Бастауыш сынып м??алімі А.А Батыршаеваны? Т?йе мен тыш?ан та?ырыбына арнал?ан ?ыс?а мерзімді жоспары


Бастауыш сынып мұғалімі А.А Батыршаеваның
қысқа мерзімді жоспары
Күні: 09.12.2016. Пәні: Әдебиеттік оқу
Сыныбы: 2"Ә"
Сабақтың тақырыбы: Түйе мен тышқан (Монғол ертегісі)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламаларына сілтеме)
Ертегінің мазмұны мен идеясын ашу. Балаларды талдау, талқылау, салыстыру, және қортынды жасауға үйрету
Сабақ мақсаты: Білімділік:Ертегінің мазмұны мен идеясын ашу. Балаларды талдау, талқылау, салыстыру, және қортынды жасауға үйрету
Дамытушылық:Ауыз әдебиетінін бір саласы ертегіні оқи отырып, қортынды жасау, негізгі ойды
Тәрбиелік: Жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға сөзбен емес іспен мақтануға тәрбиелеу.

Жетістік критерийлері: Оқу сапасы жетіле түседі. Ертегінің мазмұнын, негізгі идеясын аша алады.
Ауызша және жазбаша дұрыс сөйлеу, өз ойын анық нақты баяндау білігі мен дағдысы қалыптаса бастайды.
Шығармашылыққа, сыни, креативті ойлауға үйренеді.
Негізгі идеялар: Қазақша жыл аттары. Бойыңа сенбе, ойыңа сен
Қолданылатын материалдар: АКТ Постер, фломастерлер Жануарлар суреттері, слайдтар, интерактивті тақта, сөзжұмбақ, түйе мен тышқан ойыншығы.
Оқыту формасы, технологиясы, әдістері: Оқытудың сындарлы теориясына негізделген әдіс-тәсілдері:
Топтық жұмыс , Миға шабуыл, бағдаршам, кім шапшаң, адасқан сөздер
Сабақ барысы Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Ресурстар
Кіріспе кезеңі
Психологиялық
дайындық
Мақсат қою
Миға шабуыл
Үй тапсырмасын сұрау
Ой қозғау
Жаңа сабаққа дайындық
Ой-шақыру.
Тыңдалым әдісі
Бумеранг әдісі
Мәтінге тілдік жүргізу
Сергіту сәті
Адасқан сөздер
Кім шапшаң
Постер әдісі
Шаттық шеңбері.
Балалар сабағымызды бастамас бұрын қонақтармен амандасып алайық, бір бірімізге сәттілік тілейік!
Қол алысып қане біз,
Достасайық бәріміз.
Қайырлы күн жер Ана!
Қайырлы күн достарым
Сіздерді көргеніме
қуаныштымыз
Сәлеметсіздерме?!

Әрбір адам қандай іске кіріссе де , ісі сәтті аяқталғанын қалайды.
Бүгінгі сабағымыз сәтті болуы үшін мынандай мақсаттар қояйық:
тыңдай білу,
салыстыру,
бір жүйеге келтіру ,
талдау,
қорытындылау.
Сендер мақсаттарыңа жеткілерің келе ме? Ендеше сабаққа жақсы , белсенді қатысайық.
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?(қыс)
-Қыстың алғашқы айы қай ай?(желтоқсан)
-Желтоқсан айындағы қандай мерекелерді білесіңдер?
(16желтоқсан Тәуелсіздік күні)
Тәуелсіздік алғанымызғ неше жыл толды? кім біледі? (25жыл)
Жарайсыңдар балалар, ал енді Тәуелсіз Қазақстан туралы бейнетаспаға назар аударайық.
Үй тапсырмасын сұрау
Қасым Аманжолов туралы не білеміз?(ақын, жазушы)
Оның қандай шығармаларын білесіңдер?(Өзім туралы, Туған жер, Қазақстан)
Қазақстан өлеңін жатқа айт.
Балалар біз Ой қозғау стратегиясы бойынша сөзжұмбақты шешіп көрейік! Ол үшін мына тақтадағы слайдқа назар аударайық.
Қазір қай ай?2. Желтоқсан көтерілісінің құрбаны3. Сертің осы ....жігіт,.....қыз!4. Біз қандай жанбыз?5. Соғып тұр ғой туған дала......6. Жеріміз бар қасиетті .....
Жауаптарды тапқан оқушы тақтаға шығып жазады.
Сөзжұмбақтағы ерекшеленген әріптерді қоссақ қандай сөз шықты?
-Ертегі сөзі шықты
-Ертегі дегеніміз не?
-Ертегі деген –халық ауыз әдебиетінің бір түрі.- Ертегінің неші түрі бар? (3түрі бар Қиял-ғажайып, сыншыл, жан-жануарлар)
Топқа бөліну
Ал енді , интерактивті тақтадан ертегілер суреттері шығады , осы ертегіден әр топ бір бір ертегінің түрін, тақырыбын ажыратып айту керек .
Бірінші сурет 1топқа («Жеті лақ» ертегісі , жан-жануарлар )
Екінші сурет 2топқа («Ұр тоқпақ» ертегісі, қиял-ғажайып )
Үшінші сурет 3топқа («Сақина», сыншыл ертегі)
Жарайсыңдар балалар!
Балалар қараңдаршы бізге не келіпті?
-Біздің Отанымыз басқа елдермен достық қарым –қатынастамыз.Сондай дос елдің бірі - Монғолия.Бұл хатты сол елден келіпті Хатты барлығымыз оқып көрейік-Сәлем,достар!Біз Моңғолия елінде тұрамыз.Бізде 2-сыныпта оқимыз.Достар сендерге қызық ертегі жолдап отырмыз.Сендерге ұнайды деген ойдамыз.

