?аза?стан тарихынан ?дістемелік баяндама та?ырыбы: ?АЗА?СТАН ТАРИХЫ П?НІН О?ЫТУДА ЗАМАНАУИ ?ДІСТЕРДІ ?ОЛДАНУ.


ӘДІСТЕМЕЛІК БАЯНДАМА
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ПӘНІН ОҚЫТУДА ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ
Жұмағұлова Әсем Әлібекқызы
ҚКМК М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің Қазақстан тарихы пәнінің оқытушысы, тарих магистрі
Мақсаты: Қазақстан тарихы сабағында студенттердің білімін, іскерлігі мен дағдысын, шығармашылығын, кәсіби деңгейін жетілдіруде оқытудың жаңаша әдіс- тәсілдерін қолданудың тиімділігін көрсету.
Міндеттері:
Қазіргі оқытуда қолданылып жүрген әдіс- тәсілдерге сипаттама жасау;
«Қазақстан тарихы» сабағында оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерінің қолданылуы

Жоспар:
Кіріспе
1. «Қазақстан тарихы» пәнін оқытудың заманауи әдістері
2. «Қазақстан тарихы» пәнін оқытудың заманауи әдістерін қолданудың тиімділігі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Бүгінгі күні рeспубликамызда білім беру жүйесінің түбегейлі өзгeріске ұшырауы анықталғаны баршамызға аян. Оның негізгі факторы жаһандану үрдісіндегі білім беру саласында жаңа модельдердің дүниеге келуі, білім беру үрдісінің ақпараттандырылуы болып табылады.
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына жолдауында: «Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бaғдaрламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет. Сонымен бірге, IT-білімді, қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға, ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу керек.» деп атап көрсеткендей, қазіргі кезеңде заманауи білім беру парадигмасы өзгеріс үстінде» - деп атап көрсетті. [1]
Ақпaраттық және педагогикалық технологиялар негізінде мұғалімнің рөлін түбегейлі өзгертуге мүмкіндік туды, мұғалім тек қана білімді алып жүруші ғана емес, сонымен қатар оқушының өзіндік шығармашылық жұмысының жетекшісі және бағыт берушісі болып анықталды. Осыған орай сабақ беру үрдісінде қазіргі күннің, яғни инновациялық әдістерді оқытудың интерактивті оқыту моделі болып табылады.
Ұлы ойшыл Уильям Уорд « Жай мұғалім – хабарлайды. Жақсы мұғалім -түсіндіреді. Керемет мұғалім –көрсетеді. Ұлы мұғалім – шабыттандырады» деген екен.
«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» — деген бүгінгі тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі біз тәрбиелеп отырған жас ұрпақтың меңгерген біліміне, алған тәжірибесіне байланысты екеніне еш күмәнім жоқ. Білім алушылардың танымдық көзқарасын байыту ақыл-ой қабілетін жетілдіру, өзіндік ойлау және өмірлік ұстанымын қалыптастыру мұғалімнің шеберлігіне, шығармашылық қабілетіне байланысты[2].
Сыни тұрғыдан ойлау стратегиясын сабақ үдерісінде қолдану арқылы төмендегідей нәтижеге қол жеткізуге болады:
Оқушының белсенділігін арттыру. 
Шығармашылық қабілетін дамыту. 
Оқушы дарыны мен талантын анықтау. 
Қазіргі оқытудағы жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдер
Білім беру жүйесіндегі өзгерістер «белсенділік», «инновация», «әдіс», «тәсіл», «интерактивті оқыту әдісі», «педагогикалық технология» ұғымдарының мәнін жете түсінуді талап етеді.
«Инновация» деген латын тілінен аударғанда (жаңа, жаңару,өзгеру,жаңа нәрсені ендіру,жаңашылдық деген ұғымдарды білдіреді. Педагогикалық әдебиеттерде: инновация – «жаңалық», «жаңа әдіс», «өзгеріс», «жаңаша әдістеме деген мағынада пайдаланылады. А.М.Саранов «Инновациялық білім беру жүйесін дамытудың теориялық негіздері» атты еңбегінде «инновациялық процесс, оның құрылымы жаңаны пайдалану идеяларынан туындайды»-деп атап көрсетеді[7;25]. Инновациялық үрдіс- жаңалықтарды құру, (туғызу,жасау), меңгеру және тарату, қолдану, жүзеге асырудың тұтас қызметі. Инновациялық үрдіс-«жаңа әдістеме құралы» деп те қарастырылады.
