«Абай лебі-заманыны? тынысы, Абай ?ні-?асырларды? ?рісі»
№31 орта мектеп
Сыныптан тыс жұмыс
«Алтын қақпа» танымдық ойыны
Тақырыбы:
Дайындаған: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
мұғалімі Уразбаева Г.К.
2013-2014 оқу жылы
«Алтын қақпа» танымдық ойыны
Тақырыбы: «Абай лебі-заманының тынысы, Абай үні-ғасырлардың өрісі»
Мақсаты:
Білімділігі. Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін тексеріп, танымын кеңейту, сөздік қорын молайту.
Дамытушылығы: Оқушылардың тіл мәдениетін, тіл байлығын, сөздік қорын, білім-білік дағдыларын қалыптастыру, ой -өрісін кеңейту, шығармашылық жұмыс істеу қабілетін дамыту.
Тәрбиелігі: Оқушыларды еңбекқорлыққа, адамгершілікке, тәртіпке, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: танымдық-ойын сабағы
Әдісі:сұрақ-жауап,түсіндіру
Көрнекілігі:Интерактивті тақта, ұпай жинауға арналған жұлдызшалар, жауап беру белгілері, төсбелгілер (бейдж), топ аттары жазылған парақшалар.
Ойынның барысы.
І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу.
ІІ.Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Бүгін бізде 7 «А» және 7 «Б» сынып оқушылары Ұлы ақын, кемеңгер, философ, сазгер, ағартушы, аудармашы, ойшыл Абай Құнанбаев туралы ізденіп, оқыған-білгендерін ойға түйіп, еске түсіру үшін «Алтын қақпа» танымдық ойынында білімдерін сынағалы келіп отыр. Абайдың әр сөзінің мән-мағынасына үңіліп, терең бойға сіңіру-тек әдебиет айдынында жүргендердің ғана емес, көзі ашық, көкірегі ояу әрбір азаматтың парызы.
Ендеше, бүгінгі ойынымызға «Абай лебі-заманының тынысы, Абай үні-ғасырлардың өрісі» деген тақырыппен 7 «А» және 7 «Б» сынып оқушыларын шақырамын.
ІІІ.Ойынға қатысатын топпен танысу.
Топ басшылары, өз топтарыңды және топ ұранын таныстырып өтіңдер.
Топқа бөлу: Әр топ үш оқушыдан тұрады.
І топ. «ДАНАЛАР» тобы. Ұраны: «Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан
Сен де бір кірпіш дүниеге.
Кетігін тап та, бар, қалан»
ІІ топ. «ОЙШЫЛДАР» тобы. Ұраны: «Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз».
Оқушылар таныстырады.Өте жақсы.
Енді ойын ережесімен таныстырамын.
Ойын шарты: Ойын сұрақ-жауаптан және «тас қақпа», «күміс қақпа», «алтын қақпа» деп аталатын қақпалардан тұрады. Алтын қақпаның ішінде сиқырлы сандық бар. Қақпаларға кіру үшін әр топқа 3 сұрақтан қойылады. Сұраққа жауап беруге дайын топ қолдарындағы белгіні көтеру керек, көтермей жауап берген топтың жауабы есепке алынбай, ұпай қарсы топқа есептеліп кетеді.Соңғы сиқырлы сандық сұрағы топ басшыларына арналған.
Әр топ ұпайды жұлдызша жинау арқылы жинайды, әр жұлдызша 5 ұпайға тең. Жауап бере алмаған топтың сұрағына қарсы топ дұрыс жауап беріп, ұпай алуына болады.
1.Сұрақ –жауап қақпасы.
Бұл қақпада берілетін сұрақтарға жылдам әрі дұрыс жауап беру керек.
1-сұрақ. Абай айтқан адамның үш қасиетін ата. (ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек)
2-сұрақ. Абайдың ең алғаш дәріс алған молдасы кім? (Ғабул-Жаппар)
3-сұрақ. Абайдың атасының аты кім? (Өскенбай)
Сұрақ-жауап қақпасынан өтіп,тас қақпаға жеттік.
2.Тас қақпаның сұрақтары.
Тас қақпаның сұрағы 3-еу болады. Екі топқа бір-бір сұрақтан қойылады.
3-сұрақ екі топқа бірдей болады,қай топ жылдам қол көтерсе, сол топ жауап береді.Егер сұрағы дұрыс болмаса,жүргізушінің «қарсыластар» деген сөзінен кейін жауап беруге болады.
