Тіл дамыту Арыстан мен тыш?ан
Тіл дамыту
Сабақтың тақырыбы: Арыстан мен тышқан (ертегісі)
Сабақтың мақсаты: Ертегінің мазмұнын түсіндіру.
Сабақтың міндеттері:
Ертегінің негізгі ойын ашып,
тышқан мен арыстан туралы мағлұматтарын кеңейту.
Балалардың ауызша сөздік
қорларын дамыту.
Балаларды ұғымталдыққа, бірлесіп
жұмыс істей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Сабақтың типі: Жаңа ұғымды меңгерту.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрнекілік
Сабақтың көрнекілігі: Маңғыстау облысының картасы
сюжеттік суреттер, дидактикалық
материалдар
Сабақтың барысы: І Алғашқы ұйымдастыру.
а) балалардың сабаққа дайындығын тексеру.
Психологиялық дайындық
Күй тартамыз күмбірлі
Ән айтамыз көңілді
Би-билейміз ырғақты
Біз бастаймыз сабақты
-Балалар, бүгін біз сабақта Маңғыстау вокзалынан ел ордамыз Астанаға саяхатқа шығамыз.
-Астанаға барып көргендеріңіз бар ма?
-Астанаға немен барамыз?
-Пойызды кім жүргізеді?
-Көмекшісін кім дейміз?
-Ал біздің билетімізді тексеріп, орнымызды көрсететін кім?
-Балалар ,Маңғыстаудан Астанаға жеткенше пойыз тоқтайтын аялдамалар қалай аталады?
-Бекеттер.
-Дұрыс айтасыңдар, Маңғыстаудан Астанаға жеткенше пойыз бірнеше ірі аялдамаларға яғни бекеттерге тоқтайды. Әр бекеттен өту үшін сол бекеттің тапсырмаларын орындауымыз керек. Олай болса
Жолаушы азаматтар, Маңғыстау-Астана пойызына қош келдіңіздер!
Пойызға міну үшін не керек?
-Билет
Билет алу үшін мынажұмбақ ты шешіп көрейік:
Нан атасы киелі
Барлығы ауыз тиеді
Ол не? ( бауырсақ)
-Дұрыс айтасыңдар, билетімізді алдық, .Енді Маңғыстау бекетінен пойызға мінеміз.
Бірінші аялдама бекеті.
Тапсырма: Үй тапсырмасы: Қайдан келдің бауырсақ? өлеңінің мазмұнын айту.
- Балалар бауырсақ бізге қалай келеді екен?
- Дұрыс, бауырсақ бізге жайдан-жай келмейді екен, ол көптеген адамдардың еңбектенуі арқылы келеді екен.
Актуалдау
-Жарайды балалар, үйге берілген тапсырманы да жақсы меңгерген екенсіңдер.
-Балалар, бауырсақ туралы қандай ертегіні білесіңдер?
-«Бауырсақ» ертегісі.
-Ол ертегіде қандай кейіпкерлер кездеседі?
-Олар нелер?
-Тағы қандай ертегіні білесіңдер?
-Жыл басына таласқан жануарлар»
-Балалар еске түсірейікші, жыл басы не болып еді?
Ал бүгін біз осы жыл басы тышқан мен аң патшасы арыстан туралы ертегі өтеміз.
2 бекет . Тапсырма: Жаңа сабақ.
Арыстан мен тышқан ертегісі.
Ертегіні сюжеттік слайдтар арқылы түсіндіру
-Балалар ертегі ұнады ма?
-Ертегіден не түсінгендеріңді білу мақсатында келесі бекеттің тапсырмаларын орындаймыз.
3 бекет. Тапсырма: кубизм стратегиясы арқылы сұрақ-жауап жүргіземін.
Сұрақтар:
-Біз Астанаға барар жолдың ортасына да жеттік.
4 бекет. Тапсырма: Сергіту сәті
Бала,бала балақан
Кәне қайсы алақан
Саусақтарың әйбат
Былай-былай ойнат.
5 бекет. Тапсырма: Кім жылдам? (топтық жұмыс) балаларды екі топқа бөліп, екі топтың біріне арыстанның, екіншісіне тышқанның суретті қиындыларын беріп құрастыру.
6 бекет. Тапсырма: «Ұшқыр ой» .Сұрақтарға жауап беру арқылы бір сөйлем құрастыру.
Мынау не?( арыстан)
Ол қандай аң? (жыртқыш)
Ол қайда мекендейді? (орманда)
Бір сөйлем құра. Арыстан жыртқыш аң. Арыстан орманда мекендейді.
-Балалар бірнеше аялдамалардың тапсырмаларын орындау арқылы Ел ордамыз Астанаға жеттік .Тапсырма: өлең
Арыстан
Мен мықты арыстан
Аңдардың патшасы
Жауымның алысқан
Күл болған қаңқасы
өлеңді балаларға 3-4 рет айтқызамын да, жаттаған балалардан сұраймын.
Бекіту
-Балалар сендерге ертегі ұнады ма?
-Ертегі не туралы?
-Тышқан қандай аң?
-Сендерге тышқанның әрекеті ұнады ма?
-Ал сендер тышқанның орнында болсаңдар не істер едіңдер?
-Сонда балалар, айтқан сөзде, берген уәдеде тұру керек екенін ұқтық.
Бағалау
Міне балалар осындай қызықты тапсырмалардың арқасында Астанамызға қалай жеткенімізді білмей қалдық.Енді билеттеріңді таратып берейін. Билеттердің орнына қуанышты хабарлама таратамын.