Б?рыс б?лшекті аралас сан?а ж?не аралас санды б?рыс б?лшекке айналдыру. 5 сынып
Математика 5 «а»сынып Күні: Тексерген Г.Н. Ақболатова Сабақтың тақырыбы: Бұрыс бөлшекті аралас санға және аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыру
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Дұрыс бөлшектер және бұрыс бөлшектер, аралас сандар ережелерін қолданып есептер шығару дағдыларын қалыптастыру, Оқушыларға аралас сан туралы түсінік беру , бұрыс бөлшекті аралас сан түрінде жаза білу , аралас санды бұрыс бөлшек түрінде жаза білу , натурал санды аралас сан түрінде жаза білу. Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызуғушылығын ояту. Тәрбиелік: Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, тапқырлыққа, жылдамдылыққа, тәрбиелеу. Сабақ түрі: Бекіту сабақ Сабақтың көрнекілігі: деңгейлік тапсырмалар.үлестірмелі карточкалар Оқытудың әдісі: Есептер шығару Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі а) Сәлемдесу, ә) оқушыларды түгендеу, б) оқушылардың назарын сабаққа аудару в) сабақтың мақсатымен таныстыру ІІ. Үй жұмысын тексеру № 853 5; 6; 8; 11; 15 бөлімі 7-ге тең бұрыс бөлшек жазу. 57 67. 87. 117 ; 157 № 859 Дұрыс бөлшек : n+47=1+47=57; n-24=3-24=14 Бұрыс бөлшек: 10n+8=101+8=109; 75+n =75+1=76 ІІІ. Қайталау сұрақтары: 1. Қандай жай бөлшекті дұрыс бөлшек деп атайды. 2. Қандай жай бөлшекті бұрыс бөлшек деп атайды. 3. Қай уақытта бөлшек 1-ге тең болады ? 4. Қандай санды аралас сан деп атайды ? Жауаптарыңды мысал арқылы негіздеңдер. IY. Жаңа тақырыптың түсіндіру Алдымен қалдықпен бөлуді орындайық 49:3 25: 7 Бүтiн бөлiктен және бөлшек бөлiктен тұратын сан аралас сан деп аталады.
- аралас сан. Аралас санның: 1 - бүтiн бөлiгi, - бөлшек бөлiгi. Оқылуы: «бiр бүтiн бестен екi». - аралас сан. Оқылуы: «екi бүтiн жетiден үш». Бұрыс бөлшектi аралас санмен жазу үшiн: 1) бөлшектiң алымын бөлiмiне бөлу керек: (қалдық 2); 2) толымсыз бөлiндi аралас санның бүтiн бөлiгi болады; 3) қалдық (егер ол бар болса) бөлшек бөлiктiң алымы, ал бөлгiш бөлiмi болады. Сонда Мысалы. Аралас санды бұрыс бөлшек түрiнде жазу үшiн: 1) аралас санның бүтін бөлiгiн бөлшек бөлiгiнiң бөлiмiне көбейту керек; 2) шыққан көбейтiндiге бөлшек бөлiгiнiң алымын қосып, алым ету керек; 3) бөлшектiц бөлiмiн өзгертпей, бөлiм етiп қалдыру керек.
Мысалы, Натурал санды аралас сан түрiнде жазуға болады. Мысалы, 9-дың бөлiмi 7 саны болатын; 5 саны болатын аралас сан түрiнде жазылуы:
Натурал санды бұрыс бөлшек түрiнде де жазуға болады. Мысалы, 4 санын бөлiмi 1, 6, 8, 15 болатын бұрыс бөлшек түрiнде жазсак:
V . Іске асыру кезеңі: Деңгейлік тапсырмалар Сыныпта: оқулықтан І топ ІІ топ ІІІ топ Адеңгейі №870(1,2) № 870 (3,4) №870 (5,6) №871 (1,8) № 871 ( 2,7) №871( 3,6) В деңгей І топ ІІ топ ІІІ топ №874 ( 1,7) № 874 (2,6) №874( 3,4) № 877 а(1,2) № 877 ә(1,2) № 877 б (1,2) YI. Өнегелі елдің өрісі биік. Шығармашылық тапсырма Бүтін бөлігі 25 және 16 болатын аралас сан жазу керек ΙV. Үйге тапсырма беру кезеңі: Үйге: № 473, № 474, № 480.
БҚО. Орал қаласы. №43 жалпы білім беретін
орта мектеп жоғары санатты математика
пәнінің мұғалімі Губайдуллина Замзагул Мадиевна