Microsoft Office Word 2007


Сабақ жоспары
Күні:27.10.2015
Сыныбы:6"А"
Тақырыбы:Алгоритм қасиеттері,орындалу кезеңдер
Сабақты мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды алгоритм типтерімен таныстыру және блок-схема ұғымдары туралы білімдерін қалыптастыру
Тәрбиелік: Оқушыларды жауапкершілікке, ұқыптылыққа ой - қабілетін дамыта отырып жұмыс істеуге үйрету, пәнге деген қызығушылығын арттыру.Дамытушылық: Оқушылардың ойлау өрісін, компьютерлік сауаттылығын шығармашылығын, танымдық қабілетін дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.Сабақтың типі:Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақСабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауапСабақтың байланысы:математика,геометрияСабақтың көрнекілігі: оқулық, интерактивті тақтаны пайдалана отырып баяндауСабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
а) оқушылармен сәлемдесу, түгендеу;ә) оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.б) сабақтың мақсатымен таныстыру.
в)Сыныптың тазалығын қадағалау
Үй тапсырмасын сұрау: Алгоритм және оның атқарушысы.Алгоритмді жазу пішімі.Блок-схемалар,(мазмұндау),Алгоритм құру (Сабаққа келу алгоритмін құру),Өзіңді тексер тест тапсырмаларды тексеру
Үй тапсырмасын бекіту:
Өзіңді тексер тест тапсырмаларды тексеру
Жаңа сабақ
АЛГОРИТМДЕУ ЖӘНЕ МОДЕЛЬДЕУ
Бұл тарауда сендер алгоритмнің не екенімен және алгоритмнің түрлерімен танысасыңдар.Әртүрлі алгортим түрлерін құрып,ақпаратты модельдерді жасауды үйренесіңдер.
Алгоритмдер және оны орындаушылар
------?Өзінің сыныптасыңа қандай да бір тапсырма бер.Егер сыныптасыңа тапсырманың орындау қадамын дұрыс түсіңдірмесең,ол тапсырманы дұрыс орындамауы мүмкін.
Дәл сипатталған тапсырма алгоритм деп аталады.
Алгортим – берілген есепті шешудегі жасалатын әрекеттердің дәл және қарапайым етіп жазылуы.Басқаша айтқанда,алға қойған мақсатқа жету немесе берілген есепті шешуде орындаушыға біртіндеп қандай әрекеттер жасау керектігін дәл көрсететін нұсқауларды алгоритм дейміз.

Алгоритмдегі кез келген іс-әрекет бұйрық деп аталады.
----?Әртүлі адамның берілген тапсырмаға жазған бұйрықтар саны әртүрлі болуы мүмкін бе?
Алгоритм тек адамдарға ғана емес,роботтарға және компьютерлерге де жазылады.
Алгоритмді жүзеге асырушыны орындаушы деп атайды

Кез келген алгоритм «Соңы» деген бұйрықпен бітеді.Берілген бұйрық алгоритмнің орындалғандығын білдіреді.
Мысалы:
Шайды демдеу алгоритмі:
· Басы
· Ыстық сумен шәйнекті шаю
· Шәйнекке шай салу
· Қайнаған су құю
· 3-5 минут күту
· Шайды шыныаяққа құю
· Соңы
Кез келген алгоритмде соңгы әрекет «Соңы» болады.
Алгоритмнің орындалу кестесі
«Сөз жазу» алгоритмі.
Бұйрық нөмірі Алгоритмнің бұйрығы Бұйрықтың орындалу нәтижесі
1 Қаламды ал Қалам қолда тұр
2 «Ана» сөзін жаз «Ана» сөзі жазылды
3 Қаламды орнына қой Қалам үстелге қойлыды
4 Соңы Алгоритм орындалды
----!Түйін
· Алгоритм – берілген есепті шешудегі жасалатын әрекеттердің дәл және қарапайым етіп
жазылуы
· Алгоритмді орындайтын адамды орындаушы деп атайды.
· Кез келген алгоритм «Соңы» деген бұйрықпен аяқталады.
----? Бақылау сұрақтыры мен тапсырмалар
1. Алгоритм дегеніміз не?
2. Алгоритм орындаушысына анықтама беріңдер.
3. Мына жұмыс түрлеріне сәйкес орындаушыларды атаңдар:
· аяқкиім жөндеу,
· тісті пломбылау,
· көлікті жүргізу.
4. Робот- саяхатшы берілген қадам бойынша жоғары,төмен,солға және оңға қозғала
алады.Ж,Т,О,С әріптері қозғалыс бағытын білдіреді.Робот-саяхатшының қозғалыс
маршутының алгоритімін құрыңдар.
5. «Ағаш» отырғызу» алгоритмін құраңдар.
6. «Сурет салу» алгоритмі кестесін толтырыңдар.
Бұйрық нөмірі Алгоритмнің бұйрығы Бұйрықтың орындалу нәтижесі
1 Көк қарындашты ал 2 Шардың суретін сал 3 Шарды боя 4 Қарындашты орнына қой 5 Соңы 7. 25санына келтірілген төмендегі алгоритмнің орындалу нәтижесі қандай?
Басы
10-ды қос
37-ні қос
50-ді алып таста
Нәтижені хабарла
Соңы
Үй тапсырмасын беру: Алгоритм қасиеттері,орындалу кезеңдер Өзіңді тексер тест тапсырмаларды орындау

Бағалау:Үй тапсырма бойынша және жаңа сабаққа араласып отырған оқушыларды бағалау.
Өзіңді тексер тест
---- Өзіңді тексер!
1. Алгоритм дегеніміз-...
А) іс-әрекет В) толық сипатталған тапсырма С) берілген есепті шешудегі жасалатын әркеттердің дәл және қарапайым етіп жазылуы D) математикалық есептің шешілуі
2. Төмендегі құжаттың қайсысы алгоритм?
А) техникалық қаупсіздік ережесі В) аспаздық рецепт С) сабақ кетесі D) сынып тізім
3. Алгоритм орындаушыларына жатпйтынын көрсетіңдер:
А) жазу үстелі В) адам С) ыдыс жуатын машина D) робот
4. Кез келген алгоримнің соңғы бұйрығын көрсетіңдер
А) бітіру
В) алгоритмдегі іс-әрекетті аяқтайтын кез келген бұйрық
С) орындау
D) соңы