Эссе: Азат елімні? азат та?ы.


Эссе
Тақырыбы: Азат елімнің - азат таңы
Ұлтының қамын ойламаған адамның
қамын ұлты да ойламас болар
Рсаул Гамзатов
Осынау ұшқан құстың қанаты талатын ұлан ғайыр Алтай мен Атырау аралығын ата-бабларымыз ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап келген. Азаттық қазақтың ежелден аңсаған арманы еді. Осы күнге жету үшін басымыздан не өтпеді, көк бөріден жаралған бұл ұрпағымыз, жер анадан нәр алған қазағым хандық құрып ел болдық. «Ел болса ер туғызбай тұра алмайды» дейді халық даналығы. Қазақ елінің басына қаралы күн төнгенде, ел өз ішінен жүрек жұтқан, елім дегенде тұла бойы қан жылаған батырларын шығарды. Бәлкім , бұл халықтың көз жасымен келген Алла тағаланың рахымы болар.Қалай болғандада, халқының бағына қарай , не бір топты жарған шешен,көпті бастар көсем, ту ұстаған батырлар тарих беттерінен жарық етті.
Ел басына күн туғанда даналығымен, батырлығымен, тапқырлығын да таныта білген хан Абылай Қазақ халқының мәртебесін жоғарлатты. Қазақ елін аса іргелі елге айналдырды. Халық басына осындай қиын-қыстау заман зары туған шақта, еліміздің батыр да ержүрек перзенттері елдің елдігін, ердің ерлігін сақтап қалды.XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың басын ала бере тарих сахнасына қазақтың оқығандары шықты. Ол кезде Отанымызда кеңестік кезең орнаған еді. Абай, Шоқан, Ыбырай дәуірін қылыштан гөрі қаламның қуатты екенін дәлелдейді. Тоталитарлық тәртіп жүзеге асырған халыққа жат саясат аса зор, қасіретті зардаптар әкелді. Жаппай отаршылдықтың салдарынан Қазақ халқының жартысына жуығы қырылды, өзінің атамекенінен басқа елдерге ауа көшті, тіл мен діл, дін мен ұлттық сезім, таным жойыла бастады. Қазақ халқы өз жерінде ұлттық азшылыққа айналды…Ахмет, Әлихан, Міржақып, Мағжан, Мұстафа, Смағұлдар алаш туы астында ел болуға, мемлекет құруға шақырды.
Қастықты да еліміз аштықтыда көрді, сонымен қатар ІІ Дүниежүзлік соғыста бізді айналып өтпеді. Құладық, жыладық бірақ қасқайып қайта тұрдық. Жеңіске бет бұрып Рақымжан ағамыз Рейхстаққа ту тіктік. Біз мойымадық, бас имедік тік тұрдық. Қазақ халқы үшін қымбатқа түскен, ғасырлар бойы ата-бабаларымыздың аңсаған арманы болған осы тәуелсіздік еді.. Бұл қол жетпес бақытқа жету жолында Алаш ардақтыларының басын бәйгеге тіккені, әсіресе 1986 жылы болған Желтоқсан оқиғасына қатысқан қайсар аға-апаларымыздың ұмытылмас ерліктері көз алдымызға елестейді.
Халқымыз сонау заманнан бері «Есім ханның ескі жолы», «Қасым ханның қасқа жолы», «Тәуке ханның жеті жарғысы» деген қағидаларды сақтап, «Абылайдың ақ жолы», «Нұрсұлтан ағамыздың нұрлы шапағатына» ұласып отырғанын көріп отырмыз. Мен осындай бейбітшілік заманда өмір сүріп жатқаныма қуанамын. Ата – балаларымыздың күшімен келген тәуелсіздігіміз баянды болғай. Күрсінген ана жылаған бала болмаса екен деймін. Азат елімнің азат таңы арайлап ата берсін.