Бердібек Со?па?баев ?ам?орлы? та?ырыбы бойынша саба? жоспары


Сабақтың тақырыбы: Бердібек Соқпақбаев « Қамқорлық »
Сабақтың мақсаты:
1. Б.Соқпақбаев өмірі мен шығармашылығына шолу. Әңгіме мазмұнымен таныстыру.
2. Адамгершілекке баулу,шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным түсініктерін ояту.
3. Өзіндік ой-ұшқарлығын дамыту.
Сабақтың түрі: түсіндіру
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,шығармашылық жоба
Сабақтың типі: жаңа материалдарды игерту.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,Б.Соқпақбаевтың портреті,оқулық,слайд
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылар!Көңіл-күйлеріңіз қалай?(жақсы)
--Олай болса,бәріміз бүгінгі сабағымызға сәттілік тілейміз.
ІІ.Үй тапсырмасынтексеру
Көжек (ертегісі)
1 топ: Көжекті сиппатау.
2 топ: Кейіпкерге хат жазу
3 топ: Туған жер жөнінде мақал-мәтелдер жазу.
-Балалар ! Сонымен « Көжек » ертегісінің басты тақырыбы не екен?!
(Оқушылар сөзі)
Олай болса,бәріміз дәптерімізді ашып,бүгінгі күнннің жады мен сабағымыздың тақырыбын жазайық.
ІІІ.Жаңа сабақ.
Біз бүгінгі сабағымызды халқымыздың дана ұлдарының бірі,балалар жазушысы-Бердібек Соқпақбаевтың «Қамқорлық» атты әнгімесімен танысамыз.
Бердібек Соқпақбаев өмірі,шығармашылығы(қысқаша,фото)
ІV.Әңгімені мәнерлеп оқу.
«Қамқорлық» әңгімесін оқушыларға таныстыру(мәнерлеп оқу)
«Қамқорлық» деген сөзді қалай түсінесіздер(оқушының ойы)
V.Суретпен жұмыс.
Осы суретте мәтіндегі қандай оқиға бейнеленген?
VІ.Шығармашылық тапсырма.(дәптермен жұмыс)
1-топ: Мәтінге сүйеніп,суреттегі торғайдың халін сипатта:
2-топ: Торғайдың халі сенде қандай көңіл күй тұғызды?
Баланың қылығына не айтар едің?
Өз көзқарасыңды білдір.
3-топ: Қожаның орнында сен болсаң не істер едің?
Өз қөзқарасың!
VІІ.Сабақты бекіту.
-Әнгіме неге“Қамқорлық”деп аталады?
-Жантас пен Қожаға қандай мінездеме бере едің?
-Б.Соқпақбаевтың ”Менің атым Қожа ”әңгімесіне байланыс бар ма?
(оқушының ойы)
Топтық жұмыс:
1-топ:Ж.Аймаутов.”Торғай” әңгімесі (әңгімесінің өзекті мәселесі туралы)
2-топ: Б.Соқпақбаев “Қамқорлық ” әңгімесі.
( әңгіменің өзекті мәселесі туралы)
3-топ: ВЕНН диаграммасын құру.
ІХ.Үй тапсырмасын беру.
1.Б.Соқпақбаев туралы деректер іздеу.
2.Б.Соқпақбаевтың “Қамқорлық ”әңгімесінің мазмұны.
Маңғыстау облысы
Түпқараған ауданы
Сайын Шапағатов елді мекені