Қазіргі дәуірдің әлеуметтік және экномикалық даму ерекшеліктерінің бірі ретінде автоматтандырылған және ақпараттық технологиялардың тегеурінін атауға болады. Бұл ерекшелік тұрақты кәсіптердің өз қасиеттерін жоғалтып, өзгерістерге ұшырап, уақытша сипаттарды иеленуіне әкеуде. Мұндай жағдайда үйрене білу және үйренуге ұмтылу адамның ең басты қабілеттеріне айналуда, бүгінде үйренуге үйрену керек. [5;4]
Өмір бойы оқып-үйрену келесі шарттарды ұстану арқылы жүзеге асырылады:
-үнемі жаңа білім игеру мен иемденуге ұмтылу;
- оқу / оқытуда жаңашыл және интербелсенді әдістерді қолдану;
- оқу/оқытуды бағалау.
Бүгінгі күні білім беру жүйесінде негізгі мәселелер мынадай: «Үйрену мен үйрету тек өзара белсенді әрекеттерге незізделген қарым-қатынас арқылы жүзеге асырылады» және «Тек әрекеттесу арқылы үйренуге/үйреуге болады». Қазіргі күні әрекетті педагогика ең танымал оқу жүйесіне айналған, яғни оқу поцесін интербелсенді әдістемелер құрауы керек; әрбір оқытушы әр сабақта интербелсенді әдістер, құралдар мен тәсілдерді қолдануы қажет.
Интербелсенді оқу/оқыту бірінші мезетте білім игеру процесінде қатысушылардың тиімді қарым-қатынасына негізделеді. Ағылшын тілінен келген «интерактив» сөзі де осы ұғымды білдіреді: «inter» дегеніміз «өзара» мағынасында, ал «act» - «әрекет жасау» дегенді білдіреді. Басқаша сөзбен айтқанда, «интербелсенді» дегеніміз біреумен тығыз қарым-қатынаста болу, онымен бірлесе әрекет жасау, диалог құру. Сонымен, «интербелсенді» дегеніміз диалог арқылы үйрену үйрену/үйрету, яғни мұнда оқу процесінің негізін «үйретуші», «үйренуш»-үйренуш», «үйренуші-өзімен-өзі» форматтарында жасаған қарым-қатынас («әңгіме», «сұхбат», «бірлескен әрекеттер») құрайды.
Интербелсенді оқу/оқыту білім игеру пороцесін келесідей ұйымдастыруға ынталы:
Бaрлық үйренушілерге бірлескен таным процесіне белсенді араласуға мүмкіндік жасау;
Әрбір үйренушінің өзінің үйренгені мен өз білімі туралы түсініктерін ортаға салып, бірлесе талқылап, олар туралы ой толғауына мүмкіндік жасау.
Интербелсенді оқу/оқыту бірлесе үйрену идеяларын ұстанады. Бірлесе үйренуде әрбір үйренуші танымның (оқу, үйренудің) мазмұны мен қорытынды нәтижесіне өз үлесін қосып, басқалармен өзінің білгенімен, идеяларымен түсінігімен алмасады, жоғары нәтижеге қалай жете алатындығын анықтайды. Мұндaй қaрым-қатынастағы бірлескен әрекеттер бірін-бірі жақтыру, өзара сыйласымдық пен қолдау атмосферасында өтіп, жаңа білім игеруге жағдай жасайды.
Интербелсенді оқу/оқыту көптеген жұмыс түрлері мен әрекеттері арқылы жүзеге асырылады, мәселен: бірлескен жұмыстaр(жұптық, топтық, бүкіл аудиторияның), жеке және бірлескен ізденіс пен зерттеу жұмыстары, ситуативтік және рөлдік ойындар, ақпараттың әртүрлі көздерімен жұмыс жасау (кітап, лекция, Интернет, құжаттар, мұрағат, басқа адамдар: оқушылар, мұғалімдер, мамандар, т.б.) шығармашылық жұмыстар, т.б[5;4]
Осындай интербелсенді әдістер мыналар: «Джигсо», «Тыңдап отырған үштік», «Өкіл», «Алтын балыққа арналған аквариум», «Ақылдың алты қақпағы», «Тв шоу».
