Арыстан мен тыш?ан ашы? саба?


Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Арыстан мен тышқан (Мысал) Сұлтанмахмұт Торайғыров
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды С.Торайғыров өмірімен таныстыру.Мысал жанры туралы түсінік беру арқылы оқушының жеке қабілеті мен белсенділігене сүйене мысалдағы түйінді ойды анықтай білуге үйрету.
Күтілетін нәтижелер: Оқушының ауызша сөйлеуін, мәнерлеп, түсініп оқуын, өз ойын жүйелі айта білуін, шығарманы талдай алу, шығармашылықпен жұмыс істей білу қабілетін дамыту.Мысалдың мазмұнын айқындай келе, табиғатты сүюге, аң- құсқа қамқорлық жасауға, мейірімділкке,
бауырмалдыылыққа тәрбиелеу арқылы адамгершілік тәрбие қалыптастыру.
Сабақтың тұрпаты: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Панорамалық
Сабақтың әдісі: Диалог.Түсіндіру.Өздік.Топтастыру.
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі.Дүниетану.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта арқылы мысал мазмұнына сай салынған суреттер.Мультфильмдер.Құрастырма өлеңдер.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру.
Психологиялық дайындық .
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.Үйге берілген тапсырма тексеріледі.
ІІІ. Мақсат қою кезеңі.
Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Ү. Материалды түсіндіру кезеңі.
Сен білесің бе ? (Аю,қасқыр,иарыстан,түлкі,қоян,тышқан) суреті. Осы аңдардың ең күштісін,ең әлсізін атайық.
Ең күштісі.Арыстан, Ең әлсізі: Тышқан.
-Онда мен сендерге Арыстан туралы айтайын.
Арыстан мен тышқан туралы түсінік беру.
Енді жаңа сабағымыздың тақырыбы: Арыстан мен тышқан (мысал).
-Мысал дегеніміз не?
Мағынаны тану

Мысал


Айтылатын өнегелі ойды тұспалдап жеткізеді.


Көлемді шығарма


Тақырыбы сан алуан (әртүрлі)

Кейіпкерлері


Кейде оқиғаға адамдар қатыстырылады
Өсімдіктер мен жануарлар, аңдар мен құстар, жәндіктер,т.б.

Біздің бүгінгі танысатын Арыстан мен тышқан мысалын жазған бізге көптеген шығармалармен таныс қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі , дарынды ақын, жазушы, педагог ағартушы Сұлтанмахмұт Торайғыров. 1893 жылы қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген.13 жасында өлең жаза бастады. Жастарды оқуға үндеген. «Неге жасаймын?», . «Шәкірт ойы» , . « Оқып жүрген жастарға» , . « Туған еліме», . « Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болам» деп жырлаған жалынды ақын мысал өлеңдер де жазды.
-Бұл мысал ертеректе жазылғандықтан сөздік жұмыс жүргізіп сөздердің мағынасын анықтап алайық.
Күпшек- біліп кигізілетін шабақтар, қондырылатын ұңғы тесіктері бар ортаңғы бөлігі.
Зиян- залал,зақым.
Азат-еркін, өз еркі өзінде,ерікті.
-Мысалдың қара сөзбен берілген нұсқасын тыңдап көрейік.
-Осы мысалдан не түсіндіңдер?
Оқулықпен жұмыс.
Мысалды бөліктерге бөліп көріңдер. Әр бөлікке ат қояйық.
І.Тышқанның ойнақтауы
ІІ. Арыстанның мейірімділігі
ІІІ. Тышқанның Арыстанды құтқаруы
ІҮ.Арыстан мен тышқанның достасуы.
Ү. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру кезеңі.
Осы мысалдан Арыстан мен тышқанның әрекетіне байланысты сөздерді орналастырайық.
АрыстанТышқан
Жыртқыш Ақылды
Мақтаншақ Ойнады,жалынды
Оратылды Құтқарды
Ақырды Торды қиды
Ызаланды Тістеп үзген
Байғұс тышқанды өлтірмекші болған Кеміруші
Аң
(Сөздерді шашырптып тастау,жинату).
Әлсіз
Аң патшасы
Осы сөздерді пайдалана отырып Арыстан мен тышқанға мінездеме беріп екеуін салыстырайық.
Тапқыр
Үлкен
Айбатты


Кішкентаййй

Мықты
Күшті

Қу
Мейірімді
Мейірімді

ҮІІ.Бекіту кезеңі.
Оқушыларды бағалау.
Мысалдан адамдардың бойындағы қандай мінез-құлықтар байқалады?
Осы тақырыпқа сай қандай мақал-мәтел айтуға болады?
ҮІІІ.Үйге тапсырма беру кезеңі.
Мысалды түсініп оқу. Ары қарай жалғастырып өз ойыңды дәптерге түсіру.
Мысал мазмұнына мақал-мәтелдер жаттау.