1-ші топтың сұрағы.
1-тапсырма. Абай Құнанбаевтың табиғат лирикасына арнаған өлеңдерін ата.(“Қыс”,“Жазғытұрым”,”Жаз”,“Күз”)
2-топтың сұрағы.
2-тапсырма. Ұлы ақынның бір өлеңінен үзінді оқы
3-тапсырма.Абайдың үш поэмасын ата (“Масғұт”,“Ескендір”,“Әзім”)
3.«Күміс қақпа» сұрақтары.
1-топтың сұрағы. Ұлы ақын қай жылы, қай жерде дүниеге келген?
(1845 жылы Семей жерінде ШЫңғыстау өңіріндегі Жидебай қыстағында дүниеге келген)
2-топтың сұрағы. “Абай жолы”роман-эпопеясының авторы кім? (М. Әуезов)
Екі топқа бірдей сұрақ.
Абайдың неше қара сөзі бар? (45)
4.«Алтын қақпа» сұрақтары
1-топтың сұрағы.
Абай насихаттаған бес асыл іс пен бес дұшпанды ата.(Бес асыл іс:талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым;Бес дұшпан:өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ )
2-топтың сұрағы.
Абай орыс ақындарынан кімнің шығармасын аударды? (А. С.Пушкин, И. А. Крылов,
Т. Ю. Лермонтов)
Екі топқа бірдей сұрақ.
Абайдың әдебиетке құмарлығын оятқан жандар кімдер? (Әжесі Зере мен анасы Ұлжан)
Мұғалімнің сөзі: Балалар, барлық қақпалардан сүрінбей өттіңдер, енді алтын қақпаның ішінде сиқырлы сандық бар.Оның ішіндегі тапсырма топ басшыларына арналған.
5.Сандық ішіндегі тапсырма: Тыңдалым
Мұқият тыңдаңыз. Ұлы ақынның нешінші қара сөзі және бұл қара сөзден нені ұқтың?
Қорытындылау.Құрметті ойынға қатысушылар, сендер, Данышпан Абай атамыздың еңбектерін жақсы білетін білімді, зерек, дарынды оқушы екендіктеріңді көрсеттіңдер.
Ойынға қатысқандарыңа көп рахмет!
Марапаттау.
Ойын шарты: Ойын сұрақ-жауаптан және «тас қақпа», «күміс қақпа», «алтын қақпа» деп аталатын қақпалардан тұрады. Алтын қақпаның ішінде сиқырлы сандық бар. Қақпаларға кіру үшін әр топқа 3 сұрақтан қойылады. Сұраққа жауап беруге дайын топ қолдарындағы белгіні көтеру керек, көтермей жауап берген топтың жауабы есепке алынбай, ұпай қарсы топқа есептеліп кетеді.Соңғы сиқырлы сандық сұрағы топ басшыларына арналған.
Әр топ ұпайды жұлдызша жинау арқылы жинайды, әр жұлдызша 5 ұпайға тең. Жауап бере алмаған топтың сұрағына қарсы топ дұрыс жауап беріп, ұпай алуына болады.
1.Сұрақ –жауап қақпасы.
Бұл қақпада берілетін сұрақтарға жылдам әрі дұрыс жауап беру керек.
1-сұрақ. Абай айтқан адамның үш қасиетін ата. (ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек)
2-сұрақ. Абайдың ең алғаш дәріс алған молдасы кім? (Ғабул-Жаппар)
3-сұрақ. Абайдың атасының аты кім? (Өскенбай)
Сұрақ-жауап қақпасынан өтіп,тас қақпаға жеттік.
2.Тас қақпаның сұрақтары.
Тас қақпаның сұрағы 3-еу болады. Екі топқа бір сұрақтан қойылады.
3-сұрақ екі топқа бірдей болады,қай топ жылдам қол көтерсе,сол топ жауап береді.Егер сұрағы дұрыс болмаса,жүргізушінің «қарсыластар» деген сөзінен кейін жауап беруге болады.
1-ші топтың сұрағы.
Абай Құнанбаевтың табиғат лирикасына арнаған өлеңдерін ата. (“Қыс”,“Жазғытұрым”,”Жаз”,“Күз”)
2-топтың сұрағы.