«Джигсо» әдісінің артықшылығы - топта жұмыс істеуге арналған құрылым ұсынып, сөйлеу және тыңдау дағдыларын дамытуды қамтамасыз ететіндігі. Оқытушы топты топшаларға бөліп, материалдың күрделілігіне байланысты тапсырмалар береді. Егер топ төрт адамнан тұратын болса, басты тапсырманың ішінде топтың әр мүшесіне бір сұрақтан төрт сұрақ немесе тапсырма болады. Нақты бір сұрақты немесе тапсырманы таңдаған топша Сарапшы топ деп аталып, ортақ проблеманың шешімін табу үшін бірлесе жұмыс істейді. Тапсырманы орындаудың бұл кезеңінің соңына қарай оқушы өзге «сарапшылармен» өзара қарым-қатынас жасап, мәселені талқылаудың арқасында өз сұрағы бойынша сарапшы болып қалыптасады. Оқушылар бастапқы топқа оралады. Бұл тапсырманың көздегені: тапсырманы сәтті аяқтау үшін оқушылар әрқайсысының сарапшы топтан алған мәліметтерін ескеріп, бастапқы топтың бірлескен ақылына сүйенуін қамтамасыз ету.
«Өкіл» әдісінің мақсаты: белсенді тыңдау, қауым алдында сөйлеу және анық баяндау, тәжірибе алмасу және өзара байланыста болу. Оқытушы топты үш- төрттен орналастырады. Топтар тапсырмаларды орындап болғаннан кейін топтың бір адамы «елші» болып сайланып, зерделенген материалды түсіну үшін немесе бұл туралы топтың ойын білу үшін топқа барады. Бұдан кейін елші өз тобына қайтып оралып, білгендерін айтып береді. Бұл – шаршататын және бір сарынды сабақтардан құтылуға мүмкіндік беретін тамаша әдіс. Сондай – ақ бұл әдіс елшінің тілді қолдану шеберлігін көрсетеді, әрі белсенді тыңдаушылар тобын қалыптастырады.
«Ақылдың алты қақпағы» әдісінің мақсаты: мәселені барынша мұқият талқылап, баланың жалпы ойлау қызметін жетілдіру үшін ойдың түрлі аспектілерін жандандыру мақсатында қолданылатын әдіс. Алты қалпақтың әрқайсысы ойлаудың түрлі элементтерін, аспектілерін білдіреді. Оқушыларға қалпақ беріледі де, олардан мәселені талқылау барысында барлық ой операцияларын (ойлану, талдау т.б.) осы қалпақтың түсіне сәйкес келетін шекте жүргізу сұралады.
«Тв шоу» әдісінің мақсаты: көптеген оқушылардың сөйлеу және тыңдау, көру және тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталған. Оқытушы жүргізуші оқушылармен, түрлі кейіпкерлермен сөйлескендей тақырыпты талқылайды. аудитория сұрақтар қояды, талқылауға қатысады, құрдастар бағалайды.
2. «Қазақстан тарихы» пәнін оқытудың заманауи әдістерін қолданудың тиімділігі
Өзімнің сабақтарымда оқытудың заманауи әдістеін әр түлі қолдануға тырысамын. 1) Мысалы: «XIX ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалыстар» тақырыбында сабақтың үй тапсырмасын сұрау кезеңінде венн диаграммасын қолданамын.
1- тапсырма:
Кіші жүздегі Сырым Датұлы көтерілісі мен Кеңесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістерінің ортақ сипаттары мен айырмашылықтары
(Венн диаграммасын толтыру)
201866536195008121653619500
2) Сабақтың тақырыбы: XIX ғасырдың II ж Ресейдің Қазақстандағы әкімшілік реформалары. Сабақтың жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңінде: «Джигсо» әдісін қолданамын. Интербелсенді әдістің бірі топтарды кездейсоқ бес топшаларға бөлемін. Таратпа қағаздарға өзі таңдаған санды жазып топтасады. Топ бес топшаға бөлінді. 1-топ «Реформа», 2- топ «Генерал-губернатор», 3- топ «Сот», 4-топ «Уезд», 5-топ «Округ». Жаңа тақырыптың осы жоспар бойынша тақырыпты өздері игеріп, постерге қорғайды.
«ДЖИГСО» әдісі:
Жаңа сабақ «Джигсо» әдісі бойынша тақырыпты талдап, бірігіп жұмыс жасауына жол ашу. Тапсырмаларды оқытушы топтарға барып, бақылайды, бағыт береді.
