Ашы? саба? Арыстан мен тыш?ан
Сабақтың тақырыбы: Арыстан мен тышқан.
Сабақтың мақсаты:1.Оқушыларға автор туралы мәлімет беру.Мысал мазмұнымен таныстыру.Мысалдағы негізгі ойды ұғындыру,өз ойынан қорытынды жасай білуге дағдыландыру.
2.Оқушылардың сөздік қорын молайту,өз ойларын еркін жеткізуге үйрету,жүйелі ойлау қабілетін ,тіл байлығын дамыту.
3.Оқушыларды қамқорлыққа,адамгершілікке,сыйластыққа,кішіпейілділікке,мейірімділікке,еңбексүйгіштіікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Аралас сабақ
Оқыту әдісі:Венн диаграммасы,ой қозғау ,топтастыру,тест т.б.
Көрнекілігі:Интерактивті тақта,С.Торайғыров портреті,арыстан,тышқан суреттері.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық дайындық
2.Үй тапсырмасы.
Оспанхан Әубәкіров өмірі.
Ара мен Шыбын мысалы..
«Сурет көрмесі»
Үй тапсырмасы бойынша оқушылардың салған суреттерін талдау,мадақтау.
3.Үй тапсырмасын бекіту.
Венн диаграммасы
4.Жаңа сабақ.Мағынаны тану.
Қазақ әдебиетінің 1893-1920ж.ж
Аса көрнекті өкілі,ақын,жазушыПавлодар облысы
Әрі педагог Баянауыл ауданында дүниеге
Келген.
Сұлтанмахмұт
Торайғыров
Сұлтанмахмұт халық «Мен қазақ»
Көзін ашуды,заманамен « Қамар сұлу»
Аяқты тез басуды, «Туған еліме»
Ақиқат үшін күрескер « Шәкірт ойы»
Болуды мақсат етіп қояды «Неге жасаймын»
Арыстан мен тышқан мысалы
«Ой қозғау»стратегиясы
аң патшасы зиянды
Ірі Арыстан мықты кішкентай Тышқан сұры түсті
ақылды еңбекқор
Оқулықпен жұмыс
1.Мысалды түсініп оқу.
2.Іштей оқу.
3.Тізбектей оқу.
4.Рөлге бөліп оқу.
Сергіту сәті.
«Айнытпай сал ойыны»
(карточкаларға әр түрлі аңның немесе жәндіктің аты жазылған,оқушылар таңдап алған соң, сол дауысты салады.)
5.Дәптермен жұмыс.
Жаңа сөзбен жұмыс.
Күншек-дөңгелектің білік кигізілетін,шабақтар қондырылатын ұңғы тесіктері бар ортаңғы бөлігі.
Зиян-залал,зақым.
Азат-еркін,өз еркі өзінде,ерікті.
6.Жаңа сабақты бекіту.
1.С.Торайғыров қай жылдар аралығында өмір сүрді?
а)1893-1920 ж ж в)1978-1998ж.ж
б)1895-1915ж.жг)1893-1925ж.ж
2.Ара мен Шыбын мысалын кім жазды?
а)А.Байтұрсынұлыв)С.Торайғыров
б)А.Құнанбаев г)О.Әубәкіров
3.Айтыстың неше түрі бар?
а)3 в)4
б)5 г)2
4.Оспанхан Әубәкіров кім?
а)драматургв)ұстаз
б)әзіл-ысқақ ақыны г)шешен
5. «Аққу,Шортан һәм Шаян»мысалын қазақ тіліне кім аударды?
а)И.Крыловв) О.Әубәкіров
б)А.Байтұрсынұлы г) А.Құнанбаев
7.Бағалау.
Оқушыларды білімін бағалау,
мадақтау,мақтау.
8.Үйге тапсырма.
Сұлтанмахмұт Торайғыров өмірбаяны.
Арыстан мен Тышқан мысалын жаттау,Суретін салу.
Сабақтың тақырыбы: Ю дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты: 1 Оқушыларды Ю дыбысымен таныстыру.Дауысты дыбыс екенін аңғарту.Сөзге дыбыстық талдау жасау.
2.Сөздік жұмыс жүргізу,сөйлем құрату,тіл байлығын,ой-өрісін дамыту.3.Ұқыптылыққа,еңбексүйгіштііке,ұйымшылдыққа баулу.
Сабақтың көрнекілігі:интерактивті тақта,суреттер,әріптер.
Оқыту әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,топтастыру,ойындар.
Сабақтың мазмұны:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық дайындық.
Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.
ІІ. Өткен әріптерге шолу.
