Ашы? саба? Батыр Бауыржан


Қысқа мерзімдік жоспар Оспанова М.К.
. Әдебиеттік оқу
3 «В» сынып
Сабақ тақырыбы: Батыр Бауыржан
Жалпы мақсат: Бауыржан Момышұлы жайында білімдерін кеңейту. Мәтінді түсіне отырып оқу және әр сөзге мән бере отырып маңызы туралы түсінік беру.
Сілтеме: Оқыту әдістемесі
2-сыныпқа арналған ана тілі оқулығы
Оқу нәтижесі: Бауыржан Момышұлы жайында білу, маңызын толық түсіну.
Негізгі идеялар: Мәтінді түсініп оқи отырып, сөйлемді талдау кезіндегі маңызы
Сабақта қолданылатын материалдар: Деңгейлік тапсырмалары, топтық жұмыстар,
интерактивти такта
Оқыту әдістері: Сұрақ- жауап,АКТ, СТО
Дерек көздері: Сөз таптары тақырыбына арналған материалдар:
1.Постер жасау
2.Оқушы анықтамалығы
3.Кестелер

Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
«Шаттық шеңбері» тұру арқылы сыныпта психологиялық ахуалды қалыптастыру.
Кәне достар, тұрайық.
Шеңберімізді құрайық.
Жақсы-жақсы тілектер
Бір-бірімізге сыйлайық
Сан арқылы үш топқа бөліну.
Сабақтың мақсатымен таныстыру Ортаға шығып «Шаттық шеңберін» жасау.

Сабақта не істеу керек жайында тапсырмалар алады. Топ басшылары өз тобындағы оқушыларды смайликтармен бағалап отырады.
АКТ арқылы «Бауыржан ата» жайында деректермен танысып, мағлұмат алады. Бауыржан ата тек қана батыр болған жоқ, сонымен қатар ол соғыстан кейін жазушы да болды. Дерекетрмен танысу арқылы мәлімет жинау, оны дер кезінде жұмыс барысында пайдалана алу.
Жаңа тақырып
Мұғалім мәтінді мәнерлеп оқи отыра, кідіріс жасап, оқушыларға ой салады, әрі қарай не болуы мүмкін деген ойда оқушылар өз ойларын айтады. Мәтінді тыңдайды, мұғалімнің жетекші сұрақтары арқылы өз ойларын толықтырып дұрыс- бұрыстығын шешіп, қорытынды жасайды.
Топтық жұмыс
1-2 топқа сурет арқылы «Бауыржан ата» деген тақырыпта постер дайындау.
3 топ: ашық хат немесе бір шумақ өлең арнауларына болады.
Әр топ өз постерларын дайындап, қорғауға шығады және бір- бірін бағалайды.
Сергіту сәті «Балапан биі» Мақсаты: ойды және дене мүшелерін сергіту
Бейне түсірілімдегі қимылды қайталап сергиді.
Үйге тапсырмасын беру
«Батыр Бауыржан» атты кітапша жасау. Өз қалаулары бойынша кітапша жасап келеді.
Мәтінді оқып, мазмұндау. Бір шумақ өлең жазып келу Үйде бұл тапсырманы қалай орныдауы жайында ойласады.
Бағалау Формативті бағалау Өлшемді бағалау
Рефлексия

Әр топтың қанша смайликтер жинағанын әр топ басшысы ауызша қаншалықты жұмыс атқарғанын айтады. Топ басшылары өздерінің тобындағы оқушыларға баға береді, жинаған смайликтері бойынша есеп береді.