1-топ: Ақпараттық жаналықтар бағдарламасы бойынша әкімшілік реформалар туралы ақпарат береді. (24кz жаңалықтар бағдарламасы) «Тв шоу» әдісі арқылы қорғайды;
2-топ: «Фишбоун» әдісі бойынша проблеманың себептерін анықтау, дәлелдер келтіру, нәтижесін шығарады.
3-топ: 1822/24 жылғы жарғылар мен 1867 -1868 ж реформаларды салыстыру. «SWOT» кестесі арқылы қорғайды;
4 топ: Халық шаруашылығында қалыптасқан жағдай, реформалардың отаршылдық мәні туралы әңгімелесу;
5-топ: Реформаның нәтижесі, салдары.
«Джигсо» әдісі бойынша, әр топтағы оқушылар берілген тақырыптарды топта талқылайды. Талқылап болған соң, тақырыпты басқа топ мүшелеріне түсіндіреді, қалған оқушылар басқа топтың тапсырмаларын тыңдайды, сұрақтар қояды, маңызды жерлерін дәптерлеріне жазып отырады. Әр топ берілген тапсырмаларын флипчартқа түсіреді, білімдерін жинақтап, ортақ шешімге келеді.
3) Сабақтың тақырыбы: Қазақстан өлкесіндегі XX ғасырдың басындағы саяси партиялар. Қазақ өлкесіндегі ұлттық автономиялар. Сабақта жаңа білімді игеру үшін «Өкіл» әдісін қолданамын. Топты төрт топшаға бөліп, «Алаш» партиясы, «Үш жүз» партиясы, «Түркістан автномиясы», «Кадеттер партиясы» деген тақырыптарды үлестірме карточкалар арқылы таратамын. Топтар бір-біріне берілген жаңа материалдарды түсіндіру арқылы жаңа мәлімет береді. Топтар талқылап болғаннан кейін, топта белсенді түсіндіргендер келесі топқа «елші» ретінде барып, жаңа мәлімет тыңдауға және өз мәліметімен бөлісуге барады. Бұл әдіс тыңдаушылардың мәліметін толықтырады.
4) Сабақтың тақырыбы: Шетелдік интервенция және азамат соғысы кезіндегі қазақ өлкесі. Үй тапсырмасын сұрау кезеңінде: интерактивті тақтаға Ақпан төнкерісі мен Қазан төнкерісінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын «Венн» диаграммасы арқылы сұраймын. Екінші стратегия «Миға шабуылдау» арқылы: Ақпан төнкерісінің нәтижесі қазақ үшін тиімді болды ма? немесе Қеңес үкіметінің орнауына «Алаш» партиясының пікірі қандай болды? деген сұрақтар арқылы ой қозғаймын. Ал жаңа тақырыпты түсіндіру үшін: Топты таратпа қағаздарда жазылған сандар арқылы топтастырып, 1-топқа: Азамат соғысының алғышарттары, 2-топқа: Әскери коммунизм саясаты, 3-топқа: Қазақ өлкесіндегі майдандар атты сұрақтарды бөліп беремін. Әр топ «джигсо» әдісі арқылы жаңа тақырыпты алдын-ала оқытушы дайындаған гипер-мәтін арқылы игеріп, түсіндіреді. Бұл әдістер уақыт үнемдеу үшін, білім алушы сабақты тиімді меңгеру үшін қажет.
Тарихқа қатысты қатысты проблемалық сұрақтар:
Зерттеу сұрақтары білім алушыларды тақырыптың белгілі бір аспектісімен таныстырып, оқыту жоспарына мазмұнды ұзын тізім жоспарына мазмұнды ұзын тізім етіп енгізуді болдырмау мақсатында әзірленеді. Әр білім алушы тиісті барлық ақпаратты тізімдеп жатқанша, білім алушыларға шешілетін проблеманы ұсынуға арналған сұрақтар әзірлеген дұрыс. Бұл проблеманы шешу үшін білім алушылардың пән мазмұнын білуге тиіс екендігі сөзсіз. Оқытушы өзінің пән бойынша білімдері мен педагогикалық білімдерін пайдалана отырып, білім алушыларға бұл сұраққа жауап беру үшін қандай әдісті қолданған дұрыс болатынын шешеді.
Мысалдар:
Нацистік Германия
Неліктен билік басына Адольф Гитлер келді?
Нацистер жақсы азамат па еді?
