?дебиеттік о?удан ?ыс?а мерзімді жоспар Ны?мет ?абдуллин Комбатты? ??гімесі (3 класс)


Қысқа мерзімді жоспар
Тақырып Нығмет Ғабдуллин «Комбаттың әңгімесі»
Мақсаты Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлова туралы мәтінді оқыта отырып, Әлияның ерлігі туралы ақпарат беру;
комбат Мойсеев пен Әлияның арасындағы байланысты ашу.
Күтілетін нәтиже Әңгімені (көркем мәтінді) оқып талдайды, портрет арқылы образды (көркем бейнені) аша біледі; сөздік қоры молаяды;
-мәтіннің мазұнын өзі оқып, ұғынады
-мәтін бойынша өз ойларына талдау жасай алады
-сыни тұрғыдан ойлай білуге үйренеді, топта пікірлесіп, ортақ шешімге келуге дағдыланады
Сабақ барысы Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті Бағалау Ресурстар
Кіріспе Оқушылармен сәлемдесу
Ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыру. Қайырлы таң, достым!
Қайырлы күн болсын.
Бүгінгі күн бәрімізге
Сәттілікке толсын!
Біздің алар бағамыз
Кіл бестіктер болсын!
Топқа бөлу «Мақал-мәтелдер» арқылы топқа бөлу
Оқушылар 4 топқа бөлінеді. « Оқу,білім»,«Еңбек», «Жақсы,жаман», «Батыр,ерлік» туралы мақалдары
Үй тапсырмасын тексеру «Сұрақты қағып ал» әдісі арқылы үй тапсырмасы сұралады. Оқушылар бір-біріне сұрақтар қойып , жауап береді. Үш шапалақ арқылы ынталандыру
Тұсаукесер «Құпия бейне » әдісі арқылы жүргізіледі.
- Ол осы Ақтөбе облысында өмірге келген.
-Ол туралы Роза Рымбаева апамыз ән шырқайды.
-Ол 1941-1945ж. Отан соғысының батыры
-Мерген қыз Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы тақырыпты ашады. Үш шапалақ арқылы ынталандыру 535305108585
Негізгі бөлім
Тақырыпты игергендігін тексеру
Топтық жұмыс Сабақтың мақсаты, тақырыбы хабарланады.
«Кемпірқосақ» әдісі арқылы игерту
оқушылар оқиды
топтарға барып, өзара түсініседі
орнына қайтып келіп бір-біріне айтады
«Маған көрсет» әдісі арқылы тақырыпты меңгергендіктерін тексеру
Сұрақтар:
Әңгіме қалай аталады?
Әңгіменің авторы кім?
Комбат Әлияны қайда жіберді?
Әлияның майдандағы бірінші командирі кім?
Әлияның бойындағы үш жақсы қасиетті ата
Сергіту сәті «Әлия» әнін тыңдау

1 топқа: Әлия туралы бір шумақ
2-топқа: Берілген пазлдардан мәтіндегі көріністі бейнелеу,түйінді ой жазу
3-топқа: «Пікірлер ағашын» толтыру
4- топқа: «Вен диаграммасы»(өткен тақырып пен жаңа тақырып)
Оқушылар кемпірқосақтың 5 түсіне (қызыл, сары, қызғыш,жасыл, ақ) бөлінеді.
Қызыл түске -1бөлім,
сары түске -2бөлім, жасыл түске-3бөлім, қызғыш түске 4бөлім, ақ түске -5бөлім беріледі
Оқушылар қойылған сұрақтарға жазбаша планшетке жазып жауап береді.
Оқушылар планшетке жауабын жазып көрсетеді.
Оқушылар берілген тапсырманы орындайды, постер арқылы қорғайды. Бас бармақ арқылы бағалау
Маркалар арқылы бағалау
Маркалар арқылы бағалау

планшет, маркер, марка

Пазлдар
Пікір ағашы:

Вен диаграммасы

Қорытынды Кері байланыс «Сөйлемдерді аяқта»
Мен білдім....
Мен үйрендім
Маған ұнағаны
Маған ұнамағаны
Түйінсөз: Ешқашан соғыс болмасын.
Оқушылар сөйлемдерді аяқтайды Мен білдім....
Мен үйрендім.....
Маған ұнағаны...........
Маған ұнамағаны........
Бағалау Күнмен, күлкі смайлигімен, Әлия суретімен бағалау.
«5»- Әлия суреті
«4»-күлкі
«3»- күн Отшашу шапалағы

Қосымша тапсырма Мәтінді қайталап оқу