-Бұл ертегі не жайлы екенін білу үшін мына жұмбақтардың шешуін табайық.
-Қане жұмбақты кім оқиды? (2-оқушыға оқыту.)
1)Жұмбақ шешу.
Кезікті бір жануар,Үстінде екі тауы бар.ТүйеМысықтан бұл қорқады,Бұдан піл қорқады.
Тышқан
Балалар биылғы жыл қалай аталады?(2016 мешін)
Жақында қай жылды қарсы аламыз? (2017тауық)
Бүгін ертегі арқылы қазақша жыл аттарын білетін боламыз

-Балалар,бүгінгі ертегіміздің тақырыбы «Түйе мен тышқан»деп аталады екен.Енді осы ертегіні бейнетаспадан тамашалаймыз. Барлығымыз зкранға қарайық
АКТ э\о тыңдау мәдениеті
Балалар енді «Түйе мен тышқан» ертегісін көре отырып мәтінге тілдік жұмысын жүргіземіз
Тізбектей оқу
–Сонымен ертеде адамдар әр жылды нелердің атымен атауды ұйғарыпты? (жан-жануарлардың)
-Олар неше жылға атаулар берген?(11)
-Олар қандай атаулар , кәне , кім біледі екен? (Тышқан, сиыр, барыс,қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз)
-Ал 12-ші жылдың атауына нелер өз аттарын ұсынған? (түйе мен тышқан)
-Олар бір-бірімен қалай айтысты деп ойлайсыңдар? (өз аттарын ұсынып, бір бірімен айтысты)
-Ал адам мәселені қалай шешіңдер деген?(Бұл мәселені өздерің шешіңдер деді)
-Ал түйе мен тышқан не деп келісті?(күнді кім бұрын көрсе жыл басы соның атымен аталсын деп келіседі)
-Түйе не істеді? (Басын шығысқа беріп, күннің шығуын күтеді)
-Ал тышқан ше ? (Түйенің өркешіне білдірген шығып алады)
-Күннің ең алғашқы шапағы таулардың шыңдарына түскенде не болды?(Тышқан мен көрдім деп айқай салды)
- Неге тышқан бірінші көрді? (Өйткені ол түйенің өркешіне шығып алды)
-Ал ұтылған түйе не істеді ? (Ызаланып, тышқанды таптамақ болады)
-Содан бері түйе күлді көрсе не істейді екен?
- Сонымен түйе неге жыл атына ие болмай қалған екен?
Сергіту сәтін ұйымдастыру.
АКТ. Көңілді әуен би жаттығуы

-Берілген нақыл сөзді аяқта,есіңе сақта.
Бойыңа сенбе ,ойыңа сен.

Жыл аттарынан артығын тап?
Бірінші сурет(Түйе)
Екінші сурет (Аю)
Қазақша жыл санауды оқыту. Тышқан, сиыр, барыс,қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз.
1-топ: Түйе мен тышқанның ұқсастықтары мен айырмашылықтарын Венн диаграммасына орналастыру.
2-топ: түйе мен тышқанның жағымды жағымсыз жақтарын сипаттап жазу.
3-топ: Түйе мен тышқан ертегісін сахналау. Жылылық шеңберінде тұрып өлеңді бірге айтады
«Жақсы, жарайсыңдар тамаша, өте жақсы » деп ынталандырып отырамын
Өткенге щолу
Сабақ тақырыбын ашу, ой дағдыларын дамыту.
Қадағалау
Таныстырылым, оқулықпен жұмыс
Сұрақтарға сыни тұрғысынан ойланып жауап береді, өз ойларын айтады
Сергіту сәтіне арналған жинақ
Постер арқылы бар білімдерін топпен талқылап ортаға топтан оқушы шығып , тапсырманы постерн арқылы қорғайды.
Жинақтау
-Сонымен ,балалар бүгінгі сабақтан не үйрендіңдер ?
-Балалар , мен сендерге «Тосын сый» жасағым келіп тұр.
-Балалар,алда қандай мереке келе жатыр?
-Шыршаның бойына қазақша жыл атауларын орналастырайық.
1.Тышқан
2.Сиыр
3.Барыс
4.Қоян
5.Ұлу
6.Жылан
7.Жылқы
8.Қой
9.Мешін
10.Тауық
11.Ит
12.Доңыз.
Қадағалау
Келесі оқуға тапсырма Ертегінің мазмұнын айту.
Отбасы мүшелерінің туған жыл.қазақша аттарын дәптерге жазу. Рефлексия
Бағдаршам әдісі Бүгінгі сабақ сендерге несімен ұнады
Бағдаршам әдісі бойынша бағалау ( өте қызық, түсінбедім, ұнамады)