«Сөз ойла,тез ойла!»ойыны.
1 топ Дыбыс – Ө дыбысы бар сөздер айту.
топ Әріп — Г дыбысы бар сөздер айту.
топ Буын — Я дыбысы бар сөздер айту.
2) «Жоғалған әріп»ойыны.
Дыбыс тобына-…дыс,ше…ге,са…ат.
Әріп тобына-…зен,ж…асн,қа…быз.
Буын тобына-…аза,қо…н,үйр…к.
3) «Кім жылдам?»ойыны.
Кісі аттарын тауып айту.
Дыбыс тобына-ат,бала,Айгүл,алты,Айбек,нан.
Әріп тобына-шеге,Баян,гүл,Әлия,өзен,Дана,үй.
Буын тобына-таға,сағат,Әсия,бес,орақ,Аян,алты,Сая.
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау
ІҮ. Жаңа сабақ:Жұмбақ шешу.
Қыс бойына жатады,
Тәтті ұйқыға батады.(Аю)
-Ю дыбысы дауысты дыбыс,ол созылып айтылады.Бәріміз бірге айтып көрейікші.Қандай дыбыстарды естіп тұрсыңдар?
Дауысты дыбыс
Ю орыс тілінен енген дыбыс
И+у қосылуынан жасалады
3.Баспа және жазба түрімен таныстыру.
4.Оқулықпен жұмыс.
А)Суретпен жұмыс,әңгімелеу
Ә)аю а-ю Сөйлем құрау
Б)Бағандағы сөздерді оқыту.
Аю қою құю сүю есе ю аза ю
Ою қию түю күю үлке ю көбею
В) «Ою мәтінін оқып,мазмұнын түсіндіру.
Г) «Жақсы көрем» өлеңін жаттату.
5.Дәптермен жұмыс.
А)Әріп элементтерімен таныстыру.
Б)Ауада жазу.
В)Тақтаға жазу.
Г)дәптердегі ю әрпін жаздыру.
Ү. Жаңа білімдерін тексеру.
-Ю қандай дыбыс?
-Сөздің қай жерінде жазылады?
Дыбыстық талдау жасау:үлкею,көбею,азаю.
ҮІ. Сабақты қорытындылау:
-Біз бүгінгі сабақта дыбыстар және әріптермен таныстық?
«Ой қозғау»әдәсі.
жию
қою дауысты дыбыс
таю Ю орыс тілінен енген
аю и+у
ою
ҮІІ.Үйге тапсырма беру.Бағалау.
3-сабақ
Пәні:Қазақ тілі.
Тақырыбы:Сан есім
Мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың сан есім туралы түсініктерін сұрақ-жауап арқылы еске түсіру. Сөз таптары туралы білімдерін кеңейту.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды алғырлыққа, тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, тіл байлығын, ой -өрісін, шығармашылық қабілеттерін байқау,дамыту.
Сабақтың түрі:Шығармашылық сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері:Ой қозғау стратегиясы,венн диаграммасы,ойындар т.б
Сабақтың барысы.
1.Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық дайындық.
Қазақ тілім, өз тілім, ана тілім,
Абай,Мұхтар,сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл – қызын мәңгі сені,
Болашағым, бақытым,дара тілім.
І топ “Алғырлар”
ІІ топ “Тапқырлар”
ІІ. Өткенді еске түсіру
“Ой қозғау стратегиясы”
ІІІ. Жаңа сабақ
Жұмбақты шешіңіздер
Тап сақина секілді
Оң бүйірі кетілді
Қос аяққа ұқсаған
Тізесінен тұсаған
Қатар тұрған қос қазық
Қол ұстасқан достасып
Жауабы:С А Н
Жаңа сабақты хабарлау.
Оқулықпен,дәптермен жұмыс.
1- жаттығу.
Елуметр есіктен ,
Еңкеюмен шақ кірдім.
Жүз қасқырды өшіккен,
Бір қозыға бақтырдым .
2- жаттығу.
Бір жылда 12 ай бар. Бір айда 30 күн, 4 апта болады. Әр аптада 7 тәулік бар. Әр тәулікте 24 сағат, бір сағатта 60 минут бар.
«Кім шапшаң?» (ойын)
(Сан есімдерге байланысты мақал – мәтелдер айту)
3 -жаттығу.
Мәскеу мен Алматы арасы төрт мың шақырым шамасында. Бұрын бұл екі арада кейбір ұшақ 12 сағат, кейбірі 8 сағат ұшатын еді. Қазір шапшаң ұшатын үлкен ұшақтар жасалды. Олар Мәскеуден Алматыға 180, кейбірі 300 жолаушысымен үш-төрт сағатта келіп қонады.