Ұлы ақынның бір өлеңінен үзінді оқы
3-тапсырма.Абайдың үш поэмасын ата (“Масғұт”,“Ескендір”,“Әзім”)
3.«Күміс қақпа» сұрақтары.
1-топтың сұрағы. Ұлы ақын қай жылы, қай жерде дүниеге келген?
(1845 жылы Семей жерінде ШЫңғыстау өңіріндегі Жидебай қыстағында дүниеге келген)
2-топтың сұрағы. “Абай жолы”роман-эпопеясының авторы кім? (М. Әуезов)
Екі топқа бірдей сұрақ.
Абайдың неше қара сөзі бар? (45)
4.«Алтын қақпа» сұрақтары
1-топтың сұрағы.
Абай насихаттаған бес асыл іс пен бес дұшпанды ата.(Бес асыл іс:талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым;Бес дұшпан:өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ )
2-топтың сұрағы.
Абай орыс ақындарынан кімнің шығармасын аударды? (А. С.Пушкин, И. А. Крылов,
Т. Ю. Лермонтов)
Екі топқа бірдей сұрақ.
Абайдың әдебиетке құмарлығын оятқан жандар кімдер? (Әжесі Зере мен анасы Ұлжан)
Мұғалімнің сөзі: Балалар,барлық қақпалардан сүрінбей өттіңдер,енді алтын қақпаның ішінде сиқырлы сандық бар.Оның ішіндегі тапсырма топ басшыларына арналған.
5.Сандық ішіндегі тапсырма: Тыңдалым
Мұқият тыңдаңыз. Бүл ақынның нешінші қара сөзі және бұл қара сөзден нені ұқтың? (17)
Тақырыбы: «Алтын қақпа» ойыны
( Сыныптан тыс шара)
Мақсаты: Балалардың ойы дамып, дүниетанымы қалыптасып, нағыз адам болуы үшін, ана тілінде сөйлеу шеберлігін арттырып, сөздік қорын және тіл байлығын молайту.
Білімділігі: Тіл үйренуге құштар балалардың тілін одан әрі өрбітіп, ойы мен қиялын шарықтатып, сауатын жетілдіру.
Дамытушылығы: Оқушылардың тіл мәдениетін, тіл байлығын, сөздік қорын, білім-білік дағдыларын қалыптастыру, ой -өрісін кеңейту, шығармашылық жұмыс істеу қабілетін дамыту.
Тәрбиелігі: Оқушыларды еңбекқорлыққа, адамгершілікке, тәртіпке, ізденімпаздыққа , ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Слайд.«Тас қақпа», «Күміс қақпа», «Алтын қақпа» «Алтын сандық» макеттері.
Сабақтың барысы:
Тақырыбы: «Алтын қақпа»

Бірінші кезең::
685800236855
1.Қобди- ұсақ түйек зат салатын кішкене жәшік.
2.Шахта- көмір өндіретін орын.
3.Күбі- қымыз,айран, шұбат ашытатын ыдыс.
4.Жомарт - қолы ашық, береген, мырза.
5.Бүгелек- жылқы малын шағатын сона тәрізді жәндік.
6.Бүлдірген- тауда өсетін өсімдік, жидек
1485900-228600 Екінші кезең:
«Күміс қақпа» 5 сөзден тұрады.
1.Мұрат- алға қойған мақсат, арман, тілек.
2. Кейіпкер- көркем шығарма қаһарманы.
( Басты бейнені сомдайтын адам)
3.Иткөйлек-кішкентай бөпенің қырқынан шыққанша киетін көйлегі.
4.Байғазы- жаңа киім, сатып алынған зат үшін берілетін сыйлық.
5.Қаңқыл - қанқ-қанқ, еткен дыбыс.
Үшінші кезең:
Алтын қақпа:
1. Базарлық- қыдырып кеткен адамның әкелетін сый, сыйлығы.
2. Иесіз қыстау- иесі жоқ, бос қалған мекен.
Алтын сандық:
1485900194945
Енші- балалары ер жетіп,үй болғанда беретін дүние, мал.
Қорытынды: Өрендер, өрлей берсін өнерлерің,
Айналаң бәрі сенің көрерменің.
Тілеймін дәл осылай барлығыңның,
Тек қана биіктерден көрінгенің.- дей отырып ойынымызды аяқтаймыз.
Ойын барысында әр ойыннан кейін сөз мағынасын дұрыс тапқан оқушылар жұбаныш сыйлықтарымен марапатталады.