М?лік ?абдуллин «Батыр Бауыржан»


№24 жалпы білім беру орта мектебінің І санатты бастауыш сынып мұғалімі
Ермекова Роза Кырыкмылтыковна III деңгей
Aна тілі 3 сынып
Сабақтың атауы Ана тілі 3-сынып Мәлік Ғабдуллин «Батыр Бауыржан»
Сілтеме Оқулық, «За нами Москва» кинофильмінен үзінді, сөздіктер
Жалпы мақсаттар Диалогтік оқыту тәсілін қолдану арқылы мәтіндегі негізгі идеяны ашу, сыни ойлау арқылы туған жерді, елді сүюді, ұлттық ар-намысты қорғай білуді үйрену. АКТ қолдану арқылы сабаққа қызығушылығын арттыра отырып сабақ сапасын көтеру, тапсырмалар беру арқылы формативті және жиынтық бағалау.
Оқыту нәтижесі Ой түйіндейді, батыр халықтың ұрпағы екендігін мақтан тұтады. Патриоттық сезім қалыптасады.
Негізгі идеялар «Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі»
Тапсырмалар «Ой қозғау» Кинофильмнен үзінді. /5 минут/
Батыр қандай болу керек?
Қазақ батырларының есімін ата. /ассоциация құру /
1-тапсырма. /7-8 минут/
Мәтінді мақсат қойып оқу. Жоспар құру.Негізгі ойды табу.
2-тапсырма. /10 минут/
Шығармашылық жұмыс
1-топ Постер арқылы соғыс даласын көрсетеді.
2-топ «Әңгімедегі кейіпкерлер образын сомдау»
3-топ Мәтіндегі мақалдарды тауып жазып, «Ел намысы-ер намысы» деген сөзді қалай түсінгендерін ортаға салады.
3- тапсырма. Ой толғаныс /5 минут/
Қазақ тарихындағы батырлар есімін атай отырып әр кезеңге бөліп, ауызша суреттеу.1-топ - Жоңғар шапқыншылығы2-топ - Ұлт-азаттық көтеріліс3-топ - Ұлы Отан соғысы
Кейінгі тапсырмалар«Батыр Бауыржан» атты әңгіме құрап жазу
Мұғалімнің жазбалары Мұғалім сараптамасы
Топтарға Дивизия, Полк, Ұлан әскери бөлімі атаулары бойынша бөлініп отырады. /2 минут/ I.Ой қозғау./5 минут/
Батыр қандай болу керек?
Қазақ батырларының есімдерін ата. /ассоциация құру /
Модуль: АКТ модулі, сыни тұрғыдан ойлау- ассоциация әдісі.
II.Жаңа тақырып, автор туралы түсінік беріледі.
«Батыр Бауыржан» /М.Ғабдуллин/ «Қазақтың Бауыржаны» тақырыбында түсірілген кинофильмді атады.
1-тапсырма. Мәтінді мақсат қойып оқып, танысады. Негізгі ойды табады. /7-8 минут/
Жоспар құрылады:
I.1941ж Волоколамск стансасында.II. Қазақ командирлерінің жиыны.III. Қазақ баласы – ар мен намыс иесі.
Модуль: Талантты және дарынды балаларды оқыту Негізгі ойды әр топтағы белсенді балалар анықтап берді.
«Сыр сандық» Сөздікпен жұмыс: /2 минут/ дивизия, полк, командир, шейіт болу, опасыздық жасау. Сөздік қоры артты, мағынасын ұғынды.
Сергіту сәті. /2 минут/ 2-тапсырма. Шығармашылық жұмыс/ 10 минут/
1-топ Постер арқылы соғыс даласын көрсетеді.
2-топ «Әңгімедегі кейіпкерлер образын сомдау»
3-топ Мәтіндегі мақалдарды тауып жазып, «Ел намысы-ер намысы» деген сөзді қалай түсінгендерін ортаға салады.
Модуль:Талантты және дарынды балаларды анықтау Топтағы балалардың жеке ерекшеліктері байқалды, бірі елестете отырып тақырыпқа сай сурет салса, енді бірінің әртістік қабілеті бар.
3- тапсырма. Ой толғаныс /5 минут/Қазақ тарихындағы батырлар есімін атай отырып әр кезеңге бөліп, ауызша суреттеу.1-топ - Жоңғар шапқыншылығы2-топ - Ұлт-азаттық көтеріліс3-топ - Ұлы Отан соғысы
Модуль: Сыни тұрғыдан ойлау-зерттеушілік әңгіме. /пікірді толықтыру, дәлелдеу/ 2-топ батыр халықтың ұрпақтары екендігін және көтерілісте жеңіске жетіп отырғандығын айтса, 3-топтың ұтқырлығы, оқушының ой ұшқырлығы байқалды. Отан соғысына қатысқан ардагерлер арамызда әлі бар екендігін атады.Әр кезеңге сәйкес соғыстағы қолданған қарулардың айырмашылығын көрсетті, ғылым мен техниканың дамығандығымен дәлелдеді.
Қорыту: /5 минут/ «Соғыс және бейбітшілік» ой-пікір өрбіту, Тәуелсіздік күнімен байланыстыру, жақсы тілек айту. «Біз бейбітшілікті қалаймыз». Әр баланың бойында шаттық, көзінде қуаныш тұрды.
Бағалау. /3 минут/
Кері байланысқа түсу. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау./формативті және жиынтық бағалау/ Әр топтағы балалар «Бәйтерекке» стикерлер жапсыру арқылы өз білім деңгейлерін көрсетеді. Себебі, оқушылар алға ұмтылады, жоғары деңгейге көтерілу үшін іздену қажеттігін түсінеді.