
Жүргізуші: 11 класс оқушысы, аудандық пән олимпиадасының жүлдегері
Гумарова Лаззат Асанқызы
Мұғалімнің кіріспе сөзінен кейін кластан тыс шараның мақсатымен таныстыра отырып слайд арқылы Лаззат кешті бастады:
Көңілді тапқыштар, білімділер,
Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады – дей келе алдарыңызда химия пәнінің адам өміріндегі маңыздылығын «Ұстазым» әнінің әуенімен 10 класс оқушысы Қартамбай Айкөркем шырқап береді:
ӘН: «Өркенде, шалқы химия»
1. Химия- жыр әніміз, шаттанамыз,
Табысын пайдаланып, мақтанамыз.
Кең байтақ кенге толы – Қазақстан
Қойнауы алтын-күміс, жатқан аңыз
Жайна да гүлден жер, қия,
Көңілге шабыт-нұр құя
Беделің артып өркенде
Аймақты қамтып химия,
Өркенде, шалқы химия!
2. Химия – ел ырысы, ғасыр үні,
Ғылымға қазіргі зор басын иді.
Талай жыл адамзатқа жұмбақ болған
Ашылды табиғаттың жасырыны
Жайна да гүлден жер, қия,
Көңілге шабыт-нұр құя
Молшылық көзі-химия
Апат та өзі - химия,
Тылсым ғылым бұл - химия!
3. Тыңайтқыш молайған соң ауылымда,
Дән өсті туған өлке сауырында.
Ішсең –ас, кисең – киім, үй жиһазы
Химия дәру болған сауығуға.
Иіткен тас, саз, құмды да,
Сенен зор, өктем туды ма?
Соғысқа сорға, қатерлі жолға
Жұмсалмасын химия
Жұмсалмасын химия
Жайна да гүлден жер, қия,
Көңілге шабыт-нұр құя
Беделің артып өркенде
Аймақты қамтып химия.
Бүгінгі сайысымызға 8-10 кластардан құралған екі топ қатысады.
Сайысқа түсуші екі топқа, сабырлық пен жеңіс тілеймін!
Біреуінің жүрегінің түгі бар,
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдағы жүгі бар,
Біреуінің күмбірлеген күйі бар,
Біреуінің қатты істейтін миы бар –дей келе сайысымызды бастайық
Ойын жоспары 5 бөлімнен тұрады:
I. Таныстыру (ұран)
II. Жорға. ( сұрақ-жауап)
III. Сиқырлы ұяшықтар
IV. Көкпар (есеп шығару)
V. Сыңарын тап
Сайысымызға әділ баға беретін әділ – қазы алқасын сайлап алайық:
Биология пәнінің мұғалімі Ақмарал Ұзақпайқызы
География пәнінің мұғалімі Альфия Файзоллақызы
Сәлем беріп отырған жалпыңызға,
Беріктігін білдіріп салтымызға.
Жеңіс деген біздерге сол емес пе,
Үлгі, өнеге қалдырсақ артымызға.
Жоқ ешкімнің шатасы,
Үлкендердің батасы.
Топ басшысы таныстыр
Сәлем - сөздің атасы.
І Бөлім таныстыру: Топ басшылары топ құрамымен таныстырады ( жоғары балл 5 ұпай )
І топ: Карнали тобы, топ басшысы Имашева Фариза 10 класс, Карабаллина Нэля 9 класс, Тасбулатова Айнұр 8 класс.
ІІ топ: Силикат тобы, Топ басшысы Кеңес Гүлден 9 класс, Абен Аймекен 10 класс, Мақу Серікболсын 8 класс.
Химия ғылымдардың бұл төресі,
Оза алмайды жарыста тар өресі.
Біліміңді көрсетер кезің келді
Басталмақшы кезеңіміз келесі
ІІ бөлім ЖОРҒА: Әр топқа 10 сұрақтан қойылады, әр дұрыс жауап 10 ұпай, жауап бере алмаған жағдайда келесі топ жауап беріп, ұпайды өздеріне ала алады. Слайд арқылы сұрақтар беріліп отырады, оқушылар жауап бергеннен кейін тақтаға дұрыс жауабы шығып, тексеріледі:
І топқа
Құм, саз араласқан ас тұзын қоспадан қандай әдіс арқылы тазартады? Сүзу
Судың буға айналуы қандай құбылыс? Физикалық
Экзотермиялық реакцияның белгілері? Жылудың бөлінуі
Жер қыртысында ең көп таралған металл? Алюминий
Термохимиялық теңдеу дегеніміз не? Жылу эффектісі көрсетілген химиялық теңдеу
Күміс элементі латынша қалай аталады? Аргентиум
Зат массасының сақталу заңын тұжырымдаған ғалым? М.Ломоносов
Таңбаның төменгі оң жағына жазылып атом санын білдіреді? Индикс
Қоңыр түсті, өткір иісті газ? Азот (ІҮ) оксиді
Ерітіндісі және балқымасы электр тоғын өткізетін заттар қалай аталады? Электролиттер
ІІ топқа
Айдау әдісі арқылы алынған су қалай аталады? Дистилденген су
Қалыпты жағдайда кез – келген газдың бір молі қанша көлем алады? 22,4г/л
Валенттілік қалай жіктеледі? Тұрақты және айнымалы
Тотығу дәрежелері өзгере жүретін химиялық реакция қалай аталады? Тотығу - тотықсыздану
Электролиттердің иондарға ыдырау процесі қалай аталады? Электролиттік диссоциациялану
Заттардың оттекпен әрекеттесуі қалай аталады? Тотығу
Құрам тұрақтылық заңын тұжырымдаған ғалым? Ж.Пруст
Адам ағзасында оттегі қанша пайыз шамасында кездеседі? 65 пайыз
Атом құрылысының планетарлық моделін ұсынған ғалым ? Резерфорт
Протон сандары тең, нейтрон сандары әртүрлі атомдардың түрі қалай аталады? Изотоптар
Тыңайтқыш молайған соң ауылымда,
Дән өсті туған өлке сауырында
Ішсең ас, кисең киім, үй жиһазы,
Химия дәру болған болған сауығуға.