Сергіту сәті
10 саусақ
Бір саусағын тіпті деҰстай алмас жіпті деЕкі саусақ біріктіИне қолға іліктіҮш саусағым орамдыЖүгіртеді қаламдыӨнерлі екен 10 саусақҚала салсақ,жол салсақ
4 -жаттығу.
Төрт, алты, тоғыз, он жеті, жиырма төрт.
5-жаттығу.
Алтын терек, он екі бұтақ,
Үш жүз алпыс бес жапырақ.
«Кім тапқыр?»
Жел + 90 Т+ 10
Қ + 10+ ақ К+ 3+ ік
6 + бақан
6 -Жаттығу
Төлептің төрт ұлы бар. Төрт ұлының адам басына бір апа, бір қарындасы бар.
Төлептің барлық баласы нешеу болғаны.
7 -Жаттығу
Қажет сондай құралмын,
Қолыңа жылда мың алдың.
Соңғы екі әріп алмасса,
Баспана болып шығармын.
Күрек-күрке.
V.«Ой толғаныс стратегиясы»
VІ.Жаңа сабақты бекіту
“Венн диаграммасы”
(Сан есім және зат есім)
VІІІ. Үйге тапсырма
8-Жаттығу.Сан есімді қатыстыра отырып “Менің жанұям”деген тақырыпта шығарма жазу.
VІІ.Бағалау
Ақпаратпен бөлісу:
GoogleFacebookПечатьПохожее
Сұлтанмахмұт Торайғыров. Арыстан мен ТышқанАтырау облысы Мақат ауданы № 2 бастауыш мектеп мұғалімі Омарова Клара Жеңісқызы Күні : Сыныбы : 4 А Сабақтың тақырыбы: Сұлтанмахмұт Торайғыров. Арыстан мен Тышқан Сілтеме Ана тілі оқулығы : С Рахметова Т. Әбдікәрімова Р.Базарбекова. Орта мерзімді жоспарлау Жалпы мақсаттар Мысалдың мазмұнын ашу.Түсініп, мәнерлеп оқуға үйрету Оқыту нәтижесі Ақын өмірімен…
В "Жаңа сабақтар"
Мыркасимова Назгуль АнварбековнаЖамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы А.Смаилов атындағы орта мектептің бастауыш мұғалімі Мыркасимова Назгуль Анварбековна Сабақ: ана тілі Сынып: 4 Сабақтың тақырыбы: С.Торайғыров «Арыстан мен Тышқан» Сабақтың мақсаты: «Арыстан мен тышқан» мысалындағы негізгі ойды ұғындыру. Сабақтың міндеттері: > Мысалдың мазмұнын түсініп, өз ой пікірін ауызша-жазбаша тіл арқылы білдіруге дағдыландыру. > Логикалық…
В "Жаңа сабақтар"
АрыстанментышқанОҚО. Арыс қаласы С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебі бастауышсыныпмұғалімі: Өмірбекова Нұржамал Жақсылыққызы Тақырыбы: Арыстанментышқан Мақсаты:Оқушыларды ертегімен таныстыра отырып,білімдерін молайту. Міндеттері: -оқушылардыңойлау, естесақтауқабілеттеріндамыту. -сыниойлаудағдыларындамыту; -қойылғанмәселегенақтыөзсөзіменеркінжауапберугеүйрену; -ақылды,тапқыр болуға,бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу. Уақыты Сабақтың кезеңі Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушылардың іс-әрекеті Бағалау 3 мин Кіріспе Психологиялық дайындық «Шаттық шеңбер» Мақсаты: Бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу; Оқушыларды шағын топтарға…
В "Жаңа сабақтар"
tagged with Жаңа сабақтарЖаңа сабақтарДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Начало формы
Конец формы
БІЛІМ МЕКЕМЕЛЕРІНЕ ХАБАРЛАНДЫРУ
Республикалық 45minut.kz басылымы білім мекемелерінде өткізілетін семинарлар мен ғылыми конференцияларға ақпараттық қолдау (фото, видео, мақала жариялау) көрсетеді және топтама жинақ, материалдар жинағын баспадан шығарады. Ақпараттық қолдау үшін:45@45minut.kz почтасына ұсыныс хат жіберіңіз.
«КҮНТІЗБЕ ЖОСПАРЫ — 2015-2016»
ТАҚЫРЫПТЫҚ КҮНТІЗБЕ ЖОСПАРЫ. ОМЖ. ҚМЖҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІМЕН ОНЛАЙН-СҰХБАТ