Microsoft Office Word 2007
Сабақ жоспары
Күні:16.11.2015
Пән аты: ИнформатикаСыныбы:7 сыныпСабақтың тақырыбы: Программалау алгоритмді формальды жазу тәсілі алфавит программалау тілінің синтаксисі.Сабақтың мақсаты:Білімділік: Оқушыларға Паскаль программалау тілі және оның негізгі элементтері, Паскаль ортасы туралы толық түсінік беру; Паскаль программалау тілінің алфавитімен таныстыру.Дамытушылық: Оқушыларды алгоритмнің командаларымен және құрылыммен таныстыра отырып, алгоритм құру дағдыларын қалыптастыру, логикалық ой - өрістерін дамыту;Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа адамгершілікке тәрбиелеу.Сабақтың түрі: Білім білікті қалыптастыру сабағы
Сабақтың типі:Аралас сабақ
Әдіс - тәсілдер: Жұптық жұмыс, сұрақ - жауапҚұрал - жабдықтар: Компьютер, блок - схемаПәнаралық байланыс: Математика,геометрияСабақтың барысы:1. Ұйымдастыру
а) компьютерлерді қосып дайындау;ә) оқушылармен сәлемдесу;б) оқушыларды түгендеу;
Үй тапсырмасын сұрау
Алгоритм типтері: сызықтық, тармақталған және циклдік).Үй тапсырмасын бекітуАлгоритм командалары есеп шартына байланысты қалай бөлінеді?Жай және құрама командалардың айырмашылықтары қандай?Сызықтық алгоритм дегеніміз не?Тармақталу алгоритмі мен циклдік алгоритмнің айырмашылығы қандай?Компьютерде есеп шығару қандай кезеңдерден тұрады?Жаңа сабақ20Паскаль тілін 1968 - 1971 жылдары Швейцарияда профессор Никлаус Вирт оқып - үйренуге қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған болатын. Паскаль тілі өзінің қарапайымдылығының және тиімділігінің арқасында дүние жүзіне тез таралды.Бұл тілде жазылған программа компьютерде орындалу барысында алдымен трансляцияланады (машина тіліне аударылады), объектік программаға түрлендіріледі де, содан кейін ғана орындалады.Паскаль тілінің негізгі элементтеріПаскаль тіліндегі программа жеке - жеке жолдардан тұрады. Оларды теру, түзету арнайы мәтіндік редакторлар арқылы атқарылады. Программада әрбір жолдан кейін нүктелі үтір (;) қойылады.Паскаль тілінде программа үш бөліктен тұрады: тақырып, сипаттау бөлімі және операторлар бөлімі.Кез - келген программа Program сөзінен басталып, оның тақырыбы жазылады. Бұл бөлім программадағы айнымалылар, тұрақтылар тәрізді объектілердің жалпы қасиеттерін алдын ала анықтап алуға көмектеседі.Программаның соңғы және негізгі бөлімі операторлар бөлімі – болып табылады.Орындалатын іс - әрекеттер, командалар осы бөлімде орналасады. Ол begin түйінді сөзінен басталып, барлық атқарылатын операторлар (командалар) тізбегі жеке - жеке жолдарға жазылып біткен соң end түйінді сөзімен аяқталады.Program тақырып бөлімісипаттау бөліміbeginоператор бөліміend.Тілдің алфавитіТілдің алфавиті программаның элементтерін құруда қолдануға болатын символдар жиынынан тұрады. Оған әріптер, цифрлар және арнайы белгілер (символдар) жатады.Тіл ерекшеліктеріне қарай символдар тобын шартты түрде төмендегі топтарға жіктеуге болады:атаулар (идентификатор);цифрлар;айыру белгілері;арнайы символдар.Атау символдары ретінде латын алфавитінің 26 әріпі мен цифрлары қолданылады.Арнайы символдарға пунктуация және арифметикалық операция (амалдар) белгілері жатады.Арифметикалық амал белгілері:(+) – қосу; (-) – азайту;(*) – көбейту; (/) – бөлу.DIV – және (логикалық көбейту) операциясы;MOD – қалдықты табу. Мысалы: 10 MOD 3 амалының нәтижесі 1;Логикалық амал белгілері:AND – және (логикалық көбейту) операциясы;OR – немесе (логикалық қосу) операциясы;NOT – емес (терістеу немесе жоққа шығару) операциясы;XOR – арифметикалық немесе амалы;SHL – биттер (1 мен 0 - дер) тіркесін солға ығыстыру;SHR – биттер (1 мен 0 - дер) тіркесін оңға ығыстыру;Айыру белгілеріне бос орын, барлық басқару символдары, тыныс белгілері, ENTER (келесі жолға көшу) пернесін басу белгісі және түсініктемелер жатады.Сонымен айыру белгілері: ____ (бос орын);, (үтір);. (нүкте);: (қос нүкте);; (нүктелі үтір); ` (апостроф); (;); [;]; {;}.Қатынас таңбалары немесе салыстыру белгілері: = (тең), <>(тең емес), (үлкен), = (үлкен не тең).Программалау тілдерінде «өрнек», «операторлар», «тіл синтаксисі» мен «семантикасы» ұғымдары кең пайдаланады.Арифметикалық немесе логикалық амалдар таңбасымен біріктірілген айнымалылар атаулар, функциялар, жиымдар т. б. мағынасы бар сөздер тізбегі - өрнек деп аталады.Программалау тілінің белгілі бір іс - әрекетті орындай алатын тиянақты мағынасы бар ең қарапайым сөйлем – оператор деп аталады.Тілі объектілерін, яғни программадағы пайдаланылатын мәліметтердің құрылымы мен ұйымдастырылуын алдын ала анықтайтын сөйлемдер жиыны - программаның сипаттамасы болып табылады.Синтаксистік диаграммаларда екі геометриялық фигура тіктөртбұрыш және (кейде дөңгелек) кең пайдаланады. Тіктөртбұрыш ішінде тілдің анықталатын элементтер ал элипс ішінде терминалдық символдар, яғни анықтауды қажет етпейтін таңбала жазылады.1 - мысал. Екі санның қосындысын табу программасын құру керек.Program kosindi; тақырып бөліміVar a, b, x integer; сипаттау бөліміBeginWrite (‘a, b - сандарын енгіз');Readln(a, b); оператор бөліміX:=a+b;Writeln(‘x =’, x);End.Сабақты бекіту сұрақтарыТілдің алфавиті нелерден тұрады?DIV және MOD функциялары не үшін қолданылады?Программа қандай оператормен басталады?Программаның негізгі бөлігі қандай түйінді сөзбен басталып, қандай сөзбен аяқталады?
Үй тапсырма: Программалау алгоритмді формальды жазу тәсілі алфавит программалау тілінің синтаксисі
Бағалау:Жаңа сабаққа және тапсырмаларды орындап отқан оқушыларды бағалаймын.