Планирование по радной языку на тему Бердібек Со?па?баев А?аштар неге ашуланды? (4 класс)


Әдебиеттік оқу 4 сынып
Сабақтың тақырыбы Бердібек Соқпақбаев. Ағаштар неге ашуланды?
Сілтеме Әдебиеттік оқу оқулығы, оқыту әдістемесі
Сабақтың жалпы мақсаты Мәтінді өз беттерінше меңгере білуге, түсініп оқуға дағдыландыру.

Оқу нәтижелері Мәтінді саналы түсініп оқып, өз ойларын еркін, әрі толық жеткізе білуге дағдыланады. Бірлескен жұмысқа, топ арасындағы ынтымақтастыққа үйренеді.
Негізгі идеялар Топтық жұмыс кезінде оқушылардың дүниетанымдық көзқарастары қалыптасады және білімдерін жүйелейді, қорытындылайды.
Оқыту модульдері, әдіс Диалогтық оқыту, сыни тұрғыдан ойлау, оқыту үшін бағалау.
Сабақ кезеңдері Тапсырмалар Мұғалімнің әрекеті Оқушы әрекеті
I.Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық дайындық
Біз қандаймыз, қандаймыз,Шұғылалы таңдаймыз,Күлімдеген күндейміз,Еш уайымды білмейміз.
Терек, қайың, қарағай
Оқушыларға жағымды ахуал туғызу үшін психологиялық дайындық жасатады.
Оқушыларға терек, қайың, қарағай суреттерін таратады.
Психологиялық дайындық жасайды.
Оқушылар сол суреттер арқылы топқа бөлінеді.
II.Үй тапсырмасын тексеру 1.Қанатқа әкесі сыйлаған компастың қандай ерекшелігі бар?
2.Балалар қайда барды?
3.Бодан компасты не істеді?
Үй тапсырмасы бойынша 3 сұрақ қояды. Оқушылар оқығандары бойынша сұрақтарға жауап береді.
III.Қызығушылығын ояту 1. Бердібек Соқпақбаев


Бердібек Соқпақбаев туралы мәліметтерді сұрайды.
Оқушылар сұрақтарға жауап береді, өз білетіндерін топтастырады.
Дәптерді ашып, күннің жадын, жаңа сабақтың тақырыбын жазады.
ІV.Жаңа сабақ Мәтінді топқа бөліп беру
Мұғалім мәтінді 3 топқа бөліп береді. Оқушылар бөліп берілген мәтінді түсініп оқиды.
IV. Мағынаны тану Постермен жұмыс
Оқулықпен жұмыс жүргізеді. Оқушылардың бірін – бірі тыңдауын, толық жауап беруін қадағалайды. Топтар өз беттерімен кітаптағы мәтінмен танысып, қағазға сурет арқылы түсіреді, тақтаға шығып қорғайды.
V.Ой толғаныс
VI. Сергіту сәті.
Тақырып мазмұнына сәйкес тапсырма орындау.
Музыка
1 – топ.
Мәтіндегі ағаштардың Алмабекке қойған кінәсін мына үлгілік кесте бойынша дәптеріңе жаз.
Алмабектің
айыбы

2 – топ. Сахналық қойылым.
3 – топ. Мақалдарды толықтырып жазып, мағынасын түсіндіру.

Әр топ өздеріне берілген тапсырмаларды орындайды.

Оқушылар әуен ырғағымен қимыл – қозғалыс жасайды.
Шығармашылық жұмыс. (Дәптермен жұмыс)
І – топ. Ребус құрастыру.
ІІ – топ. Ағаштың пайдасы туралы эссе жазу.
ІІІ – топ. Бес жолды өлең стратегиясы.
1.Зат есім Не? ағаш
2.Сын есім Қандай? әдемі, биік
3.Етістік Не істеді? гүлдеді, жайқалды, өсті
4.Сөз тіркесі Не үшін? Ағаш тірі ағза
5.Мағынасы Ағаш, тал, қайың Оқушылар берілген тапсырманы дәптерге орындайды.
Венн диаграммасы «Компас» және «Ағаштар неге ашуланды?» мәтінінің ұқсастығын мен ерекшелігін жазады.
VII.Бағалау.
Мұғалім балаларды бағалайды. Өте жақсы – мешін
Жақсы – шырша
Орташа – Аяз Ата
VIII.Үй тапсырмасы
«Ағаштар неге ашуланды?» мәтінін оқып, әңгімелеу. IХ.Рефлексия.
Стикерлерге сабақтан алған әсерлерін жазу. Оқушыларға стикерлер таратады. Сабақтан алған әсерлерін, ұсыныс ой пікірлерін жазып жапсырады.