Сталиндік Ресей
Сталиндер қызылдар патшасы болды ма?
Сталиндік Ресейдегі ең қауіпті адамдар кімдер еді?
Бесжылдық жоспарлар қаншалықты табысты болды?
Оқытушымен шеберлікпен өткізген сұрақ – жауабы оқушыларды анағұрлым қызықты және күрделі жауап беруге жігерлендіреді : айталық, жеке басқа табынудың орын алуына ықпал еткендер; басқалардың үстінен сөз тасыған адамдар; Кеңес үкіметіне күмән білдіруден бас тартқандар.
Оқушыларды топқа бөліп, әр топқа жеке бір саланы қарастыруды тапсыру : бір топ НКВД, екінші топ Ежовты қарастыратын болса, тағы біреулері арыз тасығыштарды қарастырады, т.с.с.
Топтар түрлі көздерден ақпарат алады : кітаптар, құжаттар, интернет т.б
Әр топ өз тақырыбы бойынша қандай ақпарат тапқаны туралы топқа хабарлайды. Топтар өздерінің негізгі қортындыоларын баяндау үшін таныстырылым әзірлей алады немесе жай ғана баяндап берулеріне болады.
Бұл таныстырылымдардан кейін бүкіл топ болып, бастапқы сұрақты талқылайды : Сталиндік Ресейдегі ең қауіпті адамдар кімдер еді ?
Оқытушы бұл сұрақтың бір ғана дұрыс жауабы болмайтындығын атап көрсетті.
Осы сұраққа жауап беру барысында, Сіз білім алушылардың көптеген тақырыптарды қамтитынын көре аласыз [3,4]

Қорытынды
Қорыта айтқанда, жаңа әдістердің көмегімен білім алушылардың білімін жетілдіру мен оқу сапасын арттыруға болады. Қазіргі интербелсенді оқыту әдістері бойынша жүргізілген сабақтар іздеудің мән-жайына қаныға, білімді тереңінен айтуға төселеді, дәлелдер келтіру, дәлелдеу тәсілдеріне жаттығады, теория мен практиканың бірлігін игереді, жеке және топпен бірлесіп мәселе түйінін шешу жолдарын табуға жаттығады, өз жолдастарының пікірімен санасуға, өткір сындарды тыңдап одан тиісті қорытындылар жасай білуге машықтанады.
Қарапайым сұрақтан күрделі сұрақтарды қоя білу арқылы студенттер ақпаратты белгілі бір жолдармен қолдануға, қайта жасауға, кеңейтуге, өзіндік көзқарастарын білдіріп, бағалауға және талдауға жаттығады. Топтық жұмыс барысында да белсенділік таныту арқылы студенттер дарындылығын байқата отырып, топта өзіндік пікірлерімен ғана емес, көшбасшылық қырымен де таныла бастады.
Оқытудың әдіс-тәсілдерін өз сабақтарымда қолдану барысында түсінгенім студенттердің бірін - бірі тыңдап, құрметтеуіне үйретуі, бұрын үндемей отыратын студенттің сабақ барысында қызу араласуы сабақтың ерекше, олардың еркін сөйлеп, ойларын ашық жеткізуге мүмкіншілік туғызады. Мұндай әрекет сабақтың барлық үш кезеңінде байқалып отыратындығы сөзсіз. Білім беру процесі - ақпараттық қоғам жайындағы жас өспірімдерді жан-жақты даярлайтын процестер болуы қажет.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» 31.01.2017 жыл
2.Интернет ресурсы: Қазақстан тарихын оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану- сапалы білім негізі. Кайсарова Гулдаурен Тураркызының мақаласы
3. ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы. Мұғалімге арналған нұсқаулық.  ІІ деңгей. НЗМ ДББҰ, 2017.  -139 б.
4. Қазақ тарихы № 2 (141), 2016 -44 б
5. Әлімов Асхат Қамзаұлы. – Интербелсенді әдістемені мектепте қолдану: Оқу құралы.-А 2015-180б
6. Қазақстан тарихы:әдістемелік журнал. №6, 2009ж., 25 б
Аннотация
Заманауи әдістерді Қазақстан тарихы сабағында қолданудың тиімділігі көрсетілген.
Аннотация
В статье рассмотрены особенности применения современных методов и приемов на уроках истории Казахстана.
Annotation
This article is about using of modern methods and strategies in the lessons of the history of Kazakhstan.