Саба? жоспары география п?нінен та?ырыбы: «Аустралия климаты. ?зендері мен к?лдері». (7 сынып)
Сабақ № 27
Сыныбы 7 «А»
Күні 15.12.2015 ж.
Сабақтың тақырыбы: Аустралия климаты. Өзендері мен көлдері.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Аустралия климатына әсер ететін факторлар және өзіндік ерекшеліктері, өзендері мен көлдерінің таралуы жер бедері мен климатына байланыстылығын, Крик дегеніміз не, олардың таралған аймақтары туралы оқулық мәтіні бойынша анықтау;
Тәрбиелік: Өзен, көл, криктер туралы түсінік бере отырып, табиғат көркемдігін түсіне білуге үйретіп, эстетикалық тәрбие беру, экологиялық сауаттылыққа баулу;
Дамытушылық: Климат, физикалық карталармен жұмыс істеп жекелеген өзендер мен көлдерге сипаттама беруге үйрету, жаңа технологияны меңгерту және қосымша тапсырмалар беру негізінде, логикалық ой-өрісті қамту;
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: Ашық сабақ
Сабақ әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап
Көрнекілігі: Оқулық, Д.ж Жарты шарлар картасы, атлас, сызбалар, интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: биология, география, экология, эстетика т.б.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа білімді меңгерту.
IV. Оқушылар білімін бекіту.
V. Үй тапсырмасы туралы хабар беру.
VI. Жаңа сабақты қорытындылау
VII. Бағалау
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасып, сабақ қатысымдарын тексеремін.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Австралия материгінің пайдалы қазбалары
Никель
Марганец
Тас көмір
Алтын
Темір
Мыс
ГАЗ
Мұнай
Австралия материгінің ерекшеліктері
Теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан нүкте – Эйр көлі
(12 м )
Жер шарындағы ең аласа материк
Материктің шығысында ұзындығы 2300 шқ, ені 2 шқ-нан 150 шқ-ға жететін ең ірі маржандық құрылым – Үлкен Тосқауыл рифі орналасқан
Оқшау орналасуына байланысты алғашқы қалталы сүтқоректі жануарлар
Материктің теңіз деңгейінен ең биік нүктесі – Косцюшка тауы
( 2228 )
Сөнбеген жанартаулары жоқ материк
Жер шарындағы ең кіші материк
Жер шарындағы ең құрғақ материк
III.Жаңа сабақ
Климаты
Аустралия ең құрғақ материк
Көп бөлік тропиктік белдеуде орналасқан
Кең алқапты тропиктік шөлдер зонасы алып жатыр (3\2)
Өзендер аз, оның өзі тартылып, құрғап қалады
Көлдер аз, олар тұзды болып келеді
Қоңыржай
Ауа массалары
Тропиктік
Климаттық белдеулер
субэкваторлық
тропиктік
Субтропиктік
Қоңыржай
Ауа температурасы
Жазда +240 + 280 С желтоқсан – ақпан
Қыста +120 +24 0 С – шілде-тамыз
Орташа
Батыс желдер
Пассаттар
Жауын-шашын
Ең көп түсетін-Шығысы мен Қиыр Оңтүстігінде (1000мм)
Ең аз түсетін – Орталығында ( 100 мм)
Басым желдер
Оңтүстігінде
Шығысында
Жер асты сулары
Жаңбыр
Өзендер
Ішкі сулары
Ірісі Мурей
Қоректенуі
Саласы Дарлинг
Кеуіп қалған өзен арналары
криктер
Ірісі Куперс - Крик
Көлдер
Ең ірісі Эйр көлі
Жер асты сулары
33 артезиан алабы бар
Ірісі Үлкен артезиан
VI. Бекіту сұрақтары:
Аустралия материгінде қандай климаттық белдеулер бар?
Аустралияның ең үлкен өзен жүйесі?
Аустралияда қалдық көлдер қайда шоғырланған?
V.Сабақты қорытындылау:
А
В С Т
Р А Л И Я
1. Австралияда ғана кездесетін жануар (Ехидна)
Материктің оңтүстігіндегі үлкен шығанақ ( Австралия)
Австралиядағы ірі қала ( Сидней )
Австралиядағы қалталы жануар ( Вомбат)
Австралиядағы ірі өзен ( Муррей)
Австралияның астанасы (Канберра)
Австралияда өсетін ағаш ( Эвкалипт)
Австралияның ең үлкен өзен жүйесі ( Дарлинг)
Материктің солтүстік батысындағы арал ( Ява )
VI. Үйге тапсырма: тақырып соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беріп келеміз
VII. Бағалау: Сабаққа жақсы араласып, белсенген оқушыларды бағалаймын