ІІІ бөлім Сиқырлы ұяшықтар: Екі топ кезекпен ұяшық таңдайды, егер дұрыс жауап берсе сәйкес ұпайға ие болады, жауап болмаған жағдайда келесі топ жауап беруге болады.
Көміртек IV оксидінің техникалық атауы? Көмірқышқыл газы
Химиялық байланыстардың түрлерін ата? Коваленттік, иондық, металдық, сутектік.
Оксидтердің жіктелуі? Негіздік, екідайлы, қышқылдық
Ауаның сутек бойынша салыстырмалы тығыздығы нешеге тең? 14
Арпа – бидай ас екен, Алтын - ..... тас екен. Күміс – Серебро - Аргентиум
Ең көп қолданылатын және жемірілуге көп ұшырайтын металл. Темір – Железо - Феррум
Зат мөлшері 2 моль азоттың көлемі (қ.ж.) неше литр болады? 44,8 л
2Н2 + О2 =2Н2О +570кДж оттек 2 г сутекпен әрекеттескенде бөлінетін жылу мөлшерін табыңдар. 1140 кДж
Фосфордың оттекте жану теңдеуін жазып бер. 4P + 5O2 = 2P2O5
Реакция нәтижесінде бір ғана күрделі зат түзілетін химиялық реакцияның түрі. Қосылу
4 моль иіс газының массасын және көлемін (қ.ж.) табыңдар. 112г, 89,6л
Зат мөлшері 5 моль темірдің атом санын анықтаңдар. 30,1х1023
Қышқылдарды теріп жазыңдар: Н2SO4 NaOH SO2 Cr2O3 НCl, НNO2 (Н2SO4, НCl, НNO2)
Төмендегі газдардың:а/NH3,ә/NO2, қалыпты жағдайдағы тығыздығын табыңдар. А) 0,76г/л, ә)2,05г/л Кристалдық торлар типтерін ата? Иондық, атомдық, молекулалық, металдық.
Қышқылдар мен негіздердің жалпылама теориясын ұсынған қазақстандық ғалым? М.Усанович
Химия – жыр, әніміз, шаттанамыз,
Табысын пайдаланып, мақтанамыз.
Кең байтақ кенге толы Қазақстан
Қойнауы алтын – күміс, жатқан аңыз.
ІҮ бөлім КӨКПАР : әр топқа бір - бірқосылыстың формуласы беріледі, осы қосылыстағы әрбір элементтің массалық үлесін аныттау керек, толық жауап 30 ұпай
1 топ – BaSO4 w(Ba)=58.8%, w(S)=13.7%, w(O)=27.5%
2 топ- Na3PO4 w(Na)=42.1%, w(P)=18.9%, w(O)=39%
Ү бөлім Формула құрастыру: Берілген химиялық таңбалардан пайдаланып сәйкес келетін химиялық формулаларды тауып жаз, 10 элементтің формуласы берілген, шамамен 50 ден астам заттың формуласы құрастырылады. Валентіліктері ескеріле отырып, құрастырылған формулалар ғана есепке алынады. Әр дұрыс формула 10 балл
Fe, O, Cl, Ba, Na, H, Ca, C, N, Br
FeO, Fe2O3, FeCl2, FeCl3, FeBr2, FeBr3, Fe(OH)2, Fe(OH)3, FeCO3, Fe2(CO3)2, Fe(NO3)2, Fe(NO3)3, BaO, BaCl2, Ba(OH)2, BaBr2, BaCO3, Ba(NO3)2, Na2O, Na2O2, NaCl, NaH, Na3N, Na2CO3, NaHCO3, NaBr, NaNO3, NaOH, CaO, CaCl2, CaH2, CaC2, Ca3N2, CaBr2, CaCO3, Ca(NO3)2, Ca(OH)2, CO, CO2, N2O, NO, N2O3, NO2, N2O5, HCl, HNO3, HBr, H2O, H2O2, CH4, NH3, H2CO3, Cl2O5, Cl2O7
Бүгінгі ойынымызды ұорытындылауға, топтарымыздың жинаған ұпайларын жариялауға Әділ – қазылар алқасына сөз кезегін берелік.
Құтты болсын ұтып алған бас бәйге,
Сіздер үшін бұл әлі де жас бәйге.
Алла оңдап, халқың қолдап әрқашан
Ала берің жарыс сайын бас бәйге, - деп бүгінгі жеңімпаздарды топты құттықтаймыз.
Бүгінгі химиялық кешіміз осымен аяқталды, ден қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар!